Материалдар / Дина Нурпеисова

Дина Нурпеисова

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірбаян. Күй "Әсем қоңыр"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
627
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДИНА НУРПЕИСОВА ӘСЕМҚОҢЫР» КҮЙІ Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күй анасы-Дина туралы мағлұмат беру арқылы күй өнеріне қызығушылығын арттыру, эстетикалық тәрбие беруБілімділік: Д.Нурпеиспваның «Әсемқоңыр» күйін үйрете отырып, ұлтық өнердің құндылығын насихаттау.Сабақтың өтілу түрі: Дәстүрлі сабақ.Сабақтың көрнекілігі: Дина Нурпеисова портреті, домбыра аспабы,үнтаспа,күй жинақтары, ноталар.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алып,оқушыны сабаққа дайындау. б) Аспаптың құлақ куйін келтіріп,оқушыға беріп,дұрыс отырғызу. 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Жана сабақты менгерту: а) Оқушыға күй туралы және авторы туралы түсінік беру. б) Күйді оқушымен қосылып талдау.

Дина Нурпеисова халықтың күйші сазгері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, компазитор, Қазақстан Республикасының халық әртісі. 1861ж. қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келген. Дина 8-9 жасында домбырашылық өнерді жақсы игерді. Оның ұстазы Құрманғазы Динаның болашағынан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күйлер үйретеді. Дина ұстазының күйлерін үйреніп қоймай, оның күйшілік, орындаушылық дәстүрін жалғастырады. Динаның шығармашылығының арқауы халық музыкасы, осыған сүйеніп, өзі де күй шығара бастайды. 1937жылы халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатыcып, бірінші жүлде алған Дина 1939 жылы Москвада өткен халық аспаптарында орындаушылардың Бүкілодақтық байқауында «Домбыраның Жамбылы» атанды. Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш дәстүрлерін дамыта отырып, Кеңес үкіметі кезінде күйшілік өнерді жаңа бір белеске көтерді.Дина Нурпеисованың «Бұлбұл», «Байжұма», Жеңіс», «Қарақасқа», «Сауыншы», «Домалатпай», «Он алтыншы жыл», «Той бастар», «Науысқы», «Әсемқоңыр», т.б. күйлері бар. Cол күйлердің ішінен біз Дина әжеміздін «Әсемқоңыр» күйін үйренеміз. 1937 жылдың күзінде Дина Нурпеисова Алматыға келеді. Қалада алаңсыз оқып жүрген қазақ қыздарын көріп, немересі Қоңыр есіне түседі. Сағыныштан көнілі босап, көзіне жас келеді. Осындай бақытты балаларға арнап «Әсемқоңыр» деген күй шығарады. «Әсемқоңыр» күйін тындап, күйдін құрылысымен танысамыз.
  • Куйдін екпіні: орташа екпінде, терең сезіммен
  • Өлшем 2/4
  • Нота ұзақтықтары: сегіздік, төрттік, он алтылық
  • Кілттік белгіде: фа-диез
  • Лига белгісі,пунктирлі ырғақ
Лига қойылған ноталарды домбырада орындаудың негізгі әдістерін оқушыға жаттығулар арқылы түсіндіремін. Күйді оқушы нотамен санап ойнайды. Күйді үлкен сағаға дейін талдап, ойнатып, оқушыға үйретемін. Күйді бірнеше рет қайталап, пысықтап жана сабақты қорытындылаймыз. Сабақты бекіту: 1. Бүгін кім деген күйшімен таныстық, қандай күйлері бар? 2. Динаға домбыра тартудың терең сырларын үйреткен күйші кім ? 3.«Әсемқоңыр» күйі қандай екпінде орындалады?

Сабақты бағалау: Оқушыны бағалауҚорытынды: Бүгінгі сабағымызда ұлы күйші Құрманғазының шәкірті, Құрманғазының күйлерін бүгінге жеткізген Дина әжеміздін өмірі мен шығармашылығы мен танысып, «Әсемқоңыр» күйін үйрендік.Үйге тапсырма: Күйді үлкен сағаға дейін жәй екпінде ойнап келу







Пайдаланған әдебиеттер: Республикалық ғылыми әдістемелік, педагогикалық журнал «Музыка әлемі» 2007 ж.Абдулхамит Райымбеогенов. Сайра Аманова «Күй қайнары»Алматы «Өнер» 1990 жылBilimdiler.kz - білімділер порталы
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ