Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дін және жастар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес. Бұған көп нәрсе себеп. Соның бірі кешегі кер замандағы үстемдік еткен жетпіс жылдық діни нигилизмнің салқыны деуге болады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңаша шешімдер қабылдау қажеттілік етті. Егемендікті еселеу жолында батыл қадамдар жасалып жатты. Соған қарамастан кейбір қателіктер болмай қалған жоқ. Сондай олқылық «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңда орын алды. Мұның соңы елімізде түрлі мысық пейілді өзге жерлік діни ағымдардың ағынына әкелді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дін және жастар


Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес. Бұған көп нәрсе себеп. Соның бірі кешегі кер замандағы үстемдік еткен жетпіс жылдық діни нигилизмнің салқыны деуге болады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңаша шешімдер қабылдау қажеттілік етті. Егемендікті еселеу жолында батыл қадамдар жасалып жатты. Соған қарамастан кейбір қателіктер болмай қалған жоқ. Сондай олқылық «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңда орын алды. Мұның соңы елімізде түрлі мысық пейілді өзге жерлік діни ағымдардың ағынына әкелді.

Жалпы, дін дегеніміз – тұңғиық теңіз. Оның тереңінде еркін сүңгіп жүру үшін көп оқып, ілім-білім жинауымыз қажет. Сондай әлемдегі көп діннің ішіндегі асыл дініміз пайдасын санамалап айтып бітіру тіптен мүмкін емес. Ислам дінінің ішінде әсіресе, Орта Азия халықтары ұстанатын төрт мәзһәб өкілдерінің бастарын иіп тұрып мойындайтын Мәзһәб болып табылады.

Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселе тұр. Сондай-ақ, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып,  мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы білуі керек.

Қорыта келе, қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі.



Сейтбек Бибінұр Нұржанқызы

«Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төраға орынбасары


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
690
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12