Диктант

Тақырып бойынша 25 материал табылды

Диктант

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек құралы диктант жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Диктанттың түрлері

Оқушыларға сауатты да өз ойын жазбаша жүйелі бере білуге дағдылндыратын жаттығу жұмыстанының бірі диктант жаздыру болып табылады. Негізгі мақсаттың бірі – дұрыс жазуды , яғни орфографияны үретуді көздейді. Екіншің мақсаты оқушылардың грамматмкалық ережені саналы меңгеру дағдысын тексереді, білімін сынайды.

Мектепте диктант жаздыру мақсатына қарай үйрету диктанты, және бақылау диктанты деп екі топқа бөлінеді. Ұйрету диктанты жаңа грамматикалық материалды терең меңгерту мақсатын көздейді. Бұған диктанттың мына түрлерін жатқызуға болады. Атап айтқанда: көру диктанты, шығармашылық диктант, ерікті диктант, , сөздік диктант, графикалықь диктант, үндемес диктант, тнерме диктант, т.б.. Ал, бақылау диктанты білім сынау, өтілген материалды оқушының қай деңгейде меңгергендігін білу мақсатында жүргізіледі де, қорытынды жасалады. Сондықтан диктант мазмұны мен мақсаты оны жүргізу долдарына да байлданысты болмақ. Мәселен, үйрету диктантының жүргізу жолына келелік.

Көру диктанты. Диктант оқушылардың көру , есте сақтау, тану қабілеттерін дамыту мақсатымен жүргізіледі. Көру диктантына жазылуы қиын термин сөздер, сөз тіркестері мақал-мәтелдер, жаңлытпаштар, жұмбақщтар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.

Мұғалім диктант мәтінін интерактив тақтаға неиесе үлкен қағазға әсем етіп жазып қояды. Сабақ басталысымен мұғалім дауыстап оқыпшығып, жазылуы қиын сөздерді талдайды. Оның ағынасын түсіндіреді.

Оқушылардың көру диктант мәтінін толық жаттап алуына уақыт бөлінеді.(Мәтіннің ауыр-жеңілдігіне байланыстыуақыттың мөлшерін мұғалімнің өзі белгілейді. Алайда 7-8 минуттан аспауы керек). Содан соң тақтадағы мәтінді жауып қойып, балаларға есте қалғандарын дәптерлеріне жаздыруды тапсыралы.

Жатқа жазу диктанты. Оқушылар үйде жаттап келген өлеңін, жұмбқ-жаңылтпашн, атақты абыздардың өсиеттерің, мақал-мітелдерді сыныпта естеріне қайта жңғыртып, өз беттерңнше дәптерлеріне жазады.

Бұл диктанттың мақсаты – оқушылардың жаттаған мәтіндерінің мазмұны мен мағынасын білдіріп қана қоймай, оның жазылуына, тыныс белгілеріне мән бере отырып, есте сақтау дағдысын қалыптастыру.

Сөздік диктанты.Бұл диктанттыңтмақсаты – сөзбмағынасын ұғындыру болып табылады.Сөздік диктантын жүргізу үшін мұғалім бірнеше тәсілді (көру, түсіндіру, т.б.) қолданады.Сондай-ақ сөздік диктантын сабақ бараысында 5-8минут уақыт бөліп өткізуге болады. Мұғалым бірнеше сөз беріп, (керуен, қиял, мәтін, мейман, ьт.б.) бұларды түсіндірме сөздікті пайдалана отырып беретін мағынасынтсіндіріп жаздыру.

Үндемес диктант. Мұғалім диктант барысында әр түлді заттардың суреттерін көрсетіп отырады. Ал оқушылар заттың аттарын қағазға түсіреді. Егер мұғалім бір ғана затты көрсете беруі мүмкін. Мысалы, жылқының суретін. Оқушы лар оны қайта көрсеткен сайын жылқының жас ерекшелігіне, ұрғашы

-еркегінебайланыстыаттарын жазып отыруы тиіс (тай, құлын, құлыншақ, тай, құнан, дөнен, т.б. ). Жылқы жайлыатауларды кім көп білсе, сол оқушы жеңімпазаталады.

Терме диктант. Бұл диктант белгілі бір орфографиялық ережеге сай сөздер мен сөз тіркестерінтеріп жазуға байланысты жұргізіледі.

Терме диктанты кез-келген ереже, аиле, анықтамаға байланысты. Оның пайдасы оқкшыларға мәтін ішінен өтілген материалдардың өзіне қажетті сөздерді баба білуге үйретеді.Мәселен, қос сөздер өтілді дейік, мұғалім ұсынған мәтіннің ішінен қос сөздерді тауып, оқуылар дәптерлеріне жазуы тиіс.

Швғармашылық диктант. Бұл диктант – оқушылырдың өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін өте тиімді әдіс. Аталмыш диктантты мұғалім оқушылардң өз бетінше жазған жұмыстарында кате жібермеуге, өз ойларын жүзеге асыруға, қате жібермеуге дағдыландырады.Мысалы, мұғалім оқушыларға бірнеше қос сөздер (қап-қара, ақыл-ес, жал-құйрық,әке-шеше, т.б.) ұсынып, берілген қос сөздерді пайдаланып, сөйлем құратқызуы мүмкін.

Графикалық диктант. 1-сынып оқушыларымен сауат ашудың алғашқы кезеңінен бастап графикалық диктант жүргізуге болады.

Мұндағы қойылатын мақсат:

1.Әліппеге даярлық кезінде оқушылардың үйренген сөз, сөйлем, дыбыс, буын, туралы ұғымын тереңдету.

2. Оқушылардың есіту, көру, қабылдау дағдыларын дамыту,

.3. Морфологиялық, синтаксистік білім дағдыларын (сөздің бас әріппен жазылуын, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер және олардың тыныс белгілерін) практикалық жолмен ауызша түсіндіру, оны орындап, меңгерту.

Графикалық диктантты жүргізудің тәртібі мына төмендегідей.

1.Мұғалім ауызша қысқа-қысқа сөйлемдерді дауыстап оқиды. Оқушылар зейін қоя тыңдап, әр сөйлемді көлденең бір сызықпен белгілеп отырады.

Мысалы, «Балалар сыныпқа кірді». Осы сөйлем бойынша, оқушылар үш сызық сызалы. ---- --- -----

2. Бұл жаттығу меңгерілген соң. Одан күрделірек екінші сатысына көшуге болады. Мұнда әрбір хабарлы сөйлем біткен соң нүкте қоюды меңгертуге арналған жаттығулар жүргізіледі.

Мысалы, «Болат - оқушы. Ол жақсы оқиды» деп мұғалім оқыған кезде, оқушылар бірінші сөйлемге екі көлденең сызықша, екінші сөйлемге үш көлденең сызықша сызып, әрқайсысының соңына нүкте қоюлары тиіс.

Жаттығудың келесі сатысында мұғалім оқушыларға сөйлемде неше сөз барын ажырата білуді және олрдың әрқайсысын жеке-жеке дөңгенлектеп сызып көретуді талап етеді.

Мысалы, Сыныбымыз таза. Бөлме өте биік, Сыныбымыздың төрт керезесі бар. Міні, мұнда оқушылар үш сөйлем бар екендігін, бірінші сөйлемде 2 сөз, екіншісінде 3 сөз, үшіншісінде 4 сөз бар екенін айырып, графикалық жолмен сызып беруі тиіс. Оқушылардың жұмысы былай орындалады.

Оо. 

Ооо.

оооо.

Жоғарыдағы жұмысты хат танытудың келесі кезеңінде күрделендіре түсеміз. Енді сөйлемнің бірінші сөзі және сөйлемдегі кісі аттары да бас әріппен жазылатыны, оны жазып көрсетудің жолдары түсіндіріледі.

Мысалы, Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді. Мұғалімнің ауызша айтылған сөздерін оқушылар былай бейнелеуі тиіс.

0 о. 0 о о. Немесе ...... ..... . ..... ...... ...... .

Бүгін сыныпта Жомарт кезекші. 0 о 0 о. немесе .... .... .... .... .

Жұмыстың көрсетілген түрлеріне оқушылардың дағдылануы жетілген соң, жай сөйлемнің басқа да түрлерін ажырата білуге, олардың тыныс белгілерін дұрыс қоюға жаттығады.

Мысалы, Бұл не? Бұл- тауық балапаны. Ура, ура! Мұны балалар графикалық жолмен былайша белгілейді. 0 о? 0 - о о. 0, о! немесе

.... ....? .... ... .... . ...., ....!

Бұлай белгілеуге дағдыланған соң, жұмысты бұдан да күрделендіріп, енді сөйлем, сөз, буын, әріп барлығын қамтып графикалық диктант жаздыруға болады.Енді мұнда сөйлемдегі сөздерді тік төрт бұрыштап белгілеп жазу үйретіледі.

Мысалы, сөйлем схемасы.

Shape1 Shape2 Shape3 Гүлжан су әкелді.

Сөз схемасы.

Shape4 Shape5 Shape6 Ата. Әже. Көке.

Буын схемасы

Shape7 Shape8 Shape9 Shape10 Shape11 Shape12 Shape13 Сара, алма, ара, ту.

Әріп схемасы,

Shape14 Shape15 Shape16 Shape17 Shape18 Shape19 Shape20 Shape21 Shape22 Shape23 Shape24 Шана, ала, бала.

Бақылау диктанты. Бұл диктанттың мақсаты – оқушылардың тіл материалдарын қандай дәредеде меңгенгенін және сауаттлық деңгейін анықтау. Бақылау диктантын жүргізу үшін мұғалім күні бұрын жазылатын диктанттың тақырыбы бойынша материалдарды қайталау тапсырады. Сол бойынша жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Қайталауға тиісті ережелерді береді. Олардың орындалу барысын үнемі қадағалап отырады. Түсініксіз немесе шала қабылданған материалдар сыныпта қайта талқыланып, оқушы біліміндегі ақау түзетіледі.Мұндай дайындық жұмыстары бақылау диктантының сапалы өтуіне әсерін тигізеді.

Бақылау диктантында көбірек жіберілген қателерге байланысты материал арнаулы сабақ өткізіліп, қайта еске түсірілуі тиіс. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ.


Диктантты бағалау критерийлері

«5»- қатесі мүлде жоқ, таза, барлық каллиграфиялық талаптарға сайжұмысқа қойылады.

«4» - а) 1 еміле, 1 тыныс белгісі қатесі жіберілсе;

ә) 1 еміле, 2 тыныс белгісі қателері болса, жұмыс таза орындалса қойылады.

«3» - а) 3 еміле, 2-3 тыныс белгісі;

ә) 4 еміле, 2 тыныс белгісі;

б) 5 еміле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады.

«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.


Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескерген жөн


  • Бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса 1 қате болып есептеледі.

  • Бір ережеге байланысты әр түрсі сөздерд жіберілген қателердің әрқайсысы бір қате болып есептеледі.

  • Сасымал кезінде сөздің бұрынғы жолда қайталанып келсе, сондай-ақ жіберілген мынандай қателер есепке алынбайды:

а) өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілер болсап;

ә) сөйлем соңына нүкте қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен жазса, қатегеи есепртелмейді.


Қате болып есептелмейді


  1. Сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылкы, әріп тастап кету, әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою.

Әр сынып бойынша диктант санының мөлшері

Оқушылардың сауаттылығын есепке алып, білімін бағалау үшін оқу жылының басы мен соңында және бір тоқсанда жүргізілетін бақылау диктанттарының сөз саны мынадай нормалала белгілнеді.

Бірінші сыныпта -15 – 20 сөз.

Екінші сыныпта - 25-30 сөз.

Үшінші сыныпта – 35-50 сөз.

Төртінші сыныпта – 55-70 сөз


Диктант мәтініне қойылатын талаптар


Тіл сабақтарын оқытудың дидактикалық материалдары ана тілінің әдеби үлгілерінен алынады. Сондықтан қазақ тілінің мектепте білім берудің аса жауапты кезеңі – оқушыны сауатты жазуға жаттықтыратын диктант мәтіндерін таңдай білу.

Диктант мәтіндерін сұрыптауда мынадай талаптар қойылады.

  1. Диктант мәтіндері ойдан шығарылған сөйлемдерден құрыла салмай, мүмкін болғнынша көркем әдебиет үлгілерінен терілген сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер, көркем үзінділер болғаны тиімді. Олардың мазмұны терең болып, жеткіншектерге дұрыс тәрбие беру мақсаты көзделуі керек.

  2. Әрбір мысал, әңгіме, өлеңдер, яғни диктант мәтіндері тіл (стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстауы тиіс. Сонда ғана ол баланы әдеби тілдің жүйесін меңгертуге, сөздік қорын байытуға септігін тигізеді. Мұнда оқушыға грамматикадан, орфографиядан, пунктуациядан, т.б. білім беру кезінде тіл мәдениетін де арттыру басты нысана болады.

  3. Диктант мәтіндері игерілген материалдармен байланысты болып, өтілген теориялық білімін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасауы тиіс.

  4. Диктант мәтіндері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, түсіну қабілетіне сай таңдалады. Мазмұны қызық та тартымды болып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытатындай болуы тиіс.

  5. Диктант жұмыстарын жүргізудің білімдік мәні болуы тиіс, яғный сапалы білім мен берік дағды беру көзделеді. Ол үшін оқушыларға дайын ережелерді құрғақ жаттап, еске түсіру ғана мақсат етілмей, мүмкіндігінше грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық қағидаларды белсенді түрде талдауға жетектеу қажет.

















ЕКІНШІ СЫНЫП


Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп, мәтін

1 – сыныпта өткенді қайталау.
Түрлі диктанттармен басқа да жазу жұмыстарын жүргізуге арналған үлгілік мәтіндер.
У әрпінің емлесі.


Сөдік диктант
1. Алша, өрік, шабдалы, жиде, алмұрт, жүзім, алжұмыр, кияр, сәбіз, құлпынай.

2.Пальто, тон, ішік, құлақшын, етік, плащ, хат, хабар, шахтер, монтер, альбом, фильм, Қаһарман. Гауһар.

Пальто, альбом, фильм сөздерінде қанша дыбыс пен әріп барын анықтау.

3.Үйрек, қаз, аққу, тауық, бүркіт, бөдене, қарлығаш, лашын, сұңқар, тұрымтай, қырғи, қараторғай, сауысқан, цифр, цех.

Буын схемасын сыздыру.

  1. Аю, ою, қия, қию, тоя, кірекей, қонжық, ваза, вагон, конверт, велосипед, автобус, асхана, хоккей, таңқурай, қоян, ноян, қолтырауын.

Дыбыс схемасын сыздыру.

  1. Конфет, диван, бөкебай, , аурухана, касса, кітапхана, трамбай, троллейбус, вокзал, вагон, бағдаршам.

Дытыстық талдау жасату.


Грамматикалық талдауға арналған сөз тіркестері мен сөйлемдер

Алтын күз, кең бөлме, жүйрік ат, киіз үй, өткір пышақ, қыран бүркіт, айтылған сөз, балалы үй, көп қабатты үй, таңертеңгі жаттығу, қызыл қарындаш, тәртіпті бала, жақсы ата, жер жыртты.

Біздің Отанымыз – Қазақстан.. Біз – егеменді елдің перзенттеріміз.Жазда жайлау өте көңілді. Ағабек – аға ұшқыш. Құстар - табиғат байлығы. Жомарт сурет салуды үйренді. Сурет салды.


Көру диктанты

Пышақ, жеңіс, мүйіз, шойын, отар, балапан, аққу, көгершін, суық, күз, жаңбыр, жер, батыр, ерлік, қоян, дала, қою, шегіртке, кептер, өгізше, қайық, көл, қант, бұлт.

Дауысты дыбыстардың астын бір, дауыссыз дыбыстардың астын екі сыздыру.

Дал – болма дал Нән – айран нәр

Дәл – көзде дәл Сат – алма сат

Дат – хан ием дат Сәт – іске сәт

Дау – шығарды дау Нән – ьүп-үлкен нән

Нан – пісірді нан Сан – қруар сан

Нар – жайылды нар Сән – әлемі сән

Мат – алды мат Мәз – болды мәз.

Жуан дауысты сөздерді бір, жіңішкедыбысты сөздерді екі рет сыздыру.

Мағынасын түсіндіру.

Жұмбақ

Есек құлақты,

Ешкі құйрықты,

Көрдім жүйрікті.

(қоян)

Жуан және жіңішке сөздерді бөлек жаздыру.


Өздік диктант

  1. Жуан дауысты дыбыстардың бас және кіші әріптерін жаздыру (төрт түрін).

  2. Жіңішке дауысты дыбыстардың бас және кіші әріптерін жаздыру.

  3. Дауыссыз дыбыстардың бас және кіші әріптерін жаздыру.

  4. «х» дыбысы бар сөздерді жаздыру.

  5. «ю» дыбысы бар сөздерді жаздыру.

  6. «я» дыбысы бар сөздерді жаздыру.

  7. Жіңішкелік (ь) белгісі бар сөздерді жаздыру.


Шығармашылық диктант

Еламан, ер-тұрман, аға, іні, інжу, балапан, Ақбота, Отан, орамал, хат, томар, мал, жол, орамал.

Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.



Көшіру диктанты

Бала, бәйге, сіңлі, сіріңке, астық, жәрмеңке, көбелек, көгершін, мейірімді, ғарыш, ғарышкер, жүзім, қияр, жұлдыз, сынып, әуежай, әрқашан, көгілдір, қаһарман, пальто, бөдене, парақ, сурет, мереке.

Берілген сөздерді буынға бөлдіру. Дыбыстық талдау жасату.

Тиін, киім, жиын, құйын, түйін, ая, мая, ұя, аппақ, көгілдір, сұрғылт, бұлт, ұлыды, маңырады, үрді, зауыт, шахтер, монтер, жіңішке, жуан, шаңырақ,күлдіреуіш, желбегей, байлық.

Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді бөлек-бөлек жаздыру және дыбыстық талдау жасату.


Графикалық диктант

1.Қой, қозы, қошақан, марқа, бағлан, тоқты, тұсақ, сулық, қошқар, теке.

2. Кілегей, қонжық, арыстан, жолбрыс, сілеусін, аю, мәлім, қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян.

Дыбыс әрпінің схемасын сыздыру.


1.Қаңтар, ақпан, наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қараша, қазан, желтоқсан.

2. Домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз, шаңғауыз, шертер, сырнай, сазсырнай.

Буындар схемасын сыздыру.

Сөздік диктант
Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы, сауал, сауап, сайлау, шуақ, турист, уайым, улан, урала, дастарқан. (дастархан емес), рақмет (рахмет есес), рұқсат (рұхсат емес)

. Берілген сөздерді буынға бөлдіру.

Көшіру диктанты.

Көктем

Қары еріп даланың,
Арықтардан су ақты.
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді шуақты. (Ш.Әлдібеков)

Көмекші

Жауһар – анасына жақсы көмекші.Төсегін өзі жинайды. Ыдыстарды жуады. Щетка - оның досы. Бәтенкесін, киімін, тісін тазалайды. Тап-таза жүруді жақсы көреді.

Сөйлемдердің схемасын сыздыру.


Көру диктанты

  1. Алматыда апорт алма өседі. Біз құрал екеуміз Медеу мұз айдынына бардық. Онда коньки тептік. Алматы – әсем қала.

  2. Әмір бұлақтан су әкелді.Әсем мен Әйкен аулаға гүл отырғызды. Әмірәлі күрекпен жер аударды. Қияр, пияз екті.

  3. Біз Қарағандыда тұрамыз. Әкем – шахтер. Ол шахтада көмір қазады. Үлкен ағам - монтер. Біз - тату отбасымыз.


Бақылау диктанты
У әрпі бар сөздерді тауып, буынға бөлдіру.

Жайлауда

Әкем екеуміз жайлауға бардық. Онда мен гүл тердім. Жайлаудың ауасы өте таза. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Біз атқа мініп, қой бақтық. (21 сөз)

Күз болды

  1. Күз болды. Жапырақтар қурай бастады. Жұрт саудырап кепкен пішендерін қораларына тасып жатыр. Қырман дәнге толды. (15 сөз)
    Тапсырма
    Қурай сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Сөздік диктант
Жазушы, толқын, қызық, халық, берекелі, бейбітшілік, әңгіме, тәрбиеші, әнші. (9 сөз)

Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құрату.


Буын диктанты
Іс, іс-кер, іш, іш-ті, ки-ді, ы-дыс, Ы-рыс-ты.
Аш-ты, ме-йір-ім-ді, піс-ті, мұ-ға-лім, шаң-ғы, іл-ді.


Көшіру диктанты
Өлеңді жаттап алыңдар


Оқушы боламын.
Мен - оқушы баламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
(Б.Сарыбасова.)

Терме диктант


Айгүлдің жауабы

Дала суық. Айгүл есік аша берді.Оған анасы:

  • Қызым-ау, есікті жап, үйге суық кіреді, -деді.

  • Апа, қорықпай-ақ қой, мен суықты кіргізбей тұрамын, - деді.

«Балдырғаннан»

Жуан айтылған сөздерді теріп жазыңдар.


Таң қалды

Апасы айнаға қарап тұр екен. Оны көрген Сержан:

  • Апа, айнада да сіз сияқты тәте тұр, - деп таңқалды.

Жіңішке айтылған сөздерді теріп жазыңдар.


Шығармашылық диктант

  1. Лагерьге, барды оқушылар. Лагерь қарағай қалың арасында.Оның бассейіні көл жанында үлкен бар. Балалар шомылады оған.

Сөйлемді дұрыс құру керек.

  1. Бас қаласы Астана. Астана, Отан, әсем астана, қала. Оның түп-түзу көшелері.

«Астана-бас қала» тақырыбына үш сөйлем құрату.


Өздік диктант

Құрамында я әрпі жіне жіңішкелік белгісі (ь) бар сөздерді жаздыру.

Құрамында ю әрпі бар сөздерді жаздыру.

Құрамында щ әрпі бар сөздерді жаздыру.




Ескерту диктанты

  1. Дәріхана, ұя, ұшақ, тікұшақ, шие, жүзім, тақия, бөрік, құлақшын, туфли.

Берілген сөздерді дыбыстық талдау жасату, буынға бөліп жаздыру.

  1. Пальто, фильм, альбом, костюм, ішік, желетке, юбка, жейде, көйлек, кофта.

Берілген сөздерде неше әріп, неше дыбыс барын айтқызу.


Өздік диктант

Мұрат, Қалдан, Салтанат, Айша, Бақыт,Әсия, Еламан, Ғайша, Гүлнар, Данияр, Оспан, Жаңыл, Шора, Зере.

Берілген кісі есімдерін әіпби (алфабит) ретімен жазыру.


Бал арасы

Ара – қанатты жәндік. Қорегі – гүл шырыны. Оларды қолға үйретуге болады. Олар омартада туып, өседі. Бал жинау – ауыр еңбек. Бір келі бал жинау үшін ара он мың гүлге қонады.


Сөз және оның құрамы


Сөздік диктант

  1. Ағайын, балдырған, вагон, домбыра, шаңырақ, жаңғақ, зауыт, ұжымшар, кеңшар, қарындаш, кеме, коньки, самауыр, пышақ, сүт, ілмек, ірімшік, құрт,

Жіңішке дауысты сздердің бесеуін тауып, сөйлем құрату.


2.Әткеншек, қайық, бесік, шүмек, цемент, айна, кереует, ін, үтік, жапалақ, көгершін, қарға, тырна, шәркей, кебіс, мәсі, тақия, көзілдірік.

Жуан дуысты сөздердің бесеуін таңдап, сөйлем құрату.


Өздік диктант

Бауырсақ, шелпек, тандыр нан, күлше, сүзбе, қаймақ, айран, шыжық, сірке, кілегей, саумал, шалап, көже, қымыран, шүбт, қымыз, уыз, сүт, малта, сықпа, құрт, науат, торт, жент, қақ, талқан, ет, шұжық, қазы, жал, жая, қуырдақ, бүйрек, әсіп, кеспе, нарын, мипалау.

Сүт тағамдарын, ұннан жасалатын тағамдарды және еттен жасалатын тағамдарды бөлек-бөлек жаздыру.


Көру диктанты

түс аттан түс түс көрді

жар терең жар ағаш жар

ат жүйрік ат садақ ат

қаз сарала қаз құдық қаз

жарық жарық түсті құмыра жарық

шаш шаш тара жем шаш

қара қара шекпен бері қара

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін салыстыру,


  1. көл – көлшік мал – малшы

өгіз – өгізше аң – аңшы

келін –келіншек ғарыш – ғарышкер

үй –үйшік қой – қойшы

Сөз жұптарының буын схемасын сыздыру. Мағыналарын салыстыру, сөйлем құрату.

  1. балық – балықшы жақсы – жақсылық

жылқы – жылқышы ән – әнші

теңіз – теңізші ақыл - ақылды

жазу – жазушы кел – келушілер

Берілген сөздердің қалай өзгергендерін талдату.


Өздік диктанты

  1. Егін, сауын, оқу, диірмен, домбыра, комбайн, күй, би, почта.

  2. Ас, кітап, тәлім, ауру, үш, еңбек, жұмыс, күрес, зейнет, қант.

Берілген сөздерге тиісті қосымша жалғап, мағынасын өзгерту және сөйлем құрату.

  1. кітапхана қойдың басшы

кітапты қойшы бастық

кітапта қойға бастау

кітаптың қойда баспана

Берілген сөздердің қосымшаларының астын сыздыру.

  1. Түбір сөздер: тәлім, жұмыс, көше, бидай, табыс, бай, сый, жақсы, тау, өмір, жейде, сал, көп, бол, таныс, кел, қаз.

Қосымшалар: тер, кер, ден, дан, тап, лық, лік, дір, дыр, тір,.

Түбір сөздерге қажетті қосымшаларды жалғап жаздыру.


Көру диктанты

Құй (іп, ып, п), қой (ген, ған), қасық (тай, тей), сурет (ті, ды), құлын(шақ, шек), су (да, де), күз (де, да), астық (пей, пай), үйрет (ды, ті), келін (шақ, шек).

Жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін түбірге дұрысын жаздыру.


Бақылау диктанты

Кітапхана

Біздің мкетепте кітапхана бар. Онда қызықты кітаптап көп. Кітапты таза ұстау керек. Оны жыртуға, сызуға болмайды. Алған кітабымды мерзімінде өткіземін.

Түбір мен қосымшаларды ажыратып жаздыру.


Жұрнақ пен жалғау


Ескерту диктанты

  1. Жылқы жем жеді. Жылқылар суатқа келді. Жылқышы жылқыларын суарды.Су сылдырап ақты. Жолаушы сусын ішті. Айдынғали суға шомылды Жол тақтайдай теп-бегіс. Жолдың жиегінде автобус тұр.Оған жолаушылар мінуде.

Түбір сөздер (жылқы, су, жол) мен қосымшалы сөздерді салыстыпу.

  1. а) Теңіз – теңізші, жазу – жазушы, бас – бастық, сурет- суреткер, су – суат, ойын - ойыншық, бүркіт – бүркітші.

ә) көл – көлдің, мектеп – мектепке, ауыл – ауылдан, кіші – кішкене,.

Жұрнақ пен жалғау жалғанға сөздерді салыстыру.


Шығармашылық диктант

  1. Егін, оқу, жер, көп, көмек, би, бас, ән, су-шы, -ші,-шіл, -шыл.

  2. Зейнет, ойын, іс, көл, көмек, үй, жұмыс-кер, -шық, -шік.

  3. Бала, тау, қыс, тұз, жаз, жеміс, тәрбие-лі, -лы, -лі, -қы, ғы, -гі.

Берілген түбір сөздерге қажетті жұрнақтарды жалғап жаздыру.

Жұрнақ жалғанған сөздерді қтыстырып сөйлем құрату.

Әже, щетка, шахтер, Айсұлу-дың, - нің, -дың; жайлау

Жайлау, өзен, бұлт, жұмыс, ауыл-ға, -ға, - ге, -қа;

Киіз, сұлы, темір, қант, балға-ны, -ті, -ді.

Түбір сөздерге тұсындағы жалғаулардың тиістісін жаздыру.

Жалғау жалғанған сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.


Ойын, ойыншық, ойынға; жұмыс, жұмыста, жұмысқа; ас, аспаз, асқа; орын, орынды,орындық; құрылыс, құрылысқа, құрылысшы; сылақ, сылақшы, сылақтың; білім, білімге, білімді; жыр,жырға, жыршы; тәрбиеші, тәрбиешінің, тәрбие; көқрші, көршіге, көр; балташы, балтаны, балға.

Түбір сөздерді, туынды сөздерді және жалғаужалғанған сөздерді бөлек –бөлек жаздыру.


Терме диктант

Әсем, әсемпаз;ұра, мұраға, мұрагер; жұмыс, жұмысшы, жұмыске; ас, асхана, аспаз, астау, аспап; дәрі, дәрігер, дәріхана, дәрінің; өнер, өнерлі, өнерпаз, өнерге; ұстдан, ұстахана, ұста; сатушы, сатудың, сату; бала, балапан, баламен; ойын, ойыншы, ойыншық; қалға, қалал, қала; тазалық, тазаның; еңбекте, еңбек, еңбекпен, еңбекші.

Туынды сөздерді теріп жаздыру.


Бақылау диктанты

Көктем

Көктем шықты. Күн жылынды. Ауыл жұмыскерлері іске кірісті. Тракторшылар жер жыртты. Бағбан жеміс ағаштарының түбін қопсытты. Зиянды құрттрды жоятын дәрі септі. Оқушылар құстарға ұя жасады. Қанатты достарына қамқорлық жасады,


Зат есім

Өздік диктант

  1. Кім? деген сұраққа жауап беретін бес сөз, не? деген сұраққа жауап беретін бес сөз жздыру.

  2. Балаларға өздері білетін батырлардың аттарын жаздыру.

  3. Әркімге оқыған кітаптары мен көрген кинофильмдердің аттарын жаздыру. Оларға сұрақ қойғызу.


Сөздік диктант

  1. Баба, апа, әже, әке, аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі, нағашы, жиен, бажа, бөле, немере, шөбере.

Нелер? сұрағына жауап беретін үш сөз жаздыру.

  1. Тақта, дәптер, қарындаш, қалам, қаламұш, каламсап, кітап, өшіргіш, циркуль, пенал.

Кімдер? сұрағына жауап бретін бес сөз жаздыру.

  1. Диқан, аспаз, малшы, дәрігер, жұмысшы, шаштараз, тракторшы, мұғалім, аңшы, күйші, домбрашы, күйші, почьташы, шахтер, монтер, талапкер, саудагер, жауынгер. (дихан емес - диқан)

  2. Қаршыға, қырғи, бөдене, бұлдырық, аққу, ителгі, бұлбұл, қарлығаш, нәуірзек, қырғауыл, бүркіт, бозторғай, қараторғай, кекілік, .

  3. Қолтырауын, кірекей, бұлғын, қасқыр, қарсақ, күзен, жолбарыс, арыстан, аю, қоян, түлкі, борсық, марал, киік.


Шығармашылық диктант

  1. Жиналды, астық, мол диқандар.

  2. Пісті Орынбасар, кымызды, сабадағы.

  3. Кітап, бұлағы білім.

Сөздерді дұрыс қойдырып, сөйлем құрату..

Кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтрға жауап беретін сөздер таптыру.


Үндемес диктнт

Бақшада өсетін көкөністердің суретін көрсету арқылы үндемес диктант жаздыру.


Терме диктант

1.Алтай далада доп ойнап жүрген. Оны Саттар атасы шақырды. Қолынд ара. Екеулеп ағаш аралады. Қысқа отын әзірледі.

2. Ақын болу – өз еркің азамат болу міндетің.

3.Жомарт – талантты суретші.

4.Біздің үй Тоғыс өзенінің жағасына орнадасқан.

5. Отан үшін отқа түс, күймейсің.

6. Көл жағасы у-шу.Үйректер ұшып жүр. Қаздар су бетінде қалқиды. Алыста қайықпен серуендеп жүрген балалр көрінеді. Жиекте екі кісі қармақ салып отыр. Шелек толы балық.

Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаздыру.


Ескерту диктанты

Қыс

1.Қыс түсті. Жер бетін ақ қар жапты. Алтынай мен Динара қатты қуанды. Балалар шаңғымен, шанамен, конькимен далаға шықты.

Қандай тамаша! Айнала тыныш, ауа таза. Аяз бетті шымшиды. Кейбірі сырғанақ тепсе, екіншілері аққла соқты. Балалар қыс қызығына тояр емес.

Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.

Қатты, коньки, аяз, аққала, сөздерін дыбыстық талдау жасату.

2 Жәнібек ата ауыл ұстаханасында істейді. Ұстаның негізгі аспаптары: көрік, балға, төс, қысқаш. Отқа қып-қызыл болып балқыған темірді қамырдай илейді. Жәкеңнің қолынан келмейтіні жоқ. Ауыл адамдарына күрек, кетпен, айыр,балта, кісен, шынжыр, құрсау жасап береді.


Бақлау диктанты

Торғай

Бір кісі орманда келе жатты. Қасында ерткен иті бар. Бір кезде ит торғайдың балапанын көрді. Ол ұша алмады. Ит балапанға ұмтылды. Мұны торғай байқап қалды. Ол бірден итке тап берді. Ит тоқтап қалды.

(Толстойдан)

Кім? не? деген сұрақтарға жауап баретін сөздердің астын сыздыру.


Екі лақ

Өзен жағасына екі лақ келді. Судан өтетін көпір бар. Ол бір ғана бөрене. Екі лақ көпірдің үстінен бір-біріне қарама-қарсы жүрді. Олар бір –біріне жол бермеді. Екеуі сүзісті. Ақыры екеуі де суға құлап түсті.


Шығармашылық диктант

1, Киіз үй бөлшектері.:

Малдың төлдері:

Үй құстары:

Керекті сөздер: құлын, үйрек, уық, кереге, бота. лақ, күлдіреуіш, қаз, шаңырақ, күркетауық, қозы, бұзау, есік, тауық.

2.Ұстаз, қайық, жусан, қрағай, шәкірт, киікоты, балықшы жантақ, диірменші, балықкөз, боксшы, итсигек, мия, тал, ғарышкер, ұшқыш, кекіре, монтер.

Берілген сөздерді берілген үлгі бойынша ажыратып жазыңдар.

Үлгі: кісілер: ұстаз...,

Ағаштар: қайың ....,

Өсімдіктер: жусан....,

Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, есек.

Арыстан, жолбарыс, қасқыр , аю, сілеусін....

Бидай, тары, сұлы, жүгері, арпа, зығыр....

Әр қатардағы сөздерді жинақтап ататуын жаздыру. Керекті сөздер:

үй жануарлары, жыртқыш аңдар, дәнді дақылдар.


Негізгі және туынды зат есімдер


Өздік диктант

  1. Ас, ауыс, ойын, бай, орын, оқу, дәрі, көл, барыс, кітап, жас, қас, бота, құлын, келін, түйін, қап, ермек.

Берілген сөздерге жұрнақ жалғау арқылы не? деген сұраққа жауап беретін сөздер ойлап таптыру.


  1. Оқу, жылқы , сурет, ас, бас, егін, сауын, ғарыш, теңіз, су, дәрі, мұра, ем, ұш, ойын, мақта, тәрбие, тәлім, ән, жол.

Берілген сөздерге жұрнақ жалғау арқылы кім? деген сұраққа жауап беретін сөздер ойлап таптыру.


Ескерту диктанты

Дәріхана, дәрігер, аң, аңшы, сулық, ауыздық, басшы, баспана, кітапхана, асхана, аспаз, емші, ойыншық, ойыншы, мақта, мақташы, тәлім, тәлімгер.

Берілген сөздерден кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді бөлек-бөлек жаздыру. Мағыналарын ажырату.


Сөздік диктанты

1.ас, аспаз,асхана; ойын, ойыншы, ойыншық; дәрі, дәріхана, дәрігер; бас, басшы, баспана; мұра, мұрат, мұрагер.

Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлеп құрату.


2.Өгіз-өгізше, құлын-құлншақ, бота-ботақан, келін-келіншек, көл-көлшік, көрпе-көрпеше, қап-қапшық, су-сусын.

Берілген сөздердің мағынасын айқындау, әрқайсымен сөйлем

құрату.


Шығармашылық диктант

Әуежай, барды, оқушылар, әуежайға, топсеруенге. Кездесті балалар, ұшқыштармен. Олар, тыңдады, іңгіме, қызықты. Көрсетті, ұшақ, тікұшақтарды, әуежайдағы, қызметкерлер. Мінді, ұшаққа, жолаушылар, оқушылр, таситын. Армандады, болуды, Батыр мен Орынбек, ұшқыш. Өтті, қызықты топсеруен.

Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құрап жаздыру.


Ескерту диктанты

Сәкен шаруаға өте ұқыпты болатын. Үсті-басын таза ұстайтын. Жаздыгүні бәрімізден бұрын тұратын. Үй шаруасына көмектесетін. Ол бізді бұлаққа алып баратын. Біз жуынатынбыз. Әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Қалима, Сәлималарды жуындыратын. Олардың шаштарын тарап, өретін.

Кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жаздыру.

Жаздыгүні, кішкентай сөздерін дыбыстық талдау жасату.



Көру диктанты

Мақал – мәтелдер

1.Бірлік бар жерде, тірлік бар.

2.Білім іздеген – өсер,

Бүлік іздеген – өшер.

3.Оқыған озар,

Оқымаған тозар.

4.Мал төлден өседі.

Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.


  1. Қолы қимылдағанның, аузы қимылдар.

  2. Елін сүйген – ер болар.

  3. Өнерлі өрге жүзер.

  4. Өнерді үйрен, үйрен де жирен.

  5. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.

  6. Ойна, бірақ оқуды да ойла.

Кім? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сыздыру.


Бақылау диктанты

Зауыттан екі соқа істеліп шықты. Біреуі диқанның қолына түсті. Екінші онымен жер жыртты. Екінші соқа аулада жатты. Кейін екеуі кездесті. Жұмыс істеген соқа күмістей жылтырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқаны тотбасқан. Еңбек әркімнің де шырайын кіргізетінін естеріңде ұстаңдар.

(С.Көбеев)

Кім? не?деген сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.


Бақылаут диктанты

Кәр әже

Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде кәрі әжей тұрады. Бірақ ол жалғыз болмайды. Оған балалар келіп тұрады. Әже оларға қызықты ертегілер айтып береді.Қыздар кемпірдің бөлмесін жинастырып қояды. Ұл балалар дүкеннен азық-түлік алап келеді.

( «Балдарғаннан»)

Кімдер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.


Бас әріптермен жазылатын сөздер


Өздік диктанты

Ара, сүлгі, балға, шыны, кірпіш, балта, құм, цемент, тістеуік, егеу, шеге, тақтай, шифер.

1.Сөздерді мағынасына қарай топтарға бөлдіру.

Құрал саймандар:

Құрылыс материалдары.:

2.Төрт сөйлем құрату.

Үлгі: Әкем зауыттан күйген кірпіш әкелді.


Сөздік диктант

Алматы, Алатау, бүркіт, Қазақстан Республикасын Қаһарманы, дәптер, «Балдырған», кітап, Шымкент, Іле. Қалам, қағаз, Қазығұрт, «Егемен Қазақстан», парақ.

, «Менің атым- Қожа», Қараспан, Бадам, Сөзақ, Темірлан, Түркістан, «Абай жолы».

1. Берілген сөздерден сөйлем құрату

. Бас әріппен жазылған сөздердің астын сыздыру.


Көру диктанты

Шоқан Уалиханов, Ыбытай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, «Балдырған», Қарағанды, Қапшағай, Балқаш, Қаратау, Өскемен, Қызылорда. «Аққұм».

Қала, жер, су аттарын айтып, сөйлем құрастыру.

2.Қала, жер, су аттарын айтып,берілген сөздерден сөйлем құрату.

Үлгі: Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны.


Бақылау диктантьы

Гүлнәр мен Айдар еден жуды. Салтанат гүлдерге су құйды. Ләззат пен Сәбит парталарды сүртті. Әуесхан қоқыстарды сыртқа шығарды. Біз дәрісхнамызды таза ұстаймыз.

Бас әріппен жазылған сөздердің астын сыздыру.


Өздік диктант

  1. Менің есімім- .... . Менің жеті атамның есімдері: Әкемнің аты -... ., ...., ...., .... , .... , .... ,

Оқушыларға жеті атасын жаздыру.

Үй жануарларының аттарын бас әріппен жаздыру.

Үлгі: Гүлсары, Құлагер, Құттыаяқ.

  1. Ер балалардың есімдері: ...., ...., ...., ...., .

  2. Қыз бала есімдері: ...., ...., ....,

  3. Қала атаулары: Шымкент, Алматы, ...., ...., ...., .... .

Көп нүктенің орнына балалар мен қала аттарын жаздыру.


Шығармашылық диктант

  1. астанасы, Қазақстанның, Әсем.

  2. айдыны, мұз, Алматыда, әйгілі, әлемге, Медеу, бар.

  3. Алаңы, Республика, кең.

  4. ескерткіші, ұлы Абайға, орнатылған, онда.

  5. орналасқан, бауырында, Алатаудың, Алматы.

Берілген сөздерден сөйлем құрату.

Бас әріппен жазылған сөздердің астын сыздыру.

Берілген мәтіндегі сөйлемдердің ара жігін ажыратып,қажетті тыныс белгілерін қойдыру. Жер –су, адам аттырын бас әріппен жаздыру.


Бақылау диктанты


  1. Хор үйірмесі

Біз Ыбырай Алтынсарин мектебінде оқимыз. Онда хор үйірмесі бар. Әмірбек пен Оспан жеке дауыста ән салады. Ботагөз бен Жамбыл домбыра тартады. Біздің сыныптан Зәуре, Тоғжан, Еркін, Әсем, Зәбира хорға қатысады.


  1. Біздің отбасы

Менің атым- Әйгерім. Әкемнің есімі – Ермұрат. Фамилиясы - Бижанов. Анамның аты – Гүлнәр. Біз Айнабұлақ аулында тұрамыз. Ол Алматы қаласына қарайды. Бізге Қапшағай теңізім мен Іле өзені жақын.

Бас әріппен басталып жазылған сөздерді буынға бөліп, астын сыздыру.


Не істеді? не қылды? қайтті?

сұрақтарына жауап беретін сөздер


Көру диктанты

  1. Қой қоздады. Ешкі лақтады. Бие құлындады. Сиыр бұзаулады. Түйе боталады. Тауық жұмыртқалады. Қоян көжектеді. Мегежін торайлады.

Не істеді? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.

  1. Қой маңырады. Ешкі маңырады. Бие кісінеді. Сиыр мөңіреді. Түйе боздады. Тауық қыт-қыттады. Қоян пысылдады. Шошқа қорсылдады.

Не істейді? не қылды? қайтеді? сұрақтарына жауап баретін сөздердің астын сыздыру.


Қайсысы қалй дыбыстайды?

Атам мені білсін дейді. Аю ақырады.

Бәрін біліп жүрсін дейді. Есек бақырады.

Жылқы кісінейді. Ұлар шулайды.

Сиыр мөңірейді. Көкек көкектейді.

Қой-ешкі маңырайды. Безгелдек безектейді.

Түйе боздайды Бөгелек ызылдайды.

Бұлбұл сайрайды. Арыстан күрілдейді.

Ит ырылдайды. Жолбарыс кіркілдейді

Мысық мияулайды. Мекиен қыт-қыттайды.

Үйрек бырқылдайды. Күзен шаңқылдайды.

Қаз қаңқылдайды. Шыбын ызыңдады.

Бүркіт саңқылдайды. Жылан ысылдайды.

Бақа бақылдайды. Борсық пырсылдайды.

Түлкі ырсылдайды. Сауысқан шықылықтайды.

Шошқа қорсылдайды. Бөдене бытбылықтайды.

Қасқыр ұлиды. Деп атам мені білсін дейді

Құндыз сыңсиды. Бәрін біліп жүрсін дейді.

(Е. Өтетілеуов)

Жан-жануардың қалай дыбыстайтынын сұрақ қою арқылы айтқызу. .


Шығармашылық диктант

Сегізінші нурыз


Мерекесі, бүгін, аналар. Тұрдым, ерте, мен. Сәуле, жинады, бөлмелерді. Марат, әкелді, шоқтарын, гүл, көкесі, әзірледі, шай. Сіуле, қойды, күлше, торт, . кәмпит, столға, құттықтады, жеңешесін, олар.

Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құрату.


Дұрыс па, әдде бұрыс пм?

Екі төбет тал түсте Екі саулық таласты,

Тебісті де, тартысты. Мұрындары қанасты.

Екі жылқы сүзісті, Дұрыс па, бұрыс па?

Біреуінің көзі істі. Бұрыс болса дұрыста.

(М.Жұмағалиев)

Сұрақ қойып, жан-жануарлардың іс-әрекеттерін таптыру.

Дұрыс не бұрыс екенін анықтау.


Бақылау диктанты


  1. Ата-анаға көмек

Асыл мектептен келді. Ол тамақтанды. Қорадағы қозыға шөп салды. Еденді жуды. Інісін шомылдырды.Гүлге су құйды. Шай әзірледі. Дастарқанға нан, кәмпит, қант қойды. Апасы мен әкесі оған риза болды. Әжесі немересінің бетінен сүйді.

(«Балдырғаннан»)


Біздің отбасы

Кешкі уақыт. Әкем, анам, сіңлім Жанат және мен ас бөлмесіне бардық. Біріміз ас ішуге кірістік. Тамақтанып болған соң, әкем бата жасады. Апам бізге ертегі айтты. Жанат екеуміз қызыға тыңдадақ.

Біздің отбасы өте тату.

(«Балдырғаннан»)

Мәтндегі қимылды білдіретін сөздердің астын сыздыру.


Мақал-мәтелдер


  1. Құс қанатымен ұшады,

Құйрығымен қонады.

  1. Желмен жарыспа,

Көлеңкеңді қума.

3.Ойна, бірақ сабақты да ойла.

4. Өнерлі өрге жүзеді.

5.Қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды.

6.Отты үрлеген жағады, шындықті іздеген табады.

7. Ата-ананың ақылы сайрап жатқан жолмен тең.

8: Елін сүйген, ер болар.

9.Өнерді үйрен, үйен де жирен.

10.Сумен ойнама – батарсың,

Отпен ойнама – жанарсың.

Не істеді? не қылды? қайтті? сұрауларынажауап беретін сөздердің астын сыздлыру.


Қандай? қай? сұрақтарына

Жауап беретін сөздер


Сөздік диктант

Тәтті, ащы, тұщы, қышқыл, ақ, аппақ, биік, біп-биік, қызыл, қып-қызыл, жирен, торы, қою, сұйық, күрең, аласа, семіз, арық.



Жаттап ал

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

(Абай)


Көру диктанты

Жігіттің жеті қазынасы:

Жүрдек ат – жігіт қаны, қанаты,

Қыран бүркіт – қарым, күші, қуаты.

Құмай тазы – бастан берік сенімі.

Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі,

Алмас кездік – жігіт сұсы, һәм мысы.

Ау-жылымы – амал, айла, тәсілі.

Қара қақпан – серті, есебі тірліктің.

(Е.Өтетілеуов)

Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.


Көрме диктант

Қар

Жауды, жауды ақша қар, Жаңа жылда айнала,

Жердің беті жаңарды. Ақ мақтадай ағарды.

(«Балдырғаннан»)


Шар

Қызыл, жасыл, сары, көк, Шарымызды тудай біз,

Балалардың шары көп, Әрі-бері бұлғаймыз.

(А.Меншанова)


Ара

Қара, ала ара.

Сары ала ара – қандай ара?

Оны өзің сарала.

(«Балдырғаннан»)

Қандай? қай? сұрауларына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.


Шығармашылық диктант

  1. Раушан .... әңгелек жеді. Қазының тұзы .... Гүлжан .... кітап оқыды. Хамиттің .... добы бар. Аршабай .... ағашқа өрмеледі.Елубай .... суға шомылды.

  2. .... жылқы, .... сиыр, .... түйе, .... ешкі, .... қошқар, .... ісек, .... тоқты, .... бұзау, .... тайынша, .... құнажын, .... байтал, ... жабағы.

. Көп нүктенің орнына қандай? сұрағына жауап беретін тиісті сөздерді қойып жазыңдар.


Көру диктанты

Атың жақсы болса, Балаң жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы. Жан мен тәннің шырағы.

(Төле би)

Қанлай? сұрағына жауап беретін сөздің астын сыздыру.


Бақылу диктанты


Күз

Күн суық. Аспанды сұр бұлт жапқан. Ызырық жел бет қариды. Сидиған ағаштар жапырақтан жұрдай. Жер беті сары кілем жабылған. Құстар да тынымсыз, әбігерге түскен. Олар да жылы жаққа ұшуға дайындалуда.

(Т. Арыстанғалиева)

Қандай? сұрағына жауап беретін сөздің астын сыздыру.


Егіз лақ

Сәкеннің ешкісі егіз лақ туды. Оған Орынтай қуанып жүр. Лақтың бірі қара, бірі ала. Ала лақтың жүні бұйра. Лақтар тез аяқтанды. Қара лақ үлкен болып өсті.

Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.


Көру диктанты

Мақал

1.Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

2.Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы жер – жанның тынысы.


Терме диктанты

Көбелектер

Ақ кзбелек, Неге сендер

Сұр көбелек Жүресіңдер?

Қызыл, жасыл Көз алдымда

Көк көбелек Көлбеңдеп.

Көп көбелек,

(Е.Өтетілеуұлы)

Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаздыру.


Көру диктанты

Қойда жуас бозымды - Құрау, құрау!

Шақырамын қозмды. Білмейтұғын ұзауды

Пушайт, пушайт! Шақырамын бұзауды.

Қысқа ғана құлақты Аухау, аухау!

Шақырамын лақты. Алатаудай жоталы

Шөре,шөре! Шақырамын ботаны.

Желбіреген тұлымды Көс-көс, көс-көс!

Шақырамын құлынды.

(А.Асылбеков)

Қандай? сұрағына жауап береті сөздердің астын сыздыру.


Бақылау диктанты

Арша

Арша - көрікті ағаш. Сабағы бұйра, бүртікті, хош иісті болады.Ол таулы жерде өседі. Бойы аласа. Қысы-жазы көгеріп тұрады.Көп өсетін жерін аршалы деп атайды. Арша жақсы жанады. Оны отынға жинайды.

Ескерту диктанты

Жұмбақтар

Ұзын-ұзын із кетті, Биік тауға тақ етті.

Ұзын бойлы қыз кетті. Сырғалары жарқ етті.

(найзағай)

Қара түйем қашады Қара сиырым қарап тұр.

Құмалағын шашады. Қызыл сиырым жалап тұр.

(бұлт, бұршақ) (қазан мен от)



Бақылау диктанты

Өзің мені өсірген , Шай қайнатып келейін,

Айналайын ақ әжем Самаурынға, жан әжем,

Тентек болсаң кешірген Өзім құйып берейін,

Шөлдедің бе, дана әжем? Балдан тәтті, бал әжем. .

(О.Әбубәкіров)

Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.


Қамқорлық

Күздің бір суық күні болатын. Мектептен қайтып келе жатыр едім. Қора ішінен мияулаған мысықтың әлсіз даусы естілді. Жақындап үңіліп қарадым. Ол мысықтың баласы екен. Өзі өте кішкентай. Аяп кеттім. Жылы үйге әкеліп, сүт бердім. Ол сондай сүйкімді.

Қанша? неше? несінші? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.

Сөздік диктант
Аңшылық. Қазақ даласында аңшылықтың кең тараған түрі – аңды бүркітпен аулау. Бүркіт ұстаған адамды саятшы дейді. Бүркітті аңшылар тез қолға үйренгіш деп есептейді. (21 сөз)

Тапсырма.
1) Бүркіт сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2) Соңғы сөйлемдегі жіңішке дауысты дыбыстарды тауып, бір сызықпен сыз

И әрпінің емлесі.
Сөздік диктант.
1.Инабатты, иек, айна, инелік, қайшы, иманды, киік, қайық, қасиет, мәдениет, Нәзима, Қалима, сыйлық, тыйым, сыйласу. (15 сөз)

Берілген сөздердегі дауыссыз й дыбысты сөздің астын сыздыру.


2.Екі, бес, он бір, жеті, алпыс, жүз, екінші, жетінші, он бірінші, он үш, жиырма жеті, сегізінші, отыз тоғыз, жүз қырық, он алтыншы, үшінші, тоқсан тоғыз.

Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.

Шығармашылық диктант

1.Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, смегіз, тоғыз, он.

2. Жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз.

Берілген сандарға –ыншы, інші жұрнақтарын қатыстырып, сөйлем құратып жаздыру.


  1. оқиды, Сәрсен, қалада, биыл, сыныпта, екінші.

  2. отырады, ол, партада, үшінші.

  3. оқиды, сыныпта, отыз бір, біздің бала.

  4. Оқушылар, сегізі, олардың, үздік.

Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру қажет.

Көру диктанты

  1. Жақсы атқа бір қамшы,

Жаман атқа мың қамшы.

Қандай? қанша? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

2.Екі қанат қазда бар, Қаздың да екеу аяғы,

Сайрандайды сайда олар. Құрдың да екеу аяғы.

Екі қанат құрда бар Екеуінің аяғы,

Құр ауласаң қырға бар. Төртеу болар баяғы.

Қанша? нешеу? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.


3.Табақта бар бес алма Бір алманы атама,

Қолымда бар екі алма, Тағы берем екеуін,

Қосар болсам барлыған, Жеңішем менен көкеме,

Қолда сонда неше алма? Жеті алманың мендегі,

Бір алманы анама, Қалды енді нешеуі?

Не? қанша? сұрақтарына жауап беретінсөздердің астан сызыңдар.


Бақылау диктант


Аршат - озат оқушы

Аршат қазір жеті жаста. Бірақ үшінші сыныпта оқиды. Сурет салуды жақсы көреді. Үш жасында әріп таныды. Төрт жамында кітапты өздігінен оқитын болды. Бес-алты жасында қазақ ертегілердің баршасын оқып бітірді

(«Ақ желкен» журналынан)

Неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді буынға бөліңдер.



Көру диктанты.
Иіс.
Жайнатқан кең аймағын,
Атам бағбан айтулы.
Киімінен әрдайым,
Көк иісі аңқиды.
Дастарқаны толы дәм,
Айнадай бар ыдысы.
Апамның ақ қолынан,


Шығады нан иісі.
(Қастек Баянбай)

Тапсырма.
И — әрпі бар сөздерді буынға бөл.

Ю, Я әріптерінің емлесі .
Терме диктант

1 ) Әміре Қашаубаев – қазақтың атақты әншісі.Әміре Қашаубаев кедей шаруа жанұясында туып өскен.Әміре ауылдық Жаяу Мұса, Майра Уәлиқызы сияқты әншілермен танысып,өнерін одан әрі шыңдай түседі.
2) Ақбілек қиюын қиыстырып, бар өнерін салып,текемет басты.

Көз алғысыз әдемі оюлардың өңі кете бастаған.

Қыр мұрынды, қою қара қасты, қара торы жігіт кіріп келді.(Ғ.Мүсірепов)


Ү,Ұ әріптерінің емлесі
Сөздік диктант

Үлкен,сүлгі,бұрыш, бүгін,ұқыпты,түн,бұлбұл, үрей, үкі, ұйықтады, үздік, үш, тікұшақ, ұшқыш, үкі, жауапр, суару, жуу, буу, түн, гүлдер, құлын, жазу, жазушы,құлыншақ (26 сөз)



Бақылау диктанты


Батыр апрлапывмыз

Бірде қолыма бір тамаша кітап түсті. Батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова жайында жазылыпты. Қызыға оқып шықтым. Олардың тамаша ерлігіне сүйсіндім.

(24 сөз. «Балдырғаннан»)

Қандай? қай? деген сұрақтарға жауаберетін сөздердің астын сыздыру.


Көбелектердің қону сыры

Жаз. Шабындықта түрлі гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сарғалдаққа қонды. Көк көбелек көк гүлге қонды.Бір кезде қарлығаш ұшып келді. Ол көбелектерді таба алмады. Өйткені көбелектердің түсі гүлдермен бірдей еді.

(34 сөз)

Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, дыбыстық талдау жасату.


Жыл мезгілдері

Қыс

Қыс айлары: желтоқсн. қаңтар, ақпан. Биыл қыс ерте түсті. Қар қалың жауды. Ауламыз өте кең. Ортада сырғанақ тебетін жер бар. Біз шанамен сырғанаймыз. Қыста сырғанақ тебу көңілді.

(34 сөз)



О,Ө әріптерінің емлесі
Сөздік диктанг

Шөбере, Ботагөз, төлдер,көзілдірік, Қостанай, ой, ойыншық, отыру,осы, сол, Орынтай, орындық, отау, отын, Отан, оқ, өрік,дөңгелек,өшіргіш,өтірік.


Көшіру диктанты

Тойдың сәні - ән-жыр, ойын-сауық. Асаба тойды өзі бастап, қыздырып әкетеді. Қонақтарға сөз берудің өзіндік реті болады. Алдымен ауыл ақсақалдары тойды ашып береді. Олар жастарға бақыт тілейді. Әнші көпшілік алдында өнерлерін көрсетеді. (33 сөз)


Тапсырма
О,Ө әріптері бар сөздерді тап, буынға бөл.


Өздік жұмыс

Дәр…гер, с..з, …сірді, ..ң, к…л,
Осы сөздерге сөйлем құр.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын бір сызықпен сыз.


Шығармашылық диктант


Қыс мезгілі.
Қыс …. . Қыс айлары: …., ….., …… . Қыста …… демалыс болады. Біз демаламыз, …… . Балалар ….. жақсы көреді. Асанның .... бар. Үсеннің ... бар. Алша мен Хадиша .... орнатты.
Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз.


Жыл мезгілдері


Боран

Түнде қатты боран соқты.Ол таңға жуық басылды. Таңертең аяз күшейді. Күн суыта түсті. Құсйын таңертең ерте тұрып, құдықтан су әкелді. Құлынын суарды. Үйректерге жем шашты. Қойларға шөп салды. Биесіне жем берді. Өйткені қыста төрт түлік мал қолға қарайтын.


Көру диктанты


Көктем

Көкрем айы. Күн жылынды. Дала көк көрпесіне оранды. Алғашқы гүлдер гүлдей бастады. Ағаштар жапырақ жайды. Жыл құстары да ұшып келе бастады.Балалар оларға арнап ұя жасады. Жасаған ұяларын ағашқа ілді. Қараторғайлар ұяға қона бстады. Балалар мәз болысты.


Шығармашылық диктант

1.Аты-жөнің кім?

2.Биыл нешінші сыныпта оқисың?

3.Сыныптарыңда неше бала бар?

4.Қаншасы өте жақсы оқиды?

5.Оқу құралдарың түгел ме?

Бенрілген сұрақтарға нақты жауап жаздыру.


Бұлағы, білім, кітап. Көп, көп, оқыған, біледі.

Жинады, егін, көп еғіншілер. Бақыт, ұстады, балық, қармақпен. Аяқтады оқушылар, жылын, оқу. Отбасы, тұрады, біздің, қаласында, Шымкент.

Берілген сөздерден сөйлем құрату.


Ескерту диктанты

Қазақ халқының үй жиһазы

Абажа – үйдің сәні болған. Кебеженің бұл үлкен түрі. Көбінесе тақтайдан жасалатын болған. Абажа әшекейлі жүкаяқ үстіне қойылған. Оған ыдыс-аяқ, тамақ салынатын болған. Абажада ұсталатын бұйымдар таза сақталған. (32 сөз)


Сөйлемдегі сөздер қалай байланысып тұрғанын айтқызу.


Тыйым сөздер

Қонаққа кетік кесемен шай құйма. Қонаққа берер затты сол қолыңмен берме. Итті теппе. Қойдың үстінен аттама. Қазанды төңкерме. Түнде судың бетін ашық қойма. Түнде тырнақ алма. Түнде айнаға қарама. Тісіңді қайрама. Есікті керме.

Отырғанда аяғыңды айқастырма. Біреуге қарап керілме.

Көшіріп жазып, тыйымсөздердің мғынасын түсіндіру.


Бақылау диктанты


Жаз

Жаздыгүні ыстық болады. Мамыр айында айналаның бәрі көкпеңбек. Жеміс ағаштары гүлдейді. Еңбеккерлер шөп шабады.Мектепте оқу аяқталатын күн жақын. Балалар дем алады. Олар өзенге шомылады. Жеміс-жидек тереді. (30 сөз)


Бақтағы жұмыстар

Көктем шықты. Кеңшар бригадасы жұмысқа кітісті. Олар бақтағы жеміс ағаштарының түбін қопсытты. Қураған бұтақтарды кесті. Шарбақты жөндеді. Зиянды құрттарды өлтіретін дірі шашты.Балалар да мектеп ауласына ағаш отырғызу жұмысын бастады.Серік пен Ғалия жер аударды. Талғат пен Сәрсен алма, алмұрт, шие, жаңғақ отырғызды. Әлия мен Ардақ су тасыды.


Шғармашылық диктант

  1. Әзиза қызық кітап оқыды. Олжас ағаш отырғызды. Әсем хош иісті гүл терді. Алтынбек құстарға ұя жасады.

Берілген сөйлемдердегі әр сөзге сұрақ қойдырып жаздыру.

Үлгі: Ғалия не істеді? Галия нені оқыды? Галия қандай кітап оқыды? Қызық кітапты кім оқыды?

2.а) Цирк келді, қалаға келді, біздің қалаға:

ә) Мен бардым, ағам барды, циркке бардым.

б) Арыстан секірді, шеңберден секірді, отты шеңберден.

в) Машина жүргізді, маймыл жүргізді.

г) Сазбен биледі, аттар биледі.

д) Біз қарастық, таңдана қарастық, оған қарастық.


Өзара байланысқан сөздерден сөйлем құрату.

Үлгі: Біздің қалаға цирк келді.


Қайсарлдық

Бақыт кесілген талдарды жіппен байлады. Арқанына салды. Мықшия (мықшиа) көтерді. Алға қарай ілбіп (ілби) баса берді. Бетін тер жұуып (жуып) кетті. Жүрегі аттай тулады. (тұулады). Сұуық ( суық) қарды уыстап (ұуыстап) ауызға салды.Бұума (бума) сүйреуге де көнбеді. Тастап кетуге Бақыт арланды.

(С. Сарғасқаев)

Қарамен жазылған сөздерді талдап, астын сыздыру.


Бақылау диктанты


Алматы

Алматы – Қазақстан Республикасыныңдағы әсем қала. Қала жылдың төрт мезгілінде де жайнай түседі. Ол алма, жеміс-жидек бағына, қызыл гүлге оранғандай. Онда Медеу мұз айдыны орналасқан. Мұнда жарысу үшін көптеген елдің спортшылары келеді. Даңқты стадионның мұз жолдарында талай дүние жүзілк рекорттар жасалды. (40 сөз)


«И,и» әрпі

Сөздік диктант

Ине, инелік, ителгі, сирек, сиыр, қия, жиы, иіс, жидек, жирен, жиренішті, жиын, сыйлық, тыйым, таяқ, қияқ, қиын, киін, иық, цирк, итемген.

Осындағы бес сөзді пайдаланып, сөйлем құрату.


Көру диктанты

1.Тәні саудың - жаны сау. 4. Ауру кісі күлкі сүймес,

2. Ауру - астан, 5. Көзің ауырса, қолыңды тый

Дау – қарындастан. .Ішің ауырса, аузыңды тый.

3.Туысы бірдің – уысы бір.

У әрпі бар сөздерді талдап, астын сыздыру.

Өздік диктант


Тоқтар Әубәкіров –ғарыш әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері.Тоқтар ата-анасынан жастай жетім қалып, апасының тәрбиесінде болған. Ол ұшқыш болуды армандаған. Ағамыз тынымсыз еңбек етіп, арманына жетті. Кеңес одағының батыры атанды.

Шығармашылық диктант

  1. Атасы Ержанға ойыншық керік с..лады.

  2. С..ға с..., сырға бал.

  3. Былымық бетінен су..ды.

Көже түбінен су..ды.

  1. Көзің ауырса қолыңды т...,

  2. Ішің ауырса, аузыңды т... .

  3. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен, с...лас.

  1. Бір жерде Сержанның к..імдерім жатыр.

Нүктенің орнына «и» немесе «ый» әріптерінің бірін жазңдар.



Тапсырма
Сөйлемдерді көшіріп жазып, жіңішке дауысты сөздердің астын сызыңдар.

Сөздік диктант

Клуб, штаб, қап, сап, кітап, мектеп, шөп, төсек, көсек, есеп, есік.
Тапсырма
Берілген сөздерге ы,і қосымшаларының тиістісін қосып жаз. Үш сөйлем құрату.

Үлгі: мектеп – мектебі, есік – есгі.


Көшіру диктанты
Мақалдар

1.Еріншектің ертеңі бітпес.
2.Күшіңе сенбе, біліміңе сен.
3Досыңа ат берсең,

Ақырын жүр деме.

Диктант
Пайдалы кеңес

Кітап-сенің досың. Кітапты күтіп ұста. Бетін бүктеме.Кітап-білім бұлағы. Кітапты көп оқу керек. Көп оқыған көп біледі.(19 сөз.)

Тапсырма
Үш буынды сөздерді буынға бөліп жаз.
Кітап –сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Көшіру диктанты

Аққала.

Жиналдық та көп бала,
Соқтық әне, аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.


“Бала” сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Көшіру диктанты
Қыс

Ақ қар басқан дала әні,
Жазылмаған парақтай.
Қоян қорқып қарады,
Жан – жағына алақтай.
“Қыс” туралы шағын әңгіме құрастыр.

Сөз және оның құрамы

Бақылау диктанты
Әжесінің баласы.

Есін білетін күннен Алмас әжесіне үйір болды. Жанынан бір елі аттап шықпайды. Дүкенге де бірге барады. Сірә, әжесіндей ертегіні көп білетін адам жоқ шығар жер бетінде. Алмас әжесінің осыншалықты ертегілерді қайдан білетініне таң қалды. Қалай ұмытпайтынына қызығады. (36 сөз)


Грамматикалық тапсырма:
“Ертегілерді” сөзін тасымалда.

Бақылау диктанты
Желге мінген желөкпе. Мұрат таудан төмен қарай шаңғы теуіп келе жатқан. Шаңғының тура жолында өздері соққан аққала тұрған болатын. Мұрат оны қағып өте шықты. Аққаланың басындағы шелек Мұраттың басына киіліп қалды. Сыпырғыш та желөкпе баланың қолында кетті. Аққала қатты ренжіді. (36 сөз)


Грамматикалық тапсырма:
“Таудан” сөзінің түбірі мен қосымшасын ажырат.


Сөйлем және оның түрлері


Гүлді баптау
.

Жандостың апасы сары құмыраға әдемі қызыл гүл өсірді. Оған өзі су құйып, баптап күтуші еді. Осыны үнемі көріп жүрген кішкентай Жандос та гүлдерді баптағысы келіп кетті. Анасы жұмысқа кеткенде дастарқандағы гүлдің суретіне су құйды. Су еденге төгілді. Жандос суретке су құюға болмайтынын енді түсінді. (41 сөз) (дастархан емес - дастарқан)
Грамматикалық тапсырма:
1) 1-ші сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.


Диктант
Орман тамашасы

Біз орманға бардық. Бір теректің айналысы қарақатқа тұнып тұр екен. Себетімізді толтырып ауылға қайттық. Құдайберген алдымыздан жүгіріп шықты. Бір себет қарақатты бере қойдым. Киіз үйге келіп шай іштік. Апам қаймақ пен бауырсаққа тойғызды. Сыртқа шықтық. Күн күлімдеп тұр.
(37 сөз)

Бақылау диктанты

Доп

Сұлтан үйде кітап оқып отыр еді. Мұншама қызық болар ма! Ол өзін — өзі ұмытып, қым-қиғаш оқиғаның ішіне еніп кеткендей. Кенет қатты тарс-тұрс, шатыр-шұтыр дыбыс шықты. Басын көтерем дегенше доп кеудесіне топ ете түсті. Доп лақтырған досы Есен екен. Сұлтан есін жиды.

(38 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Сұлтан есін жиды. Сөйлемдегі етістікті тап.


Диктант
Қаракөк қозы

Қозы тез өсті. Ең алдымен екі айыр мүйізі жылдам өсіп жетілді. Өзімен бірге туған төлдердің төбесінен қарайды және ерке. Мектептен келген Дәмірдің соңынан еріп жүргені, ойнақтап, секіреді. Құйрығының ұшы аппақ. Бұл да оның ерекшілігі еді.

(35 сөз)

Бақылау диктанты
Ағаттық

Бейбіт мектепке келгенде, балалар тыста ойнап жатқан. Сөмкесін қойғалы сыныпқа кірді. Өз партасына жақындағанда қызылды – жасылды бір затқа көзі түсті. Анықтап қараса, шоколад екен. Шоколадты қолына алды. Бірақ жеуге дәті бармады. Шоколадты орнына қойды. Далаға шықты. Үрейден құтылып, қуанып кетті. (40 сөз)


Грамматикалық тапсырма:
1-ші сөйлемдегі дауыссыз үнді дыбыстардың астын сыз.

Көшіру диктанты

Кім жомарт? Не жомарт?
-Кім жомарт?
-Батыр жомарт
Халық үшін жанын берген!
-Кім жомарт?
-Ұстаз жомарт –
Бар балаға тәлім берген!
-Не жомарт?
-Жер жомарт –
Адамзатты асыраған!
-Не жомарт?
-Күн жомарт –
Жерге нұры шашыраған!
(М.Әлімбаев)

Зат есім

Көшіру диктанты.


I.Көбелек
Ақ көбелек, көбелек,
Айтқаныма көне кет.
Жаңбыр жауып келеді,
Жаңа – жаңа себелеп.

II. Алатау.
Қошқар мүйіз киелі,
Қара ала тақия киеді.
Абыз ата Алатау,
Құздарды жапқан кілемі.

(қарала емес- қара ала)

Диктант


Қызғалдақ пен Қарасора

Қызғалдақты бір бала үзіп алды да, алақанымен сипап құшырлана иіскеді. Қызғалдақпен бала жүзі төңіректі нұрландырып жіберген. Бала Қарасораға қарамады. Жапыра басып жүгіре жөнелді. Қарасора өскен жерді диқандар жыртып тастады. (28 сөз)

(дихан емес- диқан)

Бақылау диктанты.

Қарамұрын.

Қарамұрын есейді. Адам иісін аңдар мен құстардың иісінен жаңылмай ажырататын болды. Орманда жеміс – жидек көп. Қарамұрын солармен қоректенетін болды. Сондықтан жылқымен сиырға тиіспейді. Адамға тіпті жуымайды. (25 сөз)


Грамматикалық тапсырма:
2-ші сөйлемдегі жуан дауысты дыбыстардың астын сыз.


Көшіру диктанты

Алғыр тазы.

Иттің бір тұқымы – тазы. Тазы итпен бабаларымыз аң аулаған. Тазы – артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарса аулаған. Бабаларымыз мысықтан гөрі итті жақсы көрген.
Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен. Ақын, сазгер Ақан серінің де жүйрік тазысы болған. (37сөз)


Диктант

Аэропорт

Кішкентай Айгүл демалысқа шыққан әке-шешесімен бірге Алматыға ұшатын болды. Қуанышында шек жоқ. Апасы жол жабдығын әзірлегенше, әкесі екеуі ұшаққа билет алуға кетті. Аэрофлот кассасының алды ығы – жығы кісі. Бірақ кезек тез жылжыды. Кассаға барып билет сатып алды. (38 сөз)


Көшіру диктанты

Қаздар аспанда тізіліп ұшып барады. Сапар қаздардың ұшқанын қызықтап, қарап тұр. Ол қол бұлғап құстарды шығарып салды.
(17 сөз)
Кім? не? кімдер? нелер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Диктант

Хрусталь

Әсем бөлмеде жалғыз болғанымен көңілді еді. Өзімен — өзі болып, әндетіп билеп жүрді. Сонан соң, диванға барып отырды. Анасына көмектескісі келіп кетті. Қолына шүберек алып, серванттың қасына барды. Хрусталь вазаны алып, сүрте бергенде, қолынан түсіп кетіп, сындырып алды.
(37 сөз)

Көшіру диктанты

Мысықтың айласы
I. Сайынның тағы да,
Іші қатты пысыпты.
Жатып алып жанына,
Умаждады мысықты.


II. Жұлқылауын қойды да,
Суға сала бастад
ы.
Жіп тақты да мойнына,
Талға байлап тастады.


III. Бейімбет Майлин жазушы Ғабит Мүсіреповпен бірігіп, “Амангелді” кинофильміне сценарий жазған. Бейімбет Майлин есімін халық қашан да қадір тұтады.

(қащанда емес- қашан да)

Диктант


Шар

Көкесі жұмысын ысырып шар үрлеуге кірісті. Көк шарды үлкен етіп үрледі. Аузын буды. Жіп тақты. Айбек көк шарды ұстап жүгіре жөнелді. Көп кешікпей Сапақ келді. Жүні жығылып қалған. Шар жарылған. Көп кешікпей Айбек келді. (35 сөз)

Сын есім.

Бақылау диктанты
Әже өнері

Маржан қалада оқитын. Жазғы демалыста ауылға келді. Әсіресе әжесін сағынып қалыпты. Қасынан шықпады. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі-түсті оюлар салып, текемет басады. Әшекей өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй мүліктерінің көбі әжесінің қолынан шыққан. (39 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1. Мәтіндегі сын есімдерді тауып, сұрақ қойып, астын сыз.
2. “Әшекей” сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Бақылау диктанты.
Әдепті бала

Автобусқа сегіз-тоғыз жасар бала мінді.Билет алып, бір бос орынға отырды.Екі-үш аялдамадан кейін автобусқа алпыс-жетпіс жастағы әже мінді. Бала әжеге өз орнын ұсынды.Әже оған алғыс айтты.(31 сөз)


Тапсырма
Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2025
363
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі