Түркістан
облысы Сарыағаш ауданы
№142
жалпы орта мектебінің 10 «А» сынып
оқушысы Тұрлыбай
Аяна
Жетекші:
Мусаханова
Нурипа
химия-биология пәнінің мұғалімі
Мақсаты:
Дербісек елді мекеніндегі халық
тұтынатын су көздерінің сандық және
сапалық құрамын анықтау, пайдасы мен
зиянын көрсету.
Су
-тіршілік негізі
Су
жердің геологиялық тарихында, тіршіліктің
пайда болуында, ғаламшарда климаттың
қалыптасуында үлкен рөл атқарады.Су
–еріткіш. Су-іс жүзінде барлық
технологиялық үдерістердің міндетті
құраушысы. Судың ең басты қызметі
тіршілікті қамтамасыз ету деуге де
болады. Тірі ағза жасушасының 80 пайызы
судан тұрады.
Су-қасиетті
зат. Оның қасиетін халқымыз ертеден-ақ
білген, өйткені сумен жуынғанда адам
денесінде және жан дүниесінде мынадай
қасиеттер пайда болады деп көрсеткен.
1.Тазалық
2.Сергектік
3.Жасару
құбылысы
4.Сұлулық
5.
Денсаулық
6.Әдемілік
7.Ақыл
ойы анықталады
8.
Адам бетіне жас өң береді
9.
Адам терісі жұмсарып әрленеді.
Осыдан
барып «Судай сұлуға жолық» деген алғысты
білдіретін қанатты сөз шыққан. Судың
сұлулығын дана халқымыз осылай
сипаттаған.
Жер
асты суларының таралуы
Жер
асты сулары—Жер бетінің төменгі
қабатындағы тау жыныстарының арасында
қатты, сұйық және газ күйінде тараған
сулар.
Жер
асты сулары деп- жер қыртысындағы
кезігетін барлық суларды айтамыз.
Жер
асты сулары қысымсыз грунт сулары
мен артезан суларына бөлінеді., ал
минералдығы
бойынша минералды су,
ащы
және тұщы су болып 3-ке бөлінеді.
Қазақстан
жер көлемі жөнінен алып мемлекеттер
қатарына кіреді.
Алайда
оның бір ерекшелігі жер асты суларына
өте бай. Республика аумағында түрлі
мақсаттарға сай ашылып зерттелінген
633 жер асты су қоры бар олардың
пайдалану қуаты 43384000 текше метр.
Ауыл
тұрғындарының суды тұтынуы.
Дербісек
ауылының тұрғындары суды орталық
краннан тасымалдап тұтынады. Ол кран
Дербісек елді мекенінің орталығында
орын алған. Айналасы қоршалған
гигиеналық талапқа сай және де жер
асты құдық суын қолданады. Бұл краннан
ағатын судың температурасы 60 градустан
жоғары жер астынын атқылап ,түтіні
будақтап шығады. Дербісек елді
мекеніндегі халық тұтынатын су-
минералды сулар қатарына жатады.
Суының
құрамы минералдарға бай болғандықтан,
Дербісек елді мекенінде «Рауан ЖШС»
қарасты Рауан алкогольсіз сусындар
зауыты жұмыс істейді. Сонымен бірге
«Ақ Ниет» минералды сулар зауыты жұмыс
жасайды. Дербісек елді мекенінің
тұрғындары оз үйлерінен 8-16 метр
тереңдіктен құдық қаздырып құдық
суын да күнделікті тұрмыс тіршілігінде
қолданады.
Осы
ауылдағы жер асты және құдық суының
биологиялық құрамын зерттеу мақсатында
Шымкет қаласындағы ОҚМПУ университетінің
зертханасына барып зерттеулер
жүргіздік және Сарыағаш қаласындағы
СЭС-қа барып зерттеу жүргіздік.
Қорытынды
Құдық
суының құрамында кермектік көп болғанымен
адам ағзасына қажетті (мысалы темір)
элементтер және минералды тұздарға
бай болғандықтан күнделікті тұтынатын
кран (жылы) суына 1/3 көлемде араластырылып
тұтыну қажет.