400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дифференциалдық және интегралдық есептеулер

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша ХІ сынып оқушыларына арналған қолданбалы курс бағдарламасы (аптасына 1 сағат , барлығы 34 сағат)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика пәні бойынша ХІ сынып оқушыларына арналған қолданбалы курс бағдарламасы (аптасына 1 сағат , барлығы 34 сағат)


Тақырыбы: Дифференциалдық және интегралдық есептеулер

І.Кіріспе.

Білім туралы заңда және Қазақстан-2030 жылға дейінгі стратегиясын айқындаған жолдауда елдің дамуына негіз болатын ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударылған. Олай болса әрбір пәннен дәріс беретін ұстаздар қауымының алдында үлкен міндеттер жүктелген. Біздің қоғамымызды дамытатын және ілгері апаратын ұрпақтың білімі де жан-жақты болуы тікелей ұстазға байланысты. Сондықтан әрбір мұғалім оқушы білімін тереңдетіп , оның ой-өрісі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жүзеге асуына баса назар аударуға тиіс.

Сондықтан жаратылыстану-математикалық бағыттағы ХІ сынып оқушыларына аптасына 1 рет , жалпы барлығы 34 сағат мөлшеріндегі қолданбалы курста әртүрлі қосымша тапсырмалар беру арқылы олардың ой-өрістік деңгейін көтеру арқылы математиканың әртүрлі тақырыптық саласы бойынша қызығушылығын дамытуға болады деп есептеймін.

Курсты бірнеше тақырыптарға бөлу арқылы жүйелеп, өмірде, тұрмыста қолданылуын көрсету арқылы ой түйіндеуіне, теориялық білімдерінің нақтылануына жол ашады, сөйтіп таңдалған курстың «Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» тарауы бойынша білік, дағды қалыптасады деп ойлаймын.

ІІ. Курстың мақсаты:

    1. Дифференциалдық және интегралдық есептеулер негіздері бойынша оқушы белсенділігін дамыту.

    2. Дифференциалдық және интегралдық есептеулерді физика мен геометрияда жуықтап есептелуде т.б. ғылымдар саласында қолданылуы туралы түсінік беру.

    3. Тақырып негізінде оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмысын ұйымдастырып өз бетімен іздену үрдісін қалыптастыру.

ІІІ. Курстың міндеттері :

  1. Оқушыларды дифференциалдық және интегралдық есптеулер тарауын меңгерту арқылы пәнге деген қызығушылығы мен бейімділігін арттыру;

  2. Шәкірт білімін жетілдіру арқылы мамандық таңдау жолында дұрыс шешім қабылдау жолында бағыт беру;

  3. Дифференциал мен интегралдау амалымен әртүрлі ауданды, көлемді және ең үлкен , ең кіші мәндерді табу дағдыларын қалыптастыру;

  4. Берілген дифференциалдың алғашқы функцияларын табу арқылы оның негізгі қасиеттерін қорытып, пайымдау.

ІV. Қолданбалы курс мазмұнына қойылатын талаптар:

  1. Ғылымилығы: Тақырыптың мазмұнын ашу арқылы есептеу техникасын меңгеру дағдысы болуы.

  2. Жүйелілігі: Білмегеннен – білгенге , жайдан күрделіге.

  3. Түсініктілігі: Теориялық білімді нақты үйрету арқылы.

  4. Сапалылық және белсенділік негізі: Пәнге деген оқушы қызығушылығын арттыру;

  5. Көрнекілік ұстанымы: Оқушының жан-жақты дамуы.

  6. Теориялық білім сарамандық жұмыстарда: Оқушылардың ғылым негізінен алған білімдерін практикада қолданылуын іс-әрекетте ұштастыру;

V. Өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілгендей бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған оқушыларды ғылым негізінде тәрбиелеу үшін олардың шығармашылығы мен өз бетімен ізденіске жол ашу.

VІ. Жалпы теориялық мазмұны

І. Дифференциалдау амалы туралы жалпы түсінік.

Туындының анықтамасы , геометриялық мағынасы , жанама теңдеуі , дифференциалдау амалдары, формулалар. Күрделі функцияның дифференциалы. Функцияларды зерттеуге қолдану. Жуық есептеулерде қолдану.

ІІ. Интегралдық есептеулер

Алғашқы функцияларды табу. Интегралдық формулалар. Интегралдың қасиеттері. Ньютон-Лейбниц формуласына анықталған интегралдарды есептеу.

ІІІ. Есептеулерде қолданылуы

Интегралдың геометрияда және физикада қолданылуы. Жуықтап есептеулерге қолданылатын есептер. Функцияның ең үлкен , ең кіші мәндерін табуға арналған есептеулер. Дифференциалдың физикада қолданылуы.

VІІІ. Күнтізбе жоспар


Р/с

Сабақ

Сабақтың мазмұны

Сағат саны

Өтілу күндері


1



2



3


4

5

6

7

8


9

10


11

12

13

14



15


16


17



18


19


20


1-2



3-4



5-6


7-8

9

10-11

12

13


14-15

16


17

18-19

20-21

22-23



24-25


26-27


28-29



30-31


32-33


34


І. Дифференциалдық есептеулер (16 сағат)

Туынды:

а) Функция графигіне жанама

б) Анықтамасы , мысалдар

Дифференциал:

а) Функция мәнін жуықтап есептеу

б) Жанама теңдеуі , мысалдар

Қосындының , көбейтіндінің және бөлшектің дифференциясы.

Тақырыптар негізінде жаттығу есептері.

Дифференциалдау формулалары.

Формулаларды пайдаланып жаттығу есептері.

Күрделі функцияның дифференциялы.

Дифференциалдық есептеулердің функцияларды зерттеуге қолданылуы.

Тақырыптар негізінде жаттығу есептері

Қайталау.

ІІ. Интегралдық есептеулер

Алғашқы функция. Интеграл

Интегралдың негізгі формулалары

Интегралдың қасиеттері

Ньютон-Лейбниц формулалары және онымен есептеу жұмыстары.

ІІІ. Қолданылуы.

Интегралдың геометрияда қолданылуына арналған есептер.

Интегралдың физикада қолданылуына арналған есептер

Дифференциалдау амалының физикада , техникада, геометрияда қолданылуы.


Жуықтап есептеулерге арналған қолданбалы есептер.

Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндеріне арналған қолданбалы есептер.

Қайталау. Қорытынды сабақ.



2



2



2


2

1

2

1

1


2

1


1

2

2

2



2


2


2



2


2


1
















Математика пәні мұғалімі: Қ.Рабай




















Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Миялы орта мектебі








Математика пәнінен 11 сыныпта

жүргізілетін қолданбалы курс








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
01.03.2019
1939
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі