Материалдар / Диктанттар жинағы. 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Диктанттар жинағы. 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған диктанттар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
102944
54 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4 сынып оқушыларына арналған бақылау диктанттары.
Мақсаты:
Дауысты дауыссыз дыбыстар туралы, дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болуын, Сөйлем түрлерін, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді қайталау. Алған білімдерін зерттеп, зерделеп жазу.

№1
Бақылау диктанты.

Батыр қоян.


Әдетте орқоянды қорқақ дейді. Бұл жолы ол қорқақтығын көрсетпеді.
Бірде қояндар мекеніне жуандау келген улы жылан жақындап келді.
Көжектер қорыққандарынан бүрісіп қалды.Осы кезде ана қоян жыланға қарсы шауып,тырнап, тістелей берді.Ол жыланды орнынан тырп еткізбеді.
Жылан сәл қозғалса болды, тарпа бас салады.Тырналап, тістелеп жүріп, ақырында жыланды өлтіріп тынды. Сөйтіп, көжектерін аман сақтап қалды.
(55 сөз).



Граматикалық тапсырма:
1. Бірде қояндар мекеніне жуандау келген улы жылан жақындап келді.- деген сөйлемді сөз таптарына талдау.
2.Орқоян- сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Бағалау нормалары:

''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;

''4'' бағасы -
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек

''3'' бағасы -
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

''2'' бағасы –
6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.

4 а сынып оқушыларынан І тоқсанда алынатын қорытынды диктант.
Мақсаты:
І тоқсан бойынша өтілген материалдардың меңгеруін бақылау. Білім, білік дағдыларын тексеру сауаттылықтарын зерттеу.

Тулақ.
Тулақ – жүні қырқылған, иленбеген табиғи қалпында кептірілген шикі тері. Оның түгі жоқ тақыр бетін жоғары қаратып жаяды. Үстіне жүнді жайып салады. Сабаумен сабап қопсытады. Тулақ жүннің шаң-тозаңға, шөп-шаламға былғанбай, таза қопсуын қамтамасыз етеді.
Тулақ – үйдің ішінде де қажетке пайдаланатын мүліктің бірі. Тулақты босаға жаққа төсейді. Оған адамдар отырады. Осы қалпымен төсеніш қызметін де атқарады. (57 сөз)



Граматикалық тапсырма:
1.Ең соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
2. Тулақ сөзіне дыбыстық талдау.
3. Құрмалас сөйлемдерді тауып астын сызу.


Істейтін көрінеді- істейтін гөрінеді, Сингапур-Сиңгапур деген сөздерді
Жазылуы және айтылуы бойынша жазу.





Бағалау нормалары:

5 деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен
бір-бірден қате жіберсе;
4 деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
3 деген баға: емле мен тыныс белгілерінен 4-5- тен қатесі болса
немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;
2 деген баға; емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан
10-ға дейін;






№2
Көксерек.
Мақсаты: Сөз және оның мағыналары жайлы кең мағлұмат беру.Сөздерді сөйлем ішінде пайдалана білуге, күрделі сөздер, біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалғанын, біріккен түбірлердің дыбыстық құрамы мен айтылуында, соған сәйкес жазылуын , біріккен сөздерді айыра білуге үйрету.


Көксерек.
Қараадырдың қарағанды сайы елсіз.Айнала қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған тобылғы
басқан.
Сай бойында мамыр айының салқын лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып қояды. Маңайдан жуаның, жас шөптердің
иісі келеді.
Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең құз жар бар. Соның бас жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті. (75 сөз).



Граматикалық тапсырма:
1. Бірсыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркестерінің астын сызу.
2.Мәтіндегі қос сөздерді теріп жазу, түрін анықтау.
3.Көксерек сөзіне дыбыстық талдау

Бағалау нормалары:

''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек
''3'' бағасы -
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;
№6
Мақсаты: Етістік, Етістіктің жіктелуі, Етістіктің шақтары, Дара сын есім, сан есім, Күрделі сан есім, сын есім , есімдікжайлы кеңірек мағлұмат беріп меңгері деңгейін бақылап нәтижесін бағалау.

Қалампыр гүлі.
Қалампыр гүлі Еуропа елдерінен таралған.Гүлдің сабақтары ұзын, тікенекті жапрақтары тік немесе қияқтанып келеді. Жапырақтары жұқа,қою жасыл түс береді.Гүлінің түсі көгілдір, ашық қызыл, қызғылт күлгін, ақ түсті болады. Гүлдері жеке немесе шоғырланып келеді. Он бес-жиырма сантиметр биіктікке өседі. Маусым айынан бастап гүл жарады. Өзге гүлдерге қарағанда қалампыр гүлі ұзақ сақталады. (54 сөз).


Граматикалық тапсырма:
1. Мәтіндегі дара сын есімдерді бір сызықпен, күрделі сын
есімдерді екі сызықпен сыз.
2.Қалампыр сөзіне дыбыстық талдау жасау.




Бағалау нормалары:


''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек
''3'' бағасы -
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;





№5
Мақсаты; Зат есімнің септелуі және тәуелдік жалғауындағы зат есімдердің септелуі, жіктелуін оқушылардың қалай меңгергенін бақылау, бағалау
Қолтырауын

Қолтырауынның жалпы дене пішіні кесіртке тәрізді.Қолтырауын шабуылға түнде шығады.Олар шамасы келетін кез келген жемтігін жеп қояды. Суда құйрығының көмегімен қозғалады. Қолтырауын құрлықта баяу қозғалады және ебедейсіз болады.Олар тауық немесе қаздікіндей оннан жүзге дейінгі жұмыртқасын ұясына салып, құммен көміп тастайды. Ұрғашысы жауларынан қорғау ұ\үшін қалаудың маңында қалады. Жұмыртқадан шығар алдында жас қолтырауындар бақылдаған дыбыс шығарады. Ұрғашы қолтырауын қалауын аршып, олардың шығуына көмектеседі. Ол кішкентай қолтырауындарды аузына жинап алып, суға жеткізеді



Граматикалық тапсырма:
1.Қолтырауын сөзін септеп жазу.
2.Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
.



Бағалау нормалары:


''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек
''3'' бағасы -
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;






№7
Мақсаты; Оқушылардың білімдерін және Үстеу, шылау, Одағай сөздердің мағынасы мен мәнін түсінуін тексеру.жазу машықтарын бақылау
Қарлығаш.

Қарлығаш-денесі ұзынша, ұзын айыр құйрықты, ұзын үшкір қанатты, епті қара құс. Қарлығаш тау үңгірлерінде де, өзендер мен көлдердің жартасты жағаларында да ұя салады. Қыстақ қарлығаштарының ұясы қора-қопсы мен үйлерде де бар. Олар ұя салатын жеріне ауа раайы жылынған кезде ғана ұшып келеді. Қарлығаш балапан шығару үшін шөп-шаламмен араласқан топырақ немесе балшықтан кесе тәрізді ұя салады. Кейбіреулері тесігі бар шар тәрізді ұя жасайды. Ұрғашы қарлығаш ұяда жұмыртқаны жалғыз-ақ басып отырады. Жұмыртқаны жарып шыққан балапандарын ата-аналары қоректендіреді. (79 сөз).



Граматикалық тапсырма:
1.Шылауларды тауып астын сызу.
2.Осы мәтіндегі сөйлемдердің біреуін одағайға айналдырып жаз.



Бағалау нормалары:



''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек
''3'' бағасы -
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;




№4
Мақсаты; ІІ тоқсан бойынша өтілген Сөз және оның мағынасы, Сөз таптары Сөз құрамы Зат есімнің септелуін үйрету тарауларын меңгеру дағдыларын бақылау. Білім, білік дағдыларын тексерусауаттылықтарын зерттеу

Гауһар

Гауһар шанасын сүйретіп далаға шықты.Аспан ап-ашық. Ауада шым- шым аяз бар.Батуға айналған күн қызыл-жасылданып көрінеді.Гауһардың екі беті қып-қызыл.Жағасы қырау-қырау.
Қас қарайды.Аспанның тұс-тұсынан жылт-жылт етіп жұлдыздар көріне бастады. Гауһар үсті-басының қарын қағып,үйге кірді.
Әжесі немересінің тап-тастай қол-аяғын бауырына басып,жып-жылы алақанымен басын сипады.Гауһар әжесіне шексіз ризав болып, әп-сәтте ұйықтап кетті.(67 сөз).


Граматикалық тапсырма:

1.Ең соңғы сөйлемді сөз таптарына талдау.
2.Әже сөзін атау, ілік, барыс септіктеріне септеп жазу.
3.Мәтіндегі қос сөздерді теріп жазу



Бағалау нормалары:

''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек
''3'' бағасы -
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;



№8
Мақсаты; Дыбыс, буын үндестіктері, сөз тіркестерін, жай және құрмалас сөйлемдерді, сөйлемнің дара жән күрделі мүшелерін қайтала

Аққу

Аққу-салмағы жетіден он килограмға дейін кейде он үш килограмм болатын ірі құс. Оның денесі керілген, мойны өте ұзын. Аяқтары қысқа. Қауырсынның түсі аппақ қардай, тұмсығы мен үзбесі сары, аяқтары қара. Аққу-жыл құсы. Ерте көктемде ұя салатын жерлеріне екі-екіден ұшып келеді. Шөп-шаламнан үйілген науа сияқты ұясы көбінесе құрлықта, кейде таяз суда қамыс, құрақ арасына орналасады.Ұяға ақ немесе сарылау төрт,алты жұмыртқа салады. Ұрғашы аққу жұмыртқа басады, ал еркек аққу оны жанкештілікпен қорғайды. Балапандар қоректерін өз беттерінше табады.

( 81 сөз).

Граматикалық тапсырма:

1.Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
2.Бірінші екінші сөйлемді сөз таптарына талдау жасау


Бағалау нормалары;

''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек
''3'' бағасы -
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;


№9
Мақсаты; Оқушылардың жыл бойғы игерген білім-білік дағдыларын қайталап тиянақтау, нәтижесін бағалау.

Ақ аю.
Ақ аю- жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң. Арктиканың қожайыны. Ол жақсы жүзеді, сүңгиді, жартаста, мұзды жарларда ептілікпен жүреді. Оның қалың жүні мен терісінің астындағы қалың майы суықтан жақсы қорғайды
Ақ аю итбалық, бұғы және кеміргіштермен қоректенеді.Балықтарды аулайды. Итбалықты ұзақ жатып қарауылдайды. Оны аяғымен қатты ұрып құлатады да, мұзға сүйреп шығарады.
Қыста қонжықтары пайда болады. Олар көктемге дейін анасының сүтін еміп, ұйықтап жатады. Ал көктемде аюлар тамақ іздеп, шетсіз-шексіз мұз даланы кезуге шығады. (75 сөз).


Граматикалық тапсырма:

1Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдау.
2.Аю сөзін септеп жазу.
3.Қонжық сөзіне дыбыстық талдау жасау


Бағалау нормалары;

''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек
''3'' бағасы -
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;



Жылдық бақылау үзігі
Мақсаты; Оқушылардың жыл бойғы игерген білім-білік дағдыларын қайталап тиянақтау, нәтижесін бағалау.

Қарсақ.
Қарсақ күшігінің қорқақ келетінін бұрын кім білген. Хайуанаттар паркінде мұнан өткен қорқақ болмас. Осы үшін оны қорқақ деп атап кеткен. Бір күні ойламаған жерден қарсақтың күшігі жоқ болып кетті. Міне, қызық! Сонда қайда кетпек? Күтуші тордың түкпір - түкпірін қарады. Жоқ. Күтушінің ойына жоғарыдағы сәкі түсті. Пәлі, кішкентай қарсақ сонда шығып кетіпті. Міне, осы оқиғадан кейін кішкентай қарсақ сол орынды мекен ететін болды. Ойпырмай, тіпті адамның көзінше тамаққа жоламайды. Сірә, түнде жейтін болуы керек. (72 сөз).


Грамматикалық тапсырма:

1. Мәтіннен одағайларды теріп жаз..
2. Хайуанаттар сөзін сөз құрамына талда.
3. Күтуші сөзін септеу.
4. Қарсақ сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Бағалау нормалары;

''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емле 2 тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек .
''3'' бағасы -
а) 3 емле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емле ,2 тыныс белгісі
в) 5 емле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;

''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!