Материалдар / Девиантты балалармен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Девиантты балалармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына деинги балалардын тилинин мукистиги. Коз кормеуи кулак естимеуи солармен жумыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2018
678
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі: 20. 01. 2015 ж.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Абайла бағдаршам!» (сурет бойынша әңгіме)

Мақсаты: Балалардың жол ережесі ерекшеліктері туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Бағдаршамның үш көзінің атқаратын қызметі туралы айтып түсіндіру.

Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа және де жолда жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Бағдаршам, жасыл, сары, қызыл.

Қостілдік компонент: Бағдаршам-светофор, жол ережелер – правила дорожного движения

Керекті құралдар: Бағдаршамның суреті, жол ережелер суреттері.

Әрекет кезең-

дері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық



Шаттық шеңбері

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз!

Жұмбақ:

Оңға да бұрады,

Солға да бұрады.

Тәртіп сақтап әрқашан.

Жолда нұсқап тұрады.

Балалардан сұрайды:

  • Балабақшаға келгенді жақсы көресіңдер ме?

  • Балабақшаға келе жатқанда жолдан өткенде қалай өтесіңдер?

Үстел жағалай отырады



Бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.








  • Бағдаршам.



- Иә.

- Бағдаршамға қараймыз.

Қызыл түсі жанғанда тоқтап тұрамыз, ал жасыл түсі жанғанда қорықпай өте береміз.

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу

  • Балалар, айтыңдаршы бағдаршам не үшін қажет?





Балалардың назарларын тақтадағы суретке аударып,суретте не бейнеленгені туралы сұрау.

  • Айгүл, мына суретте Асан жолдан дұрыс өтіп бара жатыр ма?


  • Бағдаршам жолдан өткен адамдарға,жолда келе жатқан көліктерге бағыт - бағдар беріп тұрады.



Мұқият қарайды.

  • Жоқ. Бағдаршамның қызыл көзі жанып












  • Дұрыс айтасың көлік жоқ болса да, бағдаршамға қарап жасыл көзі жанғанда бірақ өту керек.

  • Арман, сен үнемі жолдан өзің өтесің бе?

Дидактикалық ойын: «Бағдаршамның үш көзі»

  • Бағдаршамда неше көз бар?


  • Түстері қандай?

Мен сендерге түстерді көрсетемін, ал сендер не істеу керегін көрсетіп айтыңдар.

  • Қызыл көзі жанса не істейсіңдер?


  • Сары көзі жанса ше?


  • Жасыл көзі жанса не істейсіңдер?

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшамыз,

Сауысқан боп секіреміз,

Торғай болып қонамыз,

Тоқылдақ боп шоқимыз.

Сөздік жұмыс: Бағдаршам, жасыл, сары, қызыл.

Орысша «бағдаршам-светофор», «жол ережелер – правила дорожного движения» - деп айтамыз.

Бағдаршам туралы тақпақ айтады:

Қызыл көзі жанғанда,

Сынық қадам баспа алға.

Сары көзі жанғанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзі жанғанда,

Жүре бергін жасқанба!

тұрғанда тоқтап, жасыл көзі жанғанша тосып тұру керек.



  • Жоқ мен әрқашан жолдан үлкендермен

бірге өтемін.


  • Бағдаршамның үш көзі бар.

  • Түстері қызыл, жасыл, сары.


  • Қызыл көзі жанса,тоқтап тұрамыз.

  • Сары түсі жанса дайындаламыз.

  • Жасыл көзі жанса жүреміз.


Қимылдарын келтіре отырып сергіп алады.


Барлығы бірге қайталайды, жеке-жеке айтады,






Барлығы бірге жаттайды.

Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды сұрақтар қояды:

  • Бағдаршамның неше көзі бар?


  • Бағдаршам не үшін қажет?

Рефлексия:

Бүгінгі өткен оқу-іс әрекеті қызықты болса, қызыл алмаларды алма ағашына жапсырамыз, ал қызықсыз болса, сары алмаларды жапсырамыз.

Сұрақтарға жауап береді.

  • Бағдаршамның үш көзі бар.

  • Көше тәртібін сақтау үшін қажет.


Тапсырманы орындайды.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Бағдаршам не үшін қажет екенін білу.

Болу керек: Бағдаршам үшін мағұлмат.

Істей білу керек: Тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап беруін.

Тәрбиеші: Нысанбаева А.Т.

Тексерілді:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!