Айы, күні, жылы. Сыныбы. 6 Сабақтың тақырыбы. Диктант. «Дүкенде»Сабақтың мақсаты: І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Диктант жазғызу арқылы сауаттылықтарын тексеру. ІІ Дамытушылық Оқушыларға жазғызу арқылы, жазу мәнерін дамыту. ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Сабақтың түрі: Сабақтың әдісі: Оқу, жазу, аудару.Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңіАмандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.ІІ.ДиктантДиктант тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою. ІІІ Тақтамен жұмысТақтаға бүгінгі күн мен диктантта кездесетін қиын сөздерді, тақтаға жазып қоямын.Мысалы: Дүкеннің, отбасымызбен, зергерлік бұйымдар, орталықтары мен әмбебап дүкендерге. ІV Дәптермен жұмысДиктантҚаладағы дүкендер. Біздің қаламызда дүкендер, әмбебап дүкендер, сауда үйлері өте көп. Үйіміздің қасында үлкен дүкен бар. Дүкен екі қабатты, іші кең, жарық әрі таза. Дүкеннің ішінде әртүрлі бөлімдер бар. Мысалы, нан, сүт бөлімі, ет бөлімі, азық – түлік бөлімі, жеміс пен көкөністер бөлімі және тұрмыстық заттар бөлімі. Дүкеннің бірінші қабатында көкөністер мен жемістер бөлімі және нан, сүт, азық – түлік бөлімдері орналасқан. Ал, екінші қабатында ет бөлімі мен тұрмыстық заттар бөлімі бар. Біз отбасымызбен бірге үнемі осы дүкенге келеміз, себебі, мұнда біз барлық керегімізді табамыз. Ал, киім, кеңсе заттары, зергерлік бұйымдар, ыдыс – аяқтар және тағы басқа заттар қажет болса, қаланың орталығындағы сауда орталықтары мен әмбебап дүкендерге барамыз. V ҚорытындыДиктантты басынан бастап оқып, тыныс белгілерін қойғызамын. VІ БағалауОқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.VІI Үй тапсырмасыҚайталау.