400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Дихан Әбілев. Туған тілім.2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме берген ашық сабағымды жариялап отырмын.Өздеріне керегін алады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дихан Әбілев. Туған тілім.

Мектеп: Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы 12бастауыш мектеп

Күні: 08 01 19 ж

Мұғалім: :Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы

СЫНЫП: 2д

Қатысқандар саны:21

Қатыспағандар:0

Сабақ негізделген оқумақсаты (мақсаттары)

2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу 2.2.4.1 - мақал-мәтел, жұмбақ, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 2.3.2.1- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын әңгімелер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен жұмбақтар құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық білім алушылар:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Білім алушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір білім алушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Құндылыққа баулу

Сын тұрғысынан ойлау .Тыңдаушыларды бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.Қолдау көрсету,бір-біріне көмектесу,татулық,достық сезімдерін қалыптастыру.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық,жеке тапсырмалар, кері байланыс

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек,ағылшын тілі, орыс тілі.

Тілдік мақсат

Ана-мама-mother

Тіл-язык-language

Дала-степь-steppe

Отан-Родина-homeland


Жоспарланған уақыт

Басы  5 минут


Жоспарланған жаттығулар


Психологиялық дайындық
Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы күн достарым

Қайырлы күн қонақтар!


Ресурстар



Қимыл – қозғалыстар арқылы жасайды



Оқушыларды 3 топқа бөлу: 1.Құдіретті тілім

2.Қасиетті тілім, 3.Қазақ тілім, Ашық сұрақтар: -Біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Біздің мемлекеттік тіліміз қандай тіл? -Басқа қандай тілдерді білеміз?

Топқа бөлініп отырады










5 минут

Үй тапсырмасы "Туған жердің тұрғындары" «Туған жеріңді танып біл!» әдісі арлқылы үй жұмысын сұрау.

1.Сенің туған жерің қалай атталады? 2. Мен туған жеріңе деген сезіміңді ерекше сөздермен жеткізіп көр?

3. Сенің туған жеріңде қандай адамдар тұрады?

4. Туған жердің тұрғындары әңгімесінің авторы кім?

5. Әбдіжаміл Нүрпейісов қай жерде туылған?

6. Әбдіжаміл Нүрпейісов кім?

7. Әбдіжаміл Нүрпейісовтің қандай шығармаларын білесіңдер?



Туған жеріңді танып біл!» әдісі арқылы сұраққа жауап береді








Ортасы 20 минут

Білу және түсіну

« Тіл» деген ұғымды кім қалай түсінеді?

әдебиет жүрегі
........байлығымыз мәдениетіміз.......
.......ұлттығымыз намысымыз......
......арымыз.
Айтылым, тыңдалым Д. Әбілев туралы видео көрсету

Білім алушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.









Видео тыңдайды


Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен танысамыз

Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907-2003)

Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.

Оқылым: Оқулықпен жұмыс:

-Тізбектей оқу

-туған тіл деген сөз тіркестің орнына қазақ тіл деген сөзді қойып мәнерлеп оқу

«Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу.

Айтылым: Ана-мама-mother Тіл-язык-language Дала-степь-steppe Отан-родина-homeland

_Қолдану тәсілі Жазылым: Жұптық жұмыс:

-Әрбір білім алушы дәптерлеріне тіл, Отан, туған жер туралы мақал –мәтелдер жазады.

Сөздік жұмысы (Түртіп алу стратегиясы) Бабам – үлкен ата далам - туған жер Жүрегімді суырып алыңдар тіркесінің мағынасы – тілім жойылып кетсе, құрыса, менің де өлгенім дегенді білдіреді. сыры терең – құпиясы мол,

суырып ал – жұлып ал



«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.























Оқушылар үш тілде айтады

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті : Жаңаөзен қаласы туралы бейнероликті тамашалау


Бейнеролик тыңдау





"Талдау тәсілі" Жеке жұмыс :

Shape1 Сызбаны толықтыр

ҚShape3 Shape2 азақ тілі Мемлекеттік тіл

Дескриптор: Білім алушылар сызбаны толтырады, біледі ,жатқа айта алады.

«Жинақтау тәсілі» Топтық жұмыс 1 топ. Тіл туралы жұмбақ құрастыру. Дескриптор: Білім алушылар жүмбақ құрастыра алады, түсінеді.

2 топ Эссе жазу «Туған жер» тақырыбына. Дескриптор:Білім алушылар сөйлем құрай алады,сөздерді бір-бірімен байланыстырады.

3 топ Отан тақырыбына сурет салу. Дескриптор: Білім алушылар Отан сөзінің мағанасын түсінеді, сурет сала алады



Білім алушылар сызбаны толтырады


Соңы 8 минут

Кері байланыс:













Бағалау

"Еркін микрофон" әдісі

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

2. Қазақстан Республикасында «Тіл туралы Заң» қашан қабылданды?

3. Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады?

4. «Туған тілім» өлеңінің авторы?

5. «Туған тілім» өлеңі не туралы?
6. ҚР қашан тәуелсіздік алады?



" Бағдаршам әдісі" арқылы оқушылар өз білімдерін бағалайды



Үйге тапсырма: "Туған тілім" өлеңін жаттау «Туған тілім» тақырыбында эссе жазып келу.

"Еркін микрофон" әдісі арқылы сұраққа жауап береді







Күнделікке жазады














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі