Материалдар / Дербес компьютердің қосымша құрылғысы принтер түрлері және қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дербес компьютердің қосымша құрылғысы принтер түрлері және қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Лазерлiк принтерлер: бұларда осындай көшiрме қолданылатын көрiнiстердi қалыптастырудың электрографикалық жолы қолданылады. Лазер аса жiңiшке жарық сәулесiн жасауға қызмет етедi
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дербес компьютердің қосымша құрылғысы принтертүрлері және қызметі

Лазерлiк принтерлер: бұларда осындай көшiрме қолданылатын көрiнiстердi қалыптастырудың электрографикалық жолы қолданылады.Лазер аса жiңiшке жарық сәулесiн жасауға қызмет етедi, бұл сәуле алдынала зарядталған жарыққа сезiмтал барабан бетiнде көрiнбейтiн нүктелiкэлектронды көрiнiс контурларын сызады – электр заряды лазерсәулесiмен жарықталған барабан бетiндегi нүктелерден ағып түседi,электрондық көрiнiстiң қайта зарядталған учаскелерге жабысатын бояуұнтағымен (тонер) айқындалынғанынан кейiн басу орындалады – яғнитонердiң барабаннан қағазға көшiрiлуi және көрiнiстiң қағазда тонердiңбалқуына дейiн қыздырылуы арқылы бекiтiлуi жүзеге асады.Лазерлiк принтерлер 50 нүкте/мм (1200 dpi) және 1000 белгi/с-қа дейiнбасу жылдамдығымен сапалы басуды қамтамасыз етедi. Түстi лазерлiкпринтерлер кең таралуда. Мысалы, Tektronicx (АҚШ) фирмасының Phaser 550 принтерi горизонталь мен верткалi бойынша 1200 dpi шешу қабiлетiнбередi: түстi басу жылдамдығы – А4 форматты 5 бет минутына,монохромды басу жылдамдығы – 14 бет/мин.МП-ге принтерлер параллельдi де, тiзбектi де порт арқылы қосыла алады. Параллель порттар параллель жұмыс iстейтiн (ақпаратты бiрден байтпен қабылдайтын) принтерлердi қосу үшiн қолданылады. Мысалы, Centronics типтi адаптерлер бiрден 3 принтер қосуға мүмкiндiк бередi. Тiзбектi порттар (2 дана) тiзбектi жұмыс iстейтiн (ақпаратты ретiмен 1 биттен қабылдайды) принтерлердi қосу үшiн қолданылады. Мысалы, R3-232С (С2 қосылысы) типтi адаптерлер. Тiзбектi басу құрылғысы өте баяу жұмыс iстейдi дегендi бiлдiрмейдi. Көптеген принтерлер параллель порттарды қолданады.Көптеген жылдам әрекеттi принтерлердiң сиымдылығы бiрнеше жүз Кбайтқа дейiн өз буферлiк жады бар. Қорытындысына кең танымал ДК принтерлерiн (олардың үлесi 30%-дан кем емес) Seiko Epson жапон фирмасы шығарады. Бұл принтерлердi басқару тiлi (ESC/P) iс жүзiнде стандартқа айналды. Сондай-ақ Star Micronics, Hewlett Packard, Xerox, Man-nesmann, Citizen, Panasonic, Agfa, Samsung, Canon, Lexmark және т.б. фирмалардың принтерлерi кең таралған.

Құйылма принтерлерБұл принтерлердiң басушы бастарында инелердiң орнына жiңiшке түтiк – соплалар, олар арқылы қағазға бояудың (сияның) өте ұсақ тамшылары шашыратылады. Бұл екпiнсiз басу құрылғылары. Басушы бастың матрицасы әдетте 12-ден 64 сопладан тұрады. Соңғы жылдары оларды жетiлдiруде айтарлықтай табыстар жетiлдi: шешу қабiлетi 20 нүкте/мм, басу жылдамдығы 500 белгi/с қамтамасыз ететiн құйылма принтерлер жасалды. Олар басу сапасы бойынша лазерлiк принтерлерге жақын. Түстi құйылма принтерлер бар.



ТермопринтерлерМатрицалық инелi принтерлерден басқа матрицалық термопринтерлер бар. Оларды инелi матрицалық басушы бастың орнына термоматрицалы бас қойылған және басу кезiнде арнайы термоқағаз немесе термокөшiргiш қолданылады (әрине, бұл олардың айтарлықтай кемшiлiгi болып табылады).Сканерлер.Сканер – ЭЕМ ақпаратты тiкелей қағаз құжаттан енгiзуге арналған құрылғы. Мәтiн, схема, сурет, графиктер, фотография және басқа графикалық ақпаратты енгiзу мүмкiндiгi бар.Сканерлер құжаттарды өңдеудiң электрондық жүйесiнiң маңызды түйiнi және кез-келген “электрондық столдың” қажеттi элементi болып табылады. Өз қызметiнiң нәтижелерi файлдарға жаза отырып және ақпаратты қағаз құжаттардан ДК-ге бейнелердi автоматты тану жүйесi мен сканердi көмегiмен енгiзе отырып, қағазсыз өндiрiс жүйесiн құруға нақты қадам жасауға болады.Сканерлер әр түрлi жәнежәне оларды бiрқатар белгiлерi бойынша классификациялауға болады. Сканерлер ақ-қара және түстi болады.Ақ-қара сканерлер штрихтық және жартылайтондық көрiнiстердi оқиалады. Штрихтық көрiнiстер жарты тондарды немесе сұрдың түрлерiн бермейдi. Жарты тонды кескiндер сұр түстiң 16, 64 немесе 256 деңгейiн танып, жеткiзуге мүмкiндiк бередi.Түстi сканерлер ақ-қара және түстi түпнұсқалармен жұмыс iстейдi. Бiрiншi жағдайда олар штрихтық және жарты тонды кескiндердi оқу үшiн қолданылуы мүмкiн.Түстi сканерлерде RGB түстi моделi қолданылады: сканерленушi кескiн айналмалы RGB жарық фильтрi немесе тiзбектеле жанатын 3 түстi лампа арқылы жарықтанады; әрбiр негiзгi түске сай келетiн сигнал жекелей өңделедi. Берiлетiн түс саны 256-дан 65536-ға дейiн (High Color стандарты), кейде 16,7 млн-ға дейiн (True Color стандарты).

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!