Материалдар / Дина Нұрпейісова
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дина Нұрпейісова

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл;ірі ,дара тұлғалар туралы шағын материал:күйлері,шығармалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
365
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дина Нұрпейісова

32 ЖББОМ Жакипжанова С.Т

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


1861 жылы Батыс Қазақстан облысы,Нарынқұм жерінде дүниеге келген.Ол домбыра тартуды өз әкесінен үйренген.Ол Кенже отбасында, руы Төленгіт, үш қыздың біреуі болды. Оның екі апасы өлең айтқан, әкесі Динаға оларды домбырамен сүйемелдеуді табыстаған.Сөйтіп,әкесі бірінші мұғалімі болды,ал кейіннен оның тәлімгері Құрманғазы болды.Ол жастайынан Дәулеткерей,Құрманғазы,Мұхит,Мүсірәлі,Ұзақ,Әлікей,Тұркеш, Есжан,

Байжұма,Баламайсаның және тағы басқа атақты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындаған. Сол кезден бастап оны"қыз-домбырашы" деп атаған.Оның аты бүкіл жерге белгілі бола бастайды,соны естіген Құрманғазы 9 жастағы қызды өзі тыңдауға келеді.Ол Динаның күй тарту шеберлігіне риза болып,оған батасын береді.Содан бастап, өзі соңынан ертіп,әр түрлі музыкалық жарыстарға қатыстырады, домбырада ойнаудың қыр-сырымен таныстырады.Ол 19 жасқа толғанда тұрмыс құрады, оған дейін Құрманғазының қасында күйдің қыр-сырын үйренеді. 1937 жылы Дина Нұрпейісованы Ахмет Жұбановтың қолдауымен ,Смағұл КөшекбаевАлматыға алып кетеді.Сол жылдың күзінде екінші республикалық халық таланты слетінде бірінші жеңісіне жетеді.Бұл жерде ол асқан шеберлікпен"Бұлбұл"

күйін,Құрманғазының "Төремұрат","Қайран шешем" күйлерін орындайды.Төраға мүшелері оған бірауыздан бірінші орынды береді.Осы жылы ол Қазақ филормониясына жұмысқа алынып,сол жылы"Еңбек сіңірген өнер қайраткері" атағына ие болады.1939 жылы Мәскеуде бүкілодақтық екі мың адам қатысқан жарыс,халық аспаптарында күй орындауға қатысады.Сол жарыстың екінші кезеңіне екі жүз адам өтіп,ал үшінші кезеңіне елу үш адам ғана өтеді.Ал соңында тоғыз адам жеңіске жетеді.Солардың ішінде Дина Нұрпейісовада бар еді.Сол кезде Динаның күй шерту шеберлігіне атақты советтік кезеңнің музыканты В.М.Беляев"Советтік музыка"журналына былай баға берген еді:"Байқау халық аспаптарының жоғары деңгейін көтерді,музыка мәдениетінің дамуына;соны домбырада көрсете білген Дина және Жамбыл домбырасы осы қазақ халқының музыкасын,күйін сақтап қалуға зор ықпал етті ",-деп бағалаған болатын.[1939ж,№11].

Қазіргі таңда "Әсем қоңыр","Той бастар","8 наурыз","Сауыншы","Еңбек ері","Ана бұйрығы", тағы басқа да күйлері ел арасында кеңінен таралды.Оның шығармалары қазақ домбыра өнерінің нағыз классикасына айналды.



Пайдаланылған әдебиетттер:

1.Тарихи тұлғалар.Танымдыұ-қ-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Алматы."Алматыкітап баспасы",

2009ж.

2.Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.Алматы"Аруна",2005ж


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!