15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дидактик ойындар
ОҚО,Төлеби ауданы, ,«Ханарык жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш
сынып мұғалімі Рахмеджанова Гулноза
Дидактик ойындар арқылы оқушының ойлау қабілетін және сауаттылығын арттыру
Алғы
сөз.
“ Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың
қолында, ал
жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.
”
(Н. Ә.
Назарбаев.)
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу
теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны
меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде
берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім
берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми
негіздеумен айналысатын саласы.
Әр ұстаздың
мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын
элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен
ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл
келеді.
Бұл –
оқу орыс,өзбек
тілінде
жүргізілетін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере
отырып, сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша
құрал.
“Ой – ойыннан
басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын
арттыратын – ойын.
Ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге:өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Балалар ойын үдерісіне жаңа білімдер, пайдалы іскерліктер, әдеттер мен дағдылар үйренеді. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес салынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Н.К. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударылған жөн. «Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі—ойын. Ойын –бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалайды. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, таным-түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. Ойынның негізгі мақсаты: оқушының ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы білімдерін қалыптастыру Берілген қызықты тапсырмалар, жұмбақтар оқушының жас ерекшелігі мен қабілеттілігінеқарай таңдап қолдануға болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, мұғалім балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда , «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сипаттар тән: мазмұнының тәрбиелік-танымдық құндылығы, ойын барысының дұрыс түсіндірілуі, таңдалып алынған ойын түрлерінің оқушыларға үйретері мол және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып ойын ережесіне бағыну және соларды басшылыққа ала білуі, ойыншықтар мен ойын материалдарын белгілі бір мақсатқа пайдалану, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және көңіл күйлерінің шат болуы ескеріледі.Қазақ халқы жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі- ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтіретін тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас еткен солардың бірі- ұлт ойындары. Ойынға баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным-түсінігін де арттырады. Ойнай білген бала сол халықтың мінез-құлқынан, ой санасынан, тұрмыс салтынан хабар алады. Ұлт ойындар-халық педагогикасының негізгі бір саласы ретінде оұушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір тәжірибиелерін кеңейтуде, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіруде аса қажетті тәрбие құралдарының бірі. Ұлттық ойындарды тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдіснамалық талаптардың қатаң сақталуын талап етіледі. Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
«Ақсүйек»
,«Көкпар»,«Қанталапай»,«Арқан тартым»,«,Ақсерек Көксерек » «Мың бір мақал», «Орамал тастау», «Сақина салу».
Ұлттық ойындарды
интеллектуалды ойындарда кеңінен
пайдаланады. «Жорға», «Бәйге» ойынындарында әр топқа 10 сұрақтан қойылады.10 сұрақ – 10 ұпай болып саналады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісіне «ойын» түрлерін оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге оқушы ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алып, халықтың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін құрметтеуге талпынады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Бастауыш сыныптарда ойын арқылы оқушылырдың білімін арттыру жолдары» Нурмагамбетова Кайша Кабаевна
"Дидактикалық ойындардың маңызы"Нурбосынова Айнур Шактыбайқызы
Дидактикалық ойындар. http://bilimsite.kz. сайты

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген