Діни экстремизмге жол жоқ!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Діни экстремизмге жол жоқ!

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шалқар қалалық №5 мектеп

лицейінің тарих пәнінің мұғалімі

Зағитова Мирамгүл Зағитқызы

Санаты жоғары

Діни экстремизмге жол жоқ!

Жүрдек пойыз межелі орынға жету үшін жүйткіп келеді. Пойыздың жүйткуі мен ойдың жүйткуі рельстің екі жолындай түскендей бір-бірімен жарысып келеді. Ой менен жол ... Қайсысы жүйрік? Жүрдек пойыз ба , әлде жүйрік ой ма?

Жол мұраты жету болса, ой мұраты не екен?

Ия,ой терең,ой түпсіз.Оның шетіне де, шегіне де жете алмайсың. Ой менен жолды салыстырып жатқанда көзім ілініп кетіпті. Түсімде бет- бейнесі өзгешелеу біреулер көшеде түрлі қағаздар таратып, кез келген жерге ұрандар іліп, көшеде бір нәрсе үгіт- насихат жүргізіп, бейне аудиотаспалар таратып жүр екен. Жұрттың бәрінің көзі соларда . Бір қарағанда ақ пейілді, жылы жүректі көрініп, адамдарға бір ерекше рух беріп сөйлейтін сияқты.

Жұрт сөздерін елітіп тыңдап тұрған соң , «Не айтып жатыр екен?» деп жұрт жиналған жерге мен де барыппын. Байқасам, жұрт алдында сақалы қауғадай , балағы шолақ, соңынан хиджаб киген қыз-келіншектерді ерткен жігіт жұртты елітіп сөйлеп тұр.

Бір кезде маған көзі түскен ол : «Сен де ақылдысың, қабілеттісің, сен де ұлы миссия үшін таңдалғансың » - деді мені танитындай ...

Бір кезде маған ту сыртымнан дүлей күш: «Сенбе, бұларға Қайта мына қаумалаған жұртты мына азғырудың, азғындаудың жолынан құтқар!» деген сияқты болды. Әп сәтте менің ойыма Алла бір қуат шашып тұрғандай , мен де ана жігітке ұқсап сөйлеуге тырысып, жиылған халықты өзіме қараттым:

Дін тек мораль , адамгершілік тұрғысындағы ұғым , ал экстремистер (мыналар деп саусағымды шошайтып қоямын) діннің терісін жамылып жүрген криминалдар немесе басқа теріс пиғылды адамдар, - дедім.

Ай, жоқ тыңдайтын емес , халық мені.

Бір кезде тағы да булығып былай дедім: -Уа, жұртым, сендер оларды білесіңдер , ойланыңыздаршы, талай- талай қанды оқиғаларды теледидардан көрмеп пе едіңіздер?! Естеріңізге түсіріңіздерші ...

... Мәскеу,метродағы жарылыс. Шешенстан., оқу үдерісі жүріп жатқан уақытта мектепте болған жарылыс... Осындай жан түршіктіретін оқиғалардың басы- қасында жүрген осы экстремистер, террористер» , - дедім жаным шыққандай күрсініп...

Соңғы сөзім әсер еткендей, жиналған, қаумалаған қауым бір кезде маған қарай бет бұрып келе жатқандығын байқадым.

Маған бұрылған халықты көрдім де, сөзімді ширақтыра түстім. Халқымыздың маңдайына біткен данышпаны Абайша сөйлесем деп қоямын. «Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып алар жүректе жігер , қайрат,көкіректе байлауының жоқтығынан азады. Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жинап алып кетерлік қайрат қазақта кем болады дегендей ,өз күш - жігерлеріңді жоғалтпаңдар!

Сөзімді естіп тұрғандар : -Міне, нағыз қазақтың баласы! Міне таза мұсылман! деп мені көтере сөйледі.

-Таза мұсылман демекші , Елбасымыз Н.Назарбаев та : « Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке,бірлік, тыныштық болады» ,- деген. Алланың жолы хақ, өзі де- хақ. Адаспайық, ағайын, адаспайық! Дініміздін атын жамылып, ішімізге күле кіріп, күңірене шыққан діни экстремизмнен сақтанайық! - дегенім мұң екен, мені анталаған жұрттың бәрі: - Жоқ! Жоқ !Экстремизмге жол жоқ ! Діни экстремизмге жол жоқ!» - деп ұрандатып жатқанда оянып кеттім. Сөйтсем, мені оятып тұрған жолсерік екен.

- Тұрыңыз ,тұрыңыз кеп қалдық! деді.

Сөйтіп , жол бойы түсімде болса да ,экстремистермен айқасып келдім. Түсімнің соңы , оңынан аяқталғанына қуандым. Түсімді түс Пайғамбарым жақсылыққа жорып, өңімде де солай болғай ! деп пойызымнан түстім.

Межелі орныма жолмен жетсем де , жүйрік ойымның шегіне жете алмадым. Алыс жол жеткізгенмен , ой жеткізбейді екен. Санамызға жаман ойлар мен жаман пиғылдар келмей , жақсы ойлар қонақтаса, нұр үстіне нұр болар еді. Исламның басты мұраты - адамдар арасында бейбітшілік болғандықтан , «эксремист» , «террорист» деген топтарға жол жоқ!

Тіреп қойған заман ба,

Дінге келіп барлығын

Орындайық адамдар,

Раббы Алла жарлығын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2018
873
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі