400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Дихотомиялық әдіс

Материал туралы қысқаша түсінік
Дихотомиялық кілт
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дихотомиялық әдіс.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1С: Тірі ағзалардың  көптүрлілігі


Мектеп: «Парасат» метеп лицейі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мукашева Гульжанат Даулетовна

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 7.1.1.4  белгілі бір ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді құрастыру.


Сабақ мақсаттары

  • ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді меңгеру.

Бағалау критерийлері




Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • белгілі бір ағзаларға дихотомиялық кілт құрастырады;

  • омыртқасыз жануарларға дихотомиялық кілт құрастыра алады;

  • омыртқалы жануарларға дихотомиялық кілт құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар


  • ағзалардың сыртқы ерекшеліктерін анықтайды және ауызша сипаттайды, бұл білімдерін дихотомиялық кілттерді құрастыруда жазбаша қолдана алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: дихотомиялық кілт, дихотомиялық әдіс.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы ..................... ............. - өсімдіктер мен жануарлардың өздеріне тән белгілерін анықтайтын сатыдан тұратын кесте. Өсімдіктер мен жануарлардың ..............., .........................., ..........................., ................, ......................, ........................ ерекшеліктері арқылы анықтайды.

Құндылықтарды

дарыту

Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдық, бір-бірін тыңдау құндылықтарын, жұптық жұмыс арқылы адамгершілікті, сыйластықты, жеке жұмыстар арқылы функционалды сауаттылықты дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі. Сабақтың бастапқы кезеңінде үш тілде терминдермен жұмыс жасалады. Сабақ барысында дихотомиялық кілт құруға берілген жануарларды үш тілде атайды.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, сабақтың тақырыбын, мақсатын, жетістік критерийлерін, тақырыпқа байланысты ақпараттарды талдау барысында презентация қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар «жіктеу», «тірі табиғат патшалықтары», «омыртқалы және омыртқасыз жануарлар» (5-сынып) ұғымдарына анықтама бере алады



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин



- Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру. Оқушылардың көңіл-күйін саусақтары арқылы анықтау.

Әр түрлі формадағы стикерлер арқылы оқушыларды топқа бөлу. (Топқа бөлуде әр сыныптың ерекшелігіне байланысты мұғалім өзі де отырғыза алады)

Презентация 1-де берілген ребусты шешу арқылы тақырыпты, сабақтың мақсатын анықтау.


Презентация 1








3-10 мин




Сабақтың ортасы

10-15 мин




15-25 мин











25-30 мин





Сабақтың соңы

30-38 мин


  1. /Т/ Дихотомиялық кілт туралы мұғалімнің оқушыларға түсінік беруі. Үш тілде терминдермен жұмыс жасалады.

  2. Дихотомиялық кілтті түсіндіруде мысал келтіру.

  3. Жануарлар дүниесінде омыртқасыздар мен омыртқалыларды айқындайтын дихотомиялық кілт мысалы көрсетіледі. Қосымша 1.

  4. /Тж/ Дихотомиялық кілтті пайдалануға байланысты тапсырмалар.

Оқушылардың алдына сулы препараттар, құрбақа мен көлбақасының суреттері таратылады. Осы екі түрдің сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді оқушылар постер құрып қорғайды. «Галереяны шарлау» стратегиясы қолданылады. Әр топтағы оқушылар өз постерлерін сыныптың әр түрлі аймағына орналастырып, кезекпен басқа топтардың жұмыстарын аралап талдай алады.

  1. /Жж/ Оқушылар жұпта омыртқалы және омыртқасыз жануарларды жүйелік топқа бөлу үшін дихотомиялық кілт құрастырады.

Ұсынылатын жануарлар: тоспаұлу, қоңыр аю.

  1. /Ж/ Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Қосымша 2.

Презентация





Қосымша 1









Презентация







Қосымша 2





Қосымша 3

38-40 мин

Рефлексия


  • Дихотомиялық кілт туралы түсінік қалыптасты ма?

  • Сабақта сен үшін не қиын болды?

  • Сабақ барысында қай тапсырманы орындау жеңіл болды?

Стикерлер (әр түрлі формада жасаған тиімді)

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

Топта ұйымдастыру жұмыстарын өз мойнына алады;

Сабақ бойындағы тапсырмалар оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.

Дихотомиялық кілттерге жіктей алады.

Қабілеті орта оқушылар:

Топтық жұмыста өз ойын ашық айта алады;

Дихотомиялық кілт құра алады;

Қабілеті төмен оқушылар:

Мұғалімнің қолдауы;

Дихотомиялық кілт құруда мұғалімнің қолдауына жүгінеді.

  • Топтық жұмыстарды формальды емес бағалау

  • Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған уақытта ынталандыру сөздерін айту, қолдау көрсету;

  • Жұптық жұмыста бағалау парағы арқылы өзара бағалау.

  • Жеке жұмыс бағалау критерийлері бойынша бағаланады.


  • АКТ ара қашықтығын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

  • Қалыптастырушы тапсырманы орындауда кейбір оқушыларда қиыншылықтар туындады.


Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?












7.1.6.1

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: «Парасат» мектеп лицейі

Мұғалім: Мукашева Гульжанат Даулетовна


Қатысқандары:

қатыспағандары:



Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы.


Оқу мақсаты

  • өсімдіктердің қозғалу себептерін білу

  • өсімдіктердің тіршілігіндегі қозғалыстың маңызын сипаттау (тропизм, таксис)



Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • «қозғалыс» ұғымын біледі

  • өсімдіктер қозғалатынын түсінеді

  • видеоақпаратпен жұмыс істей алады

  • қозғалыс үдерісіне ауызша түсінік бере алады

  • берілген ақпаратты анализдеп, қорытынды шығара алады

  • өсімдіктердің тіршілігіндегі қозғалыстың маңызын түсіндіреді


Бағалау критерийі

Оқушылар:

  • өсімдіктің қозғалау себептеріне кем дегенде 3 мысал келтіреді

  • өсімдіктердің тіршілігіндегі қозғалыстың маңызын түсіндіреді


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Өсімдіктің қозғалу себептерін ауызша түсіндіре алады

Оқушылар орындай алады:

  • Жарыққа қарай.............болады


Құндылықтар

Жұптық жұмыс, топ ішіндегі жұмыс уақытында оқушылардың бір бірімен және мұғаліммен диалог құру арқылы келесі бір адамның айтылған ойын сыйлауға үйретеді сонымен қатар жұмыс барысында сыни тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды. Өсімдіктің қозғалау себептерін анықтау кезінде көрсетілім арқылы және пәнаралық байланыс (физика, химия) арқылы академиялық сауаттылық дамиды.


Пәнаралық байланыс

Физика (жарық, қозғалы, тартылыс), химия (өсімдік реакцияларын ауксиннің таралуы мысалы)


АКТ

Ғаламтор желісімен жұмыс істеу


Бастапқы білім

Тірі ағзалардың қозғалу қасиеті туралы біледі


Сабақ барысы



мерзімі

Іс-әрекет



5 мин

1 2 3 4 5 сандарын санау арқылы сабақтың басталғанын (белгісін) көрсету

Сыныппен амандасу

Оқушылардың дайындығына көңіл бөлу.


(Ж) Бастапқы білімдерін саралау. Сыныппен қозғалыс үрдісін талқылау. Бұл үшін жан-жағына сұрақтар жабыстырылған кубты қолдануға болады:

Не, қалай, не үшін, неге, кімде, неліктен?

Өсімдіктер қозғала ма? – Иә қозғалады, бірақ жанаурлар сияқты бір жерден екінші жерге орын аустырмайды, тек кейбір мүшелері қозғалады

Өсімдіктер неге қозғалады? – Бір заттан тітіркенгеннен немесе керісінше жақындағысы келетін болса.

Өсімдіктер не үшін қозғалады? – Қажеттіліктеріне байланысты қозғалуы мүмкін. мысалы, күн сәулесіне ұмтылу...

Өсімдіктер қалай қоғалады? – Өсімдіктер бұрылуы мүмкін, бірақ орын ауыстырмайды

Өсімдіктер ақпарат көзі болып табыла ма? – иә, әрине. Өсімдіктердің өсуіне байланысты белгілі бір жерге күн сәулесінің мол түскенін немесе аз түскенін айта аламыз.

Кейбір өсімідктер еркін қозғалады, мысалы қанадай? – Мысалы балдырлар. Мекен ортасына байланысты (сулы орта) ағынмен бірге қозғалады.

(С) Кестені толтыру арқылы тақырып пен оқу мақсатын анықтап аламыз

Балалар тақтаға шығып, кестені толтырады (1-2 сөйлеммен)

Кері байланыс : мұғалім - оқушы

Не білемін

Нені білгім келеді

Нені білдім






Ресурс



25 мин





















Топтық жұмыс (Т)


Егер өсімдіктер қозғалатын болса, қандай факторлардың әсерінен қозғалады?

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін зерттеу жұмысын жүргізейік.

Тапсырма – 1

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/12631-osimdikting_qozhalysy_tropizmder - тропизмдер

веб сайтымен зерттеу жұмысы


Тапсырма – 2 https://www.youtube.com/watch?v=gindEc0OnJk – хемотаксис

https://www.youtube.com/watch?v=aCgbQpo2nEY – фототаксис



Бұл жасаған әрекеттен оқушылар өсімдіктердің өскіндері мен тамырларының жарыққа, ылғалға қалай жауап беретіндігін сипаттай алады.








Жұмыс парағы



5 мин



10 мин

ҚБ

Үй тапсырмасы

Рефлексия







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
1965
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі