Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дидактикаляқ тапсырмалар 5 сыныпқа арналған
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
І. «Жайлауға бардым» - 5 сағат.
Менің жазғы демалысым. Жайлаудағы жаз. Жазғы демалысымды кімдермен өткіздім? Жаз мезгілі демалысқа қолайлы кез. Табиғат аясында демалу.
1. Берілген сөздерді тәуелдеңіз.
Менің жазғы демалыс ... балалық шақ...
Сенің
Сіздің
Оның
Біздің
Сендердің
Сіздердің
Олардың
2.Көп нүктенің орнына
керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді
көшіріңіз.
Жаз.
Жаз мезгілі – ...
қолайлы кез. Жаз айлары: маусым,
....
, тамыз. Жазда күн ұзақ,
...
қысқа болады. 22 маусым – жылдың
...
ұзақ күні. Жаз
айында табиғат ...
ұйқысынан оянып, құстар ән сала бастайды. Жаз
айының ...
да ерекше. Балалар жаз ...
кешке дейін ойнағанды ұнатады. Жаз
айында ...
ерте тұрып, кеш жатады. Сонымен қатар жазда
ерекше әсер аларлықтай ...
өтеді.
Керекті сөздер: түн, демалысқа, адамдар, ауасы, шілде, қысқы, айында, ең, демалыстар.
3. Сұрақтар бойынша әңгіме
құрастырыңыз.
1.
Қазақстанның жері қандай?
2. «Қазақтың Швейцариясы» атанған өлке?
3. Көкшетаудың тауларын ата?
4. Көкшетау тауларында қандай ағаштар өседі және қандай жануарлар
мекендейді?
5. Бурабайдың табиғатын кімдер қорғайды?
4. Көп нүктенің орнына керекті еріндік дауыстыларды қойып жазыңыз.
Жаз
– демал...ға
қ...лайлы кез. Оқ...шылар с...да ж...зіп, табиғат аясында демалып,
...йын ...йнайтын уақыт.
К...з –
жапырақтар сарғайып, қ...стар жылы жаққа ұша бастайды. Оқушылар мектепке
келеді. Ауа райы жаңбырлы, жер батпақ, с...ық жел б...лады.
5. «Жазғы демалысыңды кіммен өткізер едің?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
ІІ «Ас адамның арқауы» - 5 сағат.
Ас –адамның арқауы. Дұрыс тамақтану режимі. Дастарқан жасау. Шай ішу. Тамақтануды тиімді ұйымдастыру. Негізгі және көмекші есімдер.
1. Берілген сөдерден негізгі және көмекші сөздерді тауып, септік жалғауын қойыңыз.
1. Тамақ... алдында
2. Үстел... үстінде
3. Асқазан... ішінде
4. Сүт... қасында
5. Тұз... жанында
6. Тамақ... арасында
7. Асхана... артында
2.
Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1)
Денсаулықтың жақсы болуы ... .
2) Дұрыс тамақтану ... , ... .
3) ... , ... тамақты күнде бір мезгілде ішу керек.
4) ... мен ... адамға өте пайдалы.
5) ... әбден шайнап жұту керек.
3.
Дидактикалық ойын: « Егер де..- не болар
еді?»
-
Егер де күн болмаса не болар еді?
- Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.
- Егер де су болмаса не болар еді?
- Шөптер құрғайды, шөлдейміз.
- Егер де ауа болмаса не болар еді?
- Дем ала алмаймыз.
4.
Дұрыс, бұрыс сөйлемдерді
анықтаңыз.
1
Азық - түлік базарда, дүкенде сатылады.
2 Адам күніне бір рет тамақтану қажет.
3 Ас адамға күш береді.
4 Аста адамға қажетті дәрумендер жоқ.
5 Азық-түлік адамға қажет емес.
6 Ас - адамның арқауы
5.Тиісті жалғауларды
қойып,
тамақты қалай жеу керек екендігі жайында
айтыңыз.
1.
Нанды ортақ тәрелке ... қолымен басқа тілімдерге тимей, өз
тәрелкесі.... салып,
шетінен сындырып жейді.
2. Қуырылған тамақ ...
пышақ пен шанышқыны пайдаланып жейді.
3.Күріш... шанышқы ... жейді.
4.Торт... дастарқан ...
кесіп әкеледі?
5. Картоп пен көкөніс... сол қолға ұстаған шанышқы ....
бөлшектейді, пышақ... картопты ұстап отырады.
ІІІ «Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз» - 5 сағат.
Тіл білу-өнер. Қазақ тілін өзге ұлттардың үйренуі. Қазақ тілін үйрену жолдары. Туған тілде сыры терең жаным бар. Қазақ тілін үйренейік.Зат есім, оның түрлері.
1. Берілген нақыл сөзді оқып, тілдің қоғамда қаншалықты қажет екенін түсіндіріңіз.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр етте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырза Әли)
2. «Тіл» сөзіне синквейін әдісін қолданыңыз.
1. Зат есім
2. 2 сын есім
3. 3 етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
3. Өлеңнен қазақ тіліне тән дыбыстарын тауып талдаңыз.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім-жүрек үнім, наныңдар!
Нанабасаңдар, жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
4. Берілген сызба бойынша мәтін құрастырыңыз.
Қазақ тілін үйрену жолдары
Мектепте Арнайы Жеке тіл
тереңдетіп бағдарламамен курстарына бару
оқу оқу
ІV Күз көрінісі қандай әдемі?- 5 сағат
Күз көрінісі Абай Құнанбайұлы. Алтын күз. Күзде. Күзгі ау райы. Саябақта. Көмекші есімдер.
1 . Осы
суретті қолдана отырып, күз көрінісі деген тақырыпта диалог
құрастырыңыз.
2. Мағынасына қарай дұрыс құрастырыңыз.
1. түн/ күн/ қысқарып/ күзде/ ұзарады.
2. Молшылықтың/ күз/ берекенің/ айы/ байлықтың.
3. Іші/ қала/сап-сары/толы/ жапырақтарға.
4. Ұша/ құстар да/ бастайды/ жылы/жаққа.
5. Құстары/ жыл/ жылы/ тізбектеліп ауып/ өлкелерге/ кетеді.
3. Венн диаграмманы толтырыңыз.
күзде жазда
4. Өлең жолдарындағы бос орындарды тиісті сөздермен толықтырып жазыңыз.
Сұр ... түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, ... тұман жерді басқан.
Білмеймін ... ма, ... ма,
Жылқы ... , бие қашқа, ... жарысқан.
5. «Күзде» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
V. Кітап-бағалы сыйлық» - 5 сағат.
Кітап - біздің досымыз. Кітап –жеміс ағашы. Кітап туралы мақал-мәтелдер. Кітапты күте білесің бе? Сапалық және қатыстық сын есім.
1.
Мақалдың жалғасын
табыңыз.
1.
Күш
білімде............................................
2.
Кітап ғажап
дос..........................................................
3.
Наданмен қас
болғанша.............................................
4.
Мектеп -білім
бесігі.....................................................
5.
Кітап –білім
бұлағы....................................................
6.
Кітап көзі жұмыққа
арзан...........................................
2. Сын есімдерді мағынасына қарай ажыратыңыз.
Әдемі, арзан, сұлу,бағлы, ақшалы, білгіш, ашық, кең, пайдалы, жазғы, күзгі, сыйлы, биік, жылы, қызықты, дәмді, қымбат, күшті.
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, сын есімін табыңыз.
Кітап-білім бұлағы, білімнің қайнар көзі. Кітап қана мәнді білім бере алады, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын әлемнің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренеді.Кітап дегеніміз алдынғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
4
Кітап адамға не үшін керек?
. Сын тұрғысынан ойлаңыз.
5. Кітапты күту ережесін жалғастырыңыз.
1. Мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
2. Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұста.
3.
Тамақ ішіп отырып кітап
оқыма.
4.
Кітап бетін және
бұрыштарын бүктеме.
5.
Кітапқа сурет салма.
VІ. «Маған спорт киімі керек»– 5 сағат.
Саулық –байлық негізі. Спорт киімі. Жолға шыққанда киетін киім. Жастардың киімі. Салауатты өмір салты. Сын есім оның түрлері.
1. Киімге байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз, сын есімді табыңыз.
1. Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
2. Ескі киімді баптағаның
Жаңа киімді сақтағаның.
3. Сыпайы, киімді киіп тоздырады,
Сараң, киімді жиып тоздырады.
4.Ескі киім-жаңа киімнің
қорғаушысы.
2.
«Жастардың киімі қандай
болу керек?» деген сауалға өз пікірінді
айтыңыз.
3. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз.
1. Жолға шыққанда киетін киім ..., ..., ... болуға тиіс.
2. Желді жерде жұмыс істегенде киім ... тігілуі тиіс.
3. Ер кісі саяхатқа ... шыға береді.
4. Аяқкиім ... болу керек.
5. Суық кезде ... , күртеше киген дұрыс.
Керекті сөздер: пальто, ыңғайлы, арнаулы костюмімен, қолайлы,қарапайым, жинақы, қалың матадан.
4. Сын есімдерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңыз.
Үлкен, биік, қолайлы, жақсы, ұзын, қысқа, қымбат, арзан.
VІІ. «Ғаламтор маған не үшін керек?»-5 сағат.
Интернеттің шығу тарихы. Компьютер кереметі. Интернет құрылысы. Маil бағдарламасы. Әлеуметтік желіде ұзақ отырасың ба? Сын есімнің шырайлары.
1. Дұрыс, бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз.
-Интернет арқылы әртүрлі мәлімет тауып алуға болды.
-Интернетке қосылу үшін модем керек.
-WWW веб деп аталмайды.
-Интернет арқылы фотосуреттер жіберуге болмайды.
-Интернеттің пайдасы аз.
-Компьютерде көп отыру зиян.
-Интернет көптеген қызмет түрлерін ұсынбайды.
-Интернет арқылы пойызға билет тапсырыс беруге болады.
2. Берілген сөздерді бағанаға толтырыңыз.
Жай шырай |
Салыстырмалы шырай |
Күшейтпелі шырай |
Асырмалы шырай |
|
|
|
|
Сұлу, нәзік, сұп-сұлу, үлкендеу, тамаша, әсем, өте сұлу, сұлурақ,биік, біп-биік, сары, сап-сары, тым сары, өте ақ,қоңыр, көк, қоңырлау, қысқа, қып-қысқа, ұзын, ұзындау,ұп-ұзын, қоп-қоңыр,нәзіктеу,ең нәзік, өте ұзын.
3. Берілген сөздерге салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын жалғаңыз.
Сөздер |
Ырақ/ірек,рақ/рек |
Лау/леу, тау/теу, дау/деу |
Жақсы |
|
|
Аласа |
|
|
Қысқа |
|
|
Қатты |
|
|
Жұмсақ |
|
|
Сұйық |
|
|
Жақын |
|
|
Арзан |
|
|
Қалың |
|
|
4. Салыстыру түрінде 5 сөйлем құрастырыңыз.
Үлгі: Менің мінезім жұмсақ, бірақ досымның мінезі жұмсақтау.
5. «Әлеуметтік желіде ұзақ отыруға бола ма? өз пікіріңізді айтыңыз.
VІІІ. «Электронды поштада қазақша сөйлесіп отырамыз»-5 сағат.
Электронды пошта. Электронды пошта –менің көмекшім.Өзгерген өмір. Әлеуметтік желілердегі мүмкіндіктер. Интернетті қолдану. Салыстырмалы шырай.
1.Тірек сызба бойынша электронды поштаны қолдану туралы шағын әңгіме құрастырыңыз.
Электронды поштаны тасымалдайтын ақпарат түрлері |
Хат сурет бейнелік мәлімет бағдарлама дыбыстық мәлімет
2. Мәтінге сүйене отырып, диалог құрастырыңыз.
Өзгерген өмір.
Ғаламтор адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті. Неге? Оның себебі бар. Бұрын адамдар бір-біріне хат жазып, оның жауабын ұзақ уақыт күтіп жүретін болса, қазір бір-екі секундта хабарласып, досының, бауырының халін , жаңалығын біле алады.
Электронды пошта арқылы адамдар бір-біріне хабар жібере алады. Электронды пошта (ағылшын сөзі, түпнұсқасы-e-mail, яғни ағылшынша-electronik mail)- электронды хабарламаларды, хаттарды жіберу дегенді білдіреді. Электронды пошта арқылы тек мәтін ғана жібермейсің, ол арқылы фотосуреттерді, бейнероликтерді, файлдарды жібере аласың.
3. Берілген сын есімдерді салыстырмалы шырайда қойыңыз.
Үлгі: Жақсы-жақсырақ.
Қоңыр, терең, тұщы, қатты, тамаша, әлсіз, ұзын, әдемі, толық, сұлу, үлкен, биік.
4. Берілген сөздерді пайдаланып, электронды пошта туралы әңгімелеңіз.
Электронды байланыс, сайттарды ашу, Интернет жүйесі, жедел ақпарат, пошта қызметі, хабарлама тасу, жаңа желі.
ІХ. «Электронды кітапхананы пайдаланамын»-5 сағат.
Электронды оқулықтар. Интернетте жасалатын жұмыстар. Ұялы телефон арқылы интернетке шығу. Интернет қызметтер. Интернет маған не үшін керек? Күшейітпелі шырай.
1. Сөздерге анықтама беріңіз, тиімділігін айтыңыз.
|
анықтамасы |
тиімділігі |
Электронды кітапхана |
|
|
Электронды кітап |
|
|
Электронды пошта |
|
|
2. Берілген сөздерді күшейітпелі шырайға айналдырыңыз.
Жасыл, биік, үлкен, әдемі, сұлу, алыс, жақын, жылы, қысқа, қызыл
3. Сын тұрғысынан ойлаңыз, сөйлемдер құрастырыңыз.
Интернет маған не үшін керек?
ж аңалықтарды
б ілу үшін д остарым, туыстарыммен
құжаттарды хабарласу үшін
қабылдау үшін ауа райын білу үшін
4. Морфологиялық талдау жасаңыз.
Үлкендеу, таза, көкшілтім, ақшыл.
Үлгі: Ақшыл
Ақ - түбір, сын есім, қандай? дара, негізгі, сапалық.
шыл - салыстырмалы шырай жұрнағы.
5. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
1. Достарымда электронды пошта ... .
2.Электронды пошта жылдам байланыс жасау ... .
3. Электронды пошта санаулы минуттар ішінде ... .
4. Бұл пошта кәдімгі поштаға ... .
5. Электрнды пошта ... деп аталады.
Х «Үлгі тұтамын» - 5сағат.
Сіз үшін ұлы тұлға кім? «Абай - дана, Абай – дара қазақта». Үлгілі тұлғалар Ыбырай Алтынсарин. Ахмет Байтұрсынов. Мен ата-анамды мақтан тұтамын. Ана- әке туралы әндер. Атадан өсиет. Сан есімнің түрлері.
1. Тірек сызба бойынша үлгі тұтатын ақын туралы әңгіме құраңыз.
Менің үлгі тұтатын ақыным
Сүйікті ақынымның өмірі
Ақынның шығармасы
Шығармадағы сүйікті кейіпкерім
2. Сызба бойынша Абай атамыздың өмірбаянын әңгімелеңіз, сан есімдерді жазыңыз.
3. Берілген сан есімдерге реттік сан есімнің інші/ыншы, нші/ншы жұрнақтарын жалғаңыз.
Екі… , төрт…, бес…, он…, елу алты…, қырық бір…, мың…, жетпіс…, сегіз…, тоғыз… , алпыс…, тоқсан…, отыз…, он бес…., үш… .
4. Берілген сандарды реттік сан есімдерге айналдырыңыз.
Үлгі: 1-бірінші
12, 25,345,2016,89,456,1986,15,47,321.
ХІ . «Жақсыны көрмек үшін» - 5 сағат.
Отбасындағы асыл адамдар. Отбасылық дәстүрлер шаңырақ тірегі. Отбасы бақытының қағидалары. Ата-анаң бақытты болсың десең. Ата-анаңның парызын өтеу –сенің қарызың. Сын есім.
1. Сурет бойынша керекті сөздерді қойыңыз.
2. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.
...
- елдің, отбасының ең сыйлы адамы. Өмірде көпті көрген дана
қария.
... - әкеңнің, шешеңнің анасы. Отбасының, елдің сыйлы анасы.
... - үйдің басшысы, асыраушысы. Отбасындағы балалардың
қамқоршысы.
... - өмірдегі ең аяулы жан. Ол - отбасының берекесі, ақылшысы,
негізгі тұтқасы.
... - шаңырақ иесі, ұрпақтың жалғасы.
... - елдің көркі, отбасының қуанышы.
2. Сөйлемдерді мағынасына
қарай толықтырыңыз.
Бізбен ата-аналарыңды балаңызға отбасымызбен ата-анама ағаммен ата-анасының ініңді |
Сен ... үйреттің.
Сіз ... сыйлық алып бердіңіз.
Ол ... мақтанышы.
Біз .. қыдырдық.
Сендер ... үлгі тұтасыңдар ма?
Сіздер ... ақылдасыңыздар.
Олар ... хабарлассын.
3. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын қойыңыз.
Әр
отбасы...
өзінің қалыптастасқан дәстүрлері
бар. Қазақ отбасы...
ұл бала мен
қыз бала...
тәрбиелеуде
үлкен мән беріледі. «Әке... қарап - ұл өсер, шеше...
қарап - қыз өсер» - деген мақал
бар. Отбасында ұл бала...
үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретеді.
Қыз...
тамақ әзірлеу,
үйді
таза ұстау дағдыларын
қалыптастырады.
Менің де отбасым... дәстүрлер
қалыптасқан. Ол қонақтар... қарсы алу, үлкендерді сыйлау, кішілерге
қамқор болу. Демалыс күндерін бірге өткізу. Теледидар көру,
саябақ... қыдыру, қонақ... бару.
4. Сын есімдердің антонимдерін табыңыз.
Қымбат-
Жоғары-
Пайдалы-
Жылы-
Ыстық-
Жақсы-
5. Сөздерді негізгі немесе туынды сын есім қатарына орналастырыңыз.
Таза, үлкен, қызыл, өнерлі, сезгіш, арзан, жуас, тәртіпті, айнадай, жүзгіш, білгіш, бақытты, таудай, жасыл, ақылды, инабатты, сәулетті, әсем, жүйрік, суық, күндей.
ХІІ Қазақ зергерлік өнері.
Қазақтың зергерлік бұйымдары. Зергерлік өнерге байланысты ақпараттар. Жүзік. Ұлттық ойыны. Менің сүйікті ісім-зергерлік бұйымдар жасау. Ұлттық киімдер. Болжалдық сан есім.
1. Мәтінді оқыңыз, сан есімдерді анықтаңыз.
Шолпы- жас қыздар шаштарының бұрымына тағатын әшекей. Ол көптеген күміс тиындардан құралған бір-біріне үш немесе төрт қатар шығыршықтар арқылы бекітілген, өрнектелген әшекей.
Шашбау-
жасалуына қазақ зергерлері түрлі тәсілдерді қолданған. Ол шаштың
түбіне бекітіліп, ұзына бойы шаштың ұшына дейін қоса өрілген.
Сонымен қатар ол шаштың сұлулығын және қалыңдылығын
байқатады.
Сырға -
үнемі тағып жүретін әшекейдің бірі. Оны ертеректе тұмар ретінде
тағатын болған.
Білезік -
әдетте сыңар қолға немесе екі қолға екеуін, кейде бір қолға екеуін
бірден тағатын болған. Білезіктің тұтас және құрамды бөліктерден
тұратын түрлері де бар.
2. Сөйлемдерді мағынасына
қарай дұрыс құраңыз.
1.Зергерлік өнері/ қазақтың ұлттық/ ерекше орын алады/ мәдениет тарихынан.
2.Өзіндік жасалу/ зергерлік өнердің/ кәсіптік сипаттамасы бар/ ерекшелігіне тән.
3. Асыл мұрасы/ қазақ қолөнерінің/ әйел әшекейлері.
4.Алтынмен және күміспен / «зергерлер» деп/ жұмыс істейтін шеберлерді/ атаған.
3. Берілген сандарға болжалдық сан есімнің жұрнақтарын жалғаңыз.
Сандар |
Дай/дей |
Тай/тей |
Елу |
|
|
Алпыс |
|
|
Жиырма |
|
|
Сексен |
|
|
Жүз |
|
|
Мың |
|
|
4. Мәтіннен болжалдық сан есімді табыңыз.
Біздің ауылда бір мыңдай адам тұрады. Зергерлер сайысқа екі жүздей бұйымдар жасады. Өнер мұражайын тамашалауға жүздей адам қатысты. Көрмеге сексенге жуық әшекей бұйымдар қойылған. Маған он шақты әшекей бұйымдар ұнады.
5. Мақал – мәтелдердің жалғасын табыңыз.
1. Байлық атасы - еңбек, ... ... .
2. Жердің сәні – егін, ... ... ... .
3. Еңбек -ердің көркі, ... ... ... .
4. Өнерлі баланың он саусағы тең, ... ... ... ... ... .
Керекті сөздер: ер-елдің көркі, анасы – жер, ердің сәні – білім, өнерсіз баланың бір саусағы кем
ХІІІ « Киелі сандар» -5 сағат.
Киелі 3 саны. Киелі 5 саны. Киелі7 саны. Киелі 40 саны. Киелі сандарға байланысты мақа-мәтелдер. Топтау сан есім.
1. Үш санына байланысты мәліметті оқыңыз, аударыңыз.
1. Үш даусыз (бесспорно)
1. Мінез.
2. Кәрілік.
3. Ажал.
2. Үш би
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
3. Үш кедейлік (нищета)
1. Кежірлік (упрямство).
2. Еріншектік.
3. Ұйқы.
4. Үш байланыс
1. Әке – асқар тау.
2. Шеше – мөлдір бұлақ.
3. Бала – жағасындағы құрақ.
5. Үш тәтті
1. Ананың сүті.
2. Баланың күлкісі.
3. Туған жер.
6. Үш кемдік (недостаток)
1. Надандық.
2. Еріншектік.
3. Зұлымдық.
7. Үш жүз
Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз.
8. Үш жұрт
Ағайын жұрт. Нағашы жұрт. Қайын жұрт.
9. Үш қуат
Ақыл қуат. Жүрек қуат. Тіл қуат.
10. Үш байлық
Бірінші байлық – денсаулық.
Екінші байлық – ақжаулық.
Үшінші байлық – он саулық.
2. Берілген сан есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Төртінші, алтыдан, елудей, мыңыншы.
3. Мәтіндегі сан есімдерді тауып, сөз құрамына талдаңыз.
Қазақ халқында киелі саналатын сандардың бірі – «қырық».
Қырқынан шығару тұрақты тіркесі баланы қырқынан шығару ғұрпынан, наным – сенімнен өрбіген. Сәби дүниеге келгеннен кейінгі қырық күнге дейінгі уақыты қауіп-қатерлі кезең деп есептелген.
Өлген кісінің артынан қырық күннен соң еске түсіру, қырқын береді.
4. Мақал-мәтелдерді оқып, киелі сандарды анықтаңыз.
1. Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
3. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады
4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес
5. Бес саусақ жиналса, жұдырық болады.
5. Берілген сан есімдерді топтау сан есімге айналдырыңыз.
Үлгі: Бес-бес-бестен, жүз – жүз-жүзден.
Он, елу, қырық, жиырма, тоқсан, алтау, екі, жиырма бес, отыз.
ХІV «Менің әуес ісім» -5 сағат.
Менің әуес ісім –фотоға түсіру. Менің әуес ісім-киім тігу. Менің әуес ісім-ас дайындау. Менің әуес ісім-сурет салу. Тұйық етістік.
1.Мәтіннен тұйық етістікте тұрған сөздерді анықтаңыз.
Менің әуес ісім –фотоға түсіру. Фотоға түсіру - өнердің бір түрі. Мен күнделікті фотоға түсіруге қызығамын. Кәсіби фотосуретшілер сияқты ерекше туындылар жасап шығарғым келеді. Ол ерекше байқағыштықты, керек сәтті тез қағып алуды талап етеді.
2. Сын тұрғысынан ойлап, сөйлем құрастырыңыз.
Сурет салу үшін не керек?
қылқалам
қағаз бояулар
өшіргіш альбом түрлі түсті қарындаштар
3. Берілген сұрақтарға-жауа беріңіз.
1. Дәмді дайындалған тағам көзді қызықтырып қоймай тағы нені ашады?
2. Ас дайындау барысында қандай тұрмыстық техникалар қолданылады?
3. Тұрмыстық техникаларға қандай заттар жатады?
4. Ас дайындауда қандай талаптарды сақтау керек?
5. Тамақ әзірлеместен бұрын тағамның несін анықтап алу керек?
6. Ас әзірлеп болған соң, құрал-саймандарды қайда қою керек?
4. Берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.
Үлгі: тігемін-тігу, дайындаймын-дайындау.
Сурет саламын, ас әзірлеймін, ән шырқаймын, өлең айтамын, би билеймін, кітап оқимын, фотоға түсіремін.
5. «Менің әуес ісім» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
ХV «Мен әуен тыңдаймын»-5 сағат.
Ән көңілдің ажары. Менің әуес ісім-ән айту. Қазақ халқының музыкалық аспаптар тарихынан. Ұлттық аспаптар. Сұлу, әдемі музыка. Есімдік.
1.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,
толықтырыңыз.
1. Абай - ... ... .
2. Абай шығармаларында ... ... суреттейді.
3. «Желсіз түнде жарық ай» - ... .
4. Абай әндері ... ... тәрбиелейді.
5. Өлеңде ... мерзімі бейнеленген.
Керекті сөздер:
әнші, сазгер, табиғатты тамаша, ұлы ақын, лирикалық ән,
мақтанышымыз, жаз, лирик, табиғатты сүюге.
2. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Үлгі: менің-есімдік, дара, негізгі, жіктеу.
Ешқайда, әрбір, сенің, қайдан, өзіңіз, өздерің, бұның,кейбір, осы,бірнеше.
3. Мәтін бойынша сызба құрастырыңыз.
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3 топқа бөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады. Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады. Ұрмалы аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады.
4. «Кубизм» әдісі бойынша сұрақтарға-жауап беріңіз.
-
Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыз.
(домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, асатақ, даңғара т.б. )
-
Қа зақтың әйгілі күйшілері мен қобызшыларын атаңыз. (Қорқыт, Құрманғазы, Дина, Махамбет, Кенен)
-
Домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор. (Ахмет Жұбанов)
-
Домбыра қандай аспап? (екі ішекті аспап)
-
Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді? (3 топқа бөлінеді: үрмелі, ішекті, ұрмалы)
-
Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады? (домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз).
5. Синквейн әдісі
1. Домбыра
2. Ішекті, шертпелі
3. Ұнайды, жатады, жасалды
4. Домбыра ішекті аспаптар тобына жатады
5. Аспап
ХVІ «Менің сүйікті актерім»-5 сағат.
Қазақ халқының белгілі актерлері. Қазақ киносының жұлдыздары. Шәкен Айманов. Асанәлі Әшімов . Жіктеу есімдігі.
1. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Шәкен Айманов Алдаркөсе, ... |
... әртүрлі бейнелерді сомдады. |
2. Асанәлі Әшімов Құрманғазы атындағы ... |
... Жамбылдың рөлдерінде ойнады. |
3. Нұрмұқан Жантөрин 80-ге жуық фильмдерде ... |
... Ленинград кинофестивалінде «Ең таңдаулы ана рөлі үшін» деген атаққа ие болды. |
4. Әмина Өмірзақова «Ана туралы аңыз» фильміндегі ана рөлі үшін ... |
... Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. |
2.
Берілген
есімдіктерді мағыналық түрлеріне қарай
топтастырыңыз.
Жіктеу
есімдігі-----------------------
Сілтеу
есімдігі-----------------------
Сұрау
есімдігі------------------------
Не?, мен, анау, қайсы?, сіз, біз, осы, нешеу?, мына, сен, ол, қанша?, бұл, мынау, оның, сол, оған, менің.
3. Жақша ішінде сөздерді дұрыс тұлғада қолданыңыз, септік жалғауын анықтыңыз.
Сұранысқа ие жас (актерлер) бірі-Берік Айтжанов. Ол «Жау жүрек мың бала» (фильмі) Әбілқайыр ханның рөлін керемет ойнады. Сонымен қатар жас (актерлер) бірі-Санжар Мәдиев. Ол «Жүрегім (мен)-Астана», «Құрбылар», (фильмдері) сомдады. Аға буын өкілі Асанәлі Әшімов соңғы жылдары бірнеше (жоба) қатысты. 2011 жылы актер «К вам едет доктор Ахметова» (сериалы) басты рөлін ойнады.
4. Көп нүктенің орнына жіктеу есімдігін қойыңыз.
... Отандық киноларды көргенді ұнатамын. ... Қазақстандық киноларды отбасымызбен көреміз. ... сүйікті актерім-Асанәлі Әшімов. ... «Қыз Жібек», «Нанның дәмі», « Атаманның ақыры» фильмдерінде ойнаған. ... «Қыз Жібек пен Төлеген» фильмі өте ұнайды.
5.Берілген сөз тіркесін тәуелдеңіз. Сүйікті актер
Менің сүйікті актерім
Сенің
Сіздің
Оның
Біздің
Сендердің
Сіздердің
Олардың
ХVІІ «Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары» - 5 сағат.
Спорт. Спорттың түрлері. Қазақстанның белгілі спортшылары. Спорт-денсаулық кепілі. Ұлттық спорт түрлері. Сілтеу есімдігі.
1. Тірек сызба бойынша спорт түрлерін сипатта.
Спорт түрлері.
ж үгіру волейбол
ш аңғы тебу тоғызқұмалақ
жүзу
күрес
2. Көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді қойыңыз.
1. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спорт денсаулықты жақсартады. ... ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау» - деп бекер айтпаған.Сондықтан әр адам ... денсаулығын күту керек. ... үшін күнделікті спортпен айналысуға тиіс. Ұлы ойшыл Ибн Сина денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрімен жаттығу керектігін айтқан.
3. Берілген сұрақтарға жазбаша түрде жауап жазыңыз.
1. Саған спорттың қай түрі ұнайды?
2. Спорт үйірмесіне аптасына неше рет барасың?
3. Үйірме неше сағатқа созылады?
4.Жүлделі орынға ие болдың ба?
5. Қазақстанның әйгілі спортшыларын білесің бе?
6. Болашақта кімге ұқсағың келеді?
4. Берілген сілтеу есімдіктеріне морфологиялық талдау жасаңыз.
Үлгі: Бұның- есімдік, кімнің?, негізгі, дара, сілтеу.
бұл- түбір, есімдік, кім? негігі, дара, сілтеу.
ның-Ілік септік жалғауы.
Ананы, сонда, осыдан, мынадан, міне, бұныңыз.
5. «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
ХVІІІ « Мектепте Наурыз тойламыз» - 5 сағат.
Наурыз мерекесі. Қазақтың ұлттық ойындары. Мектептегі Наурыз мерекесі. Қазақ халқының ұлттық тағамдары. Наурыз мерекесі туралы өлең-жырлар.Сілтеу есімдігінң септелуі.
1. Сурет бойынша шағын әңгіме құрастырыңыз.
2.
Көп нүктенің орнына жасырынып қалған, тиісті
әріпті қойып жазыңыз. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем
құрастырыңыз.
А... с...йек, ас...қ, алт...ба...ан, то...ызқ...малақ, к...кп...р, жас...рынба..., қ...з қу..., те...ге алу,
аударыспа... .
3. Наурызға байланысты тізбекті жалғастырыңыз.
1. Наурыз- жыл басы.
2. Наурыз –қуаныш мерекесі.
3.
4.
5.
4. Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестіріңіз.
1. Наурыз мейрамы - |
1. теңеледі. |
2. Наурыздың 22-сі күн мен түн |
2.ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. |
3. Наурыз күннің бір ерекшелігі - |
3. қазан толы наурызкөже пісіріледі. |
4. Ол күні қар не жаңбыр жауса, |
4.бұл күн көрісуден басталады. |
5. Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан |
5. «нұр жауды, туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған. |
5.. «Наурыз» сөзіне синквейін әдісін қолданыңыз.
1. Зат есім
2. 2 сын есім
3. 3 етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
ХІХ «Судың да сұрауы бар» -5 сағат.
Су-тіршілік көзі. Жер асты сулар. Судың емдік қасиеті. Қазақстандағы шипажайлар. Тіл дамыту. Сұрау есімдігі.
1. Суға байланысты тыйым сөздерді толықтырыңыз.
1. Суға түкірме.
2. Түнде суға барма.
3. Суды сапырма.
4.
5.
6.
2.Асты сызылған сөздерге сұрау есімдіктерін қойыңыз.
Үлгі: Адам тәулікте шамамен 1,5 – 2 литр су(не?) жоғалтады.
Адам тәулікте шамамен 1,5 - 2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыру қажет. Таңертең бір стакан су ішуді әдетке айналдырған дұрыс. Зиянды микроорганизмдер болмауы үшін суды қайнатып ішкен дұрыс. Қайнаған судың құрамындағы кальций, магний сияқты элементтер – ағзаға ерекше пайдалы. Тұзды су зиян. Тұзды су ағзаны сусыздандырады және қан қысымының көтерілуіне ықпал етеді. Таңертең тұрғанда мұздатқыштағы суық суды да ішуге болмайды. Ең дұрысы, таңертең тұрғанда үй температурасымен бірдей қайнаған су ішкен жөн. Су - тіршілік нәрі. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Адам ағзасы 86 пайыз судан тұрады екен. Егер ағзада судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауруға шалдығады.
3. Берілген сөйлемдерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңыз.
Мойылды - тұзды көл. Ол Павлодар қаласынан 130 шақырым жерде орналасқан. Көлдің жағалауында Мойылды шипажайы орналасқан. Мұнда жыл сайын 9 мыңнан аса адам демалып, сапалы ем алады. Негізгі бағыты балшықпен емдеу. Шипалы балшық пен қимыл-қозғалыс органдарының ауруы, жүйке жүйесі, тыныс алу органдары, қант диабеті, тері ауруларын емдейді
4. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Сұрау есімдігін табыңыз.
А) Бұлар
В) Қайдан
С) Ешкім
Д) Олар
Е) Кейбіреу
2. Сөйлемді жалғастырыңыз. Су - ... ... .
А) ... бұлақ көзі.
В) ... бақыт көзі.
С) ... қуаныш көзі.
Д) ... тіршілік көзі.
Е) ... адамның көзі.
3. Адамның ағзасы неше пайыз судан тұрады?
А) 55
В) 85
С) 65
Д) 75
Е) 60
4. Болымсыздық есімдікті көрсетіңіздер.
А) Бірнеше
В) Саған
С) Дәнеңе
Д) Әлдекім
Е) Түгел
5. Судың нешеден астам қасиеттері бар?
А) 5
В) 40
С) 10
Д) 30
Е) 20
6. Тәуелденген тұлғадағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) Кіміңіз? Несі?
В) Бұнысы, мынауымыз
С) Соның, анаған
Д) Өздерің, өзіңіз
Е) Барлығынан, бәрінің
7.Су нені қандырады?
А) тәртіпті
В) шөлді
С) аштықтықты
Д) білімді
Е) күнделікті
8. Ілік септігі тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) кімді?
В) қайсысын?
С) неге?
Д) нешеуінің?
Е) кімсіз?
9. Судың қандай қасиеттері бар?
А) иммунитетті жақсартады
В) адамды ұйықтатады
С) адамды семіртеді
Д) тыныс береді
Е) адамды қызықтырады
10. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.
А) менге
В) сенмен
С) сода
Д) сеннің
Е) бұдан
5.
Сұрақ - жауап арқылы
сызбаны толықтырыңыз.
-
Су қандай зат?
- Судың түсі қандай?
- Судың пішіні бар ма?
- Судың
пайдасы бар ма?
-Сусыз адам қанша тәулікке шыдайды?
-Судың қандай емдік қасиеті бар?
ХХ «Табиғат ғажайыптарына таң қаламын» - 5 сағат.
Қазақстанның табиғаты. Табиғатқа саяхат. Ғажайып дүние – жайлау. Саяжайда демалу. Тіл дамыту. Өздік есімдігі.
1. Дұрыс, бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз.
Сөйлемдер |
Дұрыс |
Бұрыс |
Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. |
|
|
Қазақстанның ең ірі өзендері-Балқаш,Алакөл,Зайсан. |
|
|
Сарыарқа-жеміс-жидек,көкөніске бай жер. |
|
|
Еліміздің 10 пайызын таулар алып жатыр. |
|
|
Қазақстандағы ең биік шың-Хан тәңірі шыңы. |
|
|
Қазақстанның орманды жерінде жолбарыс мекендейді. |
|
|
2. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
-
Қазақстанның табиғаты __________
-
Қазақстанның өзендері: ___________
-
Қазақстанның көлдері: _________________
-
Қазақстанның таулары: ................................................
-
Маған _________________ табиғаты өте ұнайды.
-
Табиғатты қорғау үшін ________________
3. Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырып, астын сыз.
1. Адам баласы табиғатты ... .
2. Біз бұлақтардың көзін ... .
3. Су мол болса, астық та ... .
4. Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ... .
5. Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп ... .
Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол болады.
4. «Қандай сөздер тығылған?» - ойыны.
А Б Я
У Н Ы
Л А |
Ы Ш Ғ
Ң Т С
А У Ы |
І Р У Й
Б А
А Б |
Ү Р
Т І С
К А Т
Н |
5. Сурет бойынша «Ғажайып дүние –жайлау» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.
6. Өз есімдігін жіктеп жазыңыз.
Мен ... келдім Біз ... келдік
Сен ... келдің Сендер ... келдіңдер
Сіз ... келдіңіз Сіздер ... келдіңіздер
Ол ... келді Олар ...
келді
ХХІ «Ең, ең, ең ...» - 5 сағат.
Әлемде талай қызық бар. Ең үлкен жануар. Ең үлкен салмақты жануар. Ең үлкен құс. Жалпылау есімдігі.
1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
1. Жер шарындағы ең ірі ... .
2. ... – ең ыстық жер.
3. ... – ең суық жер.
4. Дүниежүзіндегі ең кішкентай құс - ... .
5. Дүниежүзіндегі ең биік тау - ... .
6. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл - ... .
2. Дүниежүзіндегі ең үлкен құсты кішкентай құспен салыстырыңыз.
3. Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестіріңіз.
1. Ең кішкентай құс- ... 2. Ең ұзақ өмір сүретін құс -... 3. Ең жүйрік жәндік - ... 4. Ең ауыр жәндік - ... 5.Ең биік құс- ... 6. Ең құлашы үлкен құс - ... |
альбатрос ақ тырна тропикалық таракан колибри түйеқұс голиаф-қоңыз |
4. Жалпылау есімдіктерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңыз.
Бәрі, барлық, бүкіл, күллі, түгел.
Үлгі: Барлық аралдардың ішінде ең үлкен – Греландия.
5. Сұрақтар бойынша әңгіме құрастырыңыз.
- Құрлықтағы ең үлкен жануар не?
- Оның биіктігі неше метр?
- Салмағы неше тоннаға жетеді?
- Олар қанша жыл өмір сүреді?
- Күніне неше литр су, неше килограмм шөп жейді?
- Пілдің қай түрі ең ірі болып саналады?
ХХІІ « Толағай тауының тарихы» - 5 сағат.
Толағайдың арманы. Бүгінгі күннің Толағайы Н.Ә.Назарбаев. Елбасының еңбектері. Қазақ ұшқыштары. Тіл дамыту. Болымсыздық есімдігі.
1. Суретті пайдаланып, «Толағай» тауы туралы әңгімелеңіз.
2. Сұрақтарға- жауап дайындап, диалог құрастырыңыз.
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері-Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағының Батыры атағын қай жылы алды? (1988)
2. Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы болып қай жылы танылды? (1995),
3. Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Алматы әуе клубын қай жылы бітірген? (1984)
4. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда неше күн ғарышта өткізген? (208 күн)
3. Берілген сөздерді оқып, мағынасын анықтаңыз.
Шың –
Төбе –
Қойнау –
Бөктер –
4. Семантикалық картаны толтырыңыз.
№ |
Есімдіктер |
жіктеу |
сілтеу |
сұрау |
өздік |
белгісіздік |
жалпылау |
болымсыздық |
1. |
өз, өзім |
|
|
|
|
|
|
|
2. |
мен, сен,ол,сіз |
|
|
|
|
|
|
|
3. |
қанша |
|
|
|
|
|
|
|
4. |
біреу |
|
|
|
|
|
|
|
5. |
түгел, барлық |
|
|
|
|
|
|
|
6. |
әрқашан, әлдеқалай |
|
|
|
|
|
|
|
7. |
ештеме |
|
|
|
|
|
|
|
8. |
сендер |
|
|
|
|
|
|
|
9. |
мынау |
|
|
|
|
|
|
|
10 |
кім, не |
|
|
|
|
|
|
|
11 |
ешкім |
|
|
|
|
|
|
|
12 |
өзі |
|
|
|
|
|
|
|
13 |
күллі |
|
|
|
|
|
|
|
5. Хронологиялық кестемен танысып, септік жалғауда тұрған сөздерді табыңыз.
Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы
1960—69 жж. —
Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. —
Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында
жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. —
Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. —
Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші
хатшысы.
1979—84 жж. —
Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. —
Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. —
Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң
төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР
президенті.
1991 ж.
желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің
жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.
1995 ж.
сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін
ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың
нәтижесiнде Н.
Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті
болып қайта сайланды.
2005 ж.
желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан
Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
ХХІІІ «Ырымға сенесің бе? – 5 сағат.
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда». Тыйым сөздер. Ырымға байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер. Құстар - біздің досымыз. Белгісіздік есімдігі.
1.Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын ашыңыз.
1.
Аққу құстың төресі, жалғыз жатып оттамас.
2. Аққуды атпа, досыңды сатпа!
3. Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
4. Аққу құсқа оқ тисе,
қанатын суға тидірмес.
2. Тыйым сөздердің ішінен септік жалғауды анықтаңыз.
1. Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
2. Табалдырықты баспа, отырма.
3. Жұлдызды, адамды санама.
4. Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.
5. Тұзды, күлді баспа.
6.Малды, ыдысты, тамақты теппе.
3. Мәтінді оқып. Мәтін негізінде диалог құрап, өзара сөйлесіңіз.
Аққу - ақ түсті, мойыны ұзын, киелі, сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да, аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Олар 30-40 жыл өмір сүреді. Аққулар өте тату құстар. Олар басқа құстар сияқты бір-бірімен төбелеспейді. Аққулар жылы жаққа қайтқанда олар өздеріне сайлап алған топ бастаушысы - көсемге еріп 8,500-9000 метр биіктікке дейін көтеріліп,сағатына 90-100 км жылдамдықпен ұшады. Құстың бір ерекшелігі жұптарын өлгенше сатпайды.
4. Мәтінді оқып, есімдіктердің түрлерін анықтаңыз.
Құстар - біздің досымыз.
Қазақстанда қанаттылардың төрт жүз сексен бір түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса, біреулері құрылысшы. Құстарды сонымен бірге «дала дәрігері» деп те атаймыз. Олардың бізге келтіретін пайдасы көп. Құстар ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады. Құс адамға қуаныш сыйлайды.Қазақ халқы шебер әншіні «бұлбұлға», ер азаматын «сұңқарға», сұлу адамды «аққуға», кішкентай баласын «балапанға» теңеген.
5. Берілген белгісіздік есімдіктерді пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңыз.
1. Біреу, кейбіреу, әркім.
2. Қасыбір, кейбір, әр, әрбір.
3. Әлденеше, бірнеше, біраз.
4. Әлдеқашан, әрқашан.
ХХІV «Қалай баруға болады?» - 5 сағат.
Астана қаласына саяхат. Бурабайға саяхат. Қостанай қаласының көрікті жерлері. Қазақстанның қалалары. Қазақстанның ежелгі қалалары. Сөз таптарын қайталау.
1. Сызба бойынша сөйлем құрастырыңыз.
Қалай баруға болады?
емханағамұражайға
қалаға
мейрамханаға ауданға
сауда орталығына
2. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің сөз таптарын анықтаңыз.
Бурабай -
Көкшетаудағы
ең бір әсем,
жанға шипалы өңірі. Бурабай көлі – емдік
қасиетімен,
әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді.
Оның суы тұщы,
мөлдір,
жұмсақ. Көлдің айналасы
– қарағайлы,
қайыңды орман. Ауасы
өте таза. Табиғаты
ерекше. Сол себепті
көлдің қасында көптеген демалыс
орындары бар. Бурабайдың табиғаты туралы
көп өлеңдер,
әңгімелер жазылған.
3. Сурет бойынша шағын әңгіме құрастырыңыз.
4. Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз.
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы — Астана. Оның негізі 1830 жылы қаланған. 1832-1961 жылдар аралығында Ақмола қаласы болып аталды. Бұл өңір-талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана — болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол - әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
Зат есім |
Сан есім |
Сын есім |
Есімдік |
Етістік |
Астана |
1830 |
тарихи |
біздің |
орналасқан |
5. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қойып, Қазақстан қалаларының тарихымен танысыңыз.
Түркістан - қазақ жері...гі ең көне 2000 жыл, мүмкін одан да бұрын пайда болған. Себебі қала өте қолайлы жер... орналасқан, табиғаты тамаша, төңірегі бау - бақша мен өзендер, жері құнарлы. Түркістан - түркі халықтары... саяси және рухани орталығы.
Ақтау- қала... іргесі 1963 жылы қаланған. 1964 жылы Шевченко аталып келген, 1992 жылы Ақтау болып өзгертілді. Маңғыстау облысы... орталығы болып есептелінеді.
А қтөбе - іргетасы 1869 жылы Ресей бекінісі реті... қаланған. 1891 жылы қала мәртебесі... ие болған. Ақтөбе облысы... орталығы. Оның бойымен Елек өзені ағып өтеді.
А лматы - тарихи қала. Ол IX –XII ғасырлар... көне түркі қағанаттары заманында сауда - саттығы, өнеркәсібі өркендеген қала болған. Оның сол кездегі аты - Алматы. 1854 жылы Ресей әскери бекінісі қайта құрылып, 1921 жыл... дейін Верный деп аталып келген. 1921- 1993 жылдары орысша Алма- Ата деп аталып келді. 1993 жылы Алматы атына ие болды.
А тырау - облыс орталығы. Ерте кезде мұнда Үйшік деп аталатын балықшы қыстағы болған. Қала... іргесі 1640 жылы қаланған. Ресей әкімшілігі... шешімімен Гурьев деген көпестің қаржысы... 1662 жылы салынған. Қала 1992 жылға дейін соның атымен аталып келді. 1992 жылы Атырау қаласы аталатын болды.
Қарағанды- 1934 жылы шахталар... маңындағы қоныстар... негізінде қаланған. 1936 жыл... облыс орталығы. Қарағанды – көмір кені... бай жер.
Қ останай - іргесі 1897 жылы қаланған қала, облыс орталығы. 1893 жылға дейін Николаевка аталған. Қостанай атауы... шығуын кейбір зерттеушілер Қостан батыр... атымен байланыстырса, кейбіреулері Қостанай «қос өзен» деген мағына... білдіреді дейді.
Қызылорда - Сырдария өзені бойында орналасқан облыс орталығы. Ол 1853 жыл... дейін Ақмешіт, ал 1853- 1922 жылдар аралығы... Перовск, 1922- 1925 жылдары қайтадан Ақмешіт деп аталған. 1925 жылы Қызылорда болып өзгертілді.