Түркістан қаласы
«Балдырған»
ясли-бақшасы
«Ақжелкен»
тобы
Тәрбиеші Бегентаева
Жайдар
Тақырыбы :
Денсаулығымды
күтемін
Өзіме өзім
көмектесемін
Мақсаты: адам денсаулығының
қымбаттылығын,
өмір сүру үшін
қажеттілігін,
денсаулықтың басты байлық
екендігін,
дене мүшелерін күте білу
қажеттілігін ұғындыру.
Дамытушылық : денсаулығын нығайтыға деген
қызығушылықтарын
дамыту.
Тәрбиелілік : балаларды спортқа,
тазалыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілілігі : интерактивті тақта,
плакат.буклет.
Әдіс-тәсілі : әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-
жауап, ойын.
Ұйымдастыру
кезеңі.
Шаттық
шеңбері.
Балалар бүгін бізде ерекше
күн, бугін бізге қонақтар келіпті, қане балалар елмен, жермен,
достарымызбен, қонақтармен амандасайықшы.
-Амансыңба, қайырымды Аспан
ата!
-Амансыңба, мейірімді Жер-
Ана!
-Амансыңба, еңселі елім
менің!
Амансыңба,
қонақтар!
Амансыңдар ма,
достарым!
Балалар бір-бірімізбен
амандасу, қоштасудың өзі денсаулық сұрау, денсаулығымыздың жақсы
болуын тілеу екендігін білдіреді.
Қарт кісілермен қалай
амандасамыз?
Амансысыз ба, есенсіз бе,
сәлеметсіз бе
Қоштасқанда қалай
қоштасамыз?
Сау
болыңыз.
Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
Күз мезгіліне қай айлар
жатады?
Күз мезгілінің қандай
ерекшеліктері бар?
Сендерге күз мезгілі ұнайды
ма?
Далада ауа райы
қандай?
Күн суытты, жаурап қалмас үшін
не істеу керек?
Өмірдегі басты байлық не деп
ойлайсындар?
Әрине
денсалық.
Денсаулығымыз сау болу үшін не
қажет?
Бүгін біз оқу қызметінде
денсаулық жайлы әңгімелейміз.
Балалар таңертең ұйқыдан
тұрғанда не істейсіңдер?
Керілеміз, созыламыз, терезені
ашып таза ауа жұтамыз , жаттығу жасаймыз.
Жаттығу жасау, таза ауамен
тыныстау,серуендеу,спортпен айналысу денсаулығымыдың мықты болуына
тигізер пайдасы мол.
Суретпен
жұмыс
Балалар сурет жайында не айтар
едіңдер?
Жуыну үшін не
қажет?
Тістеріңді күніне неше рет
жуасыңдар?
Бетімізді,аузымызды,
қүлағымызды,қолымызды,аяғымызды жуып таза ұстаймыз
ба?
Қазір күз мезгілі күн суық,
құлағымыз суықтамас үшін, тісіміз ауырмас үшін, қолымыз, аяғымыз
жаурамас үшін қалай киіну керек?
Осы дене мүшелері жайлы өлең
шумақтарын кім біледі?
Алина
Амандасып
бәрімен,
Емдейтін ем
дәрімен.
Аман болсын қолдарым
,
Алғыс айтам
сендерге.
Елсияр
Аппақ аппақ
тістерім,
Жүмсақ нанды
тістедім.
Таңертең күнде
тазалап,
Тістерімді
күтемін.
Ясир
Ана әлдиін
естіген,
Ауырмасын
құлағым.
Қос қүлағым аман
бол,
Бас қой сенің
тұрағың.
Ислам
Еститұғын
тықырды,
Еститұғын
сықырды.
Міне менің
қүлағым,
Міне менің
құлағым.
Нұрахмет
Бір ,екі-деп
басайын,
Тез –тез адым
жасайын,
Топылдатып
билейтін,
Аяқтарым осы
екен.
-жарайсыңдар
балалар.
Денсаулығымыз жақсы болу үшін
таза жүру керек
Слайдпен
жұмыс
Балалар мұқият қараңдаршы
суретте кімдерді көріп отырсыңдар,олар немен
айналысуда?
Жемістердің адам денсаулығына
пайдасысы бар ма?
Не үшін
тамақтанамыз?
Өте көп тамақ ішу дұрыс
па?
Мына суретте нені байқауға
болады?
Қай баланың әрекеті
дұрыс?
Жағдаят
(Серуенге шыққан екі баланың
әңгімесі.)
Шаршаған боларсыңдар
балалар,сергіп алайық.
Сергіту
жаттығуы.
Денсаулықтың
тірегі,
Қимыл менен
қозғалыс.
Сымбатты ширақ
болайық,
Бұлшық етті
қатайтып.
Жаттығуды
жасайық.
Жалқау болма ерте
тұр,
Бірде отыр,бірде
тұр.
Оңға, солға бұрыл
да,
Жаттығуды
қайтала.
Балалар мен сендерге жүмбақ
жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ
Тойып ішше
қаншама,
Ауырады
соншама.
Асказанын
бүлдірген,
Бұл баланы кім дейді? (
ашқарақ)
Көзінен жас
кетпейді,
Балалардан
шеттейді.
Бұл баланы кім дейді?
(жылауық)
Шықпай жатып
көшеге.
Үсті басы
кірлейді.
Бұл баланы кім дейді?
(салақ)
Мына суретте кім
көрсетілген?
Кір қожалақ балаға арналған
өлең шумағын білесіңдер ме?
Ойын: «Денсаулық
поиызы»
Балалар қатарға тұрып поезбен
сапарға шығады.Балалар деніміз сау болу үшін көңіліміз көтеріңкі
болу керек. Мен сендерге мынадай шарларды
силаймын.
Денсаулығымыз мықты болу үшін
спортпен айналысуымыз қажет.
Жеміс-жидектер мен
көкеністерді көбірек жеу керек.
Таза ауада серуендеу керек
мұның бәрі салауатты өмір салтына жатады.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі
: денсаулықты күту
қажеттілігін
Орындайды: дене мушелеріне арналған
жаттығуларды
Түсінеді: салауатты өмір салтын сақтау
қажеттілігін
Меңгереді: таза жүру, дұрыс
тамақтану,таза ауада серуендеу,спортпен
шұғылдануды.