400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Диктант "Қоян"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар өткен тақырыптарын естеріне түсіреді,диктант жазғанда дәптер ережесін сақтайды, көркем етіп жазады,сөйлемдегі сөздердің байланысын естеріне сақтайды,меңгерген білімдерін тиянақтайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келісемін:

Мерзімі: 02.12.2016.

Сыныбы

2 «Г»

Пәні:Қазақ тілі

Пән мұғалімі:Тулендинова.Б.А.

Тақырыбы

Диктанты «Қоян»

Мақсаты

Оқушылар   өткен тақырыптарын естеріне түсіреді,диктант жазғанда дәптер ережесін сақтайды, көркем етіп жазады,сөйлемдегі сөздердің байланысын естеріне сақтайды,меңгерген білімдерін тиянақтайды

Міндеттері


Білімділік: Оқушыларға сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер, сөздердің байланысы туралы ұғындыру,мәтіннің мәнін терең түсініп,мағынасын аша білуге машықтандыру. Дамытушылық: Оқушының сауаттылық деңгейін арттыра отырып, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін нығайту. Тәрбиелеушілік:Оқушылардың жақсы оқуға деген құштарлықтарын арттыра отырып, білімді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс –тәсілдер

сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі

Диктант жинағы,қоян суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II . Жаңа сабақ:

а) Диктант «Қоян»

Диктант «Қоян»

Қоянның терісі жыл мезгілдеріне орай өзгеріп отырады.Күзде сары қызыл жапырақ түстес болады.Қыста аппақ қарға ұқсайды.Бұл қояндарды жауынан қорғайды.(4)


ә)Мәтінді толық оқып ,тыныс белгілеріні қарап шығу.

б)оқушылар жазғандарын өздері қарап шығады.

в)Диктант тексерілі ,бағаланады.

г)қатемен жұмыс жасау.

Тапсырма:

1.Сөйлемді бас әріптен бастап жаз.

2.Сөйлем соңына тыныс белгісін қой.

3.Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.


VI. Үйге тапсырма : Ережелерді қайталау.

Бағалау:сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бес,төрт,үш деген бағалармен бағалау





Келісемін:

Мерзімі: 02.12.2016.

Сыныбы

2 «Г»

Пәні:Музыка

Пән мұғалімі:Тулендинова.Б.А.

Тақырыбы

Көне аспаптар сыр шертеді-қобыз және скрипка

Мақсаты

Оқушылар қобыз және скрипка аспаптарымен танысады, ән айтып күйді тыңдау барысында музыканың қыр-сырын түсінеді, музыкалық шығарманы талдауда, музыкалық бейнені сипаттауда өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады. 

Міндеттері


Білімділік: Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру. Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.  
Дамытушылық:
Оқушылардың музыкаға деген ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту 
қабылеттерін қалыптастыру, дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге,
рухани - танымдық кеңістіктерін молайтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс –тәсілдер

сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу музыка тыңдау,

Көрнекілігі

Оқулық,суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. . Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Аңыздан жаралған аспап – жетіген. Достық әні.

Үрмелі аспаптар, ұрмалы аспаптар, ішекті аспаптар.
Сұрақ жауап: Ең алғашқы адамдар ойлап тапқан аспаптар қалай аталады?
Адамдар ол аспаптарды не үшін пайдаланды?
Ұрмалы аспаптарды ата.
Үріп ойнайтын аспаптарды ата.
Сыбызғыны қалай ойлап тапқан?
Балаларға арнап қандай музыка аспаптарын жасаған?
Дыбысын аңшылар ғана естіген аспап.
Бұл қандай аспап?- тыңдап, аспаптарды ажырату.
Тыңдау. Қобыздың, сыбызғының, дауылпаздың дыбыстары естіледі.

«Ұйқасын тап» ойыны
Менің ағам Сансызбай,
Жасады маған.......... /Сазсырнай/
Жылаған соң інімді аяп,
Жасап бердім.........../Асатаяқ/
Тоныма орап кетіп ем
Бүлінбепті............. /Жетіген/


ІІІ. Жаңа сабақ: Көне аспаптар сыр шертеді - қобыз бен скрипка.
«Бұл қандай аспап» ойыны.
Тақтаға бір оқушы шақырылады. Аспаптың суреті отырған балаларға ғана көрсетіледі. Олар аспапты сипаттайды. Тақтадағы оқушы аспапты дәл табуы керек.
Ең соңғы екі аспап қобыз бен скрипка.
Қобыз бен скрипка аспабы – бір - біріне ұқсас аспаптар.
Қобыз ағаштан жасалды.
Ысқышпен ойналады.
Қобыздың атасы Қорқыт ата.
Скрипка қобыз аспабынан кейін Еуропада дүниеге келді. Үні нәзік, әсем сазды. Оны “музыкалық аспаптардың патшайымы” деп атайды. Оны ертеректе тізеге қойып орындаған. Дегенмен, сауықшыл Еуропалықтар билегенді ұнататын. Сөйтіп оны енді иыққа қойып ойнай отырып билеп те үлгерген екен. Содан бері оны скрипканы иыққа қойып ойнайды.
«Табиғат құбылыстары»- ойыны
Мұғалім: « Жай жаңбыр»
Балалар: Саусақтың ұшымен жай тырсылдатады.
Мұғалім: « Қатты жаңбыр»
Балалар: Саусақтың ұшымен тез тырсылдатады.
Мұғалім: «Жел тұрды»
Балалар: Ысылдайды (желдің дыбысын салады)
Мұғалім: «Боран соқты»
Балалар: Гуілдейді
Мұғалім: «Қар жауып кетті»
Балалар: Қол шапалақтайды.

Қыс туралы әңгіме айтылады.
Дауыс жаттығулары
1. Гамма до мажор
2. Ми - и - и - и - а.
Жай бастап, дыбысты күшейтіп, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
Төрле, төрле, жаңа жыл!
Әні: Д. Көзмағанбетов
Сөзі: Е. Абдулла
Аппақ қылып даланы,
Аппақ қылып қаланы.
Қуандырып баланы,
Төрле, төрле, жаңа жыл!
Күлкі әкеліп өренге,
Қуанышты бар елге.
Шаттық шашып әлемге,
Төрле, төрле, жаңа жыл!
4. Сабақты қорыту.
1. Қобызға ұқсайды.
2. Еуропалық аспап.
3. Оны иыққа қойып ойнайды.
4. Біз білетін 5 түрлі ішекті аспапты ата.
5. Бұл қандай аспап? Аспаптар көрсетіледі.
Қобыз, скрипка, дауылпаз, сыбызғы. т. б

Үйге тапсырма: 41 - 43 бет түсінік, әнді жаттау

Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бес, төрт,үш бағасымен бағалау.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
8624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі