Материалдар / Девиантты мінез-құлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Девиантты мінез-құлық

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг 1
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық

мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз


Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты

жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік,

мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар

толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары

мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын

түзетуге талаптанады

Екінші топқа жататындар

Адамгершілік қадір-қасиеттері төмендей бастаған,

әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады.

Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар,ұрлық, тонау,

зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту,

уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты

әдеттерге икемдене бастаған

Үшінші топқа жататындар

Өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге

бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады.

Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша,

олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын

жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік,зорлық-зомбылық көрсетумен

қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден

машықтанған жасөспірімдер енеді




Төртінші топқа жататындар

Жүйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет)

шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге

педагог-психологтар мен дәрігерлер

тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет,

жылы лебіз қажет.

Оқушылардың девианттық мінез-құлқының себептері мен факторлары неде?

Біздіңше, балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтар мына себептерге байланысты болуы ғажап емес.

-дұрыс тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің,дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;

-жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;

-психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстары, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;

-ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспағандығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;

-қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы, т.б. жағымсыз жәйттер.

Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайдылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педагогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.

Жағымды әлеуметтік тәжірибенің жеткіліксіздігі, өмірге көзқарасының, құндылықтар жүйесінің, әдеп қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегендері және қалыптаспағандығы жасөспірімдердің өз белсенділігін жағымсыз, құқыққа қайшы келетін нәрсеге жұмсауын тандауға ықпал етеді, бұл олардың мінез-құлқынан, тұлғаның қалыптасуынан, әлеуметтік бейнесінен көрініс береді.

Қазіргі кездегі жасөспірімнің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушы мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындарда да, тіпті үйде де, мектепте де көреді.

Балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларғамыналарды жатқызуға болады.

1. Қоғамда өтіп жатқан үрдістер:

-заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;

-жұмыссыздық (нақты және жасырын);

-экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;

-бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;

-балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде анықтаудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризациясының болмауы;

-сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі(үйірмелердің, секциялардың және т.б.);

-темекі ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.

2. Отбасының жағдайы және оның ауаны: 

-толық емес отбасы;

-отбасының материалдық жағдайы (кедейлік, байлық);

-ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;

-отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы);

-баланың өзіндік құндылығын жоққа шығару;

-балалардың қажеттіліктерінің жеткіліксіз немесе асыра қанғаттандырылуы;

-ата-аналардың ішімдікті, нашақорлық заттарды теріс пайдалануы;

-ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.

3.мектепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы: 

-мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы;

-оқушылардың білімін бағалауда объективтіліктің болмауы;

-мұғалімдердің оқушы тұлғасын басуы;

-мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі.

Аталып өткен тәуекел факторлары сыртқы, объективтік сипат алады.

Сондай-ақ, балаларға бұдан басқа да педагогтер білуге тиісті ішкі тәуекел факторлары да әсер етеді. Оларға мыналар жатады: өзінің қажетсіздігін және өзіндік орны жоқтығын сезінуі, өзіндік бағасының төмендігі, өзіне-өзі сенімсіздік, өзін-өзі бақылау мен өзіндік тәртіптің жеткіліксіздігі, әр түрлі жағдайларда сындарлы ойлау мен адекваттық шешім қабылдай алмау, өз-өзіне және басқаларға өзінің сезімдері мен реакцияларын көрсете алмауы.

Балалар мен жасөспірімдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету.


Баланың өсіп жетілуіне, үлгеріміне, тәрбиесіне, мінез-құлқына, жанұяның, мектептің, сыртқы ортаның, әлеуметтік жағдайларын қарастыруға, балаларда тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыруға көмек беру.

Балалармен, мұғалімдермен және ата-аналармен әңгіме өткізу. Қиын оқушының мекен-жайы бойынша үйіне барып тұрмыс жағдайын анықтау. Әке-шешесі туралы толық мәлімет алу. Ата-анасынан оқушының сабақтан тыс бос кезіндегі уақытын қалай өткізетін жайлы сұрап білу,акт қағазын толтыру.

Оқушының оқуға, мұғалімге деген көзқарасы, денсаулығы, отбасының құрамы, мінез-құлық ерекшеліктері, сыныптағы алатын орны, оқушылармен қарым-қатнасы, ақыл-ойының даму деңгейін анықтау. Оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу. Алынған нәтижелердің ерекшелігін диагностикалау.

Жасөспірім салауатты тандау жасай алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үрейленуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты тандау жасауға және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдармен шешуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет.

Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдың алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:

-оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;

-оқушыларды қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда..

Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:

-оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

-оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындауы;

-оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;

-оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.

Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындаған жағдайда жасөспірімдерге көрсетілетін көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.

 

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты

тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың:

«әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім

жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып,

девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір

мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің

талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп,

ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет.

Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген

адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей

байланыстырады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар

(достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.)

нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, ғана балалар

бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына тоқтау қойылады


əдебиеттер

1.Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязда- нова Х.Т.Психологическая служба в вузе.— Алматы, 2004.

2.Акажанова А.Т. Психологическая характеристика основных видов девиантного поведения несовершеннолетних // Поиск. № 4 (2).— Алматы, 2008.— С. 319—324.

3.Байярд Р.Т., Байярд Дж. Ваш беспокойный подросток.— М., 1998. Бурменская Г.В., Карабанова О.А., Лидерс А.Г. Возрастно- психологическое консультирование.

4.Проблемы психического раз- вития детей.— М., 1990. Вайзер Г.А. Смысл жизни и возраст //Психолого-пед

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!