жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Девиация және девиантты балалардың психологиялық сипаттамасы
Чокаева Б.Т.
БАЛАЛАР АГРЕССИВТІЛІГІНІҢ КӨРІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Агрессия латын тілінен аударғанда шабуыл жасау деген мағынаны білдіреді. Агрессивті мінез-құлық-адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивті мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болуы дәрежесі бойынша: жек көрушілік, жақтырмаушылықтан-тіл тигізуге және дөрекі түрде күш қолдануға дейін түрленеді. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан келгенде: жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының бұқаралық сипаттағы құбылыс ұғымының шеңберіндегі тұлға аралық агрессияның-топтық агрессияға айналуының мәні бар.
Агрессия көп жағдайда субъектінің фрустрацияға жауап әрекеті ретінде көрініп, ашу-ыза, өшпенділік, жеккөрушілік және тағы басқа эмоционалдық ахуал сипатына көшеді. Бұл тәрізді реактивті агрессияның әр ыңғайдағы көрінісінен, біреуге мақсатты-саналы түрде зиян келтірмеумен сипатталатын өшпенділік агрессиясын және әрекет ету мақсатты бейтараптылықты, ал агрессия оған қол жеткізу құралы ретінде пайдаланылатын инструменталды агрессияны айыра білу қажет. Бұқаралық әлеуметтік құбылыстар кезінде (террор, ұлттық кемсітушілік, діни, идеологиялық қақтығыстар) дамитын агрессия түрлеріне олардың таралуы мен өзара индукциясы, өздері жасаған жау бейнесінің үйреншікті сипаттамасы жатады. Субъектінің агрессивті мінез-құлқы-жеке тұлға агрессивтілігінің салыстырмалы түрдегі табанды ерекшелігі ретінде қарастырылады. Агрессивтілік деңгейі әлеуметтендіру процесіндегі оқып-үйретумен қатар, әлуметтік жауапкершілік нормалары және агрессия актілері үшін жаза қолдану тәрізді аса маңызды мәдени-әлеуметтік нормаға бағдар тұту ретінде де айқындалады. Бұл жерде жағдайаттық өзгермелік (өзін қоршаған адамдардың ниет-пиғылдарын өзіндік қабылдау,қайтарма байланыс алу мүмкіндігі, қару-жарақтың арандатушылық ықпалы, т.б,) маңызды рөл атқарады. Агрессивті әрекет аутоагрессивтік сипатында (мысалы, өзіне-өзі қол жұмсау, т.б.) субъектінің өзіне қарсы бағытталуы мүмкін. Агрессияның кейбір көрінісі қозғыш психопатия, паранойя, эпилепсия және т.б. тәрізді жеке тұлғаның даму үстіндегі патопсихологиялық белгілері ретінді көрінуі де ықтимал. Агрессивтіліктің өзін-өзі бақылауын қалаптастыруда және агрессивті актілерді кідірте тұруда басқа адамды бірегей құндылықтардың иесі деп танып, оны түсінуге тырысу, жаны ашу тәрізді субъект қабілетінің түп негізінде жататын эмпатия, сәйкестендіру және орталықсыздандырудың психологиялық процесінің маңызы зор.
Шетелдік психологияда агрессивтілік мінез-құлықтың пайда болуының, себеп-салдарының сан алуан түсініктемелері кездеседі. Агрессивті мінез-құлықтың нақты көріністерін түсіну үшін жеке тұлғалық және ұжымдық әрекеттің жалпы құрылымындағы оның орнын айқындап алған жөн. Мысалы, агрессивтілік акт субъектінің қорғаныстық жауабына ұқсамауына, аффектің салдары еместігіне немесе агрессивті мінез-құлық өзіндік мақсат-мүдде мен мәнге ие болып, ерекше жеке тұлғалық және ұжымдық іс-әрекеттке көшуіне т.б. баса назар аудару қажеттілігі.
Агрессивтіліктің жоғары болуы-балалар ұжымында жиі кездесетін проблема. Агрессивті мінез-құлықтың кез келген түрі көптеген балаларға тән. Егер ережеге және мінез-құлық нормаларына сәйкес агрессивтіліктің көрінуі әлеуметтік факторларға жол берсе, онда көптеген балаларда агрессивті мінез-құлықтың белгілі бір формасы сақталып қана қоймай, сонымен қатар дамиды, жеке тұлғаның тұрақты сапаларына айналады. Соның негізінде балалардың потенциалды өнімділігі төмендейді, толық қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі азаяды, балалардың жеке тұлғасының дамуына кері әсерін тигізеді. Агрессивті бала қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар өзіне де көптеген қиыншылықтар туғызады. Агрессивті мінез-құлықтың әр түрлі формасы тіпті мектепке дейінгі шақтада айқын көріне бастайды. Психология ғылымында агрессияны вербальді және күш көрсету агрессиссы деп екіге бөледі, олардың әрқайсысы тікелей және жанама әсерін тигізуі мүмкін.
Ежелден мәлім қағида-адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алар орыны ерекше. Отбасының рухани тірегі ата-ана. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептің жаңалықтары мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбеу өтуге бейімділігі бар оқушылырға рухани және материялдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады.
Психологтардың зерттеулеріне көз жүгіртсек, олар баладағы агрессивті мінез-құлықтың пайда болуына көптеген факторлар әсер етеді дейді. Сол факторлардың ішінде ғаламдар келесілерін атап көрсетті: отбасы тәрбиесінің ерекшелігі, агрессивті мінез-құлықты көрсетудің мысалдары, ал ондай мысалдарды бала теледидардан немесе өзінің құрбыларынан көлуі мүмкін, эмоционалды қысым көрсету және баланың әр түрлі фрустрацялық күйлерге шалдығуы. Бірақта бұл айтылған факторлар балалардың бәрінде бірдей агрессивті мінез-құлықты тудыра бермейді. Психологиядағы көптеген зерттеулер және жүргізген бақылаулар көрсеткендей: бала кездегі қалыптасқан агрессивті мінез-құлық оның тұрақты сапасы болып қалыптасып және адам өмірінде сақталып қалады. Кез-келген агрессивті мінез-құлық формасы қазіргі бар зерттеулер бойыншв көптеген балаларда байқалады. Сонымен қатар олардың кей біреулерінде айтарлықтай өшпенділік агрессиясы көрінеді.
Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болады. Қазіргі уақытта болып жатқан және кішкентей балалар көретін мультфильмдегі және кинолардағы қатыгездік, күш көрсету көріністері балаларда агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына және оның деңгейін арттыруға себеп болатындығын қазіргі психологиядағы ғалымдар дәлелдеп отыр.
Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу-тәрбие оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне, осы орайда, балалардың бойында жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез, әдеттерді жою талабы мектептегі оқытушының тарабынан жасалған тиімді әрекеттеріне байланысты болмақ.
Агрессия түсінігін біз тек негативті, деструктивті феномен ретінде қарамауымыз керек. Керсінше, агрессия адам өмірінде алатын орыны өте жоғары, тіпті оны бағалаудың өзі қиынға соғады.
Бірақ, дұрыс қадағаланбаған агрессивтілік индивидумның өзіне де кері әсерін тигізеді, ол өзін-өзі “құртудың” барлық формасында, өзін-өзі кінәләу мен ең ақарғысы өзін-өзі өлтірумен аяқталады.
Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы түрлі қарам-қатынастан, қорқытып-үркітуден пайда болады.
Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессивті әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады. Айталық, “дұрыс” адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін-өзі ұстай алмайтын агрессивтілік көрінеді.
Егер қандайда бір агрессивті қылық көрсеткіші үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын ата-ана алдында көрсетпей іштей сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтіндігіне кепіл болмайды.
Ата-ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында “айтқанымды істетемін” деген агрессивті әрекет туғызады.
Агрессивтілік проблемасы өмірдегі барлық адамзатты алаңдататын проблемалардың маңыздысы десек артық айтпас боларсыз. Агрессивтілік проблемасы жайлы көптеген психолог ғалымдар өз ойларын және пікірлерін айтқан, олардың пайда болу себептерін қарастырған және агрессияның түрлерін жіктеуге де тырысқын. Осындай психолог ғалымдардың бірі-Э.Фромм болатын. Э.Фромм агрессияның екі түрі бар деді: “зиянды” және “зиянсыз”.
Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады. Зиянды агрессия: қатігездік пен қауіпке толы болады.
Ал, З.Фрейд пен К.Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген.
Қоғамға ерекше зардабын тигізетін агрессияның бірі-ол басқа адамға бағытталған агрессия. Ондай агрессияның түрін А.Бандура мен Р.Уолтерс асоциалды деп атаған және оны әлеуметтік-диструктивті мінез-құлықпен байланыстырады.
Агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде төменгі бағыттар бойынша жұмыстар атқару керек:
-
Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету.
-
Балаларды әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұста алуға, өзін-өзі басқара алу әдістеріне үйрету.
-
Шиеленіскен жағдайларда дұрыс сөйлеу дағдыларына үйрету.
-
Адамдарға сену, жаны ашу сияқты адамшылдық қасиеттерді бойына сіңірту.
Мектепке дейінгі балалардың агрессивтілік дәрежесін төмендетудің басты әдіс-тәсілдері ретінде психологтардың айтуы бойынша келесілер: ойындар, түрлі шығармашылық ойындарға қатысу, аутогендік жаттығулар, стрестік жағдайларға төтеп беретін әр түрлі жаттығулар. Енді осыларға толығырақ тоқталайық. Бұл жаттығуларды балаларға 3,5 жастарынан бастапе ойнатуға болады.
Аутогендік жаттығулар-бүл психотерапияның әдісі, өзін-өзі сендіруге бағытталған. Бұл әдісті 20 ғасырдың 30 жылдары көрнекті неміс психологы И.Шульц құрастырған. Оның маңыздылығы еріксіз келген жылулықты түйсіну дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл түйсінулерді саналы түрде басқара білу адамның басты психофизиологиялық процесстерінің жақсаруына өз әсерін тигізеді. Аутогендік жаттығуларды баяу ырғақтағы әуенмен өткізген жөн. Балалар өздеріне ыңғайлы жерде отырады немесе өздерінің төсектерінде жатады. Олардың көздері жұмулы болулары қажет. Айтылған сөздер екі реттен қайталанулары керек. Аутогендік жаттығудың төрт фазасы бар:
-
Бұлшық етті және буынды босаңсыту.
-
Сюжеттік қиялдар.
-
Өзін-өзі жоспарлау.
-
Бекіту сәті.
Аутогендік жаттығулардан басқа стресске қарсы қолданылатын жаттығуларда көптеп кездеседі. Бұндай жаттығулырды әрбіреуін бес-он реттен қайталау керек. Жаттығулырды жасау алдында балалар бірнеше рет дәстүрлі жаттығулыр жасап алғандары дұрыс. Өйткені балаларға бірден стресске төтеп беру үшін жаттығуларды жасау өте қиынға соғады. Олардағы пайда болып келе жатқан түйсіктерге сендіруге тырысу керек. Жаттығуды орындамас бұрын тәрбиешілер балаларды жаттығу жасап болғаннан кейін олардың көңіл-күйінің жақсаратындығына, көтеріңкі болатындығына, өз-өздерін жақсы сезінетіндігіне, тыныштық орнайтындығына сендіру керек. Сендіріп қана қоймай соған талпындыру қажет және олар өздері де соған талпынулары керек. Бірақ бұндай жаттығуларды балаларды дәргерге көрсетіп алғаннан кейін және психологтың көмегімен жасаған жөн.
Әр адамға өзінің эмоциясын шығаруға және оны жағымды немесе жағымсыз деп бөлмейтін мүмкіндік беру керек. Өзінің ашуын сөзбен шығаруда көрінген “жарық”(яркость) - бұл адамға тән қарапайым эмоциясының формасы. Агрессияның пайда болу себебі қорқыныш пен ренжу екенін түсіндіруге көмектесу және балаларға олардың өз агрессиясын көрсетуге құқықтары бар екенін айту керек, бірақ өздерінің агрессивті мінез-құлықтырын және тәртіптерін басқара алуларына көмек көрсету керек. Егер бала бір нәрсеге өкпелеп немесе ашуланса оған өзінің сезімін агрессиясыз және конфликтісіз шешуге бағыттау керек.
Бізге белгілідей агрессивті балаларды ойнай алмайды деп айтамыз, олардың ойнау қабілеттілігі дамымаған. Шындығында да, мектепке дейінгі агрессивті балалардың арасында ойнай алмайтын және ойын барасында үлкен жетістікке жетпеген балаларды көптеп кездестіруге болады. Бірақ, зерттеулер көрсеткендей, оларлың кейбіреулері қызықты ойындарды ұйымдастыра алады екен. Сондықтан ойын әрекетінің даму деңгейін және интелектінің даму деңгейін басты себеп деп санауға болмайды. Тағы бір ерекшелік: агрессивті балаларды адакватты емес өзіндік бағалау ерекшелендіреді-жоғарлатылған немесе төмендетілген. Бірақ психологтардың зертеулері көрсеткендей агрессивті баларадың өзіндік бағалаулары басқа балаларға қарағанда онша ерекшеленбейді екен.
Балалар арасында кездесетін тағы бір маңызды ерекшелік, ол бірлесіп әрекеттесу кезінде кездеседі. Ересек адам оларға суреттерді бояңдар немесе мазайканы құрастырыңдар деп айтса ол ойын агрессивті баланы қызықтыра қоймайды, қызықтырған кездің өзінде ол өзінің кері мотивациясын көрсетеді (қолынан ойыншықтарын , қарандашын немеес қаламсабын тартып алады және т.б.). Бұл берілген мәліметтерге қарап агрессивті балалардың басты ерекшелігі-олардың өзімен жасты балаларға қарым-қатынасы деп айтуға болады. Басқа балалар оларға-қарсылас, бәсекелес, кедергі болып көрінеді. Агрессивті балалар оларды жолдан алу керек деп санайды. Бұндай қарым-қатынасты команикативті дағдының жетіспеушілігіне жатқызуға болмайды.
Психологтар агрессивті балалардың арасында үш топты бөліп қарастырады. Олар келесідей ерекшелінеді:
-
сыртқы мінез-құлық көріністері бойынша;
-
психологиялық сипаттамаларымен;
-
ойын әрекетінің даму деңгейімен;
Бірінші топты агрессияны қолдану арқылы өздеріне зейін аудартатын балалар құрайды. Әдетте олар өздерінің эмоцияларын айқын көрсетеді-айқайлайды; қаттты ұрсысады; бір-біріне түрлі заттар лақтырады. Ереже бойынша агрессивті балалар өзімен жасты балалармен белсенді қарым-қатынасқа түсуге тырысады, оған балалар көңіл аударғаннан кейін өздерінің жағымсыз іс-әрекеттерін тоқтатады. Агрессивті актілер бір минуттық, тез өте шығады және ерекше қатыгездікпен ерекшеленбейді. Көп жағдайда балалар өздеріне көңіл аударту үшін күш көрсету агрессиясының тікелей немесе жанама түрын қолданады. Олар ерікті, еріксіз және импултсивті сипатта болады.
Екінші топ баларын агрессияны достарымен қарым-қатынас кезінде мінез-құлық нормасы ретінде қолданылады. Олардың агрессивті әрекеті-белгілі мақсатқа жетуге бағытталады. Кез-келген әрекет мақсатқа бағытталғанымен және дербестікпен, басқарушы позицияға ұмтылуымен, басқа адамдарды өзіне қарату және оларды басқарумен ерекшеленеді. Екінші топ бірінші топқа қарағанда ерекшелінеді, себебі олар өздеріне құрбыларының зейінін аударуға тырыспайды. Себебі, балалардың топта өздерінің орындары бар, ал олардың кейбіреулері топтарында “көшбасшылар”қатарына шығады. Кей жағдайларда агрессивті балалардың мінез-құлқында тікелей күш көрсету агрессиясы байқалады, бірақ олар қатыгездікпен ерекшеленбейді. Жүргізілген зерттеулер қортындылары бойынша бұл балалар келесі жағдайлар бойынша ерекшеленеді
-
интелектінің даму деңгейінің жоғары болуы;
-
танымдық деңгейінің жақсы болуы; ұйымдастырушылық қабілеті, белгілі бір ойынды ұйымдастыу қабілеттілігі бар:
-
рөлдік ойындарды ойнаудағы жоғары қабілеттілік;
-
құрбыларының арасындағы әлеуметтік статустың жоғары болуы;
Бұл топтағы балалар мінез-құлық нормалыры мен ережелерін біледі, бірақ оларды тек сөз түрінде ғана қабылдайды. Олардың бір ерекшелігі өздерін ақтап шығу үшін жолдастарына кінә тағады. Олардың басты мақсаттары-үлкендердің негативті бағалауларынан қашу.
Үшінші топқа басқа балаларға зиян келтіру-олардың өзіндік мақсаты. Олардың агрессивтілігінің белгілі бір мақсаты жоқ. Олар өздерінің істеген зияндары үшін және басқа адамдарға сол келтірген қиналғандарынан шексіз ләззат алады. Үшінші топтың балалары көбінесе тікелей агрессияны қолданады, сонымен қатар олардың агрессивті мінез-құлқы күш көрсету агрессиясымен сипатталады, олардың іс-әрекеттері ерекше жауыздықпен және салқын қандылықпен ерекшеленеді. Сонымен ешбір себепсіз бала басқа адамды шашынан үстап және оның басын қабырғаға соғып немесе сатыдан итеріп жіберіп соған күліп қарап тұруы да мүмкін.
Психологтардың жүргізген зерттеулерінің қортындылары бойынша бұл балалардың ерекшелігі
-
интелект көрсеткіштерінің орташа болуы;
-
топтағы әлеуметтік статустың төмен болуы-олардан қорқады және қашады;
-
ойын әрекетінің дамуы орташа.
Бірақ жоғарыда айтылған мәліметтерді сондай қорқынышпен қабылдауға болмайды. Агрессивті балалармен жұмыс істеуде ең бастысы оларға өзімен жасты немесе басқа балалар бәсекелес еместігін, қарсылас еместігін, керсінше әр адамның қоғамда өз орыны бар екендігін түсіндіру керек.
Сонымен, қорта келетін болсақ балалық шақтағы агрессияның алдын алу үшін мінез-құлқындағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші жеке даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторлардың жүйелі талдауының жүргізілуі,агрессиядан сақтандыратын профилактикалық жұмыстар толық және үздіксіз жүргізілуі керек. Сонда ғана баланы агрессивті мінез-құлықтан сақтандыруға болады.
Әдебиеттер:
-
Р.Бэрон, Д.Ричардсон. Агрессия. М. «Питер», 1999 ж.
-
Психология человеческой агрессивности: Хрестоматия/ Сост. К.В.Сельченко. Минск: Харвест, 2003г.
-
Бэрон Р. Агресся, 2004г.
-
Начальная школа журнал. Ф.Адлер. Профилактика отклоняющегося поведания в начальной школе. 2003 № 2.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген