400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Десант сабақ Тақырып: Қала құрылысы және бейресми символдардың мәні 3 А сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
басқада әріптестеріме керек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика.

48-сабақ. Сандардың кубы

Тақырып: Қала құрылысы және бейресми символдардың мәні

Мектеп: №9 орта мектеп

Күні:13.11.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні:Туркменбаева Дариға

Сынып: 3 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 * санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Бірқатар оқушылар үшін:

Кубты бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептеу, бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде санның кубы ретінде түсіну

Кейбір оқушылар үшін:

Санның кубтық құрамын табу үшін, санды өрнектің мәнін бірнеше амал арқылы табу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіндіру

Пәндік лексика және терминология:

Санның квадраты, санның кубы

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  • Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде санның кубын ұсына аласыз ба?

  • Бірдей үш көбейткіштің туындысы ретінде санның кубын есептеңіздер?

Жазу:

Санның кубын жазыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі, санның квадраты, көбейту компоненттері

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

Сабақтың басы





1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

-Балалар , бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек !

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп , күлімсіреп ,

Біз сабақты бастайық.

2. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

І топ : Үшбұрыш

ІІтоп : Төртбұрыш

ІІІ топ : Дөңгелек


Үй тапсырмасын тексеру

Үйге қандай тапсырма берілді?

№4 Ә

62+(82+136)=236 52+102+2= 127 10*(32- 1)=80

32+(62-42) = 29 102-(22+32)=87 92+(72-15)=47

Қ.Б Смалик арқылы бағалау.

Ынталандыру.

Мұғалім балалардан сендерге «монумент» сөзі таныс па деп сұрайды?

Монуме́нт (лат. monumentum – «естелік; ескерткіш», monere – «еске салу, жандандыру») — ескерткіштің өлшеміне қарай мәнді өнер туындысы.

Архитектуралық жоспар бойынша ескерткіш кеңістік жасайды, көбіне алаң орталықтарында немесе қоғамдық кеңістікте визуалдды рөл атқарады.

+ Монументті мүсін ( монумент), өз заманы мен уақытының қандай да бір маңызды оқиғаларының куәсі ретінде, әлеуметтік-қоғамдық оқиғаны шын мәнінде дәл бірдей сияқты етіп қабылдатады.

Негізі "монументті" мүсін өз уақытындағы шындықты суреттейді.

"Монументті" мүсінді көбіне маңызды, ерлік оқиғалар кезінде өз уақытында адамдардың қабылдауы үшін көп күш жұмсалған оқиғаларға қойылады. [https://ru.wikipedia.org/wiki/монумент]

Мұғалім суреттерді немесе интерактивті тақтадағы слайдты, теледидардан «Алтын адам», «Байтерек», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы және т.б.

Шаттық шеңбер



































монументтердің суреттері немесе слайдттар

Сабақтың ортасы












Өзектендіру.

1-тапсырма.Топтық жұмыс.

«Монумент» сөзін білесің бе? Берілген суреттегі монументтердің маңыздылығы қандай? Есепте, сонда сен олардың әрқайсысының атауын білетін боласың.

81 («Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы)

49 («Тәуелсіздік» монументі)

64 («Бәйтерек» монументі)

Қ.Б.Үш шапалақ арқылы бағалау.

2-тапсырма. Ұжымдық жұмыс.

-Монументтен басқа да ескерткіштер орнатылуы мүмкін. Санжар Венгрияның Будапешт қаласында болды және сол жерден «Кубик Рубиктің» ескерткішін көрді. Ол сыныптастарына сыйлық әкелуді ұйғарды. Ол бір қорап кәдесый текшелер сатып алды және оларды текше пішінді қораптарға салды.Сендер Санжарға оларды санауға көмектесіңдер. Текше пішіндес қораптарға төртбұрыштарды сал және қорапқа қаншасы сыйғанын сана.

Жаңаны ашу.

Жаңаны ашу үшін балалар текшелерді қорапқа салып тәжірибелік жұмыс жасайдынемесе оқулықтағы суреттерді қарап өз нұсқаларын айтады.

-санаудың бұдан да ыңғайлырақ түрін атай аласың ба?

Балалар тәжірибелік жұмыс орындайды. Төртбұрыштарды қорапқа суретте көрсетілгендей, шетінен бастап қатарынан қалап салу керек.

Осылай, мұғалім балаларды текшелерді үш қатарға бірдей қылып тізіп санауға болатынын түсіндіреді. 3х3- бұл текшенің бір қабатының саны. Ал мұндай қабаттан үшеу шықты. Онда мынадай өрнек шығады:

3*3*3=27 Санжар 27 кубик сатып алды.

Қ.Б. шапалақ арқылы бағалау.

3-тапсырма.Жеке жұмыс Дәптерге орындау

Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі болып табылатын сандарды таба аласыңба?

9 75 64 25 81 8

3*3=9 4*4*4=64

9*9=81 2*2*2=8

5*5=25

Қ.Б. Жұлдызша арқылы бағалау.

Осылай балалар шешіммен танысады:Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісімен атауға болады. Жоғарғы жағындағы 3 деген индекс санның кубы екенін білдіреді.

4-тапсырма.Өзіндік жұмыс

Көбейтіндіні көбейткіштің квадратына немесе кубына алмастырып есепте.

32=3*3=9 92=9*9=81 23= 2х2х2=4х2=8

62=6*6=36 72=7*7=49 33= 3х3х3=9х3=27

Қ.Б. Смайлик арқылы бағалау













Оқулық

Дәптер, оқулық, Сабаққа арналған тұсау кесер, текшелер мен қорап

Сабақтың соңы











5-тапсырма.Ұжымдық жұмыс.

Есепті шығар.

Тұрғын үй кешеннің ауласында 9 шырша отырғызылды.Бұл отырғызылатын шыршаның 1\4 бөлігі.Шыршаға қарағанда 6 есе кем терек отырғызылды.Аулаға барлығы қанша шырша мен терек отырғызылды?

Ш:9*4=36

36:6=6

36+6=42

Барлығы 42 шырша мен терк отырғызылды.

Қ.Б.Смайлик арқылы бағалау.

Оқулық.


Рефлексия.

«Менің көңіл - күйім» баспалдағы


Жетістіктер жолы.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1064
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі