жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дидактикалық ойындар
«Мынау қай құс?»
Мақсаты: тірі жан иелері құстарды ажыратып, қай құс немен тамақтанатыны жөнінде білімін молайту.
Көрнекі- құралдар: Әр түрлі құстардың суреттері
Ойынның барысы: жүргізуші балаларға құстардың атауларын айтып, оны балалардан көрсетуін сұрайды. Ал балалар оларды көрсетіп, немен тамақтанатынын де айтады. Ең көп тапқан бала марапатталады. Ойын осылайша жалғаса береді.
«Бұл не?»
Мақсаты: Баланың дәм сезу қабілетін арттыру. Дәмін татып жеміс-жидектерді ажырата білуге үйрету.
Құрал- жабдықтар: тәрелкеде кесілген бірнеше көкөністер мен жемістер: алма, алмұрт, өрік, қияр, сәбіз т.б.
Ойынның барысы: Баланың көзін орамалмен орап, тәрелкеден бір көкөністі немесе жемісті ұсынамыз. Бала дәмінің тәтті, ащы, тұщы немесе тұздылығына қарап не жегенін айтуы керек.
«Жасырып, тауып аламыз»
Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлай білуге үйрету, олардың зейіні мен еске сақтау процестерін дамыту. Көз алдында тұрған заттарды ажырата білуге баулу.
Құрал- жабдықтар: әр түрлі ойыншықтар
Ойынның барысы: тәрбиешінің басшылығымен белгілі бір әдемі ойыншықты балалар жасырып қояды. Ал жасырған ойыншықты алдын ала есіктің ар жағына шығарып қойған бала тауып алуы тиіс. Тәрбиеші оған бөлменің ішін мұқият қарауын ұсынады. Үстелдің астын, сөрелердің ішін не болмаса оң жақтағы терезенің жанын барлығын мұқият қарауын қадағалайды.
«Бұл қай жануар?»
Мақсаты: баланың зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамытып, жануарлармен таныстыру.
Құрал- жабдықтар: жануарлардың суреттері және олардың дене мүшелерінің бөліктері.
Ойынның барысы: балаларға біріншіден жануарлардың толық бейнеленген көрсетіп, атауларын айтып, қайталатамыз, содан соң оларға сол танысқан жануарлардың жеке бөліктерін ғана көрсетіп, ол қай жануар екенін табуын ұсынамыз.
«Шаңырақ»
Мақсаты : балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа және ұйымшылдыққа баулу. Түстерді ажырата білулерін дамыту.Есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Құрал – жабдықтар : шаңырақтар.
Шарты : билеп жүріп, әуен тоқтаған кезде өз шаңырағыңның астына барып тұра қалу.
Барысы: жүргізуші балаларды 3 топқа бөледі.3 топ өз шаңырақтарын естеріне сақтап алу керек. Әуен қосып қойғанда балалар билеп жүреді. Ал жүргізуші сол кезде шаңырақтардың орнын ауыстырып тастайды. Әуен тоқтағанда әр топ өз шаңырақтарынның астында тұра қалуы тиіс. Адасып кеткен ойыншы ойыннан шығады.
«Қуыршақтарға арнап дастархан әзірлейік»
Мақсаты:
балаларды дастарханды дұрыс,
мәдениетті әзірлеуді үйрету.
Үстел жаюға арналған заттардың атын атату.
Этика (әдеп)
ережелерімен таныстыру:
қонақтарды қарсы алу,
сыйлықтарды қабылдау,
үстелге шақыру,
дастарханда өзін-өзі ұстауы.
Балалардың адамгершілік тәрбиелерін қалыптастыру.
Достық қарым-қатынастарын жетілдіру.
Ойынның барысы:
Тәрбиеші топқа әдемі киінген қуыршақпен кіреді.
Балалар қуыршаққа қарап,
оның киімдерін жеке-жеке атайды.
Тәрбиеші балаларға қуыршақтың мерекелік дастарханын әзірлеуге көмектесуін ұсынады.
(Қуыршақтың жиһаздары мен ыдыстары қолданылады.)
Тәрбиеші балалармен бірге қызметтердің кезеңдерін орындайды (қол жуу,
дастарханды үстелге жаю,
үстелдің ортасына гүлі бар ваза қою,
нан салатын ыдысты және сүлгі салатын ыдысты қою,
шыны мен тарелкаларды дайындау,
олардың қасына қасық,
шанышқы,
пышақты орналастыру).
Содан кейін қонақтарды қарсы алу кезеңі орындалады.
Балалар қуыршақтарды орындарына отырғызады.
Ересек мектеп жасына дейінгі балалар дастархан әзірлеуді толық меңгеруі үшін кезекшілік кезіндегі суреттерді көрсетуге болады.
Балалар суреттерді рет ретімен қоюы керек.
Дастархан әзірлегенде ыдыстарды қоюдың реттілігін білуі керек.
«Әсем не істегісі келеді?»
Мақсаты:
балаларға кейбір еңбек түрлері туралы айтып,
оларға керекті материалмен,
құрал-жабдықтармен және оларды қандай жұмыстарда қолданылатынын таныстыру.
Ойынның барысы:
Тәрбиеші балалармен Әсем атты қуыршақтың атынан сөйлеседі.
- Әсем менен елеген,
су құйылған шелек және сабын сұрады.
Қуыршақтың атаған заттарын береді.
- Қалай ойлайсыңдар,
ол мына заттармен не істейді?
- Жуады.
- Дұрыс.
Енді Әсем кастрюль,
сүт,
қант,
тұз және бидай алды.
Әсем не істегелі тұр?
- Қуыршақ тамақ істегелі тұр.
- Тамақ қалай аталады?
- Бидайдан көже.
«Бұл кімге керек?»
Мақсаты:
балаларға заттарды бүктеу түрлерімен және олардың еңбекте қолданылуы туралы түсіндіру,
мамандықтармен таныстыру.
Ойынның барысы:
Тәрбиеші балаларға әр түрлі заттарды айтады,
аттарын ататып,
сол туралы,
қандай мақсатта қолданылатынын сұрайды.
Мысалы:
-Мынау ожау,
ол аспазшыға тамақты араластыруға,
көжені,
компотты құюға керек.
Ойын өтпес бұрын ересек жастағы балаларға әр түрлі суреттегі бейнелер мен заттарды таңдап алады.
Мысалы:
тістеуік,
балға,
кофе қайнатқыш,
шаңсорғыш,
штурвал,
компьютер,
микрофон,
сантиметр өлшейтін,
микроскоп,
телескоп.
Балалар картинаны алып,
адамдардың мамандықтарын атап,
бейнеленген заттарды өз еңбектерінде қолданады.
«Жұмысты таңдаймыз»
Мақсаты:
балаларға адамдардың мамандықтарымен таныстыру,
балаларға таныс емес мамандықтарды бақылату,
кез келген мамандыққа адамдардың еңбекке деген қызығушылығын ояту.
Ойынның барысы:
Тәрбиеші балалармен бірге дөңгелек жасап,
тақпақ айтып жүреді:
Бірге достықпен өсеміз,
Жұмысты бірге таңдаймыз.
Ғарышкер боламыз,
Ракетаны ұшырамыз.
Балалар ұшқан ракетаның дауысын салады,
тәрбиешінің айтуымен.
Капитан болып барамыз,
Кемені жүргіземіз.
«Балықшы» ойыны
Мақсаты: Алған білімдерін тиянақтау. Ойынға түгел қатыса отырып, қызығушылығын арттыруға көңіл бөлу. Одан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, оны балалардың өздері де салып, қай дыбыстан басталатынын қайталау.
Шарты: Балалар аквариумнен магниттік кубиктерді қармақпен аулап алады да, кубиктегі қандай әріп, қандай дыбыс екенін тауып, сол әріпке сөйлем құрап әңгімелеу қажет.
«Айдаhардың құйрығы»
Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу.
Ойынның барысы: Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған адам – «айдаhардың басы». Ең соңғысы – «құйрығы» болады.
Ойын кезінде көңілді музыка қойылады. «Айдаhардың басы» ең күрделі жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады. Оның мақсаты: ұстап алу, құйрықтың мақсаты: ұстатпау, қайткенде де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол - «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген