400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дина Нурпеисова

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірбаяны. "Әсем қоңыр"
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДИНА НУРПЕИСОВА

“ ӘСЕМҚОҢЫР» КҮЙІ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күй анасы-Дина туралы мағлұмат беру арқылы күй өнеріне қызығушылығын арттыру, эстетикалық тәрбие беру

Білімділік: Д.Нурпеиспваның «Әсемқоңыр» күйін үйрете отырып, ұлтық өнердің құндылығын насихаттау.

Сабақтың өтілу түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Дина Нурпеисова портреті, домбыра аспабы,үнтаспа,күй жинақтары, ноталар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алып,оқушыны сабаққа дайындау. б) Аспаптың құлақ куйін келтіріп,оқушыға беріп,дұрыс отырғызу.

2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жана сабақты менгерту:

а) Оқушыға күй туралы және авторы туралы түсінік беру.
б) Күйді оқушымен қосылып талдау.



Дина Нурпеисова халықтың күйші сазгері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, компазитор, Қазақстан Республикасының халық әртісі. 1861ж. қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келген.
Дина 8-9 жасында домбырашылық өнерді жақсы игерді. Оның ұстазы Құрманғазы Динаның болашағынан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күйлер үйретеді. Дина ұстазының күйлерін үйреніп қоймай, оның күйшілік, орындаушылық дәстүрін жалғастырады. Динаның шығармашылығының арқауы халық музыкасы, осыған сүйеніп, өзі де күй шығара бастайды. 1937жылы халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатыcып, бірінші жүлде алған Дина 1939 жылы Москвада өткен халық аспаптарында орындаушылардың Бүкілодақтық байқауында «Домбыраның Жамбылы» атанды. Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш дәстүрлерін дамыта отырып, Кеңес үкіметі кезінде күйшілік өнерді жаңа бір белеске көтерді.
Дина Нурпеисованың «Бұлбұл», «Байжұма», Жеңіс», «Қарақасқа», «Сауыншы», «Домалатпай», «Он алтыншы жыл», «Той бастар», «Науысқы», «Әсемқоңыр», т.б. күйлері бар. Cол күйлердің ішінен біз Дина әжеміздін «Әсемқоңыр» күйін үйренеміз. 1937 жылдың күзінде Дина Нурпеисова Алматыға келеді. Қалада алаңсыз оқып жүрген қазақ қыздарын көріп, немересі Қоңыр есіне түседі. Сағыныштан көнілі босап, көзіне жас келеді. Осындай бақытты балаларға арнап «Әсемқоңыр» деген күй шығарады. «Әсемқоңыр» күйін тындап, күйдін құрылысымен танысамыз.

  1. Куйдін екпіні: орташа екпінде, терең сезіммен

  2. Өлшем 2/4

  3. Нота ұзақтықтары: сегіздік, төрттік, он алтылық

  4. Кілттік белгіде: фа-диез

  5. Лига белгісі,пунктирлі ырғақ

Лига қойылған ноталарды домбырада орындаудың негізгі әдістерін оқушыға жаттығулар арқылы түсіндіремін. Күйді оқушы нотамен санап ойнайды. Күйді үлкен сағаға дейін талдап, ойнатып, оқушыға үйретемін. Күйді бірнеше рет қайталап, пысықтап жана сабақты қорытындылаймыз.

Сабақты бекіту:

1. Бүгін кім деген күйшімен таныстық, қандай күйлері бар?
2. Динаға домбыра тартудың терең сырларын үйреткен күйші кім ? 3.«Әсемқоңыр» күйі қандай екпінде орындалады?



Сабақты бағалау: Оқушыны бағалау

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызда ұлы күйші Құрманғазының шәкірті, Құрманғазының күйлерін бүгінге жеткізген Дина әжеміздін өмірі мен шығармашылығы мен танысып, «Әсемқоңыр» күйін үйрендік.

Үйге тапсырма: Күйді үлкен сағаға дейін жәй екпінде ойнап келу









Пайдаланған әдебиеттер: Республикалық ғылыми әдістемелік, педагогикалық журнал «Музыка әлемі» 2007 ж.

Абдулхамит Райымбеогенов. Сайра Аманова «Күй қайнары»Алматы «Өнер» 1990 жыл

Bilimdiler.kz - білімділер порталы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
876
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі