Диктанттың түрлері
Оқушыларға сауатты да өз ойын жазбаша жүйелі бере білуге дағдылндыратын жаттығу жұмыстанының бірі диктант жаздыру болып табылады. Негізгі мақсаттың бірі – дұрыс жазуды , яғни орфографияны үретуді көздейді. Екіншің мақсаты оқушылардың грамматмкалық ережені саналы меңгеру дағдысын тексереді, білімін сынайды.
Мектепте диктант жаздыру мақсатына қарай үйрету диктанты, және бақылау диктанты деп екі топқа бөлінеді. Ұйрету диктанты жаңа грамматикалық материалды терең меңгерту мақсатын көздейді. Бұған диктанттың мына түрлерін жатқызуға болады. Атап айтқанда: көру диктанты, шығармашылық диктант, ерікті диктант, , сөздік диктант, графикалықь диктант, үндемес диктант, тнерме диктант, т.б.. Ал, бақылау диктанты білім сынау, өтілген материалды оқушының қай деңгейде меңгергендігін білу мақсатында жүргізіледі де, қорытынды жасалады. Сондықтан диктант мазмұны мен мақсаты оны жүргізу долдарына да байлданысты болмақ. Мәселен, үйрету диктантының жүргізу жолына келелік.
Көру диктанты. Диктант оқушылардың көру , есте сақтау, тану қабілеттерін дамыту мақсатымен жүргізіледі. Көру диктантына жазылуы қиын термин сөздер, сөз тіркестері мақал-мәтелдер, жаңлытпаштар, жұмбақщтар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.
Мұғалім диктант мәтінін интерактив тақтаға неиесе үлкен қағазға әсем етіп жазып қояды. Сабақ басталысымен мұғалім дауыстап оқыпшығып, жазылуы қиын сөздерді талдайды. Оның ағынасын түсіндіреді.
Оқушылардың көру диктант мәтінін толық жаттап алуына уақыт бөлінеді.(Мәтіннің ауыр-жеңілдігіне байланыстыуақыттың мөлшерін мұғалімнің өзі белгілейді. Алайда 7-8 минуттан аспауы керек). Содан соң тақтадағы мәтінді жауып қойып, балаларға есте қалғандарын дәптерлеріне жаздыруды тапсыралы.
Жатқа жазу диктанты. Оқушылар үйде жаттап келген өлеңін, жұмбқ-жаңылтпашн, атақты абыздардың өсиеттерің, мақал-мітелдерді сыныпта естеріне қайта жңғыртып, өз беттерңнше дәптерлеріне жазады.
Бұл диктанттың мақсаты – оқушылардың жаттаған мәтіндерінің мазмұны мен мағынасын білдіріп қана қоймай, оның жазылуына, тыныс белгілеріне мән бере отырып, есте сақтау дағдысын қалыптастыру.
Сөздік диктанты.Бұл диктанттыңтмақсаты – сөзбмағынасын ұғындыру болып табылады.Сөздік диктантын жүргізу үшін мұғалім бірнеше тәсілді (көру, түсіндіру, т.б.) қолданады.Сондай-ақ сөздік диктантын сабақ бараысында 5-8минут уақыт бөліп өткізуге болады. Мұғалым бірнеше сөз беріп, (керуен, қиял, мәтін, мейман, ьт.б.) бұларды түсіндірме сөздікті пайдалана отырып беретін мағынасынтсіндіріп жаздыру.
Үндемес диктант. Мұғалім диктант барысында әр түлді заттардың суреттерін көрсетіп отырады. Ал оқушылар заттың аттарын қағазға түсіреді. Егер мұғалім бір ғана затты көрсете беруі мүмкін. Мысалы, жылқының суретін. Оқушы лар оны қайта көрсеткен сайын жылқының жас ерекшелігіне, ұрғашы
-еркегінебайланыстыаттарын жазып отыруы тиіс (тай, құлын, құлыншақ, тай, құнан, дөнен, т.б. ). Жылқы жайлыатауларды кім көп білсе, сол оқушы жеңімпазаталады.
Терме диктант. Бұл диктант белгілі бір орфографиялық ережеге сай сөздер мен сөз тіркестерінтеріп жазуға байланысты жұргізіледі.
Терме диктанты кез-келген ереже, аиле, анықтамаға байланысты. Оның пайдасы оқкшыларға мәтін ішінен өтілген материалдардың өзіне қажетті сөздерді баба білуге үйретеді.Мәселен, қос сөздер өтілді дейік, мұғалім ұсынған мәтіннің ішінен қос сөздерді тауып, оқуылар дәптерлеріне жазуы тиіс.
Швғармашылық диктант. Бұл диктант – оқушылырдың өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін өте тиімді әдіс. Аталмыш диктантты мұғалім оқушылардң өз бетінше жазған жұмыстарында кате жібермеуге, өз ойларын жүзеге асыруға, қате жібермеуге дағдыландырады.Мысалы, мұғалім оқушыларға бірнеше қос сөздер (қап-қара, ақыл-ес, жал-құйрық,әке-шеше, т.б.) ұсынып, берілген қос сөздерді пайдаланып, сөйлем құратқызуы мүмкін.
Графикалық диктант. 1-сынып оқушыларымен сауат ашудың алғашқы кезеңінен бастап графикалық диктант жүргізуге болады.
Мұндағы қойылатын мақсат:
1.Әліппеге даярлық кезінде оқушылардың үйренген сөз, сөйлем, дыбыс, буын, туралы ұғымын тереңдету.
2. Оқушылардың есіту, көру, қабылдау дағдыларын дамыту,
.3. Морфологиялық, синтаксистік білім дағдыларын (сөздің бас әріппен жазылуын, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер және олардың тыныс белгілерін) практикалық жолмен ауызша түсіндіру, оны орындап, меңгерту.
Графикалық диктантты жүргізудің тәртібі мына төмендегідей.
1.Мұғалім ауызша қысқа-қысқа сөйлемдерді дауыстап оқиды. Оқушылар зейін қоя тыңдап, әр сөйлемді көлденең бір сызықпен белгілеп отырады.
Мысалы, «Балалар сыныпқа кірді». Осы сөйлем бойынша, оқушылар үш сызық сызалы. ---- --- -----
2. Бұл жаттығу меңгерілген соң. Одан күрделірек екінші сатысына көшуге болады. Мұнда әрбір хабарлы сөйлем біткен соң нүкте қоюды меңгертуге арналған жаттығулар жүргізіледі.
Мысалы, «Болат - оқушы. Ол жақсы оқиды» деп мұғалім оқыған кезде, оқушылар бірінші сөйлемге екі көлденең сызықша, екінші сөйлемге үш көлденең сызықша сызып, әрқайсысының соңына нүкте қоюлары тиіс.
Жаттығудың келесі сатысында мұғалім оқушыларға сөйлемде неше сөз барын ажырата білуді және олрдың әрқайсысын жеке-жеке дөңгенлектеп сызып көретуді талап етеді.
Мысалы, Сыныбымыз таза. Бөлме өте биік, Сыныбымыздың төрт керезесі бар. Міні, мұнда оқушылар үш сөйлем бар екендігін, бірінші сөйлемде 2 сөз, екіншісінде 3 сөз, үшіншісінде 4 сөз бар екенін айырып, графикалық жолмен сызып беруі тиіс. Оқушылардың жұмысы былай орындалады.
Оо.
Ооо.
оооо.
Жоғарыдағы жұмысты хат танытудың келесі кезеңінде күрделендіре түсеміз. Енді сөйлемнің бірінші сөзі және сөйлемдегі кісі аттары да бас әріппен жазылатыны, оны жазып көрсетудің жолдары түсіндіріледі.
Мысалы, Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді. Мұғалімнің ауызша айтылған сөздерін оқушылар былай бейнелеуі тиіс.
0 о. 0 о о. Немесе ...... ..... . ..... ...... ...... .
Бүгін сыныпта Жомарт кезекші. 0 о 0 о. немесе .... .... .... .... .
Жұмыстың көрсетілген түрлеріне оқушылардың дағдылануы жетілген соң, жай сөйлемнің басқа да түрлерін ажырата білуге, олардың тыныс белгілерін дұрыс қоюға жаттығады.
Мысалы, Бұл не? Бұл- тауық балапаны. Ура, ура! Мұны балалар графикалық жолмен былайша белгілейді. 0 о? 0 - о о. 0, о! немесе
.... ....? .... ... .... . ...., ....!
Бұлай белгілеуге дағдыланған соң, жұмысты бұдан да күрделендіріп, енді сөйлем, сөз, буын, әріп барлығын қамтып графикалық диктант жаздыруға болады.Енді мұнда сөйлемдегі сөздерді тік төрт бұрыштап белгілеп жазу үйретіледі.
Мысалы, сөйлем схемасы.
Сөз схемасы.
Ата. Әже.
Көке.
Буын схемасы
Сара, алма, ара,
ту.
Әріп схемасы,
Шана, ала,
бала.
Бақылау диктанты. Бұл диктанттың мақсаты – оқушылардың тіл материалдарын қандай дәредеде меңгенгенін және сауаттлық деңгейін анықтау. Бақылау диктантын жүргізу үшін мұғалім күні бұрын жазылатын диктанттың тақырыбы бойынша материалдарды қайталау тапсырады. Сол бойынша жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Қайталауға тиісті ережелерді береді. Олардың орындалу барысын үнемі қадағалап отырады. Түсініксіз немесе шала қабылданған материалдар сыныпта қайта талқыланып, оқушы біліміндегі ақау түзетіледі.Мұндай дайындық жұмыстары бақылау диктантының сапалы өтуіне әсерін тигізеді.
Бақылау диктантында көбірек жіберілген қателерге байланысты материал арнаулы сабақ өткізіліп, қайта еске түсірілуі тиіс. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ.
Диктантты бағалау критерийлері
«5»- қатесі мүлде жоқ, таза, барлық каллиграфиялық талаптарға сайжұмысқа қойылады.
«4» - а) 1 еміле, 1 тыныс белгісі қатесі жіберілсе;
ә) 1 еміле, 2 тыныс белгісі қателері болса, жұмыс таза орындалса қойылады.
«3» - а) 3 еміле, 2-3 тыныс белгісі;
ә) 4 еміле, 2 тыныс белгісі;
б) 5 еміле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады.
«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.
Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескерген жөн
-
Бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса 1 қате болып есептеледі.
-
Бір ережеге байланысты әр түрсі сөздерд жіберілген қателердің әрқайсысы бір қате болып есептеледі.
-
Сасымал кезінде сөздің бұрынғы жолда қайталанып келсе, сондай-ақ жіберілген мынандай қателер есепке алынбайды:
а) өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілер болсап;
ә) сөйлем соңына нүкте қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен жазса, қатегеи есепртелмейді.
Қате болып есептелмейді
-
Сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылкы, әріп тастап кету, әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою.
Әр сынып бойынша диктант санының мөлшері
Оқушылардың сауаттылығын есепке алып, білімін бағалау үшін оқу жылының басы мен соңында және бір тоқсанда жүргізілетін бақылау диктанттарының сөз саны мынадай нормалала белгілнеді.
Бірінші сыныпта -15 – 20 сөз.
Екінші сыныпта - 25-30 сөз.
Үшінші сыныпта – 35-50 сөз.
Төртінші сыныпта – 55-70 сөз
Диктант мәтініне қойылатын талаптар
Тіл сабақтарын оқытудың дидактикалық материалдары ана тілінің әдеби үлгілерінен алынады. Сондықтан қазақ тілінің мектепте білім берудің аса жауапты кезеңі – оқушыны сауатты жазуға жаттықтыратын диктант мәтіндерін таңдай білу.
Диктант мәтіндерін сұрыптауда мынадай талаптар қойылады.
-
Диктант мәтіндері ойдан шығарылған сөйлемдерден құрыла салмай, мүмкін болғнынша көркем әдебиет үлгілерінен терілген сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер, көркем үзінділер болғаны тиімді. Олардың мазмұны терең болып, жеткіншектерге дұрыс тәрбие беру мақсаты көзделуі керек.
-
Әрбір мысал, әңгіме, өлеңдер, яғни диктант мәтіндері тіл (стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстауы тиіс. Сонда ғана ол баланы әдеби тілдің жүйесін меңгертуге, сөздік қорын байытуға септігін тигізеді. Мұнда оқушыға грамматикадан, орфографиядан, пунктуациядан, т.б. білім беру кезінде тіл мәдениетін де арттыру басты нысана болады.
-
Диктант мәтіндері игерілген материалдармен байланысты болып, өтілген теориялық білімін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасауы тиіс.
-
Диктант мәтіндері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, түсіну қабілетіне сай таңдалады. Мазмұны қызық та тартымды болып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытатындай болуы тиіс.
-
Диктант жұмыстарын жүргізудің білімдік мәні болуы тиіс, яғный сапалы білім мен берік дағды беру көзделеді. Ол үшін оқушыларға дайын ережелерді құрғақ жаттап, еске түсіру ғана мақсат етілмей, мүмкіндігінше грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық қағидаларды белсенді түрде талдауға жетектеу қажет.
III СЫНЫП
2-ші сыныпты қайталау.
Сөздік
диктант.
1.Көркею,есею,молаю,таяз,пияз,сия,сыйымды,сипау,уыз,жуу,уқалау,
уәде.
2.Жауын, әежай, қауға, қеуіпсіз, әлжуас, конституция, мейірімді, ашудас, шекара, тәуір, самауыр, қоңырау, көгілдір.
3. Жүзім, жұлдыз, құндыз, аппақ, бүрсігүні, биыл, қияр, шаңырақ, кебеже, адыраспан, хайуанат, айуан, қарауыл, тікұшақ, ұя, ұшақ, цирк.
Терме диктант
Сурет сабаға
Шіркін, сурет сбағы, Қызыл бояу – қызғалтақ,
Ауылды еске салады. Сары бояу - сарқалтақ.
Мың құбылтып бояймын, Жасыл бояу - жайлауым
Туып-өскен даланы. Іздеп бару арманым.
(Ө.Әубакіров)
У әрпі бар сөзде теріп жазыңдар.
Сөздік диктант
-
и, қи, жи. тый, оқ 3. Сау, бу, ту, қу, ау
-
қыс, тоқы, жібі, ірі, суы. 4. Ту, су, қу, көр.
Сөздерге у жұрнағын жалғап жаздыру.
Үлгі: иу, оқу, туу.
-
еріді, - іріді, иіді- ииді, иық-иығы, тасы-тасиды,оқы – оқиды, жылы – жылиды, ти-тиеді.
Сөздерді пайдаланып сөйлем
құрату. Дыбыстық талдау жасату.
(12сөз)
Тапсырма
Төрт сөзге сөйлем
құр.
Бақылау
диктант
Менің
күшігім.
Менің күшігім бар. Өзі сүп-сүйкімді, әрі пысық. Күшігімнің аты – Ақтөс. Айтқаныңды екі етпейді. Қозыларды да сол бағады. Үйді де күзетеді. Есік алдына бөтен мал келе қалса, қуып жібереді. Менің сондай күшігім болғанына өте қуанамын.
(33 сөз)
.
Өздік жұмыс
Әр топқа жататын сөздерді
топтап жаз.
1 Көлік түрлері:
2 Туыстық қатынасты білдіретін сөздер:
3 Табиғат құбылысын білдіретін сөздер:
4 Дене мүшелері:
Дауыссыз үнді дыбыстарының
астын сыз.
Шығармашылық
диктант
1 Өседі,қаптап,жерде,арша,
таулы.
2 Аласа ,бойы, болады, аршаның.
3 Жанады, өте, жақсы,ол.
4 Көгеріп, тұрады, ол,
қысы-жазы.
Тапсырма. Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлемдерді дұрыс құр
Сөздік
диктант
Циркуль,аэропорт,чемодан,
қаһарман, вокзал, велосипед,
фабрика,
ферма, щетка, хабар, айдаһар, хаттама.(12 сөз)
Тапсырма
Қалаған төрт сөзді буынға
бөл.
Бақылау диктант
Еліктің лағы
Қыс мезгілі. Бір топ елік
жайылып жүрді. Араларында кішкентай лағы да бар. Бір кезде тосыннан
көкжал қасқыр тап берді. Бұлар лақты ортаға алып, қаша жөнелді.
Қасқыр лақты жегісі келеді. Еліктер оған жібермейді. Тіпті
мүйіздерімен жасқап қорғап келеді. Жүгіре – жүгіре аузына түк
ілікпеген қасқыр шаршап жөніне кетті.
(45 сөз)
Шығармашылық диктант
-
Сиса көйлек үстіңе Шоқы (уменен) табылған.
Тоқы (уменен) табылған. Өнер – білім бәрі де,
Сауысқанның тамағы, Оқы (уменен) табылған.
(Ы.Алтынсарин)
2. Биыл қар көп түсті. Оңтүстіктен соққан желдің жылы(уы) байқалады. Қар ері(уге) айналды. Өзендегі мұз да жібі(уге) бет алды. Жақында су тас(уы) мүмуін.
Жақшаны ашып, сөйлемді дұрыс көшіріп жаздыру.
Сұлухан тауықтарға жем шашты. Сайлау сурет салды. Самауырынның буы бұрқырап, қайнап тұр. Таубай аға бізге Төле би бабамыз туралы әңгіме айтты. Оқушылар ауыл бағында жұмыс істеді.
«У» дыбысы бар сөздерді таптырып, сөз құрамына қарай талдау.
Сөздік диктанты
Ине, инелік, ителгі, сирек, сиыр, қия, жиын, биік, жидек, жирен. жиренішті, жиын, сыйлық, тыйым, таяқ, қияқ, қиын, иық, цирк, итиген.
Сый, сыйлқ, сыйлау, сыйымды, сыйлы, тый, тыйым, тыйымды,
Тапсырма: берілген сөздер арқылы сөйлем құраты
Көру диктанты
Жинап алып ұл-қызды, Ителгі –құс пайдақор.
Кірпіштен үй тұрғыздық. Именіп көз талдырмас.
Алайда оған сыймадық, Италақаз ойналар,
Күшікке оны сыйладық. Ит-құска еш алдырмас.
(Е.Ерботин)
Қарамен жазылған сөздерді жатқа жаздыру
Етістік
Бақылау
диктанты
Көктем
Көктем шықты. Дала қырмызы жасыл кілем жамылды. Арық бойларын мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастады. Жас шыбықтар бүршік жарып, жапырақ жайды. Жер гүлденіп, дала түрленді. (27 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
Не істейді? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөзді
тап.
Өздік диктант
-
Заттың қимылын білдіретін 3 сөз жаз.
-
Заттың атын білдіретін 5 сөз жаз.
-
Заттың сапасын, түр – түсін білдіретін 2 сөз жаз.
-
Буынға бөл: Көбелек, терезе, орындық, нан, айна.
5.Достық, ескерткіш, кезекші, шүберек, өшіргіш. (5 сөз)
Бақылау
диктант
Демалыста
Нұрлан менің сыныптасым. Биыл екеуміз де үшінші сыныпқа көштік. Оқу озаттарымыз. Өскенде екеуміз де дәрігер болмақ ойдамыз.Үйіміз фермада. Екеуміздің әкеміз бақташы. Аналарымыз үй жұмысында. Нұрлан жазғы демалысты балық аулаумен өткізді. Әкесіне де мал қайыруға көмектеседі. (37 сөз)
Көшіру диктанты.
Жаңылтпаштар.
Көшіріп, жаңылтпаштарды
жаттаңдар.
I. Ағашты шөлкемдеген бала.
Бөлке жеген бала.
Ағашты шөлкемдемеген бала.
Шешесі желкелеген бала.
II. Гүл өсірген дұрыс па?
Ұл өсірген дұрыс па?
Тіл өсірген дұрыс па?
Құр өсірген дұрыс па?
III. Көсе көсеге көсеу
көрсетті,
Көсе көсеге неше көсеу көрсетті?
Көсенің көсеге көрсеткені
Бес көсеу.
Қаратпа сөз
Терме
диктанты
“Көке-ау, өзіңді қатты сағындым тезірек әкетсеңші!” -деп бастады
хатын. Балам, баяғыда найзагерлер шауып бара жатып жыланды
сүңгісінің ұшымен желкесінен іліп әкетеді екен.Қайран бабаларым,
бізге сіздердей болу қайда! Анашым, сегізінші наурыз мерекеңізбен.
Сәуле, кешке киноға барамыз
ба?
Тапсырма: Қаратпа сөздерді тауып, астын сыз.
Көшіру диктанты
Тоғайда
Гүлнәр,Әсем,Айдана тоғайға
барды. Әсем мен Айдана бүлдірген
терді. Гүлнәр саңырауқұлақ теруге
кірісті. Олардың жанынан бір сұр қоян қаша жөнелді. Жазда тоғай іші
қандай жақсы! Айнала көкпенбек. (28
сөз)
Тапсырма
Бесінші сөйлемді қаратпа
сөзі бар сөйлемге айналдыр.
Көшіру
диктанты
Бағдаршам
Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл.
Үш көзі үш түрлі:
Қызыл, сары,жасыл.
Жұмбақ
Дөп-дөңгелек доптай
Іші қызыл шоқтай
Дәмін татып көрсең
Одан дәмді жоқтай
Тапсырма: Сын есімдерді тауып, астын сыз.
Сан есім
Көшіру диктанты
Өтірік өлең
Туғаннан соң мен – дағы
Он жасымда омала
Бесігімде жатыппын.
Тыныш жатпай онда да –
Алты қоян атыппын.
Тапсырма: сан есімдерді тауып, астын сыз.
Бақылау
диктанты
Шаңғышы
Қыс түсті. Айнала ақ көрпеге
оранды. Балалардың ендігі қызығы шанамен, шаңғымен сырғанау немесе
коньки тебу. Ербол үйінен шаңғы алып шығып, сырғанап келе жатыр
еді. Алдында сыныптасы Ботагөз тұр екен. Ербол оны жақсы біледі.
Шанасын жақында сындырып алған Ербол оны аяп кетті. Екеуі бірігіп
шаңғымен қырдан төмен қарай сырғанады. Ботагөз Ерболға риза
болды.
(52 сөз)
Грамматикалық
тапсырма:
1) 1-ші, 2-ші сөйлемді
сөйлем мүшесіне талда.
2) Мына сөздерді “шаңғымен”, “қырдан”, “шанамен” сөз құрамына
талда.
Зат есім
Көшіру диктанты
Сен бақытты ұлансың.
Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең- өмір тірегің.
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең- асыл ардағың,
Атаң- дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Ағаң-қамқор асқарың,
Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Қарындасың- қанатың,
Ел- Отаның жаннатың.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
(М.Қуанышбеков)
Тапсырма:
Тәуелдік жалғауы бар
сөздердің астын сыз.
Бақылау диктанты
Қорқақтық жараспайды
.Балалардың бәрі Асанды қорқақ
деп атайды. Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады. Жаңбыр жауып, күн
күркіресе, кірерге жер таппайды.
Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқан. Асан
қақпашы еді. Бірде күн бұлттанып, аспан жарқ-жарқ ете түсті.
Асанның зәресі ұшты. Үйіне тұра жүгіруге балалардан ұялды. Қанша
қорықса да шыдауға бекінді.
Біраздан кейін жаңбыр да басылды. Балалар ойындарын қайта
жалғастырды.
(58 сөз)
Грамматикалық
тапсырма:
1) «Ауыл» деген сөзді тәуелде.
2) Жаңбыр жауып, күн күркіресе, кірерге жер
таппайды. Сөйлемінен етістіктерді
тауып астын сыз, сұрақ қой.
3) Үйіне – сөзінің түбірі мен қосымшасын тап. Сөз құрамын
талда.
Негізгі, туынды зат
есім
Өздік диктанты
I нұсқа
Сөз құрамына
талдау.
Қой – қойшы
Ойын – ойыншы
Төбе – төбешік
Бел – белдік
Бас – басшы
Ауыз – ауыздық
II нұсқа
Мал – малшы
Оқу – оқушы
Бал – балгер
Дойбы – дойбышы
Кәсіп – кәсіпкер
Жұмыс – жұмысшы
III
нұсқа
Сақ – сақшы
Шөп – шөпші
Би – биші
Бас – бастық
Заң – заңгер
Тіл – тілші
Өздік жұмысы
Зат есімнің тәуелденуі
I нұсқа
«Оқушы, бала» сөздерін тәуелде.
II нұсқа
«Кітапханашы, қақпашы» сөздерін
тәуелде.
III нұсқа
«Дүкенші, қойшы» сөздерін тәуелде.
Бақлау диктант
Жазда
Жаппар лагерьге барды. Лагерьде балалар өте көп. Олар
көлге шомылды.Көлде әр түрлі балықтар бар. Орманға барып құлпынай,
саңырауқұлақтар тердік.Балалар лагерьде жақсы
демалды. (24 сөз).
Тапсырма:
1 Көптік жалғаулары бар
сөздерді теріп жаз.
2 Көптік жалғаулары бар сөздерді
тасымалда.
Етістік
Көшіру диктанты
Жеңіс
туы.
Рақымжан Қошқарбаев тәуекелге
бел байлады. Гришаға белгі берді. Арт жақтан біздің артиллерия оқ
атты. Мойнын созса, Рейхстаг көрініп тұр. Қаңбақтай Гриша
Рахымжанның иығына шықты. Олар Рейхстагтың кеудесіне Жеңіс Туын
тікті.
Тапсырма: Сөйлемдердің ішінен негізгі
және туынды етістікті
тап.
(30 сөз)
Бақылау
диктант
Тәттіқұмар
Менің інімнің аты – Сағдат. Ол
тәттіні көрсе қыңқылдап жылап сұрай береді. Күндердің бір күнінде
апам қонақтан келді. Сосын киімдерін шешіп, жұмыс киімдерін киді.
Содан кейін сыртқа шығып кетті. Сағдат тұрды да апамның ілулі
тұрған киімінің қалтасын ақтарып қарай бастады. Бес – алты кәмпитті
тауып алды. Қомағайланып жеді. Ақырында тісін қатты ауыртып
алды.
(49 сөз)
Бақылауи диктанты
Егін
Биыл диқандар бітік егін өсірді. Тау-тау астық қырманда үйіліп жатыр. Имаш машинасымен астық тасып жүр. Бидайды қырманға жеткізеді. Қайтадан егін жайға асығады. Көз ұшында комбайндар жүр. Имаш машинасын комбайнға тақап әкелді. Қорапқа алтын дән науамен құйыла бастады. Бидай машинаға толды. Имаш қырманға жүйткіте жөнелді. (44 сөз)
(дихан емес-диқан)
Терме диктант
Инеш
Кішкентай менің Инешім, Тал бойына кигесін,
Қолына алып инесін, Таба қалды үйлесім.
Әжесі тіккен көйлектің Осындай ісмер бөпені,
Қадап отыр түймесін. Әжесі қалай сүймесін.
(Д. Шоқпарұлы)
«И,и» және «й» әріптері бар сөздерді теріп жаздыру.
Терме диктант
-
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
(Абай)
-
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
(Абай)
3.Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.
4. Тірі адамның ардан аяулы жері бар ма?
(Абай)
-
Құйрығы –шаян, беті – арам, 3.Жылмыңы сыртта, іші – арам,
Байқамай сенбе құрбыға. Кез келер қайда сорлыға.
(Абай)
Мақал – мәтелдер
1.Ерді жаяулық емес, 3. Жалғыздың үні шықпас,
Қаяулық аздрды. Жаяудың шаңы шықпас.
4. Жалғыз мая қайымас,
2.Азды аяған, көптен құр қалар. Жалғыз жігіт байымас.
5.Жаман жігіт жолдасын жауға алдырар.
Өзін ұятқа қалдырар.
6.Көз қиядағыны да көрер, Ақыл қиялдағыны да көрер.
«Я,я» әрпі бар сөздердің астын сыздыру.
Шығармашывлық диктант
-
Құди...р бақшаға қи...р, пи...з екті. 2. Солтүстіктен ба...у самал есті. 3.Тауық ұ...сын ма...ға салыпты. 4. Әптек қышқыл, тәтті дәмі бар., то... ішсең мас қылады. 5. Екеуі үлкен үйге қарай а...ңдалы. Міне, та...қ жеген таңбасын алып келіп отыр. 6. Көзін қи... жаққа тастады. 7. Қыстың сықырлаған а...зды күні еді. 8. Өзен жасыл лента си..қты созылып жатыр 9. Сол сәтімді қи... алмай тұрмын.
(Д. Иабекоы)
Көп нүктенің орнына тиісті әріпртерді қойып жаздыру.
-
Әр ананың өмңіріндегі арманы бала сү... емес пе? – деді Бадқи... .
-
Жалғыз қалса мұңа... оның күндегі әдетіне айналады.
-
Туған жер-мекен, тұрағың, а...улы үйің.
-
Жаһангер қо... қымызды құмарлана сіміріп жіберді.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіру.
Бақылау диктанты
Оюшы
Әлия жасынан-қ ою оюды үйренуге құмарланды. Оның әжесі текеметтің түрін оюшы еді. Кейде тұс киіздің де оюын оятын. Әжесі немересіне жұмсақ сымды мүйіздеп июді, ол арқылы қағазға сызық түсіруді, сызықты дәлдеп қиюды үйретті.
Әлия дағдылана келе өрнекті оюлап сызды. Атақты оюшы болды.
(43 сөз. «Балдырғаннан»)
Дауыссыз «П,п, Б,б » дыбыстары
Өздік диктант
1.мектеп –і- .... доп-ы -....
мектеп-ім- .... қап-ы- ....
кітап-ы-.... кеп-у-...
қап-у- .... сап-ы-....
шап-у- .... теп-у-....
тап-у- .... сеп-у - ....
«Ы,ы,» «І,і» және «у» қосымшалары жалғанғансөздерде қандай өзгеріатер болатындығын меңгерту.
-
Шап-шабу-шауып; қап-қабу-қауып; тап-табу-тауып теп-тебу-теуіп; сеп-себу-сеуіп; кеп-кебу-кеуіп; жап-жабу-жауып.
Берілген сөздерді бір-бірімен салыстырып, жазылуын меңгерту. Дыбыстық талдау жасару.
Ескерту диктант
Алтын ұя мектебім. Биыл жайлаудың шөбі бітік өсіпті. Сәрсеннің кітабы оқу жылының аяғына дейін таза сақталған. Тұмау түбі –құрт, тұман түбі –жұт. Жұмытың көбі кетіп, азы қалды. Жылқының баба жақсы екенін жұрттың көзі жетті. Даниярдың добы қақпаны жанай өтті.
Қарамен жазылған сөздердің түбірін таптыру.
Бақылау диктанты
Бір күні қоян жолдан сәбіз тауып алды. Ол сәбізді суретіп алып келе жатты. Жолда оған көжек тап болды. Қоян оны көмекке шақырды. Көжек жол бойы сәбізді жалмап жей берді. Жеп тауысқан соң қашып кетті. Қоян артына қараса, қоян жоқ Ал сәбіздің тұқыл ғана қалыпты. (44 сөз «балдырғаннан»)
«К,к» «Г,г» дыбыстары
Өздік диктанты
1.Сөк-у – т.... ақ-у-...
ек-у-.... бақ-у - ...
төк-у- .... жақ-у-....
шөк-у- ... тақ-у-....
көк-і-... бақ-ы - ....
тек –і- .... тамақ-ы- ....
«ы,і» және «у» қосымшалары жалғанған сөздерде қандай болатындығын меңгерту.
Шығармашылық диктант
Ек-егу, шөк – шөгу, жақ-жағу, тақ-тағу, көк-көгі, бақ-бағы.
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құтату.
Бақылау диктанты
Киіз үй
Ата-бабамыз киіз үйде тұрған. Ол көшіп-қонуға ыңғалы.Үйдің бөлшектері: шаңырақ, кереге, уық, есік.
Терезесі - түндік. Туырлық пен уық зеңгі бабаның ақ таяғын еске салады. Белдеуі киіз үйдің белбеуі сияқты.
Текемет – киіз үйдің сәні. Ата-бабамыз осы шаңырақта өсіп-өнген. (43 сөз. «Балдырғаннан» )
«ңғ---ңг», «нг----нғ» тіркестері
Сөздік диктант
Шаңғы, шаңғауыз. шеңгел, үңгір, сүңгі, сүңгуір, соңғы, үзеңгі, қараңғы, әңгіме, дөңгелек, қараңғы, әңгіме, дөңгелек, әңгелек, қаламгер, жауынгер, нанғыш, сеңгіш, мәңгі, бұрынғы.
Бақылау диктанты
Қуғын
Асан мен Әділ шаңғы теуіп келе жатты. Кенет бір топ шеңгел түбінен екі қоян қаша жөнелді. Балалар тура қуды. Бір кезде қараса, әлгі қояндар жым-жылас жоқ. Маңайда еш нәрсе көрінбейді. Екі бала дал болды. Сөйтсе екі қашқын үңгірге кіріп кеткен екен.
(42 сөз. «Балдырғаннан»)
Ер жүрек Әлия
Біздің жауынгерлер шабуылға шықты. Алғы шепте Әлия да жүр. Жау оқ жаудырды. Рота командирі қаза тапты.
Қардай бораған оқ. Жауынгерлер бас көтере алар емес. Әлия орнынан ұшып тұрды. Жалынды ұранмен жауынгерлерді шабуылға көтерде. Жау бекінісі алынды. Казачиха селосы азат етілді.Ол жігіттерді алты рет шабуылға бастады. Әлияның ерлігі мәңгі ұмытылмайды. (50 сөз)
Сөз құрамы
Көру диктанты
Омарташы
Жүрсең өзен жағалай, Қатар-қатар жәшіктер,
Өте алмайсың қарамай. Бейне ойыншық қаладай.
Бірі жоғары, бірі төмен, Омарташы ағай жүр,
Ұшады ара күркеден. Бетін тормен бүркеген.
(Т.Молдағалиев)
Қарамен жазылған сөздердің түбірін тапқызу.
Сөздік диктант
-
Оқу, жұмыс, еңбек, оқушы, еңбектену, жұмысқа, еңбекші, жұмысшы, оқыған, еңбекке, жұмысшылар.
Түбірлес сөздерді топ-топқа бөліп жаздыру.
-
Дәптер, ас, құрылыс, қыз, жайлау.
Сөздерге қосымша қосып жаздыру.
-
Теңізші, балқытушы, сарбаздар, ауылға, балықтар, қиялшыл, сырнайшы, таудан.
Сөздердің түбірін тауып, қосымшасыз жаздыру.
Халық даналығы
Ұлың он бес... келгенше қолындағы қобызың, он бес жастан асқан соң, тіл алмаса, доңыз... .
Бала кезде нені әдет етсең, үлкейгенде соның шырмауында қала... . Тілазар бала-мойныңдағы тұзақ... .
1.Емен... и, иелетін кезінде, 3. Игілік іске құлшынған,
Бала... тый, тыйылатын кезінде. Сүрінбей өтер мың сын...
2.Егін өнбесе, қайғысы бір жылдық 4. Баладан қорлық көргені,
Бала оңбаса, қайғысы ғұмыр... Ата-ана... өлгені.
Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды қойып жаздыру.
Бақылау диктанты
Менің Құлагерім
Біздің үйде құлыншақ бар. Оның аты – Құлагер. Мен оны өте жақсы көремін. Кұлагерге күнде жем беріп тұрамын. Бос уақытымда, сабақтан соң, құлыншығыммен серуенге шығамын. Мініп үйреттім. Қазір Құлағер тай болды. Бір,екі жылдан соң, жас құлын үлкен ат болады. Мен оны арбаға жегемін. Екеуміз үйге қолғанат боламыз.
(47 сөз. «Балдырғаннан»)
Алтыбақан
Алтыбақан – халқымыздың оын-сауығының бір түрі. Жастар ауыл сыртына жиналып басқосады. Өлең айтп, ән салады. Мықты алты ағашты үш-үштен екі тұсқа қадап, бастарын байлайды. Қатарлас байлнған екі арқанға қыз бен жігіт тұрады. Екі жас алтыбақанда тербеліп, ән салады. Оларды жақын құрбылары тербетіп тұрады.
Жастар ойын сауығының бұл түрі көп тараған.
(57 сөз. Е. Әлімқұлов)
Түбір мен қосымша
Шығармашылық диктант
Дала қоңырауы
Ыбырай Орынборға оқы(уын) бітір(іп), ұстаз бол(ды). Торғай(ға) келісімен қала мектеп(ін) салдырды. Ыбырай мектеп(інің) мақсаты түсінбеген халық алғашқы кезде балалардың оқы(уға) бере қоймады. Сондықтан оларды оқы(уға) тартыу үшін Ыбырай ел арала(уға) шықты.
Ыбырай ата Алтынсарин - қазақ даласы(ның) жарық жұлдыз(ы) еді. Ол қазақ балар(ы) үшін тұңғыш рет мектеп аш(ып), оқ(улық) жазды.
. (49 сөз, С.Мәуленовтен )
Жақшаны ашып, қосымшаларды сөздерге қосып жаздыру. Қарамен жазылған сөздерде қандай өзгерістер болғанын түсіндіру.
Көруи диатанты
Мақал-мәтелдер
1.Бесіктен бағу көрмеген- 3.Отаның – алтн бесігің
Өмірден қағу көрер. 5.Еңбегіне қарай өнбегі.
2.Оқу-білім бұлағы, 6.Мезгілінде ексең,
Білім –өмір шырағы. Асыл тас та өніп шығады.
4.Қыз-елдің көркі 7.Еңбегің қатты болса,
Гүл-жердің көркі. Тапқаның тәтті болады.

Есет би
Еңкей(іңкі, ыңқы) тартады Қайыр(ы,і) болмас ғаріп(қа,ке)
Ер қолы(нан, нен) мал жетсе. Ақылсыз(ға, ге) мал бітсе,
Арбадан үрік(ып,іп) жаман ат, Қасына қоң(сы,сі) қондырмас,
Ер садырмас жал бітсе. Қас жаман(ға, ге) әл бітсе.
Жақшаны ашып, қосымшалардың тиістісін ғана сөздерге қосып жаздыру.
Сөздік диктант
-
Халық, бөрік, орын, қауіп, мойын, ауыз, мүлде, құдық, көрік, өрік, ерін, мұрын, қарын.
-
Қарғы, сырғы, жылжы, өрік, ерік, ерін, қарын.
Берілген сөздерге ал.аш –у, сонан соң –и қосымшасын қосып жаздыру.
Үлгі: Қарғы-қарғу, қарғы-қарғи.
3.Таяқ, жүкаяқ, қалақ, табақ, шапақ, шапалақ, балық, өрнек, өрмек, білек, тілек, жүрек, жидек, қабақ, қонақ, құрақ, кекілк, күрек, кесек, көлік, көмек, киік, күшік, парақ, көк, сабақ, сұрақ, салмақ, тамақ, шабақ, шарбақ, тұяқ, тауық, тірек, тілек, тиек, шелек.
Сөздерге –ы және –і қосымшаның тиістісін жалғап жаздыру.
-
Сеп, теп, тап, жап, тап, шап, кеп, қап.
Сөздерге –уіп, уып қосымшаларын тиістісін жалғап жаздыру. Қалай түрленгенін көрсету.
Үлгі: Сеп-уіп-сеуіп, сеп-іп- себіп
-
Жақ, тақ. ақ, бақ, соқ, төк, жек, бөк.
Сөздерге-у қосымшасын жалғап жаздыру. Содан кейін түбір сөздерге –іп, ып қосымшаларының тиістісін жалғап жаздыру.
Бақылау диктанты
Көшкін
Тянь-Шань мен Алатаудың басында қар мәңгі жатады. Еріп жауған қар төмен қарай сырғиды.Оған жолдағы қар қосылады. Содан ағылған қар көшкіні пайда болады. Біреу тау шатқалын жаңғырта дауыс шығарса, қар сусып көше жөнеледі. Қардың көшуі жолаушылар ұшін өте қауіпті. (45 сөз. Н.Қазыбеков)
Өнер биігінде
Шоқан аға көптеген ғылым салаларын жақсы білген. Ол көп оқып, терең білім алған.
Кітапты оқу бар да, тоқу бар. Түсінгеніне қорытынды жасау бар. Болашақты болжау бар. Шоқанның еңбектерінен осы қасиеттердің бәрі табылады.
Адамзаттың тарихында ол сияқты адамдар көп. Бірақ олар қыспақ заманмен күресіп өскен.
Біздің заманда білімді боламын деген балаға жол ашық. Қазіргі жастардың міндеті- өнер биігіне өрлей беру.
(58 сөз. С.Мұқанов)
Сөз таптары
Зат есім
Өздік диктант
1.Киіз үйдің бөлшектері: кереге, ..
2.Үй жиһаздары: кебеже. ...
3. Туыстықты білдіретін сөздер: ата, әже, ...
4.Жеті ата: әке, бала, ...
5.Қазақтың ұлттық тағамдары: қазы, қарта,...
6.Адамның мамандықтары: дәрігер, инженер
7.Төрт түлдік мал: қой, ...
8.Оқушыға қажетті құралдар: кітап, ...
Шығармашылық диктнт
-
Заңгер, тәлімгер, дәптер, қала, шопан, ойыншық, кітап, зауыт.
Сөздерге көптік жалғау жалғап, сөйлем құрап жаздыру.
Ғарышкерлер, жауынгерлер, өнерпаздар, диқандар, мұраптар, құрылысшылар, көлдер хайуанаттар, комбайншылар.
Сөздердің құрамындағы көптік жалғауларының астын сыздыру.
-
Дәріс, дәрі, ас, шай, ем, перзент, қымыз.
Берілген сөздерге –хана қосымшасын жалғап, туынды зат есім жасату.
Көру диктанты
Саясы жоқ байтерек
Саздауға біткен талмен тең, Ақылсызға сөз айтсаң,
Жақсы ағаңыз бар болса. Алды бір түйір жермен тең.
Алдыңда сары белмен тең, Ұстаздан сабақ алсаңыз,
Ағайының көп болса. Алуан шекер балмен тең.
Ұлы бір шеру қолмен тең (Шал ақын)
Зат есімді тауып, астын сыздыру.
Өздік диктант
Қозы, шыбыш, бота,теке, бұзау, тоқты, бура, құлын, құлыншақ, өгіз, нар, байтал, серке, ісек, інген, серкеш, тұсақ, тайынша, дөнен, құнажын, нар,лақ, саулық, тай, дөнежін, үлек, құнан, жабағы, бұқа, бие.
Төрт түлікті білдіретін сөздерді ажыратып жаздыру.
Үлгі: қой: қозы, саулық қошқар, ..
. сиыр: бұзау, өгіз, ....
жылқы: құлын, құлыншақ, ....
түйе: бота, бура, ...
Көру диктанты
Не жетім?
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім
(Төле би)
Су алмайтын суат жоқ, Дүние деген фәни бұл,
Таусылмайтын бұлақ жоқ, Баласы жоқта мият жоқ.
Тамыры суда тұрса да, Бәріне қиын сол екен,
Уақтысы жеткенде Артында қалған тұяқ жоқ.
Қуармайтын құрақ жоқ. (Әйтеке би)
Сұрақ қою арқалы зат есімдерді таптыру. «Тұяқ» деген сөз қандай мағына білдіріп тұрғанын айтқызу.
Терме диктант
Арыстанбаб сағанасы
Ақсқ Темір әмір беріп, ұстазы Қожа Ахмет Иассауиге зор ғимарат салдыра бастады. Гимараттың қабырғасы көтеріле бергенде, бір нән өгіз келіп, бұзып кетіпті. Ұсталар жабылып ғимаратты қайта қалап тұрғызады. Еңсесін биіктетіп, күмбезін де көтере бастайды. Бір күні ол құрылыс тағы құлап қалады. Ел аң-таң. Ақсақ Темір ойланады.
Түсінде ақсақалды қария аян береді. Ол Ахмет Иассауи жарықтық екен. Ол Ақсақ Темірге: «Алдымен ұстазым Арыстанбаб әулиеге тұрғызыңдар», - депті. Содан Ақсақ Темір Арыстанбаб әулиеге сағана тұрғызады.
Мәтіндегі жалқы есімдерді ғана жаздыру.
Мақал-мәтелдер
Кімнің отын оттасаң, Жалғыз қаздың үні шықпас,
Соның суын ішерсің. Жалғыз қыздың мұңы шықпас.
Кімнің жерін жерлесең, Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Соның жырын жырларсың. Адал ұл ер боп туса-ел тілегі.
Малым арымның садағасы, Тіл өнері дертпен тең.
Арым жанымның садағасы. Ердің туы – намыс.
Тәуелдік жалғаулы зат есімдерді теріп жазу.
Сөздік диктант
1.Комбайн, жау, омарта, тәрбие, қолдау, жаз, қазу. Жұыс, сүйеу, домбыра, қобыз, сырнай, күй, кезек, орындау, теңіз, балық, аң, сауық, балқыту, үй қалау, орман, тігін.
Сөздерге –шы, -ші жұрнақтарының бірін жалғап жазыңдар.
2.Ғарышкер, заңгер, жауынгер,тәлігер, сазгер, күрескер, зергер, қаламгер, дәрігер, жүлдегер.
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.
-
Ас, арам, алғыр, әсем, әділ, тапқыр, батыр, бала, бай, бас,
дос, жаңа, жолдас, жақсы, биік, ерке, ұзын, орын, сақ, сөз, сұлу,таза, төре, көркем, қашық, шабер, аңыз, су, орын.
Сөздерге –лық, -лік, -дық, -дік, тық, -тік жұрнақтарының тиістісін жалғап жаздыру.
Шығармашылық диктант
1.Қазақтың Т.Әубәкіров, ғарышкер, тұңғыш.
2.Педагок – жазушысы, Ыбырай, тұңғыш, Алтынсарин, қазақтың.
3.Күйші-сазгер, Дина, апа, қазақ, атақты, халқының, Нұрпейісова.
4.Абай, ұлы, қазақ, ақыны, Құнанбев, халқының.
Сөзлерден сөйлем құрап жаздыру
Сөзлерден сөйлем құрап жаздыру
Сын есім
Көру диктанты
Ақ қоян
Ақ қоян-ау, ақ қоян, Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Үркек қоян, сақ қоян. Үркек қоян, сақ қоян.
Дыбыс шықса қашасың, Қаша берсең қалыңға,
Белден бір-ақ асасын. «Қорқағым» деп ат қоям.
(Н. Жанаев)
Сын есімдердің астын сыздыру.
Терме диктант
Абай айтқан асылдар
1.Жаман дос – көлеңке, басыңа күн шықса, қашып құтыла алмайсың. Басмыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
2 Үш-ақ адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
3. Жасанды кішіпейілділік –жақсы қасиет емес.
4.Өнер алды - қызыл тіл.
5 Жақсы әнді тыңдасаң ой көзімен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.
6.Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Сын есімдердібайланысып тұрған зат есімдермен теріп жаздыру.
Шығармашылық тдиктант
Сезгіш, күлдіргіш, тапқыш, байқағыш, білгіш, сөйлегіш.
Сын есімдердің қалай жасалып тұрғанын айтқызу.
Білімді, ерттеулі, үюлі, санаулы, жиюлы, бүктеулі, жинаулы.
Сын есімдерді пайдаланып, сөйлем құрату.
Терме диктант
Бүркітші Омар қарттың батасы
Шығарың асқар тау болсын, Күнде аулыңда той болсын.
Жүзерің асқар көл болсын. Жақсыға елікте.
Сүейенерің ел болсын. Жаманға желікпе.
Дұшпаның қара жер болсын, Әрдайым шабытты бол,
Есігің алды ой болсын, Сарқылмас бақытты бол.
Ойың тоған қой болсын.
Сын есімдерді байланысып тұрған сөздермен бірге теріп жаздыру.
Өздік диктант
Түстер: сары, көгілдір, ...
Кеңістік өлшемдері: ұзын, қысқа, ...
Бақылау диктанты
Шекпен
Шекпен - жазғы киімдердің сыртынан киетін киім. Ол түйе жүнінен иірілген жіңішке жіптен тоқылады. Мұндай түйе жүн шекпенді дәулетті адамдар киген.
Шекпеннің бірнеше түрі бар. Түйе жүнінен иіріп тоқылған шекпенді биязы шекпен дейді.
Ал боз шекпенді боз тайлқ пен боз түйенің жүнінен өрнектеп тоқиды.
Шидем шекпенді түие жүнінен тоқып, астарлап тігеді. Оны қыста шапан орнына киеді.
(57 сөз. «Қазақша күнтәзбеден»)
Кім жеңеді?
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», деген мақал бр.
Шынында да арыстан - өте күшті жыртқыш. Бірақ адам одан сескенбейді. Акула жылдам жүзеді. Ал адам оны да қуып жетеді.
Ақыл мен білім адамды солардың бәрінен де күшті етеді.Ақыл адамның ғарышқа ұшуына мүмкіндік береді. Тұңғиық мұқиттардың сырын ашады. Бүкіл әлемнің қожасы етеді.
Міне сондықтан әрбір адамның білімі, ақылы, тапқырлығы жоғары бағаланады.
(60 сөз. «Балдырғаннан»)
Сан есім
Терме диктант
Мақал – мәтелдер
Оразының баласы он бесінде баспын дейді,
Шеразының баласы жиырма бесінде жаспын дейді.
Селқос сегіз ескертсең де селт етпес.
Селқос сексен ескертсең де селк етпес.
Жалқаудың екі досы бар: бірі -ұйқы, екіншісі - күлкі.
Ақ бата
Құдайдың өзі қолдасын! Жип келген түйеңнен
Бес жүз саулық қоздасын. Жетпіс інген боздсын.
Сексен інген боталап Өзіңнен байлық озбасын!
Сегіз келін қомдасын. Сол малыңа ие берсін,
Айдап келген жылқыңнан Арғы өткен ата-бабаңа тие берсін!
Алпыс айғыр азынасын.
Сан есімдер мен оларға тіркелген сөздерді теріп жазыңдар.
Шығармашылық диктант
1..... қаңтар жаңа жыл мейрамы.
2.Халықаралық қыз,келіншектер күні- .... наурыз.
3. Ұлыстың ұлы күні - .... наурыз.
4.Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні- ....мамыр.
5. Қазақстан Республикасы күні- .... қазан.
6. Демократиялық жаңару күні - .... желтоқсан.
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерлді қойып жаздыру.
Бес,тоғыз,жиырма жеті, сегіз, отыз бес, елу төрт, алпыс тоғыз, тоқсан бір. Есептік сан есімдерді реттікке айналдырып жаздыру.
Бақылау диктанты
Балдың қасиеті
Балдың емдік қасиеті ертеден-ақ белгілі. Ол суық тигенде. Асқазан, жүрек, бауыр, өкпе, бұйрек ауруларына аса шипалы. Жұрегі ауыратын адамдар қатарынан бір, екі ай үзбей 50-140 грамм бал жесе, жүрек соғу түзеледі.
Бауыр мен өт жолы ауыратындар балды ірімшікке, сәбізге қосып жегені дұрыс.
Шомырдың (редька) ішін үңгіп, оған бал құяды. Оны үш-төрт күн сақтайды. Дайын болған шырынды күніне 2-3 рет ас қасықпен ішеді. Нәтижеде өт жолы мен бүйректе құм жиналуын болдырмайды.
(72 сөз, «Қазақша күнтізбеден»)
Бал арасы
Еңбек етуде бал арасынан үйрену керек. Олар күні бойы тыным таппайды. Гүлден-гүлге ұщып-қонып, шырын жинайды. Бір килограмм бал жинау үшін қанша еңбек ету керектігін сендер білесіңдер ме?
Ол үшін ара он тоғыз миллион гүлге қонады. Үш жүз мың километр жерді шарлайды. Біреулері гүлдің шырынын тасиды, екіншілері тәртіпті қадағалайды. Үшіншілері ұядағы ұрпағына қамқорлық жасайды.
Бал арасы осындай еңбеккер келеді.
(61 сөз. «Қазақша күнтізбеден»)
Етістік
Сүйкімді кірпі
Біз ауылдың шетінде тұрамыз. Үйдің төмеңгі жағында мия көп өседі. Бір күні сіңлім Айгүл екеуміз бұзау іздеуге шықтық. Оны мия жақтан тіздеуді жөн көрдік. Қалың шөп арасынан өтіп бара жатып жыбырлаған бір нәрсені көзім шалды. Барып қарасақ, кіп-кішкене кірпі екен. Бізді көріп дереу жиырыла қалды. Ақырын ғана бір тікенегінен ұстап, жоғары көтердім. Сондай сүйкімді!
Жіудіреген көздері қап-қара, тұмсығы сүйірлеу бәрі жарасымды. Біз үйге алып кетсек пе деген ойда болдық. Бірақ оның еркіндікте жүргенін мақұл көрдік. Біз оны қоя бердік.
(«Ақ желкеннен»)
Етістіктерді теріп жаздыру.
Өздік диктант
-
Көктем ... 2. Жаз ... 3. Күз ... 4. Қыс ... 5. Қар ... 6. Жаңбыр ...
7. Найзағай ... 8. Самал ... 9. Жел ... .
Көп нүктенің орнына қимылды білдіретін сөздерді жсзыру.
Көру диктанты
Асыл сөз
Таза мінсіз асыл тас Су түбнде жатқан тас
Су түбінде жатады. Жел толқытса шығады.
Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатқан сөз
Ой түбнде жатады. Шер толқытса шығады.
(Асанқайғы)
Қимыл-қозғалысты білдіретін сөздердің түбірін тапқызу.
Шығармашылық диктант
Оқы, сал, айт, жаз, тер, отыр, сөйле, тұр, бүк, кел.
Болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдыру.
Бақылау диктанты
Бірде апама еріп қалаға келдім. Мұнда екі апта болдым. Қала маған қатты ұнады. Содан кейін мен ауылды сағына бастадым. Ауылға келдім. Мұнда маған бәрі ыстық болып көрінді. Достарыммен құшақтасып көрістім. Содан бері ауылымның қадірін тереңірек түсіндім. Мен үшін туған ауыл – ең ыстық мекен.
(53 сөз. «Қазақша күнтізбеден») Сөйлем
Өздік диктант
Айжан дәріханаға барды. Бұл –қалалық дәріхана. Дәріханада қажетті дәрілердің бәрі бар. Айжан өзіне қажетті дәрісін алды.
Ма, ме, па, пе шылауларын тіркеп, хабрлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдарып жаздыру.
Терме ликтант
Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр! Ой мен қырдың шалғыны
Жау, егіннің көгі өссін! Жатқан малды жасырсын!
Сұлудай бұраң құлақты Табиғаттың көркіне
Айдын шалқар көл өссін. Таң қалып, жан бас ұрсын!
(Б.Майлин)
Лепті сөйлемдерді теріп жаздыру.
Шығармашылық диктант
Нан
Нан дастарқанға қалай келеді Балалар оның қалірін білесіңдер ме нан ырыстың көзі халқымыздың байлығы мұны білмеген бала әдепсіз көргенсіз аталады тіптібарғой ойнап жүрңп нан жеудің өзі мәдениетсіздік нанды ысырап етуге жол бермеңдер нанды қадірлер сақтаңдар.
Сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жаздыру.
Туған жер
-
Аяулы, ұяң, туған жер, мекен-тұрағың.
-
Кім қаламайды, дәулетті болғанын, өз үйінің.
-
Әрбір баланың, үлес қосу, гүлденуіне, туып-өскен, парызы.
-
Еліңе, жеріңе арна, істі, қолыңнан келген.
-
Ағаш отырғызу, гүлдер егу, жаңа.
Сөздерді, сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрату.
Бақылау диктанты
Домбыра
Домбыра – қазақ халқының көне саз аспабы. Домбырада туған еліміздің мұңы, сыры, тарихы бар. Оны халық жүрек тербер әніне қосады, Жан балқытар күйін тартады. Қайғысын да, қуанышын да домбырамен бөліскен.
Қазқ халқы ән-күйлерін кейінгі ұрпаққа осы көне аспап арқылы жеткізген. Ол – ұрпақтар үнін жалғастырушы қасиетті құрал.
Баяу, қоңыр үні қандай тамаша! Құлаққа жағымды, жанға жайлы. Домбыра ішегінен шыққан әсем әуенге селт етпейтін қазақ жоқ шығар! Бейне қазақтың өзі дерсің!
(62 сөз. Б. Ысқақ)
Менің Қазақстаным
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Оның жері ұлаңғайыр. Өзен, көл, орман- біздің зор байлығымыз. Туған өлкеміздің табиғатын сүйіп, оны одан да көріктендіруіміз керек. Елімізің табиғатын қорау туралы Заң қабылданған. Онда қоршаған ортаны таза ұстау туралы айтылған. Аң, құстарды, өсімдіктерді қорғау қажеттілігі жазылған. Біз жастар оларды көздің қарашғындай сақтауға тиістіміз! Өйткені біз қазақ Елінің азаматтарымыз. Әрбір азаматтың ардақты міндеті – елін, жерін, табиғатын қорғау. Көркейе барсін біздің тәуелсіз Қазақстан!
(64 сөз. Б.Ысқақ)
Бастауыш пен баяндауыш
Терме диктант
Сырдария
1.Сырдария – Қазақстанның үлкен өзендерінің бірі. Ол Арал теңізіне құяды. Сырдария бойында ерте кезден-ақ арықтар қазылған. Шаруалар егіндерін қолдан суарған.
2.Қазір Сырдария маңында егін шаруашылығы өркендеген.
Әсіресе мақта, күріш егіледі. Өзен бойынан үлкен канал қазылған. Бұл өзеннің шаруашылық үшін маңызы зор.
Бастауыш пен баяндауышты теріп жаздыру.
3.Үкі күндіз көрмейді, түнде ғана көреді. Құндыз суда жүзеді. Біздің кеңшар мақта өсіреді. Бүркіт түлкіні алыстан көреді. Қонжық анасының соңынан ерді. Ұшақ жылдам көкке көтерілді. Мені Ғайша үйіне шақырды.
Бастауыш пен баяндауышты теріп жаздыру.
Өздік диктант
Халима ... Шаңырақ ...
Домбыра ... Өзен ...
Көктем ... Құстар
Бүркіт ... Қазақстан ...
Берілген бастауыштарға тиісті баяндауыштар тіркеп жаздыру.
... өлең айтты ... көтерді
... боздады ... терді
... күшіктеді ... өлшеді
... келіп отырды ... сызды
Берілген баяндауыштарға тиісті бастауыштар тіркеп жаздыру.
Бақылау диктанты
Қамқорлық.
Мамыр айы. Ауыл шетіндегі
ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстар әуеніне толған. Диқан келе
жатып жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді, таба
алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя
жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң
қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан
тырнаның балапанын күткенін сонда ғана түсінді.
(60 сөз)
Парашют
Парашютпен ұшақтан секіруге
құмар болдым. Осы ойымды орындауға тырыстым. Әуелі парашютпен
мұнардан секіріп үйрендім.
Содан кейін ұшақтан секіруге талпындым. Бір күні таңертең беліме
парашют байлап, ұшаққа міндім. Ұшақ жерден екі километрдей биікке
көтерілді. Мен секіруге әзірленіп, ептеп ұшақтың қанатынан төмен
қарай секірдім. Аздан кейін бір селоның қасына келіп түстім. Мен
үшін парашютпен секіру тіпті қорқынышты емес екен.
(57 сөз)
Өткен материалдарды қайталау
Сөздік диктант
1.Әуежай, кеңшар, аппақ, аққу, көкпеңбек , аққала, үрпек, бұлт, қант, ғарыш, ғарышкер, көбелек, көлеңке, көкірек, үкімет, жуу, буу, туу, суу.
2. Қаһарман, тақия, дүрия, іриді, ииді, иық, қиын, қиыр, тиын, тыйым, мия, қария, кейиді, байиды, қию, жию, пияз, қияр, бүркіт, құндыз.
Шығармашылық диктант
Аспан, барыс, долана, көгершін, гүл, Асқар, ана, бебітшілік, инелік, вокзал, Әлия, киім, алма, кітап, өріс, хоккей, Талдықорған, Сарыарқа, Сарыағаш, Екібастұз, мектеп, қияр, қоян, зембіл, саябақ, тікұшақ, хайуанат, айуан, миуа.
Берілген сөздерді әліпби ретімен жаздыру.
Мақал-мәтелдер
1. Шебердің қолы көпке ортақ. 5.Ақыл көкке жеткізер.
2. Қына тасқа бітеді, Өнер көпке жеткізер.
Білім басқа бітеді. 6.Білген адам тауып айтады,
3.Өнерлі өрге жүзеді. Білмеген адам қауып айтады.
4, . Алам болар бала алысқа қарайды. 7. Темірші көміршіге үйір.
Бастауыш пен баяндауыштың астын сыздыру
Су,гуіл, жуа, қуат, уыз, қалаулы, тіреу, түйреу, уақыт, уәде, дәулет, дәуір, ауыл, бауыр, кеуде, сурет, қауын, белбеу, қоңырау.
Берілген сөздердегі «у» дыбысты сөздердің дауыстысын бір бөлек, дауыссызын бір бөлек жаздыру.
Көру диктанты
Баспана кітап алау қаламгер
көкқұтан етікші зергер бейхабар
көше дәрі шеге бейшара
жапалақ ауыл Айша күрескер
Жуан айтылған сөздерді бір бөлек, жіңішке айтылған сөздерді бір бөлек, жуан-жіңішке айтылған сөздерді үшінші топ етіп көшіріп жаздру.
Бақылау диктанты
Бөгенбай батыр
Бөгембай – ел қорғаған даңқты батыр. Ол - қалмақ басқышылығына қарсы қазақ жасағын басқарған қолбасшыларының бірі. Бұл күресте Қанжығалы Бөгембай атанған. Еділ, Жайық, Түркістан және Сырдарияны жаудан азат еткен.
Жоңғардың қолбасшысы Дона-Дабаймен жекпе-жекке шықты. Оны өлтірді. Жау жасағын қырғынға ұшыратты.
Бөгембай, Қабанбай батырлар бастаған қазақтар жеңістен-жеңіске жетті. Олар жоңғарларды Сарыарқадан Тарбағатай, Алтай тауларынан асыра қуды.
«Ер-ел қорғаны» деген осы. (60 сөз)
Диктант
Қар қайда жоғалды?
Самал терезеден қарап отыр. Қар жауып тұр. Дала тып-тыныш. Көрші үйлердің мұржасынан будақтап түтін шығып жатыр. Самал киініп далаға шықты. Ол баяу келіп жерге қонып жатқан қарды көрді. Алақанын тосып еді, қар қолына қонды да жоғалып кетті. Самал аң-таң болды. (41 сөз)
Көшіру
диктанты.
Мақалдар.
1Күлме досыңа,
Келер басыңа.
2. Басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
3. Басқа елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
4. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Мақалды жаттап алыңдар
.
Сын
есім.
Диктант
Күз
Күз түсті. Табиғат өзінің
сарғыш желегін жамылып, қоңыр қалпына көшті. Сары бала бүгін
апасымен дала кезді. Олар ауылдан ұзап кетті. Абай көбелек қуды. Ол
жорғалаған қоңыз бен жыбырлаған өрмекшіні қызыға тамашалайды.
Тырналар қиғаштай ұшып, тыру-тырулап ұшып бара
жатты.
Сын есімдерді тауып, астын
сыздыру. (38
сөз)
Бақылау
диктанты.
Ақ лақ.
Менің ешкім бар еді. Сол ешкім
әдемі ала мойын аппақ лақ туды. Ол лағын өте жақсы көреді.
Мекіреніп қасынан шықпайды. Бір күні қатты боран соқты. “Тоңатын
болды-ау” деп қораға жүгіріп барсам, лағым жоқ. Енесі лағын таппай
маңырады. Сөйтсем, қу лағым қорадағы шөптің қуысына тығылып,
ұйықтап жатыр.
(47 сөз)
Грамматикалық
тапсырма:
1-ші сөйлемнен сөйлемнің
тұрлаусыз мүшелерін тап.
3-ші сөйлемнен сөйлемнің тұрлауы мүшелерін
тап.
Терме диктант
Сұңғақ, көңілсіз, өнерпаз,
ілулі, жарық, сұлу, ашаң, биік, кең, қысқа, бүгін, ақылды, ашық,
әдепті,
сымбатты,инабатты,кең,үлкен.
Тапсырма:
Негізгі және туынды сын
есімдерді ажырат.
Сын есімдерді пайдаланып сөз тіркесін
құр.
Сан
есім
Шығармашылық
жұмыс
Есептік, реттік сан
есімдер.
Он, үш, екі, он бірінші, үшінші,
жүзінші
Тапсырма: есептік, реттік сан
есімдерді жалғастыр.
Төмендегі цифрмен жазылған есептік сан есімді сөзбен
жаз.
217, 105, 86, 128,
1998.
Сан есімдерді қатыстырып диолог құр.
Бақылау диктанты
Кәрі
әже
Біздің үйдің он алтыншы
пәтерінде жалғыз басты кәрі әжей тұрады. Бірақ ол үйде жалғыз
болмайды. Оған мектеп балалары келіп тұрады. Әжей балаларға қызық
ертегілер айтып береді. Балалар ынтыға тыңдайды. Қыздар әжейдің
шағын бөлмесін жинастырып қояды. Ұл балалар дүкенге барып, азық –
түлік әкеледі.
(42 сөз)
Грамматикалық
тапсырма:
1. Балалар ынтыға тыңдады.
Сөйлем мүшесіне талда.
2. Біздің, үйдің, балалар, қыздар сөздерінің түбірі мен қосымшасын
ажырат.
Бақылау
диктанты
Шығармашылық диктант
1 Атасы Ержанға ойыншық қолдырауын с...лады.
-
С...ға –с,,,, сырға бал.
-
Быламық бетінен сү...ды,
Көже түбінен су,,,ды.
-
Көзің ауырса қолыңды т...
Ішің ауырса, аузыңды т... .
5.Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
6 Қа...ғысызден сақ бол
Қа...лыға жақ бол. (Абай)
7 Бір жерде Сержанның к,,імдері жатыр.
Көп нүктенің орнына «ый» немесе «и» қосымшаларының бірін бірін жаздыру. .
Бақылау диктанты
Ордабасы
ⅩⅧ ғасырдың басында қалмақтар қазақ еліне шабуыл жасады. 1723 жылы қазақ-қалмақ қырғыны болды. Қазақтың үш жүзі Ордабасыда бас қосты. Осыдн кейін қазақ халқының өзара бірігуі күшейді. Жоңғар басқыншылығына соққы беру жиілей бастады. Ең соңғы жорығы Аягөз, Семей өлкесінде болды. Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек билер басшылық жасады. Қазақ сарбаздары қалмақтарды қытай жеріне дейін қуды.
«Бірлік бар жерде тірлік бар» деп халық бекер айтпайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз