Деректер қоры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Деректер қоры

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыга мұғалімге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан Облысы

Өскемен қаласы

Зайсан ауданы

М.Дауленов мектеп-интернаты”КММ

педагог-психолог

Толегенова Аяулым Толегенкызы















«Оқушылардың қарым-қатынасын жақсарту»

(тренинг)











Орындаған мектеп психологы:

Толегенова Аяулым Толегенкызы







Жаттығу кезеңдері:

  1. Сәлемдесу

  2. «Өрмекші торы» жаттығуы

  3. «Ақ парақ» жаттығуы

  4. «Жартастан өту» жаттығуы

  5. «Ашулы шарлары» жаттығуы

  6. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы





  1. Сәлемдесу

Нұсқау: Оқушылар өздерін таныстыру барысында, өздерінің жеке қасиеттерімен таныстырып өту. Мысалы: Менің атым – Аяулым. Мен сурет салғанды ұнатамын.

  1. «Өрмекші торы» оқушылармен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында өткізіледі.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.

Жаттығу шарты: Топта бір-біріне 1-ші жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек оқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының, адам бойына қажет емес қасиеттерін айту. Өрмекті жиып шығады.

Рефлексия: Айтылған тілектермен сынды қабылдаймызба? Сын орынды айтылдыма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей сындарды түзете білейк.

  1. «Ақ парақ» жаттығуы

Мақсаты: Ұжымда береке-бірлікке,татулыққа бағыттау.

Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. 1-ші топқа қағазды жырту, ал 2-ші топқа қағазды бірнеше жерінен тесу беріледі.

Нұсқау: Берілген ақ парақтар бойынша, әркім өз сезімдерін айтып беру керек.

Кері байланыс: Қағазды жыртқан және шұрқ тескен кезде қандай сезімде болдыңыз?

  1. «Жартастан өту» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың өзара қарым-қатынасын бақылау.

Нүсқау: Оқушылардың барлығы бір қатарға тұрады.Олар жартастар болады. Ал, бір оқушы жүргінші болады. Ол осы жартастан ұстап, құламай өтуі қажет. Жартастарға көмектесуге болмайды, деген нұсқау беріледі.

Кері байланыс: Жартастан өту қиын болды ма? Достарың жартас болып көмектеспей тұрғанда қандай күйде болдыңыздар? Көмек көрсеткенде қандай сезімде болдыңыздар.

  1. «Ашулы шарлар» жаттығуы

Мақсаты: бойдағы ашуды, агрессияны сыртқа шығару.

Нұсқау: Берілген 2 шарды үрлеп, біреуін жару. Бір шардың желін жайлап шығару.

Кері байланыс: Не сезіндіңіздер? Не байқай алдыңыздар?

  1. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырып. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді жанындағы көршісіне сыйлайды.

Рефлексия: Әр қайсысына берілген жағымды қасиеттеріңізге лайық деп ойлаймын, қошемет көрсетейк. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!



















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
454
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі