400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Діни экстремизм - опат болудың жолы!

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп aтaуы: Қарғалы орта мектебі

Мұғaлiмнiң aты-жөнi Оспанбаева Сания Озановна

Сыныбы: 9

Ашық тәрбие сағаты

05.12.2015ж.

Ашық тәрбие сағатының тaқырыбы: Діни экстремизм - опат болудың жолы!

Жалпы мaқсaты: • Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;

• Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, оқушыларға ой салу;

• Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

• Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу.

Күтілетін нәтиже: Жоғары сынып оқушылары діни экстремизм және терроризмнің қауіпті салдарлары туралы түсінік қалыптастырады, азамат ретінде қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұра алады. Елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін өз үлестерін қоса біледі. Ауыл әкімі, имам , мектеп директорынан берілген жаптарынан ой түйіндейді

Негізгі дерек көздер : Интернет желiсi, смaйликтер, Кинопроектор, ноутбук, Видеролик, А3

Тәрбие сағатының барысы

Уaқыт

Мұғaлiмнiң iс- әрекетi


Oқушының әрекетi


Ресурстар

2 мин





2 мин

1Ұйымдaстыру.

Сәлемдесу

Психлогиялық ахуал қалыптастыру

Кіріспе. «Діни эктремизм –опат болудың жолы»





«Діни эктремизм –опат болудың жолы» видеобаянын көрсету арқылы оқушылардың эктремизм, терроризим туралы туралы ой қозғау.





АКТ

4 мин

4-мин қорғау

Негізгі бөлім:

1-тапсырма

Постер құру

1-топ: Эстремизим дегеніміз не?

2-топ: Терроризим дегеніміз не?

Қарастырылатын сұрақтар

Экстремизм деген не?

Экстремистік ұйымдарға кімдер кіреді?

Экстремистік ұйымдардың мақсаты?

Экстремистік топтардағы адамдардың тағдыры.

Қалай алдын алуға болады.

Постер құру арқылы эктремизим, терроризим туралы тақырыпты ашуға тырысады

А3, ватман,

Түрлі түсті қарындаштар

10 мин

2-тапсырма

«Имам», «Ауыл әкімі», «Мектеп директоры», «Ата-ана» сұхбат өткізу.


Имам», «Ауыл әкімі», «Мектеп директоры», «Ата-ана» сұхбат өткізудегі мақсат - барлық оқушыларды үдеріске тарту, оларға экстермизмнің адамзат үшін қауіп-қатерін көрсету, қоғамдағы әрбір оқиғаға қатысты дұрыс позиция таңдай білуге дұрыс бағыттағы тәрбие беру.


2-мин

3-тапсырма Мұны білу өте маңызды!


1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.

3. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.

4. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.

5. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.

6. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.

7. Есіңде болсын! Есте сақта!

Бәрі өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!

АКТ

2-мин

Тренинг

Сырты жылтыр, көздің жауын алатын қорап таңдап алынады. Оның ішіне әдемі зат (сырға немесе сақина) салынады. Оқушыларға көрсетіледі.Менің қолымдағы өте әдемі қорап. Оның ішінде әдемі зат салынған. Кім көргісі келсе, шығып қарауларыңа болады, — деп оқушыларды қызықтырады. Қызығушылығы жоғары оқушылар тақтаға шығып, қорапта не салынғандығын қарайды.-Ал енді, оқушылар, қандай адамдар сектаның құрамына кіреді?-Қызығушылығы жоғары.

Тренингтің мақсаты оқушылардың қызығушылын бақылау, көру

Қорапша, сақина

2 мин

Видеоролик “ Діни экстремизм мен терроризмнен көрініс”


АКТ

5 мин

Қорытынды. «Түйінді ой» 9 «а» сынып оқушылары тақырып туралы ойды қорытындылау үшін Абайдың, Б.Момышұлының және Н.Ә.Назарбаевтың сөздерінен үзінді оқиды.



Абайдың 14-сөзі: «... Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып алар жүрекке жігер, қайрат, байлаулықтың жоқтығынан азады. Жаманшылыққа беріліп кеткен соң бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады»

Б.Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмін, дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Мен солардан қорқамын»

Н.Ә.Назарбаев: «Діни экстермизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі. Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса, елде береке, бірлік, тыныштық болады»


1 мин

Кері байланыс:

Оян, қазақ!

Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,

Дініңді сен ардақтағын, құнтта!

Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,

Қателесіп жаман жолмен былықпа!

М. Дулатов

Патриоттық сезімін ояту, дінің ардақтауға, тура жолдан тайынбайға жастарды тәрбиелеу

















































Ата –ана





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18.12.2019
708
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі