№12 «Тараз» колледжі
Тарих пәнінің мұғалімі: Нурпейсова Мария
Атыхайқызы
Пәні: Қазақстан
тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Дін
және руханият
Сабақтың
мақсаты:
Білімдік: Қазақстан
жеріндегі орта ғасырлардағы діни идеологиялық ахуалы туралы
білімгерлерге түсінік беру.
Дамытушылық: Қазақ
жеріндегі ең көне діндердің тарихын,салт-дәстүрін
білуге,
жан-жақты болуға
білімгердің ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік:Халқын
қастерлеуге,білімділікке және мейірімділікке білімгерлерді
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа
сабақ
Сабақтың әдісі:Аралас
Көрнекілік: карта, тірек-сызба.
Сабақ
барысы
І
.Ұйымдастыру кезеңі:
Білімгерлермен амандасу
Білімгерлерді түгелдеу
Білімгерлерді жаңа сабаққа дайарлау
үй тапсырмасын сұрау
ІІ
.Өткен тақырыпты қайталау:
1.Қазақ музыкалық
фольклорының кезеңдерін атаңдар.
2.Қазақ музыка өнерінің
болмысы қандай?
3.Қазақтың қандай музыкалық
аспаптары бар?
4.Қазақтың атақты әнші
–күйшілерін, ХІХ ғасырдағы олардың әйгілі шығармаларын атаңдар.
ІІІ. Жаңа тақырыпты
түсіндіру :
Жоспар
1.Зороастризм.
2.Ислам діні.
3.Қазақтың ілім
–білімдері.
4.Қазақша ай аттарының
мәні.
5.Мүшел
Қазақ
жеріндегі ең көне діндердің бірі -зороастризм. Бұл дінің негізін
Заратуштра деген адам салған. Кейіннен зороастризм діні
парсылардың,ауғандардың ресми дініне айналған. Бұлар да орта
ғасырларда зороастризмнен мұсылмандыққа көшкен.
Зороастризм дінінің негізгі
табынатын, мінажат ететін стихиясы –от,бір сөзбен айтқанда,
отқа құлшылық ету діні.
Қазақтың не нәрсені отпен аластауы,отқа май құю рәсімі сол
зороастризм қалдығы болса керек. Зороастризмнің екінші бір қағидасы
–дүниенің екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы болмыстардан
тұратындығы туралы ұғым.
Мысалы,рухани –тәндік,
пайдалы-зиянкес, адал –арам, ақ-қара ,жақсы-жаман, т.б.
Тәңірлік
дінің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі
қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды –жансыз
дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің
тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар.
Тәңірлік дін
|
Шаманизм дінінің
негізгі
қағидасы бойынша,
дүние түгелімен
рухтардан тұрады.
|
Тотемизм дегеніміз-адамдардың өздерін
белгілі бір
хайуанаттан таралдық деп түсініп,соларға мінажат етуі.
|
Фетишизм–белгілі бір заттың адам
өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік
атқа,жас ботаға үкі немесе тұмар тағып қояды.
|
Анимизм –бүкіл
табиғатты жанмен,рухпен байланыстыру.
|
Магия –жанды-жансыз
табиғатқа тылысым күш арқылы әсер ету әрекеті.
|
Түркі қағанаты заманында
Орталық Азия мен Қазақстан жерінде манихей діні де таралды.
Манихей діні зороастризм
,шаманизм, буддизм , христиандық діндердің қосындысынан шыққан
қойыртпақ дін.
Ислам
діні Сүннит және шииттік болып екіге бөлінеді. Ислам діні қазақ
жеріне VІІІ ғасырдан бастап ене бастады.Ислам,алдымен Оңтүстік
Қазақстанмен Жетісу жеріне таралды.Х ғасырда ислам діні Қарахандар
мемлекетінің ресми дініне айналды.
Мұсылмандық
этникасының,мәдениетінің қазақ жеріне таралуына әл-Фараби ат-Түрки,
әл-Жаухари,Исхан әл-Фараби,Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари, Қожа
Ахмет Иасауи, т.б. өлшеусіз еңбек етті.
«Сәби тәрбиесі»
бейнеролик
Кестемен жұмыс
|
Діндер
|
Мәні
|
|
Зороастризм
|
|
|
Тәңіршілдік
|
|
|
Христиан діні
|
|
|
Манихейлік
|
|
|
Ислам
|
|
Қазақтың аспан әлемі
,жұлдыздар жөніндегі түсініктері өте бай.Қазақтың жол жүргенде
басты бағдары болған жұлдыз –ол солтүстікте орналасқан Темірқазық
жұлдызы. Темірқазықты айналып жүретін жеті жұлдызды Жетіқарақшы
дейді.
Қазақ жұлдыздарға қарап жыл
мезгілін де анықтаған. Үркер жұлдызының жерге жақындауы –көктемнің
жақындап қалуының белгісі.Үркердің жерге түсуінен жаз айы –шілде
басталады. Үркер қайтадан көріне бастаса, күздің жақындағаны.
Аспан әлемі бейнеролигі
Қазақта жыл басы
наурыз.Наурыз деген сөздің парсыша мағнасы «жаңа күн».Мамыр
–семірген дала қазының ұша алмай мамырлап қалуынан шыққан
деседі.
Маусым айының –Отамалы
деген жер отайып,мал көкке қарық болады деген сөз.
Қазақ жылды мүшел арқылы
қайырған. 12 жылда бір мүшел болады деп есептеген .
1-жыл – тышқан,
7-жыл-жылқы,
2 -жыл -сиыр,
8-жыл-қой,
3-жыл-барыс,
9-жыл-мешін,
4-жыл-қоян,
10-жыл-тауық.
5-жыл-ұлу, 11-жыл-ит,
6-жыл –жылан,
12-жыл-доңыз.

IV. Жаңа тақырыпты
пысықтау,бағалау
1.Зороастризм дінінің
айырмашылықтары қандай?
2.Қазақ халқының білім және
ғылым жүйесі қалай дамыды?
3.Тәңірлік дін қай
заманынан белгілі?
4.Қазақша ай аттарының мәні
неде?
5.Қазақ
жылды мүшел арқылы қалай қайырған?
V. Үй
тапсырма: §49 Дін және руханият