жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»
«Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»
құқықтық оқу
б а ғ д а р л а м а с ы
Мақсаты:
а)
Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы
терең түсінік беру, оның түрлері,
себептері мен зардаптарын ұғындыру;
ә)
Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік,
құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра
отырып, оларды террорлық, лаңкестік
және діни экстремистік бағытта арандатуға
жол бермеу;
б) Жасөспірімдерге
бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік
пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық
жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы
екенін ұғындыру.
Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.
Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар,суреттер, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша материалдар жиынтығы.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында басым міндеттердің ішінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы іс-қимыл айқындалған.
Бұл ретте қоғамда, ең алдымен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне, сондай-ақ конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орнаған, діншілдер мен атеистік көзқарасты ұстанған азаматтардың да құқықтары сақталатын және құрметтелетін зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес тұрғындарда діни сананың қалыптасуына ерекше назар аударылады.
Баяндама: «Терроризм мен экстремизмге қатысты заң бұзушылықтар қатаң жазаланады»
__________________________________________________________________
Діни экстремизм мен терроризм қатері әр мемлекеттің ұлттық мүддесі қорғалу деңгейінің халықаралық қауіпсіздік ахуалына тәуелділігін жоғарылатып, жаһандық сипатқа ие болды.
Осындай жағдайларда радикалдық діни идеологияның таралуына мүмкіндік беретін жағдайларды (факторларды) тиімді жою үшін, сондай-ақ экстремистік және террористік көріністердің жолын кесу үшін «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» жасақталған. Аталған бағдарламаның мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Терроризм – латын тілінен terror (террор) Қорқыту, өлім жазасына берумен үркіту, өлтіру және барлық сұмдық қаталдықтар (Даль сөздігі)
Сонымен қатар, Терроризм – жарылыс істеу, өртеу не басқа әрекеттер, адамдардың апатына қауіп-қатер жасайтын, мүлікке зиян келтіру жасау немесе басқа қоғамдық қатерлердің болу ақыры, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға мақсатталған болса, халықты қорқыту не басқарушы органдар шешіміне әсері, және де нұсқалған әрекеттерді сол мақсаттарда қауіп-қатер істеу деген ұғымды білдіреді.
Ал, Экстремизм дегеніміз: Француз тілінде - extremisme, латын тілінде – extremus «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда
2005 жылы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және 1999 жылы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды, онда экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері белгіленген, негізгі ұғымдық анықтамалар мен осы бағыттағы мемлекеттік органдардың құзыреті, сондай-ақ осы саладағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары айқындалған.
Жоғарыда аталған заңдардың талаптарына сәйкес, экстремистік топ құру, сол сияқты оған басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сол сияқты экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын қылмыстарына қатысу – мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады;
Дайындалып
жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу
жалған хабарлау –
алты
жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Терроризм актісін жасаған үшін - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады
Қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалған, адам өмiрiне қол сұғу, сол сияқты дәл сол мақсаттарда, сондай-ақ мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған оның өмiрiне қол сұғу не халықаралық қорғауды пайдалантын адамдарға немесе ұйымдарға, ғимараттарға, құрылыстарға шабуыл жасаумен, адамды кепiлге алумен, ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы темiржол составын не өзге де қоғамдық көлiктi айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өмiрiне қол сұғу – мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.
Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақырып, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындап, сақтап немесе таратқаны үшін – мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Террористiк топ құрып, сол сияқты оған басшылық етсе – мүлкi тәркiленiп, 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Террористiк топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актiлерiне қатысқан адамның – мүлкi тәркiленiп, 8 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру – мүлкi тәркiленiп, 8 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Аталған заңдардың талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында мақсаттары немесе әрекеттерi экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған ұйымдарды (филиалдар мен өкілдiктерді) құруға және олардың іс-әрекетіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атауларын құрылатын ұйымдардың атауларында пайдалануға жол берілмейдi.
Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма жылдан асты. Осы жылдар аралығында қоғамда барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық деңгейде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді. Тарихтың тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Алайда, қоғамда белең алып жатқан келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Әлемде қазіргі діни ахуалдың ушығып күрделі әрі сан саналы екендігі бәрімізге мәлім.
Қазақстан Республикасының 23.07.1999 жылғы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» № 451 Заңының 2 бабының талаптарына сәйкес, Мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
Сөзімді қорыта келе, Қазақстан Республикасында экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, оны қаржылай қолдау, қақтығыстарға қатысу, адамдарды үгіттеу, ұлтаралық және діни аразылықтарды тұтандырған тұлғаларға қатысты қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін сезініп, оған аса жауапкершілікпен қарап, экстремизм мен терроризмнің алдын кесіп, қоғамның еліміздің болашағын Қазақстан Республикасының әр бір азаматы қорғауға тиіс.
«Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» Н.Ә.Назарбаев
Сұрақ:
1. Дін дегеніміз не?
2. Сіз қандай діндерді білесіз?
3. Экстремизм дегенімізді қалай түсінеміз?
Жүргізуші: Қандай адамдар қауіп-қатерге ұшырайды және осындай ұйымдық топтардың құрығына түсіп қала алады?
- Дін туралы аз білімді, материалдық күйзеліске ұшырағандар,рухани құлдырауға жол берген адамдар т.с.с. Қандай діни атты жамылған ұйымдарға тыйым салынған және оларға енуге болмайды?
«Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.
«Такфиршілер» ұйымы.
Олар өздерін таза мұсылмандар санап,
өзгелерді кәпірге есептейді екен.
Египетте бастау алған бұл ағым өзге
мұсылмандармен араласпайды, мешітке
бармайды. Мұсылмандар арасында жік
салушы. Мемлекеттің саяси бағытын
қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге
талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында
іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын
бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу
арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық
бағдарламасының нығаюына кері ықпал
жасайды.
«Таза
ислам» деп
аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері
- ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық
қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат
жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам
ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады.
Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың
желтоқсан айында ұсталған екен.
«Таблиғи
жамағаты». Нақты
тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы
топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың
екінші бір аты - «дағуатшылар»,
қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу,
шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған
ереже бойынша насихаттайды. Өздерін
саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып,
ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның
іс - әрекетіне тыйым салған.
«Нұршылар
жамағаты» Түркияда
пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет
әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат
адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге
1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері
басып шығарған уағыз парақшаларын
тарату арқылы қатарларын толықтыруға
тырысады.
«Қадиян»
тобы Үндістанда
пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі.
Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында
пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп
есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен
мұсылмандар арасында жан - жақты
идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс
арқылы қол жеткізуді
көздейді.
Хизбутшылар мемлекеттік
шекараны мойындамайды. Олардың
мақсаты:
1)бейбіт жатқан мемлекеттерде
азамат соғысын ұйымдастыру;
2)мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3)ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4)
мемлекеттерге қару - жарақ есірткі
заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері
біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам
атын жамылып өз мақсаттарын, жаман
істерін жүргізушілер. Олардан аулақ
болайық.
«Уаһһабилер»
Сауд
Арабиясында дүниеге келген.
Мұхаммед
ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын
жіберілген ағылшын тыңшыларымен
байланысып, солардың ақыл - кеңесімен
«Уаһһабия» деген ағымның негізін салған.
Олар
мәдениетті, өнерді мойындамайды. Уаһһабия
ағымының белгілері:
1)
мемлекет заңдарына бағынбайды; 2)
пайғамбарымыздың кейбір хадистерін
мойындайды; 3) әулиелерге зиярат жасауға
болмайды деп есептейді; 4) садақа беруге
мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз
оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін
нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, біздің
мемлекетімізде де осы қауіпті ағым
жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата
- аналарын сыйламайды. Туыстарымен
қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің
күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың
әрекеті бар.
Секталар: «Иегова
күәгерлері», кришнаиттер, саентологтар,
мунистер, баптистер. Олар дін жолын
табыстың көзіне айналдырған. Күллі
әлемді евангелиендіру саясатымен
Америкадан әлемнің түкпір - түкпіріне
мыңдаған миссионерлер жөнелтуде.
Абайдың 19-шы қара сөзінде: Адам ата анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам, білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп, жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда оны адам десе болады.
Ескерту:
1. Көшеде кезіккен уағыздаушылармен сойлеспеңдер.
2. Егер сізге көшеде уағыздаушылар діни ағым туралы оқулықтар ұсынса, алудан бас тартыңыздар.
3.Діни ағымды уағыздаушыларға кезіккенде дін туралы өз ойыңызды ашық айтпаңыз.
4.Егер сіз діни ұйымның кеңесіне барғыңыз келсе,алдын-ала ата-анамен,ағайындарыңызбен ақылдасып алыңыз.
5. Өзіңізді діни теріс ағымнан алшақ ұстау рухани дүниеңізді, тіпті өміріңізді аман алып қалатынын естен шығармаңыз.
Ситуациялық тапсырмалар:
1.Мектеп
асханасына кетіп бара жатқан
тұста оралып жатқан пакет
көрдің. Сенің сондағы
іс-әрекетің?
2.Сыныпқа
жаңадан оқушы келді, онымен
жақын әңгімелесе
бастағаннан саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты
оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Сондағы
сенің
пікірің?
3.Лаңкестер
құрамында қазақ жастарының
саны арта түсуде.
Соларды тоқтатудың жолы қандай? Сенің пікірің.
Қорытынды: Қазіргі күні бір Қазақстан емес, Евразия кеңістігін мекендеген мұсылман халықтарының басына түскен басты нәубет – діни экстремизм десек жаңылыспаймыз.
Елбасымыздың айтқандай, татулық пен келісім «біздің көп ұлтты үйде – бұл Қазақстанның басты игілігі». «Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың бірлігін сақтау».
«Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»
құқықтық оқудың
х а т т а м а №
____.02.2019 ж.
Күн тәртібі:
1. «Терроризм мен экстремизмге қатысты заң бұзушылықтар қатаң жазаланады» туралы.
Мақтарал аграрлық колледжінің құқық пәнінің оқытушысы Г.Ауелбекова құқықтық оқу тақырыбын ашып, сөз кезегін _____________________________________________ пәні оқытушысы __________________________________-ға берді.
___________________: Діни экстремизм мен терроризм қатері әр мемлекеттің ұлттық мүддесі қорғалу деңгейінің халықаралық қауіпсіздік ахуалына тәуелділігін жоғарылатып, жаһандық сипатқа ие болды.
Осындай жағдайларда радикалдық діни идеологияның таралуына мүмкіндік беретін жағдайларды (факторларды) тиімді жою үшін, сондай-ақ экстремистік және террористік көріністердің жолын кесу үшін «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» жасақталған. Аталған бағдарламаның мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Терроризм – латын тілінен terror (террор) Қорқыту, өлім жазасына берумен үркіту, өлтіру және барлық сұмдық қаталдықтар (Даль сөздігі)
Сонымен қатар, Терроризм – жарылыс істеу, өртеу не басқа әрекеттер, адамдардың апатына қауіп-қатер жасайтын, мүлікке зиян келтіру жасау немесе басқа қоғамдық қатерлердің болу ақыры, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға мақсатталған болса, халықты қорқыту не басқарушы органдар шешіміне әсері, және де нұсқалған әрекеттерді сол мақсаттарда қауіп-қатер істеу деген ұғымды білдіреді.
Ал, Экстремизм дегеніміз: Француз тілінде - extremisme, латын тілінде – extremus «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда
2005 жылы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және 1999 жылы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды, онда экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері белгіленген, негізгі ұғымдық анықтамалар мен осы бағыттағы мемлекеттік органдардың құзыреті, сондай-ақ осы саладағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары айқындалған.
Жоғарыда аталған заңдардың талаптарына сәйкес, экстремистік топ құру, сол сияқты оған басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сол сияқты экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын қылмыстарына қатысу – мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады;
Дайындалып
жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу
жалған хабарлау –
алты
жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Терроризм актісін жасаған үшін - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады
Қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалған, адам өмiрiне қол сұғу, сол сияқты дәл сол мақсаттарда, сондай-ақ мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған оның өмiрiне қол сұғу не халықаралық қорғауды пайдалантын адамдарға немесе ұйымдарға, ғимараттарға, құрылыстарға шабуыл жасаумен, адамды кепiлге алумен, ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы темiржол составын не өзге де қоғамдық көлiктi айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өмiрiне қол сұғу – мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.
Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақырып, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындап, сақтап немесе таратқаны үшін – мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Террористiк топ құрып, сол сияқты оған басшылық етсе – мүлкi тәркiленiп, 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Террористiк топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актiлерiне қатысқан адамның – мүлкi тәркiленiп, 8 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру – мүлкi тәркiленiп, 8 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Аталған заңдардың талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында мақсаттары немесе әрекеттерi экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған ұйымдарды (филиалдар мен өкілдiктерді) құруға және олардың іс-әрекетіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атауларын құрылатын ұйымдардың атауларында пайдалануға жол берілмейдi.
Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма жылдан асты. Осы жылдар аралығында қоғамда барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық деңгейде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді. Тарихтың тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Алайда, қоғамда белең алып жатқан келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Әлемде қазіргі діни ахуалдың ушығып күрделі әрі сан саналы екендігі бәрімізге мәлім.
Сөзімді қорыта келе, Қазақстан Республикасында экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, оны қаржылай қолдау, қақтығыстарға қатысу, адамдарды үгіттеу, ұлтаралық және діни аразылықтарды тұтандырған тұлғаларға қатысты қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін сезініп, оған аса жауапкершілікпен қарап, экстремизм мен терроризмнің алдын кесіп, қоғамның еліміздің болашағын Қазақстан Республикасының әр бір азаматы қорғауға тиіс.
Қаулы:
1. Діни идеологияның таралуына мүмкіндік беретін жағдайларды (факторларды) тиімді жою үшін, сондай-ақ экстремистік және террористік көріністердің жолын кесу үшін колледжде қажетті шараларды жүйелі жүргізу және жандандыру.
Жиналыcтың төрағасы: Ауелбекова Г.
Жиналыстың хатшысы: Құлназарова Ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген