Диктанттар жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Диктанттар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті әріптестер баршаңызбен бөлісейін дегем материалым дикттанттар жинағы. Кейінгі жас ұстаздар әдістемелік құрал бағытында жинағыммен бөлісемін. Жинақ ықшамдалалып жасалған тиімді.
Материалдың қысқаша нұсқасы











































М.Әуезов орта мектебі







Диктанттар

жинағы



Құрастырған:

Сатыбалдиева Мейрамгүл







Мазмұны

І. Алғы сөз --------------------1-3



ІІ. Терме диктанттар--------4-5



ІІІ.Өзіндік диктанттар----------6



ІV. Бақылау диктанттар---------7-8



V.Көру диктанттар-----------9-11



VІ. Суретті диктанттар----------12-13



VІІ. Сөздік диктанттар-----------14



VІІІ. Пайдаланған әдебиет-------15

















































































Алғы сөз

Сауатты жазу, әдетте, бастауыш сыныптардан басталатыны белгілі. Ұсынылып отырған бұл жинақ – сауаттылыққа апарар жол басы әрі оның өлшемі болып табылады.

ДИКТАНТ - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік, пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру қажет.«Диктант» оқушының естігенін ойша түсініп, іштей қайталай отырып өздігінен жазуы деген ұғымды білдіреді. Ол – мұғалім мен оқушы арасындағы еңбек жемісінің көрсеткіші. Диктанттан мұғалім әр шәкірттің білімімен қоса оның жауапкершілігін, ұқыптылығын, адалдығы мен өздігінен жұмыс істей білуі тәрізді басқа да көптеген сапаларын анықтап, оларды жүйелі түрде қалыптастыру мен орнықтыруға мүмкіндік алады.

  1. бет

Ұсынылып отырған жинақта диктанттың бірнеше түрлері беріліп отыр.

Терме диктанты - мәтін ішінен өтілген ережеге сай сөздер мен сөз тізбектерін немесе жеке сөйлемдерді теріп

жазады. Терме диктант фонетика, грамматиканы пысықтау үшін өте қажет. Оқушының ақыл- ойын дамытуға көмектеседі.

Өзіндік диктант-бұрыннан белгілі бір мәтінді жазу үшін қолданылады. Бұл сын жұмысты жазу оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Бақылау диктант– үлкен тақырыптарды өткен соң жазылады. Бұл диктант түрі оқу материалын қаншалықты игергендігін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін болғандықтан тоқсан аяғында алынады. Бақылау диктанты әр сыныпта жылына 5 рет алынады. Тоқсан сайын 1 реттен және оқу жылының қорытындысы бойынша 1рет. Диктантқа арнайы дәптер арналады. Мұғалім бақылау диктантын оқығанда бір орында тұрып оқуы керек.

2 -бет

































































Көру диктанты- оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Диктант мәтіні алдын –ала тақтада жазылады. Оқушылар 2-3 мәрте оқып, естеріне сақтайды. Сосын мәтінді жауып, естеріне сақтап қалғандарын жазады. Жазып болған соң мәтін ашылып, тексеру жұмыс жүргізіледі. Қате кеткен сөздермен дыбыстық, буындық талдау жүргізіледі.

Суретті диктант- берілген суретке қарап атын жазу (заттың) немесе суретке байланысты сөйлем құрау.

Сөздік диктант- сабақтың кез келген кезеңіндежүргізіледі. Сөздік диктантына оқушыларға фонетикалық тұрғыда қиындық туғызып жүрген сөздер, не болмаса жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздер, өтілген жаңа сөздер жазылады.





3-бет





Т е р м е д и к т а н т т а р

І- терме диктант

Ұшатын жыландар

Құстың ұшатынын бәрі біледі. Ал жыланның ұшатынын кім біледі?

Оңтүстік Азияның тропикалық ормандарында кездеседі. Олар ағаштың басында тіршілік етеді. Ұшу алдында олар бүйір терілерін қампитып, қамданып алады. Содан кейін денесімен тіреп қатты секіріп қалады да, қалықтап барып екінші бұтаққа қонады.

Тапсырма: Етістіктерді теріп жаз.

ІІ-Терме диктант

Бұл қай кезде болады?

Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

4 - бет

































































Қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп,

Орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Тапсырма: Бастауышты тауып, қайсөзбен байланысып

тұрғанын сызбамен көрсет.

ІІІ - терме диктанты


“Көке-ау, өзіңді қатты сағындым тезірек әкетсеңші!” -деп бастады хатын.Міне,өнер. Баяғыда найзагерлер шауып бара жатып жыланды сүңгісінің ұшымен желкесінен іліп әкетеді екен.


Тапсырма.
Қаратпа сөздерді тауып астын сыз.



5 – бет



Ө з і н д і к д и к т а н т т а р

І- өзіндік диктант

Қар, аққала, демалыс, шаңғы, мереке, аспан, ағаштар, торғайлар, киім, көктайғақ,балалар,қызық. (12 сөз)
Осы сөздерді қатыстырып, әңгіме құрастыр.



ІІ- өзіндік диктант

Қысқарған сөздердің әр қайсысының толық атауын тұсына

жаз.

БҰҰ, ҚМУ,ҚР, АҚШ,ОМ, БМ, кг, см
қалаған 3 сөзіне сөйлем құрау



ІІІ- өзіндік диктант

Тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, сөйлемдер құра.


1) Зәрем зәр түбіне жетті.
2) Тайға таңба басқандай.
3) Ине шаншар жер жоқ.
4) Жібек орамал кепкенше.
5) Таяқ тастам жер.
6) Қорыққанға қос көрінеді.


6 – бет















































































Б а қ ы л а у д и к т а н т т а р

І-бақылау диктант

Әже өнері.

Маржан қалада оқитын. Жазғы демалыста ауылға келді. Әсіресе әжесін сағынып қалыпты. Қасынан шықпады. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі-түсті оюлар салып, текемет басады. Әшекей – өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй мүліктерінің көбі әжесінің қолынан шыққан. (39 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1. Мәтіндегі сын есімдерді тауып, сұрақ қойып, астын сыз.
2. “Әшекей” сөзіне дыбыстық талдау жаса.



ІІ- бақылау диктант

Тоқылдақ

Ұзын тұмсықты тоқылдақ – Қазақстанның тұрғылықты құсы. Тоқылдақтың түрлері көп. Түсі шұбар. Өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ағаштың етегінен бастап жабысқаннан бұраңдадай орала отырып, жоғары өрлейді. Кейде ғана жолында кездескен ойыстар мен жарықтарға тоқтайды. Егер қоңыз кездессе, ол- үлкен табыс, ал құрт болса да тамақ. Ол тұмсығымен көбінесе қураған кәрі ағаштардың қабықтарын тоқылдатады.

7 - бет

Осындай ағаштардан өзіне ұя жасайды. Шіріген ағашты бірнеше сағат бойы тоқылдатып тесу арқылы өзі тұратын үйін дайындайды, осы ұяға жұмыртқа салады.

Тапсырма: Сын есімдердің астын сызып, сұрақ қой.

ІІІ- бақылау диктант

Атамекен.

Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.
Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады.
(72 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1. 2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
2. 5-ші сөйлемді сызбалап байланыстырып көрсет.
3. “Табиғат” сөзіне дыбыстық талдау жаса.





8 – бет















































































К ө р у д и к т а н т т а р

І-көру диктант

Жаңылтпаш

Көк тырна,

Көп тырна

Тыраулап тек

Көп тұрма.

Қамаштан көріп қалашты,

Қалашқа Жарас таласты.

Бөлінсін десең, қалаш тең,

Таласпа, Жарас, Қамашпен.

Әсел әсем бе, Әсем әсем бе,

Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?

Тапсырма: Түбір зат есімді теріп жаз, өзің қалаған

екі түбір зат есімді септе.

9 -бет



ІІ- көру диктант

Өзім жайлы

Айбар деген баламын,

Жұмсауға мен жарадым.

Өзім биыл бестемін,

Саусағыммен санадым.

Күрескенді жығамын

Рас, бірде құладым.

Футбол десе шешініп,

Белсеніп мен шығамын.

Тапсырма: Өлең шумағындағы келер шақ етістік-терінің астын сыз, оларға сұрақ қой.

ІІІ- Көру диктант

Естідім-ау Жеңіс күнін,

Дүрілдейді көк пен жер.

Қуанышпен күлім қағып,

10- бет

































































Ойнақтайды қуанған ел.

Тапсырма: Өлең шумағынан шылауды тауып, шеңбермен қорша.

Сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын анықта.

4- Көру диктант

Инелік

Инелік –ау, инелік,

Қаша берме именіп.

Түспей ақ қой торыма,

Қоншы келіп қолыма.

Анықтап бір қарайын,

Суретіңді салайын.

Тапсырма: Өлеңнен бастауыш пен баяндауышты тап.





11- бет

С у р е т т і д и к т а н т т а р

І- суретті диктант

























Тапсырма: Суретке қарап сөйлем құрастыр. Зат есімнің астын бір түзу сызықпен сыз.





12-бет















































































ІІ- суретті диктант





















Тапсырма: Суретке қарап сөйлем құрастыр. Зат есімнің астын бір, Сын есімнің астын екі түзу сызықпен сыз.





13 – бет



С ө з д і к д и к т а н т т а р

І- сөздік диктант

Шөбере, Ботагөз, төлдер,көзілдірік, Қостанай,ой, ойыншық, отыру,осы, сол, Орынтай ,орындық, отау, отын, Отан,оқ, өрік,дөңгелек,өшіргіш,өтірік.



ІІ- сөздік диктант

Қамшы, тұлпар, Ақтөс, мектеп, кесе, кептер, Асан, Жерұйық, жұлдыз, кереге, оқулық, темір, құмырсқалар, орындық, тошала.

Тапсырма: Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын жалғап жаз.

ІІІ- Сөздік диктант

Қазір, ертең, тез, артқа, асықпай, дереу, сәскеде, бүгін, ілгері, алдында, секеңдеп, лезде, түстен кейін, ауызба-ауыз.

Тапсырма: Үстеулерді қатыстырып сөйлем құра.



14-бет



















































































П а й д а л а н ғ а н ә д е б и е т т е р





«Бастауыш мектеп» журналы



Ғаламтор



Диктанттар жинағы















15- бет

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
1002
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі