400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысы мен сөйлеу мәдениетінің дамуына ықпал ету».

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысы мен сөйлеу мәдениетінің дамуына ықпал ету».

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың сөйлеу дағдысы мен сөйлеу мәдениетін дамыту арқылы, өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін нақты айта білетін мәдениетті, білімді азамат тәрбиелеу.

Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген.

Және көптеген жүргізілген ғылыми зерттеулердің өзі – сабақтарда диалогтік әдістің маңызы өте зор әдістердің бірі екендігін дәлелдеп келеді.

Мектебімнің кейбір сыныптарда оқушылардың тақырыптың мазмұнын түсінікті етіп айта алмақ түгілі, тіпті ана тілімізде өздерінің ойын ашық жеткізе алмай, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойларының шашыраңқы болып келуі жиі кездесетін құбылыс. Бұған көптеген факторлардың әсері бар, атап айтсам, мектебімізде көпшілік оқушылардың басқа республикалардан көшіп келуі, яғни олардың сөйлеу диалектілерінде біздің тілге «жат» сөздердің көптеп кездесетіндігі байқалады. Міне, осы басқа елден келген оқушылар өз сыныптастарымен қарым –қатынасқа түскенде, өз ойларын ана тілінде сауатты түрде жеткізе алмақ былай тұрғанда, олар «өздерінің» сөздерін «таратуы» менің әріптестерімді алаңдатып отыр. Оқушылардың сөйлеу мәдениетінің дамуына кері ықпал етіп отырған тағы бір себеп, қазіргі кезде гуманитарлық пәндерде мұғалімдердің тестік жұмысты жиі пайдаланатындығы. Нәтижесінде оқушылардың тілдік қоры мен сөйлеу дағдысының дамытылуына кері әсер етіп отыр деп ойлаймын. Сондықтан менің таңдаған тақырыбым негізінде диалогтік оқыту әдісін қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысы мен сөйлеу мәдениетін дамыту менің мектебім үшін өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, маңыздылығы зор деп санаймын.

Педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» - дейді.

Шығармашылық тақырыбыма сәйкес, диалогтік оқыту әдісінің тиімді әсерлерін анықтау мақсатында, диалогтік оқыту әдісін қолданған кезде:

«Оқушылар түсінігін айтып жеткізуде, әңгіменің түрлерін пайдалану арқылы сөздік қоры кеңейіп, сөйлеу дағдысының дамуына әсерін тигізе ала ма? Оқушылардың талқыланып отырған мәселе жөнінде өзіндік пікірі қалыптасып, өздерінің ойларын нақты жеткізіп, дәлелді сөйлей білуге үйрене ала ма? Оқушылардың топтарда жұмыс істеуі, сыныптың белсенділігі мен қызығушылығын арттырып,оқушылардың ынтымақтастық қатынасын кеңейте ала ма?»,- деген мәселелерді негізге алдым.

Жаңашыл мұғалімнің негізгі міндеті сабақ барысында көшбасшы рөлін атқарып, оқушыларға бағыт-бағдар беріп отыру. Оқушылар болса әртүрлі жұмыс барысында бір-бірімен пікірталасып, әңгемелесіп, бірін-бірі үйретеді. Сабақтың бұл түрінде әртүрлі деңгейдегі оқушылар бірге жұмыс істейді, оқушылар арасында тығыз байланыс жүзеге асады. Бұл жерде «жоғары» деңгейлі оқушы «орта» және «төмен» деңгейлі оқушыға үлкен әсер етеді. Осы мағынада ЖАДА (Жақын арадағы даму аймағы) оқушыларды білім алу және қарым-қатынасын қолдау үшін қажетті көмек деңгейін анықтауда білім мән мәтінінде құнды тұжырымдамалық құрылымды қамтамасыз етеді.

Шығармашылық жұмысымдағы таңдаған тақырыбыма сәйкес диалогтік оқыту әдісін қолдану барысында оқушылар түсінігін айтып жеткізуде, әңгіменің түрлерін пайдалану арқылы сөздік қоры кеңейіп, біріншіден өздеріне деген сенімділігі, сабақтарға белсенділігі артып келе жатқанын байқап келемін. Іс жүзінде әсіресе, қоғамдық пәндерді оқытқанда сабақта диалогтік үш түрін қолдану өте тиімді. Диалогтің үш түрін зерттеуші-ғалым Мерсер (2000ж) анықтаған болатын. Олар: дебат әңгіме; кумулятивтік әңгіме; зерттеушілік әңгіме; Бұл диалогтік үш түрін мен өз сабақтарымда жиі қолданамын. Және сабақта оқушыларға сұрақ қоюдың да маңызы зор болып табылады, өйткені сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сабақ барысында жүргізілген топтық жұмыстар оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынасты кеңейтті.Осы негізде: «Ми ойлағанды – тіл тындырады», демекші диалогтік оқыту әдісі – оқушылардың өз пікірлерін тиянақты, дәлелді жеткізе білуге, дұрыс жауап беруге, көмектесті.

Шығармашылық жұмысының нәтижелігін анықтау барысында өзімнің күнделікті сабақтарымда бақылау әдістерін жүргізіп келемін, сонымен қатар оқушылармен сұхбат, сауалнама әдістерін пайдаландым, тапсырма беру арқылы оқушының білім мен іс-әрекет деңгейін анықтадым. Жалпы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда тыңдап түсіну, айту, оқу арқылы сөйлеу қабілетін арттыру әдістерін қолданып келемін.

Шығармашылық жұмысым негізінде өзімнің жетекшілік ететін 7 «Г» сынып оқушыларынан сауалнамалар алдым.

















Сауалнаманың диаграммалық үлгісі:




Бұл сауалнаманың қорытындысы бойынша сыныптағы оқушылардың бірлесе жұмыс жасауы, өзіне деген сенімділігі, тапсырманы орындау деңгейлері анықталды.

Мұғалім әрекеті:



Оқушы әрекеті:


Сабақтарда диалогтік оқыту тәсілі тақырыпты түсінуде, талқылауда, қорытындылауда мұғалім мен оқушылар арасында, немесе өзара оқушылар арасында пікіралмасуда, тақырыптың мазмұнын ашуына да тиімді әсерін тигізді деп санаймын. Алдағы уақытта оқушылар туралы деректер жинауда оқушылармен жиі әңгімелесу арқылы, сауалнама түрлерін қызықты етіп көптеп құрастыру арқылы, оқушыларға қызықты тақырыптарға шығарма жаздырту арқылы да қосымша деректер жинауға болады деп ойлаймын.

Мектебімнің негізгі мәселесі «Жаңа технологияны пайдаланып білім сапасын арттыру». Осы негізде мен мектебімде жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарында тиімді пайдалануына қолдау көрсету мақсатында, кәсіби қарым-қатынасты дамыту негізінде, әріптестеріме коучинг пен тәлімгерлік жүргізіп келемін. Қазір тәлім алушы мұғалімдердің бірі осы үш деңгейлік курстың үшінші деңгейін оқып бастады. Және ылғи да тәлім алушыларға кәсіби көмек беріп, қолдау көрсету бұл ізгіліктің негізі ғана емес, менің тәлімгер ретіндегі міндетім деп түсінемін.

Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – барлық әріптестерім үшін де өзекті мәселе болып табылатындықтан, диалогтік оқыту әдісін сабақтарда тиімді қолдануға негіздеу мақсатында да коучинг өткізген едім.

Менің осы «Диалогтік оқыту әдісін сабақтарда тиімді қолдануға негіздеу» тақырыбында өткізген коучингте әріптестерім ең біріншіден сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыруды, топқа топ ережесін жасатуды, сабақтарында әңгіменің үш түрін сабақтарында пайдалануды, оқушыларға түрткі сұрақтар қою арқылы, ой тастап, оқушылардың ойларын білу мүмкіндігін бар екендігін үйренді. Мен тәжірибе барысында әріптестерімнің оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы не білетіндіктерін және нені жасай алатындықтарын, сондай-ақ, олардың қызығушылықтарын, нені жақсы көретінін, не істегісі келетіндігін білуге тырыстым. Сабақ үстінде әріптестерімнің әрбір істеген әрекетіне көңіл аударып, мадақтап, кері байланыс жасап отырдым. Мен үнемі өзімді-өзім жетілдіріп, өзімнің әр іс-әрекетіме өзіме-өзім сыни тұрғысынан қарауым керек екендігін түсіндім. Коучинг соңында қатысқан 12 әріптестерімнен сауалнама алдым. Сауалнама бұл өткізген коучингтің әріптестерімнің қызығушылығын анықтауға көмектесетін 5 сұрақтан тұрады. Осы коучингтен кейін алынған сауалнама қорытындысы:

№

Сұрақтар

«ия»

«жоқ»

«мүмкін»

1

Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңізбе?

7

-

5

2

Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылдыма?

9

-

3

3

Коучинг сабағы сізді оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендірді ме?

4

8

4

Осы коучингте қолданылған тәсілдерді өз сабағыңызда қолданар ма едіңіз?

4

8

5

Осындай коучингке тағы да қатысқыңыз келеме?

12

-





Нәтижесін өзіміз көріп отырғандай, мұғалімдердің көпшілігі әлі де болса бұл әдістерді қолдануда өздеріне сенімсіздігі байқалады. Бірақ коучинг сессияларына тағы да қатысқылары келетіндігі анық. Әріптестеріме өткізіп жүрген коучинг сабақтарым өз тәжірибемді жетілдіру жұмысыма да жақсы бастама деп санаймын. Олармен бірге жұмыс істей отырып, өзімді ортаға пайдалы сезіне бастадым. Мен алдағы уақытта , өз тәжірибесіне енгізуге әлі де болса «сенімсіз» болып қалған әріптестерімнің де сенімін «нығайтып», олармен бірге жұмыс жасаймын. Сол себепті, алдағы уақытта әріптестерімді әлі де болса қызығушылығын арттырып, жаңалыққа жаны құмар әріптестерімнің сұранысын қанағаттандырып, нәтижелі де табысты оқытуға жол салу үшін, үнемі бағыт-бағдар беріп отыру менің негізгі міндетім деп білемін. Дегенмен, менің өткізген коучинг сабақтарымда қолданылған тәсілдер кейбір әріптестерімді қызықтырып, тиімді әсерін берген соң, бұл жаңа тәсілдер баланы да қызықтырады деген оймен олар өз сабақтарында жаңа әдіс –тәсілдерді қолданып келеді.

Коучинг сабағын әріптестеріме өту барысында қолданған әдістердің барлығын балаларды оқытуда да қолдануға болады. Өйткені ересектерді оқытуда мағынаны тануға жұмыстанатын болсақ, оқушыларды да өз бетімен білім алуға дағдыландыруда мағынаны танытуға жұмыстанамыз. Ойлау, сөйлеу үдерістерін жүзеге асыра отырып, сыни тұрғыда ойлауға, ой- көзқарастарын жеткізуге мүмкіндік тудырамыз. Осы ретте ересектер мен балаларды оқыту арасында айырмашылық жоқ сияқты. Бірақ, бала ересек адам емес, дамушы тұлға болғандықтан олардың көзқарастары мен іс-әрекетінде өзгешелік байқалады. Мысалы, ересек адамдар әрбір істі түсіністікпен қарап, істеген жұмыстарында байыптылық танытып отырса, балалар болмашы нәрсеге қуанады, ренжиді және көңіл аударғыш келеді. Және балалар үшін марапаттың орны ерекше. Іс-әрекетін марапаттау арқылы оларды алға жылжытуға, бойларына сенімділік ұялатуға болады. Сондықтан ересек адамдар үшін біз коуч-бағыт-бағдар беруші, дос, кеңесші, әріптес саналсақ, балалар бізді мұғалім, жанашыр, қамқоршы және дос ретінде қабылдайды.

Жалпы, Кембридж тәсілінің басты мәселесі – мұғалімдердің оқытуға деген көзқарасын өзгерту екендігін түсіндім. Іс – тәжірибемде көптеген жаңа өзгерістер бастау алды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
942
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі