Материалдар / ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
дидактикалық материалдар (дидактикалық ойындар, дидактикалық тапсрымалар) балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады, олар ақыл-ой тәрбиесі мен сенсорлық дамуда айрықша маңызды, ойындардағы дидактикалық элемент қызықты әсерлі болуымен, ал ойынның мақсаты тапсырманы орындаудағы еріктілікпен ұштасып отырады. Дидактикалық ойындар арқылы жүргізілген жаттығулар мен қайталаулар баланы жалықтырмайды, өйткені олар біркелкі болмайды. Мұндай ойындар әр түрлі сипатта және түрлі мақсаттарға қолданылуы мүмкін.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жаңа қоғамға қажетті тұлғаны оқытып – тәрбиелеуде жаңа технологиялардың қажеттілігі өмір талабы екендігі айқын.Білім алушылардың  топтық оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас топтағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, білім алушының жеке тұлғалық,әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді.

Дидактикалық материалдар – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Дидактикалық материалдардың өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған материалдар арқылы баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтуге, ерік-жігерін, мінез-құлқын қалыптастыруға әсер етуге болады.

Дидактикалық материал – сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін білім алушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнің көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі (көп жағдайда карталар, кестелер, мәтіндері, цифрлары және суреттері бар карточкалар, реактивтер және т.б.). Дидактикалық материалдар – үлестірмелі материалдар, әр баланың қабілетіне қарай, өткен тақырыпты үлгере алмайтын білім алушыларға  қосымша үлестірмелі материалдар, аралас сабақ материалы, үй тапсырмалары, ұзартылған күн тобының тапсырмалары, бақылау жұмыстары, сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық,жарты жылдық, жылдық), дидактикалық ойындар болып бөлінеді.

Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар білім алушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады. Дидактикалық материалдар ретінде дидактикалық ойындарды қолдану білім алушылар үшін өздерін еркін сезінуге, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін көрсетуге ұмтылдырады.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы: олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне білім алушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.

Н.К.Крупская жеке тұлғаны қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып дамуындағы топтық жұмыстың маңыздылығына тоқтала келе «Топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Топтық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар» деген. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.

Топтық жұмыстың тиімділігінің міндетті шарты: оны басқара білу.Басқару үш кезеңнен тұрады: жоспарлау, талқылау (орындалуы), қорытынды (топтық жұмысты бағалау).Тапсырманың нақты түрі мен орындалу тәртібін білу-сапалы жұмыстың кепілі. Сол себепті, жұмыс басталмай тұрып білім алушыларға олардың нені жасау керектігі жөнінде айтылып өтілуі керек.

Жұмыс барысында топтың әрбір мүшесі:

- өз ойын еркін жеткізуі;

- ортақ іске өз үлесін қосуы;

- топпен бірге бір шешімге келуі;

- өзгенің ойымен санасуы;

-жұмысты белгіленген уақытта бастап, белгіленген уақытта аяқтауы тиіс.Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді.

Сонымен, дидактикалық материалдар (дидактикалық ойындар, дидактикалық тапсрымалар) балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады, олар ақыл-ой тәрбиесі мен сенсорлық дамуда айрықша маңызды, ойындардағы дидактикалық элемент қызықты әсерлі болуымен, ал ойынның мақсаты тапсырманы орындаудағы еріктілікпен ұштасып отырады. Дидактикалық ойындар арқылы жүргізілген жаттығулар мен қайталаулар баланы жалықтырмайды, өйткені олар біркелкі болмайды. Мұндай ойындар әр түрлі сипатта және түрлі мақсаттарға қолданылуы мүмкін.



ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Турсынбаева Майра
30 Қаңтар 2025
146
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі