400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Дербес компьютердің құрылысы "

Материал туралы қысқаша түсінік
Устаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«БЕКІТЕМІН»

Директордың

ОӨЖ орынбасары

______ М.М.Джетібаев

« 06 » «09» 2019ж


Өндірістік сабақ жоспары.


Топ: ЕТ-18

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің тарихы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студентерге таңдаған мамандығын бағалай білуді, жаңа технологияға бейімдеп, жұмыс орнында техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды үйрету, компьютердің шығу тарихымен танысу.

Тәрбиелік: Студенттерді еңбекке, іскерлікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін тиянақты орындауға дағдыландыру.

Сабақтыңтүрі: Өндірістік сабақ.

Сабақтың әдісi: түсіндірмелі, баяндау

Материалдық-техникалық жабдықтар, құрал-саймандар мен оқу-әдістемелік құралдар:

Дербес компьютер, интерактивтік тақта, слайд, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі

1.1 Сәлемдесу

1.2 Түгелдеу

1.3 Студенттердің назарларын сабаққа аудару, сыртқы кейпін тексеру(студенттердің киімінің өндірістік санитария мен еңбек қауіпісіздігі талаптарына сай болуы)

2. Кіріспе нұсқау:

1.Үй тапсырмасын қайталау

- техника қауіпсіздік ережелерінің пункттері?

- алғашқы көмектің көрсетілуі?

3. Жаңа сабақты түсіндіру

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш , есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Дербес компьютер (қысқаша ДК) — компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес  компьютер  бір мезгілде бір  адамның  пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады. Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілдді. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап санап есептеулер жүргізді. Заттардың саны жерге сызған сызықшалар мен, ағаш таяқшалрды Ең ерте замаңғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытың осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет , тіпті ежнлгі Греция болуы да мүмкін.бұл санау құралын Гректермен Батыс Еуропалықтар «абак», Қытайлықтар «суанпан», Жапондықтар «серобян», ал Ресейде «есепшот» деп атаған. асалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептелді

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деп атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскалдың идеясы дамытып , өзінің механикалық есептеу машинасын арифометрді құрастырды. Дөңгелектің орнында мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Арифмометр қазір оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды. Алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Ч. Бэббидж еді, сондықтан оны көптеген адамдар қазіргі компьтердің атасы деп атайды. 1833 жылы ол бағдарлама арқылы басқарыллатын «Аналитикалық машина»жобасын жасады. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Ч. Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бағдарламаушы деп саналады. Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

Бірақ, компьютерлер кез келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.

Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Компьютер буындары 5 кезеңнен тұрады.

  • I буын (1940 - 1955)

    • электронды-вакуумды шамдар

  • II буын (1955 - 1965)

    • транзисторлар

  • III буын (1965 - 1980)

    • интегралды микросхемалар

  • IV буын (1980 - …)

    • үлкен және өте үлкен интегралды схемалар

    • V буын бұл буын әлі қарастырылуда

4. Жаңа сабақты кіріспе нұсқау бойынша бекіту

- Компьютер сөзінің аудармасы?

- Ең алғашқы бағдарламалаушы?

- Компьютердің даму кезеңдері?

5. Студенттің өздігінше жұмысы

6. Өтілген тапсырма бойынша студенттер өз бетінше жұмыстарын орындауы

II. Ағымдағы нұсқау (жұмыс орындарын арнайы аралап жүру арқылы):

2.1. Студенттерді тапсырма бойынша жұмыс орындарына бөлу

2.2. Жұмыс орнының ұйымдастырылуын және техника қауіпсіздік ережелерінің

сақталуын тексеру;

2.3. Еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын тексеру;

2.5. Жұмыстарды қабылдау және жұмыс орынын тазалау.

III.Қорытынды нұсқау:

3.1 Сабақты қорытындылау;

3.2 Ерекше қателіктерін талдау;

3.3 Студенттердің орындаған жұмысын талдау;

3.4 Баға қою, студенттерге хабарлау;

3.5 Үйге тапсырма беру.

Техника қауіпсіздік ережелері.


Өндірістік оқыту шебері: Ш.Ш.Утебаева


















«БЕКІТЕМІН»

Директордың

ОӨЖ орынбасары

______ М.М.Джетібаев

« 06 » «09» 2019ж


Тапсырма


Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің тарихы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студентерге таңдаған мамандығын бағалай білуді, жаңа технологияға бейімдеп, жұмыс орнында техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды үйрету.

Тәрбиелік: Студенттерді еңбекке, іскерлікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін тиянақты орындауға дағдыландыру.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі