400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Діни экстремизмнің таралу қаупі»

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге көмегі болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

                 



Коучинг

тақырыбы:


«Діни  экстремизмнің  таралу  қаупі»


26.12.2017

Жалпы  мақсаты


 1.   Мұғалімдерге  діни  экстремизм  туралы  түсінік  беру (слайд)

2.      Қатысушылар  арасында  өзара  әрекет-тестікті,  сыни  ойлауды  дамыту, талқылау,  шешім  қабылдауға  үйрету

3. Өзіндік  пікірлерді  дәлелдеуге  бағытталуы,бағалаудың  түрлі  жүйелерін  пайдалануы.


Сілтеме


Мұғалімге  арналған  Нұсқаулық,  ресурстар



Оқу  нәтижесі

«Діни  экстремизмнің  таралу  қаупі»  тақырыбымен  танысу  арқылы  қатысушылардың, орын  алып  отырған  жағдайға  байланысты

сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеттерін

дамытады,  ой- пікірін, көзқарасын  дәлелдей  алу, қосымша  деректер  мен құжаттарды пайдалана  білу, ортақ  шешімдер  қабылдауға,  іс –әрекеттің  алдын  алу  шараларын  табуына

ықпал  етеді.


Коучингте қолданылатын  материалдар

Интерактивті  тақта,  слайд,  видеоролик,

А – 3 парақтары,  маркер,  қалам,  таныстырылым  т. б


Оқыту  әдістері

Сыни  тұрғыдан  ойлау

АКТ

СТО  әдісі

Бағалау


1.      Диалог

2.Топтық  жұмыс



Тапсырмалар

Сұрақтарға  жауап  іздеу,  сыни тұрғыдан  ойлау, өз  ойларын   жан – жақты  толық  жеткізу,  жауаптарын  дәлелдеу,  топтық  тапсырма  және  кері  байланысретінде  постерде  қорғау,  рефлексия,  бағалау



Оқуға  арналған  тапсырма


 1.      Мұғалімге  арналған  Нұсқаулық

2.      Қосымша  дерек  көздері






Коучинг бойынша коуч пен мұғалімдердің іс – әрекеті:



№  р/с



Коучтің  іс – әрекеті




Мұғалімдердің іс – әрекеті


Мұғалімдерге пси-хологиялық

ахуал  туғызу







Ұйымдастыру  кезеңі:

1.      «Танысу»  тренинг  ұйым-дастыру,  гүл  шоғын  сыйлау.




Мұғалімдер  бір – бірімен  амандасады, орындықтарға  отырады. Танысу  мақсатында  бір біріне  гүл  сыйлай  отырып, бір – бірінің есімін, өз  есімін  әріптесінің есімімен  қоса  айтады.


Топтарға  бөлу


Шағын  топқа  бөлу  үшін  геометриялық  фигуралар қолданылады.

Мұғалімдер  өздеріне  ұсын ылған  геометриялық  фигураларға  қарай  топқа  бөлінеді.


Құрметті ұстаздар

Бүгін сіздер «Діни  экстремизмнің  таралу қаупі» тақырыбындағы коучингке қатысып отырсыздар. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен ба, секталарға кіру себебі не? Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай? Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ

бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Нақты балама жоқ. Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам, Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «Дін экстремизмнің алдын – алу». Енді бүгінгі тақырыпқа арнайы дайындалып әкелінген видероликке назар
аударсаңыздар



II. Тақырып ашу: Назарларын алдарында тұрған экранға аударту. « Діни экстремизм – опат болудың жолы» атты бейне баянды көрсету. Ойларын ортаға салдырту.


Мұғалімдердің  іс әрекетін  қадағалап  үйренуіне  жол

ашу,  ой – пікір қозғау,  жауапта

нақты лық,  тұжырымдамалыққа  үйрену



Екі сұрақ қою:

1.      Діни  экстремизм  деген  не?

2.      Діни  экстремизмнің  алдын

алуға  бола  ма?




  Мұғалімдер  алдымен  өздеріне берілген  сұраққа  өзінше  толғаныс  жасай ды,  ой – пікірлерін  парақ қа  жазады. Топта  талқы лайды,  постер  жасайды. Әр  топтан   лидер  шығып

қорғайды.


Ой қозғау




Әр топқа тапсырма. Қоғамға, отбасына, мектепте Дін экстремизмнің алдын – алу үшін, қандай шаралар қолдану керек?

  1. қоғамға

  2. II – отбасына

  3. III- мектепте.

Ақ қағазға сызба нұсқасын түсіріп, әр топ өз ойларын айтып, қорғау.






Сергіту сәті


«Қаражорға» биі


Мұғалімдер  бейнетаспаға  қарап  «Қара  жорға»  биінің  қимылдарын  қайталайды

Ситуатциялық сұрақтар




Оқушы сабақ арасында хиджап киіп отыр деп, пән мұғалімі келіп ескертті. Сіздің іс әрекетіңіз?

Мектептегі мұғаліміңіз басқа дін жолында жүр деген қауесет естідіңіз? Қандай күйде боласыз?

Мектеп басшысы оқушымен мұғалімнің діни ағым жолына еріп кеткенін Сізден көріп, шара қолданытынын жұмыс дәрежеңізді ауыстырам деген жағдайда не істер едіңіз?




Рефлексия


















Бүгінгі коучингтың қорытындысы ретінде, алдарыңыздағы ақ параққа, әр қайсыларыңыз өз қолдарыңызды сызып түсірсеңіздер. Бес саусаққа мына сұрақтардың жауабын жазсаңыздар:

  1. Мен үшін не маңызды болды?

  2. Қандай жаңа мағлұмат алдым?

  3. Қандай психологиялық әсер алдыңыз?

  4. Қандай кемшілік болды?

  5. Қандай ұсыныс, тілектеріңіз бар? Оқып, тақтаға ілдірту.



Қорытындылау.






















Қорытындылау: Құрметті қатысушылар, қонақтар, ұстаздар негізі Дін экстремизмнің алдын – алу қырық минуттың ішінде шешілетін мәселе емес екендігі анық, сондықтан мен ойлаймын бүгінгі өткізген тренинг сабағым, осы үлкен өзекті мәселенің алдын алу шарасының бірі болды деп есептеймін.

Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық.








                 









































Тақырыбы: «Діни экстремизмнің алдын - алу»


Мақсаты: Мектепте ата - аналармен жұмыс атқару барысындағы діни экстеримизммен күресу жолдарын көрсету. Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Коучингтың әдісі: сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Коучингтың жүрісі: І. Ұйымдастыру: а)Ата- аналармен амандасып, өзімді, коучингқа келіп отырған қонақтармен таныстыру.

ә) қатысып отырған ата-аналармен танысу. Олады ортаға шаттық шеңберіне шақырып, ойын ойнату арқылы танысып, топқа бөліп алу.

б) Коучинг туралы мағлұмат беріп, түсіндіру

* Басты назарда әдетте кәсіби/өндірістік мәселелерді шешу;

* Коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын қарауға, нақты мәселелерді шешуге бағытталған;

* Коучинг- сөзбе- сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру;

* Коучинг- бұл психотерапия емес және емдеу емес. Бұл белгілі бір мақсатқа немесе дәрежеге жеткен және ары қарай дамып, өзіне және өзгелерге жаңалық ашуға дайын адамдарға арналған.

II. Тақырып ашу: Назарларын алдарында тұрған экранға аударту. «Шоқынған бала» атты бейне баянды көрсету. Ойларын ортаға салдырту.

III. Мағлұмат беру. Құрметті ұстаздар, ата - аналар. Бүгін сіздер «Діни экстремизмнің алдын алу.» атты тәрбие сағатында отырсыздар. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен ба, секталарға кіру себебі, Бүгінгі «Діни экстремизмнің алдын алу.» тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай? Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Нақты балама жоқ. Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «Дін экстремизмнің алдын – алу». Енді бүгінгі тақырыпқа арнайы дайындалып әкелінген мәліметтерге назар аударсаңыздар. Слайт көрсете отырып, толығырақ мағлұмат беру

.

IV. Ой қозғау. Әр топқа тапсырма. Қоғамға, отбасына, мектепте Дін экстремизмнің алдын – алу үшін, қандай шаралар қолдану керек? I- қоғамға II – отбасына III- мектепте. Ақ қағазға сызба нұсқасын түсіріп, әр топ өз ойларын айтып, қорғау.

V. Сергіту сәті. Құрметті қатысушылар, енді біраз миымызды тынықтыру үшін, жұлдыздарға саяхат жасайық. Денелерін бос ұстап, көздерін жұмғызып, баяу музыка қосып, жұлдыздар әлемі туралы мәтін оқып тұру. Білдіртпей алдыларына жұлдыз тарату, көздерін ашқызып, сол жұлдызға арман – тілектерін жаздырту. Сол жұлдыздарды өздеріне бүгінгі коучингтан естелік ретінде беру.

VI. Қонаққа сөз беру.

Енді құрметті қатысушылар, бүгін бізде қонақта «Ішкі саясат бөлімінің басшысының орынбасары» Садырбаев Айдар Серикказиевич келіп отыр, келесі сөзді сол кісіге берейік.

VII. Ал енді құрметті қонақтар, бүгінгі коучингтың қорытындысы ретінде, алдарыңыздағы ақ параққа, әр қайсыларыңыз өз қолдарыңызды сызып түсірсеңіздер. Бес саусаққа мына сұрақтардың жауабын жазсаңыздар:

  1. Мен үшін не маңызды болды?

  2. Қандай жаңа мағлұмат алдым?

  3. Қандай психологиялық әсер алдыңыз?

  4. Қандай кемшілік болды?

  5. Қандай ұсыныс, тілектеріңіз бар? Оқып, тақтаға ілдірту.

VIII. Қорытындылау: Құрметті қатысушылар, қонақтар, ұстаздар негізі Дін экстремизмнің алдын – алу қырық минуттың ішінде шешілетін мәселе емес екендігі анық, сондықтан мен ойлаймын бүгінгі өткізген тренинг сабағым, осы үлкен өзекті мәселенің алдын алу шарасының бірі болды деп есептеймін.

Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын деп бүгінгі коучингті мынандай өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Тәуелсіздік тұғырын

Биіктетуге бола ма,

Өзге дінге бет бұрғандар,

Елге тұлға бола ма,

Айтыңдаршы қазағым,

Еліміз осылай оңа ма?

Болашаққа жол бастасақ,

Құстар елге қона ма,

Балалардың тағдырына,

Алаңдамауға бола ма?

Аналық біз жүрекпен,

Берейік тәлім -тәрбие,

Алаңдаймыз болашаққа,

Бәріне де, бәріне

Иман жүзді, ибалы

Болайықшы, әрине!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.06.2019
804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі