Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диалект сөз 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға керек болуы мүмкін
Материалдың қысқаша нұсқасы







САБАҚ: (1)

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер.

Күні:

21.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Балпыкова Динара

Мектеп:

Алматы облысы Райымбек ауданы І.Жұмағұлов атындағы орта мектебі

Бөлім атауы

Астана-мәдениет пен өнер ордасы.

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.4.3.1. неологизм, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата,білу.

6.1.6.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер , дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Диалект сөздердің ережесін біледі, мысалдар келтіреді. Диалект сөздерге қандай сөздер жататынын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер , дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізе алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Неологизм, термин, диалект, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінеді, және ажырата біледі, тақырыпқа байланысты талдау тапсырмаларын орындай алады.

Бағалау критерийлері

Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер , дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізе алады , неологизм, диалект сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата,білу.

Оқушылар орындай алады

Диалект сөздердің ережесін біледі, және мысалдар келтіреді,түсінеді, сұрақтарға жауап береді, диалект сөздердің қолданысын біледі, неологизм, термин, диалект сөздердің қолданыс аясын түсінеді, диалект сөздерді ажырата біледі, тақырыпқа байланысты талдау тапсырмаларын орындайды.

Тілдік мақсат

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: (сым-шалбар), (қияр -бәдірен), азанда (таңертең), оттық (сіріңке), көпшік (жастық), апа (әпке), кептер (пәттек), қалақ (какондоз), жейде (көйлек), тегеш (леген, астау), жаулық (орамал, сүлгі), шыны (әйнек), кесе (пиала) жұмыртқа – (тұқым),шелек – (бақыр), ожау –( шөміш)

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Астана – болашақтың қаласы. Әлем таныған Астана.

Сипаттауға байланысты тіркестер: әсем қала, көрікті жерлер, ЭКСПО, сүгірет

Талқылауға арналған сұрақтар:

Термин сөздер дегеніміз қандай сөздер?

Термин сөздер мен диалект сөздердің айырмашылығы қандай?

Өздеріңнің тұрып жатқан жерлеріңде диалект сөздер қолданыла ма?

Ишара: қол соғу, жымиып күлу, бас изеу, мақұлдау, құшақтау.

Алдыңғы оқу:

Термин сөздер, термин сөздер туралы түсініктерін кеңейту

Құндылықтарға баулу:

Мәңгілік ел –ұлттық идеясы. Құрмет. Отанға құрмет, тілді қадірлеп, құрметтеуге, өз ана тілін құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, музыка.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақ басы

(5 минут)


І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Шаттық шеңберін құру(ішкі және сыртқы шеңбер болып тұру)

Психологиялық ахуал қалыптастыру, «Көршінің суреті» әдісі


Топқа бөлу. Неологизмдер(жаңа сөздер)

Термин сөздер

Қос сөздер

I топ – «Алғырлар»

II топ – «Тапқырлар»

III топ – «Білімділер»

Үй тапсырмасы:

«Тоңазтқыш» әдісі арқылы көкөністерге жазылған сұрақтарға жауап алу

1.Неологизмдер деген не?

2.Неологизмдер қалай жасалады?

3.Электронды кілт қандай сөз?

4.Жеделсаты қандай сөзге жатады? Жасалу жолы қандай?

5. Термин сөздер дегеніміз не?

6.Палеолит қандай сөзге жатады? Бұл сөз қайдай пәнде көп қолданылады?

7.Төртбұрыш сөзі қандай сөзге жатады?

Қалай жасалған?

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: Жұлдызшалар арқылы бағалау.


Интербелсенді тақта


А4 формат





Қима қағаздар









Суреттер






Сабақ ортасы

(30 минут)

Жаңа сабақты түсіндіру.Ребус арқылы тақырыпты ашу. Оқушыларға «Диалект сөздер» туралы, олардың түрлері мен қолданылуы жайлы ақпарат беремін және мысалдар келтіремін.

1 тапсырма. (10 мин)

Тақтамен жұмыс

Берілген сөйлемдерден диалект сөздерді тауып, астын сыз және дыбыстық талдау жаса

Дескриптор:

Берілген сөйлемдерден диалект сөздерді таба алады, дыбыстық талдау жасай алады

ҚБ: Жұлдызшалар арқылы бағалау.


2-тапсырма. «Сұхбаттасу» әдісі арқылы жұппен «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбында тілші мен сәулетші арасында сұхбат дайындау.

Дескриптор:

  • Тақырыпқа сай сұхбат мазмұнын дайындайды.

  • Сұхбат барысында термин, неологизм, диалект сөздерді қолданады.

  • Сұхбат дайындауда ұсынылған термин, неологизм, және диалект сөздерді бір-бірінен ажыратады.

ҚБ: Жұлдызшалар арқылы бағалау.

3 -тапсырма

«Сәйкестендіру» әдісі арқылы диалект сөздерді әдеби тілдегі атауымен сәйкестендіріп, сөйлем құраңдар.


Диалект сөздер Әдеби тілдегі атауы

тұқым сурет

азанда үй

бақыр жұмыртқа

сүгірет таңертең

там шелек

Дескриптор:

  • Диалект сөздерді әдеби тілдегі атауларынан ажырата алады.

  • Диалект сөздерді қатыстырып сөйлем құрай алады.

ҚБ: Жұлдызшалар арқылы бағалау.


Сергіту сәті. «Ән салып қайтайық» әдісі. Шәмші Қалдаяқовтың «Ән аға, жан аға »

Орындалу шарты:Оқушылар әнді орындайды. Әннің сөзінен диалект сөзерді табу


4-тапсырма. Жеке жұмыс. (5мин)

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы суреттегі заттардың атауларын жазады.

Орындалу шарты:

Суреттегі сөздерді диалект сөздермен атаңдар

Сөздер: көпшік, секер, қант, пиала, кесе, шақпақ, шекер, шыны, ожау, шөміш, қалақ, какандоз, үтік, дезла, сіріңке, оттық, жейде, көйлек, тегеш, леген,т.б.

Дескриптор

Суреттерді диалект сөздердмен алады.

  • Олардың мән-мағынасын түсінеді.

ҚБ: Жұлдызшалар арқылы бағалау.


5- тапсырма: (5мин)

Топтық жұмыс.

(1,2,3 топтар) Диалект сөздердің аймақтардағы баламасын жазу

Дескриптор:Диалект сөздердің аймақтағы баламасын жаза алады.

ҚБ: жұлдызшалар арқылы бағалаймын

6-тапсырма

Төмендегі сұрақтарға жауап бер. (2мин)

«Минуттық шешім» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтарға толық мағынасын ашып жауап береді.

1Диалект сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

2Диалект сөздерді қазақ тіл білімінің қай саласы зерттейді?

3Диалект сөздердің қолданылу аясы қандай?

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;

  • мысалдар келтіреді;

  • диалект сөздерді қазақ тіл білімінің қай саласы зерттейтінін анықтайды;

  • диалект сөздердің қолдану аясын біледі.

ҚБ: Жұлдызшалар арқылы бағалау.


«Диалект сөздер» тақырыбында дайындалған көрсетілім слайды.


«Қазақ тілі» оқулық «Мектеп» баспасы

2018 ж.



1-тапсырма


Интер-

белсенд і тақта









2-тапсырма


Интербелсенді тақта









«Қазақ тілі» оқулығы

«Мектеп» баспасы

2018 ж.









3-тапсырма 75 -бет













Аудионұсқа







Интербелсенді тақта



















Интербелсенді тақта














Сабақ соңы

(5 минут)

Бағалау . Оқушыларды жеке смайликтер арқылы бағалаймын.


Кері байланыс. «Білім ағашы» әдісі. Оқушылар өзінің бүгінгі сабақ бойынша білім ағашының қай сатысында тұрғанын көрсетеді


Үйге тапсырма: 5-тапсырма 62- бет. Мәтін бойынша сұрақ дайындау.


Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі. Оқушылар параққа өздерінің қолдарының суретін салып, бүгінгі сабақ бойынша өздерінің жеткен жетістіктерін жазады



смайликтер


Білім ағашы






Тақта, стикер

А4 формат


Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



1.Пәнаралық байланыс. 2.Денсаулық және қауіпсіздік

3.АКТ-мен байланыс 4.Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі)

Оқушыға қолдау көрсету үшін белсенді әдіс-тәсілдерді қолданамын. Саралап оқытуда деңгейлік тапсырмаларды қолданамын.

Оқушы білімін тексеруде қалыптастырушы бағалауды қолданамын. Бүгінгі сабақта бағаланған оқушылар диалект сөздердің ережесін білді, және мысалдар келтірді,түсінді, сұрақтарға жауап берді, диалект сөздердің қолданысын білді, неологизм, термин, диалект, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінді, диалект сөздерді ажырата білді, тақырыпқа байланысты талдау тапсырмаларын орындады.

Қалыптастырушы бағалау мұғалім тарапынан, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау арқылы жүзеге асты.


1.Сабақ барысында «Қазақ әдебиеті» , «Музыка» пәндерімен пәнаралық байланыс орнаттым.

2. Сабақты жүргізу үдерісінде денсаулық сақтау және қауіпсіздік шаралары сақталды.

3. АКТ-ны тиімді қолдандым, себебі, сабақ барысында тыңдалым дағдылары және интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізілді.

4. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының Құрмет. Отанға құрмет, тілді қадірлеп, құрметтеуге, өз ана тілін құрметтеуге баулу бағдарларын сабақтың тәрбиелік мәні ретінде пайдаландым.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар нені білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Сабақта оқу мақсаттарым мен оқу міндеттерім орындалды,себебі көздеген мақсатыма жеттім.


Диалект сөздердің ережесі мен анықтамасын білді.

Сыныптағы ахуал жақсы болды, себебі, сабақ басында сыныпқа психологиялық ахуал қалыптастырдым және сабақ бойы оқушыларды қолдап, мадақтап отырдым.

Мен орындаған саралау, талдау шаралары тиімді болды деп тұжырымдаймын, себебі саралау, талдау тапсырмаларын оқушылар белсенді түрде орындады.

Уақытты тиімді пайдаландым, себебі оқушылар әр берілген тапсырманы өз белгіленген уақытында орындап отырды.

Сабақ жоспарыма түрлі әдіс-тәсілдерді енгіздім, себебі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру үшін әртүрлі әдістер мен сергіту жаттығуын орындадым.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1.«Сұхбаттасу» әдісі мен «Сәйкестендіру» әдісі бойынша берілген тапсырмалар

Көңіл күйлерінің жақсы болуы үшін психологиялық ахуал қалыптастыруды ескеремін.

2. Оқушылардың толығымен үй тапсырмасын орындап келгені және жаңа сабаққа барлығы белсенді түрде қатысқаны табысқа жетеледі.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1.Тренердің ұсынған кері байланыстары қажеттілігіме жарады.

2. Сабақ жоспарын құруда оқу әрекеттерін нақты саралап үйрендім.Сабақ барысында мұғалім өзіне емес,оқушының не орындайтынын басты назарда ұстау керектігін білдім













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2019
5745
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12