Сабақ
конспектісі
Сабақтың
тақырыбы:Дифференциал:міндеті
мен типі.
Сабақтың
мақсаты:
Білім алушылардың дифференциалдың
міндеті және типтерімен таныстыру,
дифференциал, жартылай осьтер туралы
түсініктер қалыптастыру.
Сабақ
жоспары:
1.Дифференциал
туралы түсінік
2.
Дифференциалдың жұмыс істеу принципі
3.Дифференциал
түрлері
1.Дифференциал
туралы түсінік
Дифференциал
- айналдырушы иінді
күшті
жетектегі екі білік арасында берілген
катынаста бөліп, олардың әртүрлі бұрыштық
жылдамдықпен
айналып қозғалуын камтамасыз ететін
күштік берілістің механизмі(1-сурет).
1-сурет.
Дифференциал
Автомобильдегі
дифференциалдау келесі үш міндеттерді
орындау кезінде жұмыс жасайды:
1.
дифференциал қозғалтқыштың қуатын
автомобильдің дөңгелектеріне жеткізеді.
2.Дөңгелектердің
айналым санын азайтып, содан айналу
моментін арттырып, оны жетекші
дөңгелектерге береді.
3.
Жетекші дөңгелектерге қуат жеткенде(бір
осьтегі 2 дөңгелекке немесе 4 дөңгелекке)
дифференциал дөңгелектерге әртүрлі
жылдамдықпен айналуға мүмкіндік береді.
Дифференциалдың
орналасуы: Артыңғы жетекті автоммобильдерде
артыңғы осьтерде орналасқан; алдыңғы
жетекті – беріліс қорабының картерінде
орналасқан; толық жетекті – алдыңғы
және артыңғы осьтерде орналасқан.
2.
Дифференциалдың жұмыс істеу принципі
Дифференциал
бөлшектері(2-сурет):
1.
Қозғалтқыш білігі- беріліс қорабынан
алған кұшті дифференциалдың басына
жеткізеді.
2.
Қозғалтқыш білігінін жүргізуші
шестернясы- конус тәрізді қисық тісті
шестернясы беріліс пен дифференциалды
байланыстырады.
3.
Сақиналы шестерня- жүргізуші шестернясын
айналу қимылына әкеледі.
4.
Жартылай ось шестернясы- қозғалтқыш
білігінің дөңгелектерге айналу жолындағы
соңғы берілістер болып табылады
5.Сателиттер-дөңгелектердің
бұрылыс кезінде дөңгелектердің айналуын
қамтамасыз етеді.
6.
Жартылай ось- дифференциалдан дөңгелектерге
күш беретін білік.
2-Сурет.
Дифференциал бөлшектері
3.
Дифференциал түрлері
Берілістің
айналу қозғалысына байланысты 3-ке
бөлінеді:
-конустық;
-цилиндрлі;
-червячный.
Конустық
дифференциал(3-сурет) басты берілістен
айналу моментін қабылдап, оны жартылай
осьтер арқылы сателиттерге жеткізеді.
3-Сурет.
Конусты дифференциал
Дифференциал
түрлері:
-Дифференциал
толық блоктанумен;
-Торсен
дифференциалы;
-Квайф
дифференциалы;
-Вискомуфта.
Дифференциал
толық блоктанумен - мұндай дифференциалдар
жүк көліктерінде және внедорожник
автомобильдерінде көп қолданады. Ол
автомобильдің жүру жолын арттырады
және жүргізуші арнайы блоктану кнопкасы
арқылы салоннан басқарады.
Торсен
дифференциалы
–
Siemens
неміс
компаниясымен шығарылды. Олар червякты
және конусты дифференциалдың комбинациясы.
Жоғары тиімді болғанымен, бірақ қызмет
көрсетуі күрделі.
Квайф
дифференциалы
–
ерекшелігі сателиттер осьтің айналу
корпусына параллель орналасқан(2
қатарға). Сонымен қатар, бұл қондырғылар
жұмыс істеген кезде үйкеліс күштері
қалыптасады, ол автоматты түрде
блокталады, егер қажет болса, автомобильдің
өтімділігін және тартылуын арттырады.
Көбінесе, Квайф дифференциалдары жеңіл
автомобильдерде және внедорожниктерде
қолданылады.
Вискомуфта
–
толық жетекті автомобильдерде қолданылады.
Алдыңғы және артыңғы дөңгелектермен
байланыс орнатады.
Бақылау
сұрақтары:
1.Дифференциал
дегеніміз не?
2.
Дифференциал қандай бөліктерден тұрады?
3.Дифференциал
қандай автомобильдерде қолданылады?
4.Дифференциалдың
шығу тарихы?
5.Дифференциалдың
түрлері? Олардың ерекшеліктері
6.Симметриялық
және симметриялық емес дифференциалдар?