Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дьеныш блоктары» жиынтығын пайдалану арқылы баланың танымдық үрдісін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дьеныш блоктары» жиынтығын пайдалану арқылы баланың геометриялық пішіндерді үш сипатта (түсі,пішіні,көлемі) сұраптауға үйрету және сенсорикасын қалыптастыру бойынша ашық түзете-дамыту іс-әрекетінің технологиялық картасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дьеныш блоктары» жиынтығын пайдалану арқылы баланың геометриялық пішіндерді үш  сипатта (түсі,пішіні,көлемі) сұраптауға үйрету және сенсорикасын қалыптастыру бойынша ашық түзете-дамыту іс-әрекетінің технологиялық картасы


Маман аты-жөні:

Жаңқабыл Назира Қабдулақызы

Баланың аты-жөні:


Аңғарымы:


Туған жылы:


Күні:


ТД іс-әрекет түрі:

жеке

ТД іс-әрекетінің уақыты:

35 минут

ТД іс-әрекетінің тақырыбы:

«Көңілді пішіндер»

Мақсаты:

Баланың геометриялық пішіндерді үш белгісі бойынша (түсі, пішіні, көлемі) ажыратып, салыстыра білу дағдыларын дамыту арқылы логикалық ойлауын қалыптастыру.

Міндеттері

Білімдік

Білімдік: Геометриялық пішіндерді ажыратып, салыстыру біліктерін бекіту; Заттарды 2–3 қасиеті бойынша топтастыру дағдыларын жетілдіру; Кеңістікті бағдарлау қабілеттерін қалыптастыру; Дьенеш блоктарымен жұмыс жасау арқылы логикалық тапсырмаларды орындауға үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлауын, есте сақтауын, зейінін дамыту; Танымдық қызығушылығын арттыру; Сөйлеу белсенділігін, дәлелдеп жауап беру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Бір-біріне көмектесуге, мейірімділікке баулу; Істі соңына дейін орындауға тәрбиелеу.

Түзетушілік дамытушылық

Тәрбиелеу-шілік

Сөздік жұмысы

геометриялық пішіндер, сипаттама,  Дьенеш блоктары.

Технологиялық қамтамасыз ету

АҚТ технологиясы (интерактивті тақта, анимациялық тапсырмалар,) Дьенеш блоктары технологиясы, ойын технологиясы, STEM элементтері, денсаулық сақтау технологиясы, сыни ойлау элементтері.

Қажетті құрал-жабдықтар:


Интерактивті тақта, презентация («Көңілді пішіндер әлемі»), Дьенеш блоктары, 3 құрсау, «Гараж» макеті, құлып пен кодталған сандық, планшет немесе интерактивті тапсырмалар, ойыншықтар (аю, қоян, қасқыр, тиін), музыкалық сүйемелдеу.

Іс-әрекет сатылары

Маманның іс-әрекеті Баланың күтілетін іс-әрекеті

І. Мотивация-лық- оятушылық

Интерактивті тақтадан «Көңілді пішіндер әлемі» атты бейнеролик көрсетіледі.
Шаттық шеңбері:
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз-достық пен,

Ашық болсын көк аспан!

Рисунок 1

Блок пішіні, түсін айтамыз.


-Бүгін Аделина екеуіміз «Көңілді пішіндер» еліне саяхатқа барамыз. Онда немен баруға болады?

-Біз онда сиқырлы көлікпен барайық. Ол жаққа жету үшін код арқылы көлік таңдаймыз.

Бала таңдаған көліктерін сипаттайды: түсі, пішіні, көлемі.

Психологиялық дайындық

Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.












Өз ойын айтады:

-пойызбен,кемемен,ұшақ пен, көлікпен...т.б



Өз көліктерін сипаттайды.



ІІ. Ұйымдас-тырушылық-ізденушілік


-Міне, «Көңілді пішіндер» еліне де келдік, әрі қарай жаяу барамыз, ал көліктеріңді гаражға қоямыз.

(Интерактивті тақтада гараждар пайда болады. Әр гараждың белгісі бар.)

«Қай гаражға неге қойдың?» деп сұрайды.

Ойын: «Гараждар»



-Балалар, бұл елде өзімізді қалай ұстау керектігін білесіңдер ме?


(Тиын отырған үстелге келеді, оның алдында жіпке тізіле бастаған моншақтары бар жолақшалар, логика-геометриялық пішіндер.(Интерактивті тақтадан тиіннің дауысы естіледі.))

-Балалар, тиын өз балаларына моншақ жинап жатқан екен, бірақ аяқтай алмай отыр, сенен көмек сұрайды...қалай көмектесеміз бе? Жақсы онда кірісейік....

Ойын: «Қатарды жалғастыр»

(тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді,көмек керек болса көмектеседі,мақтайды)

-Міне біз тиынға көмек көрсеттік. Біз қандай іс жасадық?

-Жарайсың! Біз қайырымдылық іс жасадық, енді тиынмен қоштасып, ары қарай жүрейік. Ой, қандай жел соғып тұр! Желдің бізбен ойнағысы келеді, ал сен ше? Онда ойнайық.

Сергіту сәті:

Жел бетіме тиеді,
Ағаш бірге билейді.
Кіп-кішкентай тал шыбық,
Биік болып өседі.

-Жақсы, желмен ойнап, дем алдық, енді ары қарай жүрейік.


(Ойыншықтар, қасқыр, аю, қоян тұрған жерге жақындайды. Олардың алдында ішінде Дьенеш блогы бар дөңгелек сақиналар, жаныныда кодтар жазылған таратпалар)

-Қара, қасқыр, қоян және аю мына пішіндермен ойнағанды жақсы көреді екен, бірақ олар бұл пішіндерді бөлісе алмай отыр екен. Оларға қалай көмектесуге болады?

Ойын: «Пішіндерді бөл!»

( пішіндерді құрсауларға бөлу )

-Аделина, қалай ойлайсың, қасқыр, қоян және аю ойынды дұрыс ойнау үшін не істеу керек?

-Дұрыс, пішіндердің үйлерін белгілермен белгілеу керек.

-Аңдар бізге рахмет айтып жатыр, ал бізге ары қарай жүру керек.

(Аю отырған үстелге жақындайды, оның алдында құлып салынған сандық жатыр, жанында көп кілттер «Дьенеш блоктары»)

-Аю, сен неге көңілсізсің? Не болды? (аю құлағына сыбырлағандай болады)

-Балалар, аю сандықты ашалмай отыр екен, оған көмектесуіміз керек, солай ма?

Ойын: «Құлыпты аш»


-Қара, сандықтың аузында құлып тұр, ал мына жерде көп кілт бар екен, бұл құлыптың кілті қайсы екенін қалай білуге болады ?

(бала назарын жатқан блоктарға аудартады)

-Қалай ойлайсың? (егер айталмаса сандықтағы белгілерге назар салуға ұсынады)

-Дұрыс, Аделина, сен құлыптың кілтін дәл таптың! Аю өте қуанышты, сендерге рахмет айтып жатыр!

-Міне ,тағы да бір қайырымды іс жасадыңдар!

-Қайырымды іс деген не?

-Дұрыс,ол бір-бірімізге көмектесу екен.

(аюмен қоштасады)

-Келесі тапсырмамыз, осы сабақта орындағын тапсырмаларымызды пысықтайтын арнайы тренажер жаттығуы.

Балаға арнайы бағдарламамен жасалынған геометриялық пішіндерді пысықтау жаттығуларын ұсынамыз.

-Енді үйімізге қайтайық, қане 1 ден 5 ке дейін санайық, үйге жетеміз.

-Келіседі, коды бар карточкалар арқылы өздеріне көлік таңдап алады, оларды сипаттайды.


Көліктерін түсі мен көлеміне қарай гараждарға орналастырады.


Жауап береді, дәлелдейді.











Тыныш, ақырын, айқайламай жүру керек....



-Сәлем, тиын!

Моншақтарды жинауға кіріседі: 3қасиеті (түсі, пішіні және көлемі бойынша)


-Көмектестік.


-Сау бол,тиын!








-Иә, ойнағым келеді!





Өлең жолдары бойынша қимылдар жасайды.




Ары қарай жүреді.

Аю, қоян және қасқыр тұрған жерге келеді.

Қызығушылық танытады.





Неге қандай пішіндер керектігін анықтайды: қасқырға көк пішіндерді, Аюға үлкен пішіндерді, қоянға дөңгелек пішіндерді бөліп береді.

Өз ойларын айтады.

-Белгімен белгілеу керек.

Әр түрлі белгілермен белгілеп,атайды.



-Сау болыңдар!



Қызығушылық танытады.

-Иә.

Қуана келіседі, өз ойларын айтады.






Қораптағы код бойынша, құлыптың кілтін тауып береді, 3 қасиеті бойынша (пішіні, түсі, көлемі)


Қуанады.



  • Ол көмек көрсету, жақсылық жаса.

  • Сау бол,аю!




Бала ноутбукта тренажер жаттығуды орынддайды.


1 ден 5ке дейін санайды.

ІІІ. Рефлексив-ті-түзетушілік Қорытынды

Бала іс-әрекетін бағалау

«Сиқырлы микрофон» әдісі

Педагог балаларға микрофон ұсынып, сұрақтар қояды:

- Саған саяхат ұнады ма?

- Қандай тапсырма қызықты болды?

- Не қиын болды?

- Біз қандай жануарларға көмектестік?

- Пішіндерді қалай ажыраттық?


Бағалау.

«Жетістік баспалдағы» әдісі

Бала өз көңіл-күйіне сәйкес смайлик таңдайды:

-бәрін орындадым

-аздап қиналдым

-көмек қажет болды

Педагог: «Өте жақсы!», «Тапқыр екенсің!», «Керемет!»

Баланың жетістіктерін айтып, мадақтау.


Балаға үй тапсырмасын беріп, «Сау бол» деп шығарып салу.

Қойған сұрақтар арқылы түзете-дамыту іс-барысын қорытындылайды.



Бала сұрақтарға жауап береді.







«Жетістіктер баспалдағы» әдісі арқылы бала өз көңіл -күйіне сай смайлик таңдайды.







Үй тапсырмасын алып, педагогпен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Геометриялық пішіндердің атауын біледі. Геометриялық пішіндерді үш  сипаттама (түсі, пішіні, көлемі) арқылы сұраптауды үйренеді. Геометриялық пішіндерді ажыратып, салыстыруды үйренеді. Заттарды 2, 3 қасиетімен алмастыра білу білімдері бекітіледі. Кеңістікті бағдарлай білу біліктіліктері қалыптасады. Логикалық ойлаулары, есте сақтау қабілеттері дамытылады. Зейінділікке, ойшылдыққа, өз ісін аяғына дейін орындауға, Дьенеш блоктарымен жұмыс жасауды меңгереді.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12