Дидактикалық материал Астанаға саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дидактикалық материал Астанаға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қолданбалы есептер шығару арқылы дамытудың жолдары ұсынылады. Математикалық сауаттылықты дамыту - оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін ұштастыра отырып, дүниетанымдық көзқарастарын дамытудың бірден-бір жолы екендігі айқындалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика сабағында қолданбалы есептер шығару арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай дамытуға болады?



Айтуреева Багила Бегимбетовна

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚСТАН







Түйінді сөздер: функционалдық сауаттылық, қолданбалы есептер, пайымдау, жүйелі ойлау, зерттеу дағдыларын дамыту, интерпретация

Ключевые слова: функционалдық сауаттылық, практические задачи, рассуждения, системное мышление, развитие исследовательских навыков, интерпретация

Keywords: functional literacy, practical tasks, reasoning, systematic thinking, development of research skills, interpretation.



Аннотация

Бұл мақалада математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қолданбалы есептер шығару арқылы дамытудың жолдары ұсынылады. Математикалық сауаттылықты дамыту - оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін ұштастыра отырып, дүниетанымдық көзқарастарын дамытудың бірден-бір жолы екендігі айқындалады.



Қазіргі таңда мұғалімнің алдында өте үлкен міндеттердің бірі- мектеп- тен алған білімі мен тәжірибелерін қолдана отырып, өмірге тез бейімдей алатын зиялы ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп білімі өз алдына қолданусыз қалмау қажет. PISA - 15-жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы деңгейлерін бағалайтын халықаралық зерттеуге сәйкес функционалдық сауаттылықтың ішінде – математикалық сауаттылыққа үйрету өте маңызды.

Іс-әрекеттегі зерттеуге негіз болған проблемалар:

  • математика сабағында оқушылар алған білімдерін қолдану барсында қиындықтарға кезігеді;

  • бақылау жұмыстарынан соң алған білімдерін еске түсіре алмайды, яғни бағаланған соң, білімге деген қажеттілік төмендейді;

  • оқушылардың пайымдау, интерпретациялау дағдыларын дамыту қажеттілігі;

  • математикалық консепт негізінде алған білімдерінің қажеттілігін ұғынудың қиындығы;

  • есептер шығару барысында жүйелі ойлай отырып, сыни ойлау дағдыларын дамытудың қажеттілігі.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылығын арттырады, алған білімдерін басқа пәндермен кіріктіре отырып өмірде қолдануды үйренеді, мектепте басқа пәндерлен алған білімдерімен ұштастыра отырып, тақырыпты терең түсінуге ұмтылады

Зерттелетін мәселенің өзектілігі: Оқушылар математика сабағында жақсы есеп шығара алғанымен, стандартты емес есептерде қиындыққа тап болады. Берілген тақырыпты білу, түсіну, қолдану, талдау деңгейінде қиындықсыз игеруі мүмкін, алайда қарапайым қолданбалы есептерде интерпретациялау, пайымдау дағдыларын жетілдіру қажет екенін байқауға болады. Тақырыпты терең түсініп, оны өмірде қолдана білу – оқушылардың математикалық сауаттылықтарын дамытуға тікелей байланысты. Сондай-ақ математикалық білімдерін басқа пәндермен ұштастыра отырып, тиімді қолдана білу.

Зерттеу қадамдары

Деректерді жинақтау. Берілген проблемалар бойынша мен басқа да әріптестеріммен кеңесіп, ой-пікірлерін тыңдадым. Тақырыпты таңдап алмас бұрын мен әріптестеріммен бірге сауалнама өткіздім. Ол сауалнама бойнша оқушылардың дені қолданбалы есептерді жақсы шығара алғанымен, жауаптарын интерпретациялау барысында қиындыққа кезігетіні, пайымдау мен жүйелі ойлау дағдыларын жетілдіру қажеттігі айқындалды. Мен өз әріптестеріммен ақылдаса отырып, ортақ проблемаларды анықтадым. Бұл жұмыс тек математика емес басқа да пән мұғалімдерімен талқыланды.

Оқушы үні. Математикадан қызығушылығы әртүрлі оқушылармен сауалнама жүргізе отырып, нәтижені әріптестеріммен талқыладым.

Сауалнама барысында өзімнің көптен толғандырып жүрген тұжырымдарым айқындалды. Оқушыларды типтес есептер шығарып жаттықтырғаннан көрі, қызықты қолданбалы есептер шығарса тақырыпты терең түсінуге септігі мол екен. Оқушылардан алған сауалнама бойынша олардың көпшілігі функционалдық сауаттылыққа берілген есептердің мәтінін түсініп, оның математикалық моделін құруда қиындыққа кезігетіні анықталды. Бұл менің сабақ барысындағы бақылау нәтижелерімді де негіздеді. Өйткені есеп мәтінін түсінуде және математикалық моделін құрып, оны интерпретациялауда балалар қиындыққа кезігіп жататын. Кейбір оқушылар мұғалім көмегіне жүгініп, бағыт- бағдар алған соң, есептің қарапайым екендігіне таңданатын. Яғни бұл оқушылардың функционалдық сауаттылыққа берілген есептерді шығару барсында оларға сенімділік орнату үшін интерпретациялау дағдыларын дамыту қажет екендігін көрсетті.

Әріптестер кеңесі. Әріпестеріммен топқа бірігіп, сабақты зерттеу отырыстарында ортақ проблемаларымызды анықтап, жоспар құрдық. Зерттеу әдістерін таңдап, өтетін сабақтарымызды жоспарладық. Жоспарлау барысында оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып, психо-эмоционалдық күйіне назар аудардық. Псхологты көмекке шақыра отырып, кеңістерін есепке алдық. Әрқайсымыз фокус-топтарымызды анықтап алдық. Менің фокус топ ретінде – 9 сыныпты таңдап алдым. Бұған түрткі болған тәжірибе алмасу ретінде өткен STEM сабағым. Сабақ барысында оқушылар “Үшбұрыштар ұқсастығы” тақырыбында әр түрлі қолданбалы есептер шығарып, білімдерін физика, биология, сызу пәндерімен ұштастырды. Сол сабақ бойынша алған әсерлері де керемет болды. Далаға шығып мектеп биіктігін әр түрлі әдістермен өлшеп, математикалық моделін құрды. Қажетті есептеулер жүргізіп, жауаптарын интерпретациялады. Бұл сабақтың негізінде зерттеу сабақтарымды құрдым.

Рисунок 26 Рисунок 25

Әдебиет көздеріне шолу жасау. Функционалдық сауаттылықты дамыту менің бірнеше жылдан бері қызығушылығымды тудырған соң біршама әдебиеттерді қарап шықтым. Әсіресе PISA халықаралық зерттеу бойынша да мағлұматтар алдым. Бірнеше есептер құрастырып, алты деңгейде оқушыларды тексеретін дағдыларымен таныстым. Оқушылардың логикалық, сыни ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интерпретация мен бағалай білу дағдыларына көңіл бөлу керек екен. Сондай-ақ оқушы бойында 21-ғасыр дағдыларын қалыптастыру: сыни ойлау, креативтілік, өз бетінше білім алу, табандылық пен коммуникация, рефлексия, жүйелі ойлау мен зерттеушілік дағдылары.



Зерттеу әдістері:

Сауалнама. Мұғалімдер сауалнамасы:

Оқушылар сауалнамасы:

Бақылау: Ынтымақтастық оқытуды қолдануда жұмыс сапасын бақылау, оқушылардың сыни ойлауын дамытуды бақылау, т.б бақылау парақшаларын қолдандық. Талқылау барысында әріптестерімізбен бірге нақты қандай бақылау түрлерін қолданатымызды шешіп алдық.























Picture 4 Сұхбат: Ойлау қабілеттері ерекшеленіп отыратын оқушылар мен мұғалім көмегін қажет ететін оқушыларды сұхбатқа тарттым. Нәтижені жақсарту бойынша оқушылар мен мұғалімдердің ұсыныстары ескерілді.



TIMELINE: Сабақтар топтамасында оқушылардың тапсырманы орындауға қажет уақыттарын салыстырдық. Әр тапсырманы орындау барысында оқушы әрекеті баяндалып, сабақты талқылау барысында ұсыныстар ескерілді.











8 фото сурет бақылау парақшалары:







ГPicture 17 рафикалық бақылау:















































Зерттеу нәтижелерін талдау.

Сабақ барысында орын алған кемшіліктер топ отырысында талданып, ұсыныстар ескерілді. PISA форматы бойынша тапсырмалар құрастырып орындатуды жалғастыру және сабаққа қызығушылығы төмен оқушылар болса, соларды топ басшысы етіп сайлау ұсынылды. Функционалдық сауаттылыққа берілген есептерді шешу барысында оқушылардың интерпретациялау дағдыларын

Шешу жолдары: Сабақта оқушыны терең ойландыратын, стандартты емес тапсырмалар беру. Әрекетті зерттеу барысында «Миға шабуыл», «Ғажайып қоржын», «Дорба ішіндегі қалташа» т.б. әдістерін қолдандым. Қолданылған әдістер тиімділігін көрсетті. Осылардың негізгілеріне тоқталып кетер болсам, қоржынның екі жағында екі топқа арналған тірек сөздер тұрады. Оны оқушылар қажетсінсе ғана қолдана алады. Ал, дорбаша ішіндегі қалташа топқа бөлуде көмектеседі. Сіз оқушылардың аты-жөні жазылған балмұздақ таяқшаларын бірнешеуін дорбашаға салсаңыз, бірнешеуін оның ішіндегі қалташасына саласыз. Қалташа құпиясы тек сізге аян. Оны сіз кездейсоқ бөлген сияқты түр танытып, өзіңіз қалағандай топқа бөлесіз. Бұл әдісті өзім ойлап таптым. Ол оң нәтижесін беруде.

Зерттеу болжамы: Математика сабағында проблемалық оқытуды қолдану оқушыға мұғалім тарапынан көрсетілген қолдау болып саналады. Оқушыны құстың балапаны деп есептесек, өзінің қанаттануына жағдай жасап, самғап ұшуына мүмкіндік беру арқылы жоғары нәтижеге жетуге бағыттаймыз.

Зерттеу нәтижелері: Әрекетті зерттеу нәтижесінде

  • Оқушылардың білім сапасы, логикалық ойлау қабілеттері артты

  • Жоғары ойлау дағдылары дами бастады

  • Олимпиадаларға қатыса бастады

  • Стандартты емес тапсырмаларға қызығушылықтары артты.

Сабақ барысында оқушылар «осы шешімдерді салыстыратын болсақ», «ол әдістің тиімділігі», «осылай дәлелдей аламыз» , «ал екінші жағынан алып қарастыратын болсақ, ол ...» деген сияқты сөз тіркестерін өздеріне сенімді түрде айтып, қолдана бастады.

Зерттеу нәтижелерін талдау. Қорытынды. Туындаған мәселенің шешімін зерттеу барысында оқушылар тек жаңа білімді игеріп қана қоймайды, олардың шығармашылық дағдылары қалыптасады. Ал, ондай оқушы ғылыми-зерттеу жұмысын жазуға өзі қызығушылық танытатын болады. Ұсынылатын тапсырма тек теориялық емес, практикалық мағынаға ие болуына назар аудару керек. Оқушы тек бір дұрыс жауапты ғана іздемейді, олар проблеманы толық түсінеді, оны шешуге қажетті ақпарат іздейді, мүмкін болатын шешімдерді анықтайды, нұсқаларды бағалап, қорытынды жасайды.

Мен проблеманы өз бетінше шешу міндетін қоя отырып, шешімді оқушылардың өздеріне тапқызып, білімді игеруге жол ашып отырдым. Оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдедім. Проблемалық жағдаятты тудыруда оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктеріне ескеріп отырдым.

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

  2. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018.

  3. Lesson Study: нұсқаулық. Пит Дадли.

  4. https://www.oecd-ilibrary.org/education/pisa_19963777

  5. PISA RELEASED ITEMS -MATHEMATICS.

  6. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы”

ҚP Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы.

  1. https://nces.ed.gov/surveys/pisa/

  2. https://gtmarket.ru/research/pisa/info

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2025
12
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі