Материалдар / Дихотомиялық кілттер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дихотомиялық кілттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2019
1061
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дидактикалық материалдар

1- қосымша

Қан жасушалары

Эритроциттер (қызыл қан жасушалары) жаңа түзілгенде ядросы болып, кейін жойылады. Екі жағы ойыс диск тәрізді ұсақ жасушалар. Эритроциттің диаметрі 7-8 мкм, ал ені 2,2 мкм. Эритроцит формасы газ алмасу үшін қажетті кеңістікті ұлғайтуға қолайлы. Қанның 1 мм3 көлемінде шамамен 5 млн. эритроцит болады. Бұл сан жыныс, жас, денсаулық жағдайына байланысты ауытқиды.

Эритроциттің құрамында гемоглобин көп мөлшерде болады. Гемоглобин – бұл оттегіні тасымалдайтын нәруызды пигмент, осы зат қанға қызыл түс береді. Эритроциттің ядросы болмайды. Гемоглобин оттегімен оның концентрациясы жоғары аумақта уақытша байланысқа түсіп, оксигемоглобин түзеді және оттегі концентрациясы төмен аумақта оны жоғалтады.

Ересек адамда эритроциттердің тіршілік ұзақтығы 3 айды құрайды, содан кейін олар бауыр немесе көкбауырда бұзылады.

Лейкоциттер эритроциттерге қарағанда ірі және қанда азырақ мөлшерде кездеседі (шамамен 1 мм3 – 7 000). Олар ағзаны ауру тудыратын бактериялардан қорғауда үлкен рөл атқарады. Лейкоциттердің ядролары болады. Ядроның болуына қарамастан, олардың тіршілік ұзақтығы бірнеше күн ғана. Олар амебоидті қозғалысқа қабілетті. Бұл қасиет оларға капилляр қабырғаларынан өтіп, зақымданған ұлпаларға қозғалуға мүмкіндік береді.

Тромбоциттер (қан пластинкалары) - формасы дұрыс емес, әдетте ядросы жоқ және мембранамен қоршалған жасуша фрагменттері. Олар сүйектің кемігінде түзіледі. Эритроциттен 4 есе кіші. Тромбоциттер қан ұю процесін жүзеге асырады. Қанның 1 мм3 көлемінде 250 000 тромбоцит болады. Адамда тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 5-9 тәулік, содан кейін олар бауыр немесе көкбауырда бұзылады.

Қанның атқаратын қызметтері:

1 - тасымалдау - жасушалар мен ұлпаларға қоректік заттар мен оттегін жеткізіп, ал олардан зат алмасудан пайда болған қосылыстарды, көмір қышқыл газын өкпеге жеткізу.

2 - қорғаныштық қызметі - қанда лейкоциттер әрекетінің арқасында антитоксиндер, антиденелер пайда болып, олар фагоцитоз қызметін атқарады.

3 - қан тамырлар арқылы үнемі жүріп тұрғандықтан, ағзадағы пайда болған жылуды біркелкі таратады.

4 - коррелятивтік - қан арқылы ағзадағы жасушалар, ұлпалар мен мүшелер байланысады.

Ағзадағы қан екі түрде кездеседі: біріншісі – қан тамырларындағы қозғалыста болатын қан (айналымдағы қан), екіншісі – қор ретіндегі депода сақталатын қан. Деполық мүшелер: бауыр (20%), көк бауыр (16%) және тері (10%). Тыныштық жағдайда ағзадағы қанның жартысы қан тамырларында, ал екінші жартысы – деполарда болады.

Қан- плазма мен формалы элементтерден тұрады

Адам ағзасында 4,5-5 литр қан бар. Ол ағзаның 7%-ын құрайды

Плазманың құрамы: 90-91% -су; 7-8%- нәруыз; 2%- басқа заттар (электролиттер, глюкоза, мочевина)

-Су қан плазмасы мен лимфаның негізгі бөлігі; жасушаның тіршілік әрекетіне қажет; қан қысымы мен қан көлемін сақтауға қатысады; ағзаның сұйық ортасын қамтамасыз етеді.

-Плазманың электролитті құрамы: катиондар К+ ,Са+ , Мg2+ , Na+ Аниондар Cl- , HCO3- , HPO42- , SO4 . Электролиттер қанның осмостық қысымын реттейді, буферлі ортаның құрамды бөлігі, қанның рН-ның тұрақтылығын ұстайды (қанның рН-7,35 - 7,45)

Плазма нәруыздары:

  • құрылымдық (амин қышқылдарының қоры бар);

  • Тасымалдаушы;

  • Қорғаныш (имунитетті қамтамасыз етеді, қан ұюына қатысады);

  • Қан плазмасының жабысқақтығын (вязкость) қамтамасыз етеді. Бұл артериялық қысымды ұстап тұрады, қан мен ұлпа сұйықтығы арасындағы сұйықтықтардың алмасуын анықтайтын онкотикалық қысымды қамтамасыз етеді.

Альбуминдер- 60%- қан арқылы таралатын көптеген заттардың тасымалдаушысы.

Глобулиндер:

  • глюкозаның қандағы айналымына қатысады. Тироксин гормонын, липидтер мен майда еритін витаминдерді (А, Д, Е, К), темір мен холестеролды, күрделі көмірсулар тасымалдайды.

  • Қорғаныш қызметін атқарады.

Фибриноген- қанның еритін нәруызы. Ерімейтін нәруыз фибринге айналып қанның ұюына қатысады.

2- қосымша

  1. Қанның құрамын сызбада көрсетіңіз:










  1. Қанның формалы элементтерін атап жазыңыз














3. Кестені толтырыңыз


Белгілері

Қан жасушалары



Түсі


түссіз

Ядросы





Түзілетін орны

сүйек кемігінде





Бұзылатын орны


көкбауыр мен бауырда


Атқаратын қызметі







Бағалау критерийлері

Дескрипторлар:


Эритроциттер мен лейкоциттердің ерекшеліктері мен қызметтерін түсіндіреді


Тромбоциттердің ерекшеліктері мен маңызын сипаттайды


Қан плазмасының құрамын біледі


Қанның қызметтерін түсіндіреді

1. Қанның құраушы компоненттерін суреттен анықтайды.

2. Қанның құраушы элементтерінің сипаттайды.

3. Эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттердің қызметтерін түсіндіреді

4. Қан плазмасының құрамын біледі

5. Қан плазмасының қызметін түсіндіреді

6. Ағзадағы қанның қызметін біледі.



3- қосымша

А-деңгей: Тапсырма. Дұрыс жауапты таңдаңыз

  • плазма – қанның мөлдір, түссіз сұйықтығы;

  • плазма құрамында 58 – 70 % су бар;

  • плазма құрамында 90 – 92 cу бар;

  • плазма құрамында 0,2 – 1,8 % cу бар;

  • фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.

  • плазма құрамында 7 – 8% нәруыз бар;

  • плазма барлық қанның 55% - ын құрайды;

  • плазма барлық қанның 65% ын құрайды;


В- деңгей: Тапсырма. Эритроциттерге тән жауаптарды таңдаңыз.








1)      Қызыл қан жасушалары;

2)      1 мм2 қанда олардың 6 – 8 мыңы бар;

3)      1 мм2 қанда олар 4,5 – 5 млн болады;

4)      Сүйек кемігінде түзіледі;

6)      Қызметі – қанды ұйыту;

7)      Тіршілік ұзақтығы – 120 тәулік;

8)      Ядролы жасушалар;

9) Құрамында темір болады;

10) Сүйектің қызыл кемігінде түзіледі;


С- деңгей: 1-тапсырма. Тұрмыстық газ бен пештегі отын толық жанбаған кезде түзілген иіс газы гемоглобинмен берік химиялық қосылыс түзеді. Осы газбен ұзақ уақыт тыныс алғанда, адам неліктен өліп кетеді?

2-тапсырма. Сәйкестігін анықтаңыз

Қан плазмасының құрамы

Атқаратын

қызметі

1

Альбуминдер

А. Қанның ұюын қамтамасыз етеді.

2

Фибриноген

Б.Денедегі сұйықтықты реттейді.

3

Глюкоза

В. Ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді

4

Глобулиндер

Г. Антидене түзуге қатысады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!