жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Діни адасушылықты бодырмау-ортақ борышымыз
Құрманғазы атындағы саз колледжі
«Дін - тәрбиенін рухани тірегі» атты апталық шарасы аясында ұйымдастырылған
«Діни адасушылықты болдырмау - ортақ борышымыз» дөңгелек үстел.
Дайындаған: Колледждің дін мәселесі
жөніндегі кураторы Д.Т.Тулеушов.
Орал-2019ж
Тақырыбы:«Діни адасушылықты болдырмау - ортақ борышымыз»
Мақсаты: Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу,экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Түрі: Дөңгелек үстел.
Өткізілген орны: Оқу залы.
І-Жүргізуші: Қымбатты оқытушылар,оқушылар «Дін - тәрбиенін рухани тірегі»апталық шарасы аясында ұйымдастырылып отырған,«Діни адасушылықты болдырмау - ортақ борышымыз» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймыз.
ІІ-Жүргізуші:Бүгінгі шарамызғаколледждің дін мәселесі жөніндегі кураторы Д.Т.Тулеушов, колледж психологы А.А.Айсағалиева, Кітапхана ісі мамандығының 1-курс оқушылары және топ кураторы Г.Х.Суйншкалиева, «Өзін өзі басқару» ұйымы қатысып отыр.
І-Жүргізуші:«Діни адасушылықты болдырмау - ортақ борышымыз» тақырыбындағы баяндама жасауды әріптесіме берелік.
ІІ-Жүргізуші:
Оқушылардың бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу,экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға,қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда. Еліміздегі діни ахуал туралы сөз қозғаған кезде, жастар туралы айтпай өту мүмкін емес. Себебі ел жастарының дінге деген қызығышылығы жыл сайын артып отыр. Дін-адамды имандылыққа тәрбиелейді. Онсыз қоғам, ел, тарих болмаған.Білім де, рухани тәрбие де осында.Яғни, ол ғылымның қайнар көзі. Сондықтан екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Соңғы жылдары Қазақстанға келетін миссионерлер мен тіркеуге алынған дәстүрлі емес ұйымдар мен секталар саны арта түскені белгілі, олардан келетін қауіп зор. Ал қазіргі таңда сол басқа діни секталардың шылауына арбалған жастар көп. Мұны жастардың діни сауатының төмендігі, фундаментальді білімнің жоқтығынан, ой-өрісінің тарлығынан деуге болады.
І-Жүргізуші:
Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни эктремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдыларды қалыптастыру тәрбиенің міндеттері болып табылады. Діни экстремизм-осы заманға тән әлеуметтік қатерге айналды. Осыған байланысты өскелең ұрпақты қоғамда белең алған қауіп-қатерлерден құлағдар етіп отыру маңызды. Колледжміздегі терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және діни теріс ағымдардың таралуын болдырмау бағытында бірлескен жұмыстар жасалуда. Мақсатымыз жат діннің жетегінде кетпесін деген бағытта жастардың, әсіресе жас ұрпақ, оқушылардың санасын қалыптастыру, дәстүрлі дінді түсіндіру, олардың экстремизм мен терроризмге, жат ағымдарға қарсы ішкі иммунитетін қалыптастыру.
ІІ-Жүргізуші:
Оқушыларды радикалды діни ағымдар идеяларының кері ықпалынан сақтандырудың басты жолы-олардың бос уақытын тиімді пайдалану. Жастардың түрлі қылмыстық элементтерге бой алдырмауына, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың арасында патриоттық сезімдерін ояту мақсатында түрлі спорттық – мәдени шаралар,лекциялар,қызықты ойындар ұйымдастыру болып табылады. Ендеше дөңгелек үстелге қатысушы оқушылар және қонақтар, сіздерге қойылатын сұрақ «Қазіргі уақытта жастардың, сіздердің бос уақыттарың қай уақытта, қай бағытта ұйымдастырған жөн?» Өз ойларыңызды ортаға салып отырайық.
І-Жүргізуші:
Келесі сөз кезегін колледждің дін мәселесі бойынша кураторы Д.Т.Тулеушовке береміз.
ІІ -Жүргізуші:
Белгілі философ Херберт Спенсер(1820-1903) «Тәлім-тәрбие,білім алу адамды этика мен рационалдық тұрғыдан байытады, оны жаман дағдылар, озбырлықтан құтқарады» деген. Жастарымызды қоғамға зиянды топтардың шырмауынан құтқару үшін, біліммен қоса ұлттық патриотизм,рухани құндылықтарға ие болу тұрғысынан тәрбие беруіміз қажет. Өз халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайытын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.Осы кезекте сіздерге сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер, «Тәрбие мен білім алудың теріс діни ағымдарға қарсы тұруда маңызы қандай?», «жақсы тәрбие мен білім ала отырып біз өзімізді теріс ағымдарға түсіп кетпеуден сақтай аламыз ба?» осы саталған сұрақтарға өз ойларыңызды ортаға салып отырсаңыздар.
І-Жүргізуші:
Оқушылар арасында діни экстремизм идеяларының таралуының алдын алу, толеранттылықты,конфессияаралық келсім мен қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында оқушыларды теолог- мамандарды қатыстыра отырып, жүйелі түрде жұмыстар жүргізу. Қорыта келе, әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Біздің басты міндетіміз –барлық мүделі орындар,ата-аналар,мектеп ұжымы болып, бірлескен іс-қимылымызбен жастарды еліміздегі дін бостандығын орнымен қолдануға,халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған қалыпты діни сенім мен нанымына селкеу түсірмеуге, жастардың діни мұқтаждық, қажеттіліктерінің орнын толтыруда оларды дәстүрлі Ханафи мәзһабының артықшылықтарын терең түсінуге, мәдениетке, достыққа, бірлікке патриотизмге шақыру. Біздің қазақтың ұл-қыздары теріс ағымға қарсы тұра алады деп сенеміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген