Материалдар / Дидактикалық материал 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дидактикалық материал 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тапсырмалар,жаттығулар лексико-грамматикалық тест Отан,Қазақстан туралы оқушылардың білімін қорытындылауға арналған тапсырмалар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2021
1187
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ- ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КОРПОРАЦИЯСЫ


ҚазБСҚА ЖАНЫНДАҒЫ ЛИЦЕЙ




Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

5-9 сыныпқа арналған

дидактикалық материал






Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушы

Урустемова Зейне Киргизбаевна КазБСҚА жанындағы лицей




















Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Отбасы – ұлттың тірегі

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.   

Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.   

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған.

1. Отбасы дегеніміз не?

A) бостандық

B)мекенім

C) табиғат сыйлаған кереметтердің бірі

D) тарихымыз

E) тәрбиеміз

2. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі кім?

А) халық, ел

В) бала

С) көмек, жұмыс

D) қарындас, ағайын

Е) туған-туыстар

3. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

А) отаным-Қазақстан

В) президент сайлану

С) тазалықты сақтау, шашын өру

D) туымыз,тілегіміз

Е) Отбасы – ұлттың тірегі

4. Ата мен ана балаға кім болады?

А) қамқоршы

В) ұстаз

С) тәрбиеші

D) ақылшы

Е) заңгер

5. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап қандай?

А) үлкен болу

В) «әдепті» болу

С) «сабырлы» болу

D) «мықты» болу

Е) жақсы оқушы болу


Лексика–грамматикалық тест:


1. Төл дыбыстар қатысқан сөзді белгілеңіз.

А) өзен, ғарыш, қасық

В) алма, айна, адам

С) мектеп, шана, терезе

Д) электр, фильм, футбол

Е) доп, бала, ана

2. Тасымалданбайтын сөздерді белгілеңіз.

А) қала, отан

В) ауыл, дала

С) АҚШ, ТМД

Д) немере,1 см

Е) қалам, дәптер

3. Көп нүктенің орына керекті қосымшаларды қойыңыз. Мен дәрігер...., Алматы қаласында тұра.......

А) -мін \-мын

В) -бін \ -бын

С) -пін \ -пын

Д) -мын \ -бын

Е) -пін \ -мын

4. Қай сөзге көптік жалғауы жалғанбайды?

А) кереует

В) әдемі қыз

С) сегіз қалам

Д) әдеби кітап

Е) ұлт

5. Топтау сан есімі қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Олар тез-тез жүре бастады.

В) Театрға екі-екіден кірдік.

С) Айманның жасы жетіде.

Д) Олар бүгін мыңға жуық үйді аралады.

Е) Мен төртінші қабатта тұрамын.

6. Сұраулы сөйлемді белгілеңіз.

А) Түскі асқа қандай тағам түрлерін таңдаған дұрыс?

В) Таңғы асқа қою тағамдар жеген дұрыс?

С) Мен үнемі ағаммен ақылдасып отырамын?

Д) Сағат жетіден кейін тамақтанған дұрыс емес?

Е) Біздің тез арада кетуіміз керек?

7. «У» дыбысы қай қатарда дауысты болып тұр?

А) жуа

В) ау

С) тау

Д) жау

Е) дауа

8. Септік жалғауы жалғанған сан есімді табыңыз.

А) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

В) Бірінші - байлық денсаулық.

С) Төрттен екіні ал.

Д) Жігіттің екі сөйлегені өлгені.

Е) Екі жердегі екім төрт.

9. Заттың салмағын білдіріп тұрған сын есімді көрсетіңіз.

А) Мына көйлектің бағасы қымбат екен.

В) Түркістанның ғимараттары аласа.

С) Мына кісінің жүгі ауыр екен.

Д) Қыстыгүні дала ақ қарға оранады.

Е) Бір ұзын бойлы жігіт есіктен кірді.

10. Қай сөйлемде бір нәрсені орындауды талап етіп тұр.

А) Кітап – білім бұлағы.

В) Ақылдыдан үйрен, сұмнан жирен.

С) Кісі кірмеген үй - моламен тең.

Д) Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.

Е) Уақыт - ұлы емші.

11. Нақ осы шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мен осы қалада тұрамын.

В) Асқар университетте оқып жүр.

С) Менің ағам осы университетте оқыған.

Д) Былтыр дайындық бөлімінде оқыдым.

Е) Мен қазақ тілін үйренбекпін.

12. Ауыспалы осы шақты көрсетіңіз.

А) Ол бүгін теледидардан кешкі жаңалықтарды тыңдайды.

В) Мен биыл Түркістан қаласына барсам, А.Ясауи кесенесін көремін.

С) Мен еліміздің үлкен қалаларын аралаймын.

Д) Маған өзім тұратын қала ұнайды.

Е) Ол ертең жолға шығады.

13. Қай сөзге жіктік жалғауы жалғанбайды?

А) ақылды

В) жақсы

С) бірінші

Д) терезе

Е) жұмысшы

14. Етістікке жалғанған жіктік жалғауын табыңыз.

А) Мен балалар дәрігерімін.

В) Мен қала әкімімін.

С) Ол қалада тұрған.

Д) Мен заңгермін.

Е) Мен мектепте оқимын.

15. «Кіммен» деген сұраққа жауап беретін сөздің қай сөйлемде екенін көрсетіңіз.

А) Біз бөлмені тазаладық.

В) Дүкеннен нан, сүт сатып алдым.

С) Қыста балалар қармен ойнайды.

Д) Мен Нұргүлмен дүкенге бардым.

Е) Марат пен Асан дүкенге кетті.

Грамматикалық тапсырмалар:

1. Берілген сөздерді септеңдер.

Мінез, еңбек

2.Мәтін ішіндегі синоним сөздерді теріп жаз.

3.Отбасы мүшелерін атап жаз.

4. Берілген сөздерге синонимдік қатар жасап, сөйлем құраңдар.

Көркем , халық

5.Берілген сөздерді сөз құрамына талда.

(сыйлау,қамқорлық,кішіпейлдік,отбасылық)

6.Отбасы туралы 5,6 мақал – мәтел жаз.

7.Мақал-мәтелді аяқтаңдар.

1.Әдепті бала-арлы бала, ... (бала-жапырақ)

2.Жақсыдан үйрен, ... (ақыл басқа бітеді)

3.Ұлдың ұяты әкеге, ... (ұшқанда соны іледі)

4.Балапан ұяда не көрсе, ... (қыздың ұяты шешеге)

5.Қына тасқа бітеді, ... (жаманнан жирен)

6.Ата-бәйтерек, ... (әдепсіз бала-сорлы бала)



Лексикалық тапсырмалар:

1. «Отбасы» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:

А)Сенің отбасың қандай?

В)Отбасыңда неше адам бар?

С)Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?

Д) Сен қандай отбасы мүшелерінің атауларын білесің?

2. «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)

3.Ана туралы мақал-мәтелдерді жазыңыздар.(4)

4. «Дос» тақырыбына байланысты берілген сөздермен 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.

(Ізетті, әдепті, адал, мейірімді, жаман, момын, сабыр).

5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, жазыңыздар.

1)Жаман достан-таяғым артық.

Glossary

Kazakh

Russia

English


ұят

совесть

conscience


мәдениет

культура

culture



қасиетті

святой

sacred museum



танымастай

неузнаваемый

unrecognizable

ұлт өкілдері

представители различн.наций

representative of different nations

болашақ


будущее

future

адамгершілік

человечность

humanity


міндет


обязанность

duty

жауапкершілік

ответственность

responsibility


жанұя

семья

family














Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.


Қазақстан-тәуелсіз мемлекет. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.



Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік.

Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау-әрбір азаматтың борышы.
1. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар , ол -не?

A) бостандық

B)тәуелсіз Қазақстан

C) еліміз

D) тарихымыз

E) тыныштық

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!