Диалог жаза аламын.Сөйлем дегеніміз не?

Тақырып бойынша 19 материал табылды

Диалог жаза аламын.Сөйлем дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу; мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер, құттықтау, нұсқаулық (бұйым жасау нұсқаулығы, қауіпсіздік ережесі) құрастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Жанды табиғат

Педагогтің аты-жөні

Білісбек Т М

Күні:

12.11.2025ж

Сынып:2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

43 Диалог жаза аламын.Сөйлем дегеніміз не? 23 28-жаттығулар.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер, құттықтау, нұсқаулық (бұйым жасау нұсқаулығы, қауіпсіздік ережесі) құрастыру

Сабақтың мақсаты

  • Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады

  • Қарапайым хабарландыру, хабарлама жазады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қатар-қатар тізіліп,

Оқушыға лайық.

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп тұрайық.

Жақсы болып сабақта,

Әдеп сақтау сәніміз.

Отыруға нақпа-нақ,

Дайындалдық бәріміз.

I - қатар – жай отыр,

II- қатар – тез отыр,

III – қатар – сен де отыр,

Сабақ бастар кез боп тұр

Оқу мақсатын таныстырамын.

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін

Құндылық: отбасының құндылығын түсіну;

Ай құндылығы: әділдік және жауапкершілік айы

Апталық дәйек сөз:«Тура биде туған жоқ

Өткен сабаққа шолу: «СМС»

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Мәтін дегеніміз не?

-Сөйлем дегеніміз ?

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.



Бағалау лайк арқылы өтеді.


Оқушының парақшасына лайк басып отырамын.


Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Презентация

Телефон суреттері

Сабақтың ортасы

10 мин



Оқу мақсатын таныстырамын.

ҚБ 23- тапсырма.ТЖ «Үштік» әдісі ОДД:білу,түсіну,қолдану

Оқылым

Нұсқау: Оқушылардың ой ұшқырлығын, оқиғаны болжай алу, диалог құрастыру білігі бағаланады. Ол үшін, алдымен сюжетті суретпен жұмыс жүргізіп, фильмнің аты мен кейіпкерлерін болжау арқылы тапқызылады. Диалогті рөлге бөліп, нақышына келтіріп оқиды. Оқулықта берілген тапсырмалар бойынша іздену жұмыстарын жүргізеді.

Диалогке кімдер қатысқаны, кім сұрап, кім жауап бергені анықталады. Оқығанының диалог екенін дәлелдейді.

Мәтінді оқып, диалог екенін дәлелдейді.

Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.

Диалогті оқи отырып, мазмұнын талдайды

Бағалау критерийі:

  • Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады

Дескриптор

Диологті парталасымен рөлге бөліп оқиды1 балл

Диалогті көшіріп жазады 1 балл


Бағалау лайк арқылы өтеді.




Оқулық, дәптер


10 мин

ҚБ 24 -тапсырма. (Т) « Су ли фа» ойынымен топтық тапсырмаларлы алады. ОДД:білу,түсіну, қолдану

Нұсқау: Қай сөздердің тобы сөйлемді құрайтынын анықтайды. Сөйлемді көшіріп жазады. Бұл сөйлем қандай ойды білдіретінін айтады. Мұғалімнің көмегімен қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты бағалайды.

1.Неге,Қожатай,шақырдың.

2. Неге шақырдың, Қожатай?

ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі төмен) балаға тапсырма

Сөйлемді көшіріп жазады

ҚБ 25 -тапсырма. (Т) « Су ли фа» ойынымен топтық тапсырмаларлы алады. Ойлау дағдыларының деңгейі:білу,түсіну, қолдану

Нұсқау:

Қожаның алдына қойған міндеттемелерін оқып, көшіріп жазады. Оқушылардың оқулықта берілген сұрақтар бойынша іздену жұмыстарын жүргізуіне басшылық жасалады. Оқушылар сөйлем туралы бұған дейін игерген білімдеріне сүйеніп, оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.


Сөйлемді дәптерге көшіріп жазады..












Қожаның алдына қойған міндеттемелерін түсініп оқып, өзі осы міндеттерді

орындай алар ма еді, сол бойынша топта талқылау жасайды.



Бағалау лайк арқылы өтеді

Бағалау критерийі: Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолданады

Дескриптор - Қожаның алдына қойған міндеттемелерін оқып, көшіріп жазады;1 балл

-сөйлем санын анықтайды;1 балл

сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазады;1 балл

сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерді қояды.2 балл

Оқулық, дәптер


3 мин

Сергіту сәті: Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» Караоке.


Жарайсыңдар!

Колонка ноутбук


5 мин







ҚБ 26 тапсырма. « Су ли фа» ойынымен топтық тапсырмаларлы алады. ОДД:білу,түсіну, қолдану

Нұқау: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындату арқылы ой ұшқырлығын, өз көзқарасын білдіру білігі бағаланады. ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі төмен) балаға тапсырма Суреттерге қарап өз ойын айтады

Суретте үзіліс кезінде өзін жақсы ұстаған бала және қай бала өз тәртібін өзгерту керектігін анықтап, ойын дәлелдейді.

Бағалау лайк арқылы өтеді.


Оқушының парақшасына лайк басып отырамын.


Оқулық дәптер

5 мин

Сабақты бекіту және саралау

28 тапсырма

Саралау тапсырмаларын орындату.

Шығармашылық үзіліс

1-деңгей.

Хабарландыруға қандай ақпарат қажет болатынын айтып бер.

2-деңгей.

Хабарландыруға қажетті ақпаратты білу үшін іздену жұмыстарын жүргіз.

3-деңгей.

Тіл апталығына хабарландыру жаз.


Сабақтан алған жаңа

ақпаратты, өзі білетін

ақпаратты, әлі де

талқылауды қажет

ететін мәліметті

жазады.

Саралау

тапсырмаларын орындайды.

Бағалау лайк арқылы өтеді.

Бағалау критерийі: Қарапайым хабарландыру, хабарлама жазады

Дескриптор

- Хабарландыруға қандай ақпарат қажет болатынын айтып береді1 балл

-. Хабарландыруға қандай ақпарат қажет болатынын айтып береді.1 балл

- Тіл апталығына хабарландыру жазады1 балл


Сабақтық соңы 7мин






Кері байланыс «СМС»

-Бүгінгі сабақта не ұнады?

-Сабақтан қандай ой түйдің?

-Бүгінгі сабақтан алған білімің үшін өзіңе қандай баға бересің?

Рефлексия: «Белгі» әдісі бойынша өтеді.




Оқу тапсырмасы:26- тапсырма

Жинаған лайктары бойынша белгілерді қолдарымен көрсетеді.

ҚБ қойылады.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі