400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Диктанттар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Желтоқсан жаңғырығы Желтоқсан оқиғасына уақыт пен тарихтың өзі оң бағасын берді. Мәселең, Қайрат Рысқұлбековке Халық Қаһарманы атағы берілді. Басқа да көтеріліске қатысқан ерлердің атында көшелер мен мектептер бар. Елі олардың ерліктерін еш уақытта ұмытпақ емес. Желтоқсан – ерліктің, өрліктің қанымызға біткен белгісі. (38 сөз) Астана — әсем қала Астана қаласы – қазақ елінің астанасы. Күн сәулесіндей жарқыраған әсем қаламыздағы «Бәйтерек» монументі мен өзге де ескерткіштер келушілерге тарихымыздан сыр шертіп тұрғандай. Биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тойланады. Оған дейін әлі талай қрылыстар салынып, бас қаламыздың жаңғыра түсетініне сенемін. Мұның бәрі күні кеше ғана халық қайта сайлаған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың еңбегі. Жасай бер, қазағымның жас қаласы! (54 сөз)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Желтоқсан жаңғырығы

Желтоқсан оқиғасына уақыт пен тарихтың өзі оң бағасын берді. Мәселең, Қайрат Рысқұлбековке Халық Қаһарманы атағы берілді. Басқа да көтеріліске қатысқан ерлердің атында көшелер мен мектептер бар. Елі олардың ерліктерін еш уақытта ұмытпақ емес. Желтоқсан – ерліктің, өрліктің қанымызға біткен белгісі.

(38 сөз)

Астана — әсем қала

  Астана қаласы – қазақ елінің астанасы. Күн сәулесіндей жарқыраған әсем қаламыздағы «Бәйтерек» монументі мен өзге де ескерткіштер келушілерге тарихымыздан сыр шертіп тұрғандай. Биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тойланады. Оған дейін әлі талай қрылыстар салынып, бас қаламыздың жаңғыра түсетініне сенемін. Мұның бәрі күні кеше ғана халық қайта сайлаған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың еңбегі. Жасай бер, қазағымның жас қаласы! (54 сөз)

Тәуелсіз елдің ұланымыз

    Біз елімізді әлі де көркейту үшін талмай еңбек етуіміз қажет. Барлығы еңбекпен келетін дүние. Тәуелсіздікте сондай ауыр еңбектің нәтижесі.

Тәуелсіздіктің жолында қаза болған жандар еңбегі еш кетпек емес. Бүгінде тәуелсіз ел атанып отырғанымызға жиырма жыл. Әрине, аз уақыт емес. Осынша көп жылда біздің еліміз күннен-күнге гүлденіп, жаңару үстінде. Оның барлығы батыр аға-апаларымыздың арқасында. Ал, біз болашақ ұрпақ тәуелсіз елдің жас та, батыл да ұланымыз. Қазақстан мәртебесін өсіретін де, көркейтетін де біз боламыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.  (75 сөз)

Тіл және тәуелсіздік

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ата тілі, ұлттық мәдениеті болмаған ел ешқашан ел бола алмайды. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі жылдар өткен сайын өркендеп өсіп келеді. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, қазақ халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

(54 сөз)

Қазақстанның  рәмiздерi

      Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше. Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Он алтынша желтоқсан  – Тәуелсіздік күні.
(32 сөз)

 Менiң Отаным.

 Он алтыншы желтоқсан – мереке. Бұл Қазақстанның тәуелсiздiк күнi. Менiң елiм – Қазақстан. Астана – жаңа қала. Алматы – мәдени астанамыз. Мен Астананы да, Алматыны да көрдiм. Астанада Қазақстанның  рәмiздерi  өте сұлу.

                                                                  (31 сөз)

Мемлекеттiк  мереке

                 Қазақстан — тәуелсiз  мемлекет. Он  алтыншы  желтоқсан-мереке. Бұл  күнi  бiз  оқымаймыз -демалыс. Мерекелерде  жиналыс. Концерттер  болады. Мен  де  концертке  қатыстым.Отаным  туралы  қазақша  ән  айттым. Маған  өз  елiмнiң  елтаңбасы, жалауы  өте  ұнайды. Мен  Қазақстанның  азаматымын. Менiң  арманым — 2030  жылы  президент  болу.

                                                                                              (41 сөз.)




Астана

Астана солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада көптеген құрылыс жүрiп жатыр. Бiздiң қаладан Астанаға поезд барады. Менiң көкем Астанада оқиды.
(38 сөз.)

Ең ұлы күн

Қазақстанымыздың тәуелсіздік алғанына жиырма жыл. Бұл күні мен осынау тәуелсіздік ұрпағы – біздердің болашағымыздың бақытты болуы үшін күрескен ата-бабалар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының каһармандары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова сында аға-әпкелеріміздің  рухына бас иемін.

(33 сөз)

Отаным

Қазақстан – көрікті, жері бай өлке. Тауымыз – биік, даламыз кең. Көрікті де, бай өлкенің иесі – қазақ халқының көңілі даласындай кең, тауындай биік. Кең пейілді қазақтың жерінде  әртүрлі ұлттың өкілдері бірлік пен ынтымақта тұрып жатыр. Мен өзімнің отбасы – Отанымды, елімді сүйемін.

37 сөз

Ана тілі

Тәуелсіз ел болуымыздың басты жетістіктерінің бірі – қазақ тілінің мемлекеттік тіл деген мәртебеге ие болуы. Менің ойымша әрбір қазақ баласы ана тілін сүйіп, қастерлеп, ана тілінде сөйлеу керек.

(27 сөз)

Астана

Астана – біздің еліміздің бас қаласы.Отанымыздың астанасы. Бұл көрікті де үлкен қала Есіл өзенінің оң жағын ала жайласқан.Астана жылдан – жылға көркейіп келеді. Жанадан салынған ғимараттар мен әдемі алаңдары көз тартады.

(31 сөз)


Республика алаңы

Алматы қаласындағы Республика алаңы – тәуелсіздігіміздің тал бесігі. Көк байрағымыз желбіреп, Елбасымыз тәуелсіздігімізді әлемге әйгілі етті. Бұл алаң әр қазақ үшін қасиетті.

(21 сөз)

Отан

Отан дегеніміз — әр адамның туып өскен атамекені, кіндік қаны тамған жері. Отанды сүйіп, қастерлеу әр перзенттің міндеті. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

 

Қазақстан – менің Республикам!

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Өйткені, мен бүгін тәуелсіз, еркін елдің ұланымын.

(42 сөз)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі