400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Диктант "Көкшетау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады. Оқушылар өлеңді жұпта оқып, болжамдарының қаншалықты сай келгенін талқылайды. Оқылым бойынша тапсырмаларды орындайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

сынып

8

мерзімі

20.02.17

сабақ №

89/6

Сабақтың тақырыбы: диктант «Көкшетау»

Сабақтың мақсаты:

«Көкшетау» мәтінін түсініп оқып, диктант жазу.

Оқушылардың ұқыпты тындау, сауатты жазу, оқығанды түсіну, ережелерді қолдана білу қабілеттерін тексеріп, білім-біліктерін анықтау.

Оқушылардың санасына туған жерге деген құрметті қалыптастыру.

Көрнекілік:

Сабақтың әдісі: практикалық

Сабақтың түрі: бақылау.

Сабақтың барысы.


І. Ұйымдастыру кезені.

ІІ.Диктант жазуға дайындық.

Көкшетау

Күн ыстық. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындғы көк ала қамыс. Көктегі қызыл күн өткір алтын шұғыласын көктен жерге бүркіп тұрғандай. Айнала төңірек, жер-дүние, жан-жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрғандай.

Күншығыс жақтан Көкшетаудың басы көрінеді. Тек күнбатыс жақтағы Көкшетау қаласына қараған жонның оң жағы көсіліп жатқан қиырсыз дала.

Белестер де, ойпаңдар да, далалар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек, жасыл бояқтай. Қара жерге жасыл жібек кілем төсегендей. Көк ала Көлшүмек те жап-жасыл. Оның айнадай суында зеңгір аспанның суреті көрінеді. (С.С.) (76 сөз.).

2. Сөздік жұмыс: тұнық, Көлшүмек, көк ала, шұғыла, күншығыс, жон, ойпаң,

3. Тексерілетін ережелер. Дыбыс емлесі, жалғаулар, шылау сөздер, күрделі сөз т. б.

4. Диктантты дұрыс тындап, түсініп, қатесіз, таза, орфография заңына сай жазу.

ІІІ. Диктантты тексеріп тапсыру.

Үй жұмысы: қайталау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
11325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі