жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дина Тойбастар
11 қазан 2015 жыл сағат 9.50
Мұғалім: Тілекина.Ш.
Оқушы: Серікқызы Аружан 3 класс
Сабақтың тақырыбы: Дина «Тойбастар»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Дина Нұрпейісова өмірімен және оның «Тойбастар»
күйімен таныстыру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыға Динаның күйлері арқылы ұлттық сезімін
оятып,адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелеу.
Елін,жерін сүюге,Отан алдындағы өз парызын айқын
сезіне білетін ұрпақ тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыға аспапты дұрыс меңгертіп,сол аспапта
ойнау шеберлігін арттыру.
Сабақтың өтілу барысы: 1.Ұйымдастыру
а)Оқушымен амандасып,сабаққа кіргізу.
ә)Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды
алып,оқушыны сабаққа дайындау
б)Аспаптың құлақ күйін келтіріп,оқушыға
беріп,дұрыс отырғызу.
2.Үй тапсырмасын тексеру
а)Ж.Еңсепов «Балбөбек» жатқа сұрау
Қате жерлері болса түзеп және динамикалық
белгілерімен қайта тарттыру
ә)Өткен сабақты қайталау
Ля минор гаммасы
И.С.Бах «Менуэт». Халық күйі «Тепең көк»
3.Жаңа сабақты меңгерту
а)Оқушыға жаңа сабақ,яғни күй туралы оның
авторы туралы түсінік беру.
ә)Күйді жай екпінде өзім орындап көрсетемін.
б) Күйдің тональдігін тауып,қағыстарын
қойып,саусақтарын белгілеп,өлшемін көрсетіп
беру.
в)Күйді оқушымен қосылып талдау,түсінбеген
жері(такттері) болса қайталап көрсетіп отыру.
4.Қорытынды
Жаңа сабақты түсінген – түсінбегенін білу
үшін арнайы торкөздерде бүгінгі өтетін
күйіміздің аты берілген сөзжұмбақ шешу.
Жаңа сабақты түсінген-түсінбегенін білу үшін арнайы торкөздерде бүгінгі өтетін күйіміздің аты берілген сөзжұмбақ шешу
|
Не білемін? |
Не білдім? |
Не білгім келеді? |
|
|
|
|
5.Үйге тапсырма
Динаның «Тойбастар» күйінің 1 ші бөлімін жәй екпінде жаттап келу.
Өткен тапсырмаларды үнемі қайталап жүру және тремоло қағысына көбірек дайындалу керек.
6.Бағалау
Оқушының үй тапсырмасын қалай орындағаны, өткен сабақтарды білетіндігін және де жаңа сабақты қалай талдай алғанына . қарай бағалаймын. \


|
БОЛАШАҚ МУЗЫКА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ АКТ-ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ |
|
А.Р. Идрисова Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж, Орал қаласы
«Болашағыңды ойласаң, бесігіңді
түзе» Халқымыздың егемендікке қол жеткізіп, ХХІ-ғасырға тарих табалдырығынан еркін, тәуелсіз ел ретінде аттап отырған кезінде әуелі ана тіліміздің өрісін көбейтумен бірге жас жеткіншек ұрпаққа ұлттық, адамгершілік – эстетикалық тәрбие беру бүгінгі таңда игілікті іс екені баршамызға мәлім. Оқыту мен тәрбие егіз- деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен мақтаныш сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін қалыптастыруымыз керек. «Музыканы тыңдай және оны түсіне білу –
эстетикалық мәдениеттің қарапайым ғана белгісі, бұл болмаса сапалы
тәрбие беруді елестету мүмкін де емес» деп жазды ұлы педагог
В.А.Сухомлинский. Бүгінде жоғары оқу орындарының музыка факультетінде қазақ мектептерінде музыка мұғалімдерін дайындау сапасын, кәсіби құзіреттілігін арттыру көтеру ісі ең басты мәселенің бірі. Оқу орындарының алдында әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру талабы қойылды. Мұндай сапаға жету жолдарының бірі, жаңа ақпараттық технологияларды енгізіп, қазіргі ұлттық білім берудің ең озық дәстүрлерін қолдану қажет және ұлттық идея негізінде жоғары білімнің ұлттық моделін қалыптастыруымыз керек. Тәрбие жұмысының мазмұнын халықтық педагогикаға сәйкес үйлесімді түрде жаңарту, ақыл-ой, дене, этика, эстетикалық сапасын жақсарту, жаңа қоғамға лайықты тұлғаны даярлау. Білім беруді жаңарту, бұл –үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі, білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижеге сәйкес түзету енгізіліп, ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін, тұрақты жүйелерден тұрады. Құзыретті түлектерді тәрбиелеп шығару үшін
алдымен мұғалімдердің өзі белгілі бір құзырлыққа қол
жеткізулері тиіс. Біз колледжімізде өз сабағымызды осы бағытта
білім жүйесін ақпараттандыру, жағдайында қазіргі технологияларды
қолдану әдістемесін жасадық. «Саздық білім беру» бөлімінде оқитын студенттерге
«Балабақшадағы музыкалық тәрбие беру әдістемесі» пәнінен
дәріс беріп, олардың болашақта мектепке дейінгі мекемелердегі
музыка жетекшісі болуларына жол саламын.
Бұл сабақ интерактивті тақта арқылы өткізілді. Соңында тақырыпты қорытындылау барысында тест сұрақтарымен жұмыстанып, оқушылар өз білімдерін өздері компьютер арқылы бағалайды.
Ұйымдастырылған оқу іс
–әрекет: Музыка. «Орта
топта»
Оқу іс- әрекеттен күтілетін
нәтиже: |
Арнау күйімен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: «Арнау күйімен жұмыс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Арнау күйлерді шығу тарихымен оқушының білімін кеңейту.
Тірек - сызба арқылы, күй туралы теориялық білім беру.
Дамытушылық: арнау күйлерін тыңдата отырып, есту қабілеті арқылы
күйге деген қызығушылығын, құштарлығын дамыту.
Тәрбиелік: күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнерді
құрметтеуге, бабалар мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: домбыра, плакат, буклет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын
сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру: А. Даргамыжский «Казачок».
Халық күйі «Тепең көк».
III. Актуалдау: Күй - қазақтың ертеден келе жатқан аспаптық
музыкалық жанры. Қазақ халқы өзінің көңіл - күйі мен арманын,
қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегінен шыққан "сиқырлы"
үндер арқылы білдіріп отырған. Күй XIV ғасырда жанр болып
қалыптасып, ұлттық күй, аңыз ертегі, нақтылы тарихи оқиғалар
негізінен құрылып, ілгері дамыды. Күй орындау түріне қарай екіге
(шертпе, төкпе) және тақырыбы мен мазмұныны қарай әртүрлі жанрларға
(халық, тарахи, аңыз, жыр, лирикалық, арнау) бөлінеді. Жаңа біз
орындап кеткен «Тепең көк» күйі осы күй жанрларының ішіндегі халық
күйіне жатады.
Халық күйлері - халықтың тұрмыс - салт көріністерін, адамның
тағдырын, жалпы өмірдегі болмысын суреттеп, баяндайтын күй. Халық
күйлері ұрпақтан - ұрпаққа жеткенімен, шығарған кісілердің аты -
жөні ұмыт болуынан халықтың күйі деп аталған.
Күй – тарихи, тартыс, айтыс, халық, аңыз, жыр лирика
IV. Жаңа сабақ: Арнау күйімен жұмыс. Халық күйшілері өздерін
қоршаған ортаның үнін, табиғатты, жан - жануарлар дүниесін есіте
білген. Өз дәуірлерінің ойлы - қилы кезеңдерін, қоғамдық қайшылыққа
толы өмірді көріп, соларды шынайы суреттей білген. Соның бірі -
Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа». Бүгін біз Дәулеткерейдің «Қосалқа»
күйін үйренеміз.
Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылы бұрынғы Бөкей ордасының Қарамола
деген жерінде дүниеге келді. Домбырашылық өнердің қалыптасуына
атақты Мүсірәлі ықпал жасайды. Ол Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі
сияқты күйші - домбырашылардың күйлерін жастайынан жаттап өсті.
Дәулеткерейдің алғашқы шығарған күйлері "Қыз Ақжелең" мен
"Қосалқа". Оның күйлері адам баласын үлкен талғам мен сұлулыққа
табиғаттың сыршыл сезімі мен әсем сазын ұғынуға тәрбиелейді.
''Қосалқа'' күйінің шығу тарихы.
Бір күні Дәулеткерей атамызға Құрманғазы атамыз қонаққа келеді.
Сыртқа демалуға шыққан кезде, құдық басынан су алып келе жатқан
Саржан келіні көрінеді. Сонда Құрманғазы: ''Сіздің сыршыл да
сезімтал күйлеріңізді естіп жүрміз. Саржан келініңіздің де
жүрісіне, сылдыр қаққан сырғасы мен алқасына арнап бір күй
шығарыңызшы '' - дейді. Сол бойда Дәулеткерей отыра қалып бір күй
тартады. Бұл күй ел арасында "Қосалқа" атанып кетеді.
Күйді орындап көрсету.
"Қосалқа" күйін талдау.
- Авторы: Дәулеткерей Шығайұлы.
- Тональділігі: C - dur
- Екпіні: орташа
- Орындалу түрі: төкпе
- Жанры: арнау күй
- Музыкалық сипаты: көңілді
- Қағысы: П V П V; П V П; VV.
- Дыбыс күші: p; pp; f; ff; mf; ;
- Қосымша белгі: лига
- Нұсқа (II - түрі)
V. Дамыту. "Қосалқа'' күйін нота бойынша талдау. Тактімен жұмыс
жасау.
VI. Сергіту сәті. "Ойлан тап!" ойыны.
Музыкалық сауатын шыңдау. Дыбыс ұзақтығымен динамикалық белгілерді
карточкалар арқылы көрсету.
VII. Бекіту.
- Арнау күйі дегеніміз не?
- Дәулеткерей қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
- Дәулеткерейдің алғаш шығарған күйлерін ата?
- Күй орындалу түріне қарай нешеге бөлінеді?
-"Қосалқа" күйі қай күй жанрына жатады?
VIII. Қорытындылау.
Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып келген асыл
мұраларының бірі - күй өнері. Бармағынан бал тамған күйшілер арқылы
бізге жеткен ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес,
мәдени байлығы, рухани азығы болып отыр. Сондықтан бабалардан
қалған күй өнерін ары қарай жалғастыру біздің міндетіміз.
IX. Үйге тапсырма:"Қосалқа" күйін сағаға дейін нота бойынша
ойнау.
X. Бағалау. Жақсы. Өте жақсы.
Халық күйі «Кеңес»
Жарияланды 29-04-2013, 05:49 Категориясы: Музыка
Сабақтың мақсаты: Күй ойнау шеберліктерін
арттыру.
І. Күйді ойнау ілімдерін үйрету.
ІІ. Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
ІІІ. Музыканы түсінуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап.
Көрнекілік: Үнтаспа, аспаптар, ноталар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: (Сәлемдесу оқушыларды түгендеу)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Халық күйі «Кербез қыз» күйін жеке
ойнату қағыс, өлшем, екпінін сұрап сабақты бекіту.
ІІІ. Енді үйренген күйлерімізді ұяшықтағы санды таңдап халық
күйлерін орындаймыз. І
ІІІІ. Халық күйлері: «Нәр ағашы», «Тепең көк»
ІV. Жаңа сабақ: Үнтаспадан аспаптардың үнін тыңдау арқылы тақырыпты
ашу.
Сөзжұмбақ.
Сұрақтар:
І. Үгмелі аспап.
ІІ. Жеті шекті шертпелі аспап.
ІІІ. Тілмелі аспап.
Ішекті аспап.
Үрмелі аспап.
Аспаптардың үнін шешу арқылы бүгінгі сабағымыздағы тақырыбы Халық
күйі «Кеңес».
Халық күйлері ұрпақтан - ұрпаққа жеткенімен, шығарған күйшілердің
аты - жөні ұмыт болуынан халық күйі деп аталған. күйшілер домбыраға
құдірет бітіріп, неше түрлі дыбыс шығара білген. Халық күйлері
халықтың тұрмыс - салт көріністерін адамның тағдырын, жалпы
өмірдегі болмысты суреттеп баяндайтын күй. Халық күйлері ғасырдан -
ғасырға ұласа беретін тұтас музыкалық тұлға. Музыка өнерінің ең бай
саласы – күй өмірі. Ел арасына көп тараған халық күйлерінің бірі
«Кеңес» күйіне тоқталайық. Ерте заманда ел ішіндегі елең етер
оқиғаларды данагөй қарттарымыз ақылымен, сабырмен кеңесіп шешіп
отырған. Алыс жолға жол сілтеп, бата беріп шығарып салатын болған.
Осындай көріністі көрген күйші қарттарға риза болып бір күй
ойнапты. Бұл күйдің бір сырында жәй екпінде ойналғанына қарап атын
«Кеңес» деп қойсақ деген екен. Күйді үнтаспадан тыңдау.
І. Күйдің ойналуын тәсілін түсіндіру.
ІІ. Орташа екпінде орындалады.
ІІІ. Қағысы: П П І П V П
Күйде бармақты іліп ойнау белгісі.
Күйді жәй екпінді санап тактілеп ойнау.
Сабақты бекіту.
І. Үнтаспадан қандай аспаптардың үнін тыңдадық? (үскірік, жетіген,
шаңқобыз, шертер, сыбызғы)
ІІ. Күй қандай екпінде орындалады?
ІІІ. Халық күйлері деп қандай күйлерді айтамыз?
Оқушылардың күй ойнау деңгейлеріне қарай бағалау.
Үйе тапсырма: «Кеңес» күйін жәй екпінді өлшемге қарап талдап
ойнау.
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Жарияланды 11-04-2013, 19:58 Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Күй тартудағы оқушының
алғашқы қадамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыға күй туралы түсінік беру. Музыкалық қабілетін
арттыру.
Дамытушылығы: Оқушының музыкалық білімін, есте сақтау, ойлау
қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге,
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай плакат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын
сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Тень - тень» В. Калинников.
«Еркем - ай» халық әні.
«Алма ағаштың аясында»Т. Камалдинов
ІІІ. Сергіту сәті: (тренинг - жаттығу)
Осы өлең жолдарын айтып түрлі дене жаттығуларын жасаймыз.
Қанат қағып жалма - жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам,
Аяғымның ұшына.
Баян болып тартылып,
Барабанша соғамыз.
Домбырамен ән айтып,
Қамажайға билейміз.
ІV. Жаңа сабақ: «Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы».
Күй - домбырада және басқа да халық аспаптарында орындалатын
музыкалық шығарма. Күй өзінің құрылымдық өзгешелігіне байланыс - ты
бас, негізгі, орта буындар мен кіші және үлкен саға деп аталатын
бірнеше бөлімдерден тұрады. Осыған орай домбыра мойны да сондай
бөлшектерге бөлінеді.
Күйлер - тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тарихи күйлер,
лирикалық күйлер, халық күйлері болып жіктеледі. Бүгін біз халық
күйі «Кеңесті» үйренеміз. Халық күйлері ұрпақтан - ұрпаққа
жеткенімен, шығарған кісілердің аты - жөні ұмыт болуынан халық күйі
деп аталған.
Күйді орындап көрсету.
«Кеңес» күйі С - dur тональділігінде жазылған. Өлшемі 2/4. Күй бас,
негізгі, ортаңғы, буындар мен кіші сағада орындалады.
Дамыту:«Кеңес» күйін нота бойынша талдау. Тактмен жұмыс жасау.
Бекіту:
- Күй дегеніміз не?
- «Кеңес» күйінің авторы кім?
- Халық күйі дегеніміз не?
Қорытындылау: Міне бүгін біз домбырада күй тартып үйрендік. Домбыра
тарту өнері атадан балаға ғасырлар бойы рухани дәстүр болып келе
жатқан музыкалық мұрамыз. Сондықтан өнерді, музыканы қастерлей
білуіміз керек.
Үйге тапсырма: «Кеңес» күйін сағаға дейін нота бойынша жүргізіп
ойнау.
Бағалау.
11 ақпан 2017 жыл сағат 14.00
Мұғалім: Тілекина.Ш.
Оқушы: Еркінұлы Ербол 1 класс
Сабақтың тақырыбы: Халық күйі « Кеңес »
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Қазақтың халық күйлерімен кеңінен таныстыру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыға Халық күйлері арқылы ұлттық сезімін
оятып,адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Елін,жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын айқын
сезіне білетін ұрпақ тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыға аспапты дұрыс меңгертіп,сол аспапта
ойнау шеберлігін арттыру.
Сабақтың өтілу барысы: 1.Ұйымдастыру
а) Оқушымен амандасып,сабаққа кіргізу.
ә) Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды
алып, оқушыны сабаққа дайындау.
б)Аспаптың құлақ күйін келтіріп,оқушыға
беріп, дұрыс отырғызу.
2.Үй тапсырмасын тексеру
а) Ш.Асқаров «Этюд» жатқа сұрау.
Қате жерлері болса түзеп және динамикалық
белгілерімен қайта тарттыру.
ә) Өткен сабақты қайталау.
Ми минор гаммасы
Халық күйі « Боз жорға »
3.Жаңа сабақты меңгерту
а) Оқушыға жаңа сабақ, яғни күй туралы түсінік
беру.
ә) Күйді жай екпінде өзім орындап көрсетіп
және ноутбуктан жеке орындауда тыңдату.
б) Күйдің тональдігін тауып, қағыстарын
қойып, саусақтарын белгілеп, өлшемін көрсетіп
беру.
в) Күйді оқушымен қосылып талдау, түсінбеген
жері(такттері) болса қайталап көрсетіп отыру.
4.Қорытынды
Жаңа сабақты түсінген – түсінбегенін білу
үшін арнайы торкөздерде бүгінгі өтетін
күйіміздің аты берілген сөзжұмбақ шешу.
|
Не білемін? |
Не білдім? |
Не білгім келеді? |
|
|
|
|
5.Үйге тапсырма
Халық күйі « Кеңес » күйінің 1 ші бөлімін жәй екпінде жаттап келу.
Өткен тапсырмаларды үнемі қайталап жүру.
6.Бағалау
Оқушының үй тапсырмасын қалай орындағаны, өткен сабақтарды білетіндігін және де жаңа сабақты қалай талдай алғанына . қарай бағалаймын. \
17 қараша 2017 жыл сағат 9.00
Мұғалім: Тілекина.Ш. Оқушы: Серікқызы Аружан 5 класс
Сабақтың тақырыбы: Тәттімбет «Қосбасар»
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Тәттімбет Қазанғапұлы өмірімен және оның
«Қосбасар» күйімен таныстыру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыға Тәттімбеттің күйлері арқылы ұлттық сезімін
оятып,адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыға аспапты дұрыс меңгертіп, сол аспапта
ойнау шеберлігін арттыру. Шертпе күй ерекшеліктерін үйрету.
Сабақтың өтілу барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру
а). «c moll» гаммасын әр түрлі штрихтарда жатқа сұрау
ә).Өткен сабақты қайталау 1.Ақбикеш «Айнам қалды» күйі
2. Шуберт «Музыкалық кезең» шығармасы
3.Жаңа сабақты меңгерту
а) Оқушыға жаңа сабақ,яғни күй туралы оның авторы туралы түсінік беру..
4.Қорытынды
Жаңа сабақты түсінген – түсінбегенін білу үшін арнайы торкөздерде бүгінгі өтетін күйіміздің аты берілген сөзжұмбақ шешу.
Кесте толтыру
|
Не білемін? |
Не білдім? |
Не білгім келеді? |
|
|
|
|
5.Үйге тапсырма
Тәттімбеттің «Қосбасар» күйінің 1 ші бөлімін жәй екпінде жаттап келу.
Өткен тапсырмаларды үнемі қайталап жүру және тремоло қағысына, арпеджио выбрация алуға көбірек дайындалу керек.
6.Бағалау
Оқушының үй тапсырмасын қалай орындағаны, өткен сабақтарды білетіндігін және де жаңа сабақты қалай талдай алғанына қарай бағалаймын. \
17 қараша 2017 жыл сағат 9.00
Мұғалім: Тілекина.Ш.
Оқушы: Серікқызы Аружан 5 класс
Сабақтың тақырыбы: Тәттімбет «Қосбасар»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Тәттімбет Қазанғапұлы өмірімен және оның «Қосбасар»
күйімен таныстыру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыға Тәттімбеттің күйлері арқылы ұлттық сезімін
оятып,адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелеу.
Елін,жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын айқын
сезіне білетін ұрпақ тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыға аспапты дұрыс меңгертіп, сол аспапта
ойнау шеберлігін арттыру. Шертпе күй ерекшеліктерін
үйрету.
Сабақтың өтілу барысы: 1.Ұйымдастыру
а).Оқушымен амандасып,сабаққа кіргізу.
ә).Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алып,оқушыны сабаққа дайындау.
б).Аспаптың құлақ күйін келтіріп,оқушыға беріп,дұрыс отырғызу.
2.Үй тапсырмасын тексеру
а). «c moll» гаммасын әр түрлі штрихтарда оқушыға санатып жатқа тарттыру.
ә).Өткен сабақты қайталау
1.Ақбикеш «Айнам қалды» күйінің шығу тарихына келсек жас кезінде Есжанға ғашық болған Ақбикеш сүймеген адамына еріксіз кетіп бара жатып Есжанды көріп, қимастық сезіммен «Айнам қалды» күйін шығарып, өзінің уыз махаббатын, қайғысын шерткен деседі..
Күй ре минор тональносінде мұңды асықпай орташа тартылады.
Оқушыға күйді өз мәнерінде тарттыру.
2. Шуберт «Музыкалық кезең» шығармасы
Бұл шығарма күйсандықтың сүйемелдеуімен тартылады. Баснан аяқ қосылып оналтылық ноталармен жұмыс жүргізу, яғни дыбысты таза алуға жұмыс жасау.
3.Жаңа сабақты меңгерту
а) Оқушыға жаңа сабақ,яғни күй туралы оның авторы туралы түсінік беру.
Тәттімбет Қазанғапұлы ( 1815 – 1862 )
Қазіргі Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданында өмір сүрген халық күйшісі.
Шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық аспаптық музыкасының күйдің классигі. Орта шаруа отбасында туған. Домбырашылық өнер арғы атасынан дарыған. Ән – күйге бала кезінен құмар болды. Алғаш домбыра тартуды Әлиден (әкесінің інісі) үйренеді.
Тәттімбет тек күйші ғана емес, сөзге ұста, шешен,шыншыл, әділетті көксеген ақын жанды сері адам болған.
Тәттімбеттің 40 тан астам күйі бар. Оның күйлері лирикаға толы адам сезімін , табиғатты суреттейді. Сол күйлерінің ішінде «Қосбасар» деген күйдің бірнеше түрін шығарған.
Күйлері: «Қосбасар. «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Бес төре», «Көкейкесті», «Боз қаңғыр»т.б.
Тәттімбет күйлерін насихаттаушы домбырашылар: Ә.Хасенов, М. Хамзин, У.Бекенов .
«Қосбасар» күйінің шығу тарихы
Бұл күй туған жер табиғатын, адам өмірін суреттейді.
ә) Күйді үнтаспадан тыңдату және жай екпінде өзім орындап көрсетемін.
б)
"Қосбасар" күйін талдау.
- Авторы: Тәттімбет Қазанғапұлы
- Тональділігі: d - moll
- Екпіні: жәй
- Орындалу түрі: шертпе
- Қағысы: П П / П V П;
- Дыбыс күші: p; pp; f; ; mf ;
- Қосымша белгі: лига
- Нұсқа (I - түрі)
в). Дамыту. "Қосбасар' күйін нота бойынша талдау. Күйдің тональдігін тауып, қағыстарын қойып, саусақтарын белгілеп, өлшемін көрсетіп беру.
Тактімен жұмыс жасау, түсінбеген жері (такттері) болса қайталап көрсетіп отыру.
4.Қорытынды г). Сергіту сәті. "Ойлан тап!" Сөзжұмбақ шешу ойыны.
Жаңа сабақты түсінген – түсінбегенін білу үшін арнайы торкөздерде бүгінгі өтетін күйіміздің аты берілген сөзжұмбақ шешу.
|
|
|
|
|
|
п |
|
|
|
|
к |
|
|
|
и |
|
|
|
|
о |
|
|
Қ |
а |
л |
|
|
|
м |
Х |
А |
а |
н |
и |
ш |
|
|
п |
а |
қ |
р |
и |
г |
е |
|
Қ |
О |
С |
Б |
А |
С |
А |
Р |
|
а |
з |
е |
и |
ғ |
с |
|
т |
|
з |
и |
н |
к |
а |
и |
|
п |
|
а |
т |
о |
е |
н |
м |
|
е |
|
н |
о |
в |
ш |
д |
о |
|
|
|
ғ |
р |
|
|
ы |
|
|
|
|
а |
|
|
|
|
|
|
|
|
п |
|
|
|
|
|
|
|
Кесте толтыру
|
Не білемін? |
Не білдім? |
Не білгім келеді? |
|
|
|
|
5.Үйге тапсырма
Тәттімбеттің «Қосбасар» күйінің 1 ші бөлімін жәй екпінде жаттап келу.
Өткен тапсырмаларды үнемі қайталап жүру және тремоло қағысына, арпеджио выбрация алуға көбірек дайындалу керек.
6.Бағалау
Оқушының үй тапсырмасын қалай орындағаны, өткен сабақтарды білетіндігін және де жаңа сабақты қалай талдай алғанына қарай бағалаймын. \
ЫРҒЫЗ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІ
Тақырыбы: Тәттімбет «Қосбасар»
Мұғалім: Тілекина Ш
Оқушы: Серікқызы А
2017 – 2018 оқу жылы


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген