2- сыныпқа арналған диктанттар
жинағы
Жинақта 2-сынып оқушыларының
жазу дағдыларын тиісті талапқа сай қалыптасуын жетілдіру мақсатында
арналған қазақ тілі пәнінен диктантар
терілген.
АЛҒЫ СӨЗ
Оқушылардың жазбаша сауатын жетілдіретін
жұмыстардың бірі – диктант. Жазба жұмыстарға, оның ішінде диктант
жұмысына бірінші сыныптан бастап ерекше қөңіл берген
жөн.
Диктанттың буын, терме, сөөзік, көру, қатеден
сақтандыру және бақылау сияқты түрлеріне оқушыларды бірінші
сыныптан бастап үйрете беру керек.
Диктант – орфографиялық, пунктуациялық дағдыны
тексеру құралы.
Диктант түрлері мұғалімнің алдына қойған
мақсатына орай таңдалып алынады. Оқушының сауатты жазу, шығармашыл
ойлау, көркем жазу, өтілген ережені меңгеруі жазылған тапсырмадан
көрініп тұрары анық. Бұл болашақта жекелеген оқушылармен жұмысты
қалай жүргізу керек екенін анықтауға
көмектеседі.
Бастауыш буыннан ортаңғы буынға өткен оқушы
келесі сатыға қиындықсыз өтсін десек, сауатты оқушы дайындауға
диктант жұмыстарын тиімді қолданайық.
ДИКТАНТТЫҢ
ТҮРЛЕРІ
Диктант – жазу жұмысының бір
түрі. Диктанттың түрлері үйрету мақсатына сәйкес әр
түрлі болады.
Сөздік диктант – сөзден және сөз тіркестерінен
тұрады. Өтілген ережеге сәйкес беріледі.
Таңдамалы диктант — өтілген ережені ойында
қалдыру үшін беріледі. Мұнда оқушылар мұғалім оқыған тексттен
оқыған ережелерге сәйкес сөһздерді немесе сөз тіркестерін теріп
жазады.
Көру диктанты – тақтаға жазылған диктантты
оқушылар өздері оқиды. Анықтап қарап, ережелерге сай келетін
сөздерді байқады. Мұғалім өзі оқып береді. Текст жабылады. Оқушылар
жазып болған соң текст ашылады. Оқушылар өз жазғандарын текстпен
салыстырып тексереді. Көру диктанты ережеге бағынбайтын сөздерді
оқытқанда көп көмегін тигізеді.
Ойша жазу диктанты. Оқушылар мазмұнды тексті
оқып, жаттап, ережеге байланысты сөздерді ұғынған соң, есінде
қалғанын ойша жазады. Оқушылар болғаннан кейін, дәптерге
жазғандарын тақтадағы текст бойынша тексереді.
Сақтандыру диктанты. Бұл ережелерді есте сақтау, ережені қайталау
мақстында жүргізіледі. Мұғалім текстті оқиды. Тақтаға шыққан
оқушылар ережеге сәйкес келетін сөздерін түсіндіріп, тақтаға
жазады. Оның бәрі жазып, астын сызады. Мұндай диктанттар қиын
ережелерді өткеннен кейін жазылады. Осы ережеге сай сөздердің дұрыс
жазылуын алдын ала ескертіп отырады.
Түсіндірмелі диктант. Оқушыларды өз бетімен жұмыс
істеуге жетелейді. Бұл диктант оқушылар тақырыпты жақсы түсінген
соң жүргізіледі. Мұғалім текстті оқиды. Оқушылар қайталап
дәптерлеріне жазады.
Диктанттың тексті оңай, мазмұны ойда қалатыны
болуы шарт. Бұл диктантты өткізудің әдістемесі басқалардан өзгеше.
Мұғалім тексті толық оқып шығады. Онан кейін мазмұны аяқталған
бөлімінідегі басты ойды бөле оқиды және тексттің мазмұнын ауызша
әңгімелеп тағы да тексті бөліммен оқып береді. Оқушы тексті ойында
қалғаны бойынша жазады (3-5 сөйлем). Мұғалім бұл жолы оқушының
мазмұнын дұрыс, текстегі басты ойды бере білгенін қадағалайды.
Диктанттың бұл түрі оқушыларды сауатты жазуға грамматикалық
формаларды дұрыс қолдануға және оның жазу тілінің дамуына әсер
етеді.
Бақылау диктанты. Бір үлкен орфографиялық
тақырыпты өткен соң жазылады. Тексте өткен ережеге байланысты
мәтіндер беріледі, бір немесе үш грамматикалық тапсырма беруге
болады.
Қорытынды бақылау жазба жұмыстары тоқсанның бірінші күні, мейрамнан
кейінге және дүйсенбі күні жазылмайды.
Оқушы керек сөзді түсіндіреді. Бұл диктант арқылы
көп оқушылардың тақырыпты түсінген, түсінбегені анықталады.
Оқушылар орфографиялық және грамматикалық талдау жасауға үйренеді.
Соңында текст тексеріледі.
Көшіріп жазу диктанты. Оқушыларды қате
жібермеуге, сөйлемді және оның бөліктерін толық көруге жетелейді.
Алдымен оқушылар тексті тақтадан оқиды, өтілген ережелерге
байланысты сөздерге түсінік береді, онан кейін тесті көшіріп
жазады. Соңынан оқушылар тексеріп шығады. Мұндай диктантты
өткізгенде оқушылардың сөзбен емес, толық сөйлемді көшіріп жазуын
да қадағалап отыру керек.
Шығармашылық диктант. Бұл үйретуші, түсіндірмелі, сақтандыру
мақсатында жүргізілуі мүмкін. Оның басқалардың өзгешелігі –
оқушылар сөз тіркестерін қолдана отырып текст құрайды. Мұндай
жұмыстар оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, ойын, сөз байлығын
дамытуға және өткен материалды қайталауға жетелеп отырады.
Шығармашылық диктант бірте-бірте күрделенуі керек. Алдымен
сөздерден сөйлем құрауға не сөйлемді бастауға немесе аяқтауға
сөздер берілуі мүмкін. Немесе тірек сөздерін беріп, белгілі бір
сюжетке сөйлем құратуға болады. Алғашқы сөйлемдер ұжымдық түрде
талқылануы мүмкін.
Еркін диктант. Оның ерекшелігі бір ойды
білдіретін бірнеше сөйлемдерді ойында қалдырады. Мұнда оқушылар
сөйлемдегі ойды беретін кейбір сөздерді, сөйлемдерді басқа
сөздермен бере алады. Бірақ өтілген тақырыптқа сай келетін сөздер
болуы керек.
2
сынып.
Сауаттылық
диктант. №1
Күз.
Күз түсті. Күн
көзінің қызуы азайды. Ауа райы да суыта бастады. Жан – жануарлар
қысқа дайындық жасауда. Құмырсқалар індеріне дән тасып жүр.
Құмырсқа – еңбекқор жәндік. Олар қысқы азығын жаз бойы жинап
алады.
Бақылау
диктант. №2
Тиін.
Тиін орманда,
тоғайда болады. Ол секіруге икемді. Бұтақтан – бұтаққа, ағаштан –
ағашқа секіріп жүреді. Жыртықш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп
қорғанады. Тиін бүр, саңырауқұлақ және жаңғақпен қоректенеді.
Тиінді көрсең тиме. Оны қорғап
жүр.
Сауаттылық
диктант. №2
Шаңырақ.
Қазақтың
өмірінде шаңырақтың маңызы өте зор. Ұл бала әке шаңырағының иесі
болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе жаңартуға
болады. Ал, шаңырақ жаңартылмайды. Шаңырақты үй иесі деп
есептелетін ер адам ған
көтереді.
Бақылау
диктант.
Ақсары.
Құстардың түрі
өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе? Ақсары бүркітке ұқсамай ма?
Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды? Өйткені оның аузы да, аяғы
да балапандар сияқты сап – сары. Ақсары – жыртқыш құс. Ол тышқан,
қояндармен қоректенеді.
Сауаттылық
диктант.
Саршұнақ.
Саршұнақ –
кеміруші жәндік. Ол інін егіс маңына жақын жерден қазады. Астық
дәндерімен қоректенеді. Кейбір құстар саршұнақты аулайды. Соның
бірі – қарақұс.
Саршұнақтың іні
құстардан сақтануға ыңғайлы. Ол інінен алысқа кетпейді. Інінен
шықса болды, жыртқыш құстар сап ете
қалады.
Бақылау
диктант.
Киіз
үй.
Киіз үй
малшыларға өте қолайлы. Оны жылдам құрастырып, тез жинауға болады.
Оның қыста жылы, жазда салқын болатынын айтсаңшы! Көлеміне және
сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үйлер төрт, алты,
он екі қанатты болады.
Сауаттылық
диктант.
Қаңтар.
Қаңтар – жыл
басы, қыстың қақ ортасы. Қаңтар айында сақылдаған сары аязды күндер
көп болады. Суық күндер бет, қол, аяқ үсу жиі кездеседі. Терезенің
әйнектері, ағаштар, су бетіндегі мұздар жарылып кетеді. Малшылар
малды қорада күтеді. Балалар мен қарттар үйде
отырады.
Бақылау
диктант.
Түйе.
Адамдар түйені
ертеден бері көлік ретінде пайдаланады. Ол шөл даланың ең төзімді
көлігі. Түйе алыс жолдарға өте шыдамды. Көп уақыт су ішпей жүре
береді. Түйемен адамдар жүктерін тасиды. Оның сүті қою болады.
Түйенің сүтінен шұбат жасап
ішеді.