15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дидактикалық ойындар
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.
Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы,геометриялық пішіндер.
Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып,мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.:
а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелексалынған сандық карточканы көрсетеді/;
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелексалынған сандық карточканы көрсетеді/;
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкестапсырмаларды көрсетіндер.
Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтыпшығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы,дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оныатауды үйренеді.
«Дәл осындай пішінді тап»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндердіатауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялықпішіндер.
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптыңкілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр балақұлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
«Үйдің есігін жабайық»
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішкезаттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуанжәне жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
«Вагондарға дөңгелек таңдау»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білугежаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялықпішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердіңішінен табады.
«Үй құрылысының ретін көрсет»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейінпроцесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үйсуретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрліжолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйдіқұрастыруды ұсыну.
«Бет орамалға лайық жамауларды табу»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалықойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі,әртүрлі пішіндер.
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағыпішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
« Жұбын тап»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерінбекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгіретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердіңдұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
«Әдемі кілемшелер»
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейінпроцесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялықпішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстінеқойып, құрақ құрайды.
«Таныс пішіндер доминосы»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттыңішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суреттіүстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суреттебейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
«Гараждар»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлауқабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондайсуреті бар гараждар.
Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдердітаратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды.
«Көліктеріңдігараждарыңа апарып қойыңдар»
- деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті баргараждың жанына барып тұра қалады.
«Өз үйіңді тап»
Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынныңережесін сақтауға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерінкөрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлергетұра қалады.
«Зейінді бол»
Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңбердікөрсете білу.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/.
Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші,алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныспішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.
«Мынау қай пішін?»
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолынагеометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атынатайды.
«Кім зейінді?»
Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.
Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.
Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелерқұрайды. Жылдам болған бала мадақталады.
«Қандай пішін шықты?»
Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады.Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.
Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының,төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?
«Біркелкі пішіндерді сана»
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қолқимылын жаттықтыру.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер.
(15 дана)
Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерденбіркелкі пішіндерді санап атау.
«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкеспішіндермен толтырту.
Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкеспішіндермен толтыр.
«Қандай пішін жетіспейді?»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінінтапқызу.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер.
(Қораптан алу)
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдардеп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген