Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Діни экстремизм— қауіпті құбылыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Діни экстремизм— қауіпті
құбылыс
Мақсаты: Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Видео «Діни
экстремизм»
Ұйымдастыру
бөлімі.
-
«Діни экстремизм» деген ұғымды қалай түсінесіздер?
-
Одан сақтану жолдары қандай?
-
Дін туралы мағлұматты қайдан, кімнен аласыздар?
Видео (діни терроризм, экстремизм) Осы видео арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.
Негізгі бөлім.
Толық түсінік беру. /слайд/
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Әлемдік діндер — БУДДИЗМ, ХРИСТИАН, ЗОРОАСТРИЗМ, ДАОСИЗМ, ИСЛАМ осы діндердің барлығы әлеуметтік жағдайдан туындаған діндер. Осы әлемдік діндер адамды адамгершілікке және тазалыққа, төзімділікке, білімге, бірлікке шақыратын таза діндер болып табылады. Бірақ осы заманда әлемдік діндердің кейпін танытып, бейнесін салып жүрген көшірме діндер қаптап кетті. Осындай жасанды діндердің салдарынан қоғамда терроризм және діни экстремизм терминдері пайда болды.
Діни экстремизмнің салдарынан адамның санасы уланып теріс жолдарға түсіп жатқан адамдар аз емес.
Экстремизм деген латын
сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше», «шеттеу», яғни
орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет
жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы
надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды,
яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс
дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады.
Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе
түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны
адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне
осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы
ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен
қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару
қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын
бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде
саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады.
Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп,
халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Қаншама адам діни
сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс
ағымдардың қол - шоқпары болып жүр.
Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген.
Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады.
Қандай діни атты жамылған ұйымдарға тыйым салынған және оларға енуге болмайды?
Видеоролик «Таблиғи жамағат» ұйымы туралы
-«Салафиттер» немесе
салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба
басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған.
«Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен
«алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі
заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше
өзгертіп алған.
«Такфиршілер» ұйымы.
Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді
екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен
араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы.
Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге
талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік
- ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің
саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал
жасайды.
«Таза
ислам» деп аталатын діни ағым
өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық
қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру.
Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан
тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.
«Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген
ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар»,
қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін
өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек
ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс -
әрекетіне тыйым салған.
«Нұршылар
жамағаты» Түркияда пайда болған.
Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат
адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе
бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы
қатарларын толықтыруға тырысады.
«Қадиян» тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі.
Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды
қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен
мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп,
төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.
Хизбутшылар мемлекеттік шекараны мойындамайды. Олардың
мақсаты:
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару.
Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын жамылып
өз мақсаттарын, жаман істерін жүргізушілер. Олардан аулақ
болайық.
«Уаһһабилер»Сауд
Арабиясында дүниеге келген.
Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын
тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен «Уаһһабия» деген
ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды.
Уаһһабия ағымының белгілері:
1) мемлекет заңдарына бағынбайды; 2) пайғамбарымыздың кейбір
хадистерін мойындайды; 3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп
есептейді; 4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз
оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді. Өкінішке
қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар
кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен
қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып кетуінен
қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.
Сұрақ.
Терроризм дегенді қалай түсінесіңдер?
Діни экстремизм - теория болса, терроризм-оның тәжірибесі.
Терроризм ұғымы араб тіліндегі «Ирхаб» сөзінен шығып қорқыту, үркіту мағынасын береді. Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Терроризм — ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін — дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс.
Діни экстремизмнің тез таралуына алып келетін факторлар.
Заңның тұжырымдамасы
Сұрақ: Қандай адамдар қауіп-қатерге ұшырайды және осындай ұйымдық топтардың құрығына түсіп қала алады?
- Дін туралы аз білімді, материалдық күйзеліске ұшырағандар,рухани құлдырауға жол берген адамдар т.с.с
Дін туралы аз білімді, негізгіні болмашыдан (арзан қолдыдан) айыру қабілетсіздігі, басқа діндерге сабырсыздық әрекеті және мейірімсіздікке шақыру, жақсылықты басу және жамандықты көбейту.
Тапсырма
• Экстремизм – қауіпті құбылыс (сурет салу)
• Діни ағымдардан сақтану ережелері (ереже құрастыру)
• Біз экстремизмге қарсымыз! (үндеу)
«Кері байланыс»
Padlet тақтасы арқылы бүгнігі сабақ туралы кері байланыс жасап, ойларыңызды білдіріңіздер.
Қорытынды.
Ертеде бір дана:«Ақыл топырақ, топыраққа не ексең сол шығады», – деп айтқан екен.
Егер білімсізге ойы арам адам жолығып, жақсыны жаман, ал жаманды жақсы етіп үйретсе, онда ол дүниені солай түсінеді.
Мұндай адамға «ұстазы» нені ақ десе, сол ақ, нені қара деп айтса сол – қара болып қалады. Мұнан соң бала не әке-шешенің тілін алмайды, не ағайын-туысты тыңдамайды, не имамның сөзіне де құлақ аспайтын болып шығады.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап, бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым – сол үшеуінің жолын білмек, – деп дана Абай да ғылымның мәртебесін көрсеткен.
Олай болса,
ғылым үйреніп, біліп алып, келешегімізді жарық
қылайық.
Үйге тапсырма: Жақсы мінез – жан сұлулығы (эссе)
Тақырыбы: «Діни экстремизм мен терроризм - әлемге төнген қауіп»
Мақсаты: а) Оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның
түрлері, себептері мен
зардаптарын ұғындыру;
ә) Жасөспірімге қоғамның
әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын
ұғындыра
отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта
арандатуға жол
бермеу;
б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік
пен ізгіліктің,
адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін
ұғындыру.
Өтілу түрі: тренинг, пікірталас.
Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар, суреттер, Қазақстан
Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,
дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша материалдар
жиынтығы.
Тәрбие сағатының жүргізілу барысы.
«Діни экстремизм мен терроризм - әлемге төнген қауіп» атты 9-11сыныптар арасындағы тренингке қош келдіңіздер! Қоғамның ең әлсіз тұсы-дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен бе, секталарға кіру себебі бүгінгі күні көбейіп кетті. Бүгінгі тақырып та осы арнаға келіп саяды. Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.
Видеоролик «Ислам діні - бейбітшілік дін!»
Сұрақ Дін дегеніміз
не? Сіз қандай діндерді білесіз? Экстремизм мен
терроризм деген не?
Қоғамға тигізер әсері қандай?
«Ислам» араб
сөзі, аллаға бойынұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ
ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3
млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған
мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы,
Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі
Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік
беру. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды
мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз
ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл
бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай
ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған
келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып
көрейік
Қазіргі таңда діни -
ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ
бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз
саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Еліміз
егемендікті алып, тәуелсіз мемлекет аталғалы 26 жыл өтті. Осы
жасампаздыққа толы 26 жылдың ішінде еліміз ұлы жеңістерге жетті. 26
жылдың ұлы жемісінің бірі – діни сенім бостандығы, ар-ұждан
бостандығы. Дін бүгінде мемлекеттің бөлінбес бір бөлігі. Ұлтаралық
және конфессиялық келісімді сақтап, нығайтуда ислам дінінің маңызы
ерекше. Қазақстанда осы екі діннің достығы қатынастың биік үлгісін
көрсетіп отыр. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде жүзден
астам ұлттар қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз
Қазақстанның бейбітшілік бесігіне айналғанына мақтан
тұтамыз.
Экстремизм деген латын
сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше», «шеттеу», яғни
орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет
жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы
надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды,
яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс
дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады.
Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе
түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны
адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне
осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы
ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен
қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару
қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын
бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде
саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады.
Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп,
халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал,
таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық
пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес.
Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына
ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей
өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың,
рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол -
шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр. Әрине,
экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид
– бәрі де күш қолдануға сүйенген.
Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады.
Видеоролик «Қазақстан жастары діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз»(0,45 секунд)
Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда тақырыбымызға сай экстремизм мен терроризмнің елімізге қауіп екенін айтып өттік.
Тапсырма: «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?» Ал енді одан қалай қорғануға болады, сіздердің әрекеттеріңіз ?
Плакат, сурет салып , таныстырып, тақтаға
іледі. Оқушылар қорғайды.
(Оқушылар өз ойларын айтады:
- Діни секталардың таралуы;
- Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың
енуі;
- 18 - 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі
қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар
барады.
- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да
барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі
байқалады.)
Видеоролик «Қазақстандағы террактілер хронологиясы» (3 минут)
«Біліп жүр?!» мағлұмат беру
Қандай дін атын жамылған ұйымдарға тыйым салынған және оларға енуге болмайды?
-«Салафиттер» немесе
салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба
басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған.
«Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен
«алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі
заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше
өзгертіп алған.
«Такфиршілер» ұйымы.
Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді
екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен
араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы.
Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге
талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік
- ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің
саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал
жасайды.
«Таза
ислам» деп аталатын діни ағым
өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық
қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру.
Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан
тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.
«Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген
ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар»,
қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін
өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек
ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс -
әрекетіне тыйым салған.
«Нұршылар
жамағаты» Түркияда пайда болған.
Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат
адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе
бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы
қатарларын толықтыруға тырысады.
«Қадиян» тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі.
Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды
қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен
мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп,
төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.
Хизбутшылар мемлекеттік шекараны мойындамайды. Олардың
мақсаты:
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару.
Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын жамылып
өз мақсаттарын, жаман істерін жүргізушілер. Олардан аулақ
болайық.
«Уаһһабилер»
Сауд Арабиясында дүниеге келген.
Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын
тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен «Уаһһабия» деген
ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды.
Уаһһабия ағымының белгілері:
1) мемлекет заңдарына бағынбайды; 2) пайғамбарымыздың кейбір
хадистерін мойындайды; 3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп
есептейді; 4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз
оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді. Өкінішке
қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар
кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен
қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып кетуінен
қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.
Секталар: «Иегова
күәгерлері», кришнаиттер, саентологтар, мунистер, баптистер. Олар
дін жолын табыстың көзіне айналдырған. Күллі әлемді евангелиендіру
саясатымен Америкадан әлемнің түкпір - түкпіріне мыңдаған
миссионерлер жөнелтуде.
Секта - орталық шіркеу немесе мешіттен бөлектенген діни топ, қауым,
бас пайдасы, жеке мүддесі үшін халықтан қол үзген топ.
Видеоролик «Діннен адастырар
ағымдар»
Мұғалімнің сөзі:
Қазіргі кезде ҚР көптеген діни
экстремистік ұйымдарға тиым салды.
Сонымен қатар оқушылардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені
ұсынғым кеп отыр.
Мұны білу өте маңызды!
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған
уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз,
онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды
оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар
туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен,
жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта!
Құдайға сену, яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!
Видеоролик «Діни экстремизм-опат болудың жолы» (6 минут)
Ситуациялық тапсырмалар:
1) Мектеп асханасына кетіп бара жатқан тұста оралып жатқан пакет көрдің. Сенің сондағы іс-әрекетің?
2) Сыныпқа жаңадан оқушы келді, онымен жақын әңгімелесе бастағаннан саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Сондағы сенің пікірің?
2) Лаңкестер құрамында қазақ жастарының саны арта түсуде. Соларды тоқтатудың жолы қандай? Сенің пікірің.
Жер-жаһанды жаулаған экстремизм, терроризм. Бұл кесел жаңа ғасырда белең ала бастаса да әлемнің біраз мемлекетін қан қақсатып үлгерді.Сол себепті де елбасымыз осы діни алауыздықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын құрды.
Қорытынды сөз
Бүгінгі «Діни экстремизм мен терроризм - әлемге төнген қауіп» атты тренингімізді Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.
«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза
мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке,
бірлік тыныштық болады»
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қатысып, пікір алмасқандарыңыз үшін
сіздерге көп-көп рахмет, алланың нұры жаусын! Келесі кездескенше
сау болыңыздар!
Әуелде бір суық мұз ақыл
зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық
жүрек.
Тоқтаулылық, қалыпты,
шыдамдылық,
Бұл – қайраттан шығады, білсең
керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей
ұста,
Сонда толық боласың елден
бөлек.
Жеке-жеке біреуі
жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы
демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де
жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады
әлек.
Біреуінің күні
жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол
үшеуінің жөнін білмек.
770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз