400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ___________________ Күншығарова Қ

6 «Б» сынып

Сынып жетекшісі: Ерболатова Б.Р

Күні:

7.12.2018

Өнеге сағатының тақырыбы:

«Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі»

Өнеге сағатының мақсаты:

Жас ұрпақтың бойында діни сауаттылықты қалыптастыру

Қажетті құрал жабдықтар:

 Нақыл сөздер, суреттер, интерактивті тақта, слайд,таратпа қағаздар.

Қолданылатын әдіс тәсілдер:

түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті:

Оқушы әрекеті:

Кіріспе:

Дін - аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді.

Дүние жүзіндегі діндердің таралуы христиан дінінен соң келе жатқан ислам діні екенін көреміз.
Ислам салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөлігіне таралған:д.ж. 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар.


Негізгі бөлім

«ИСЛАМ» сөзін өзіңіз кеңінен таратып өтсеңіз.
Ислам діні әлемдегі ең үлкен, ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес.
Ислам – мойынұсыну, бойұсыну дегенді білдірсе, мойынұсыну –яғни қабылдау, бағыну және айтқанын орындау деген сөз.
Кім Аллаға мойынұсынса, ол –мұсылман.
Мұсылмандар:
Аллаға,
Пайғамбарға,
Алла кітабына,
Періштелерге,
Өлімнен кейін өмір болатынына сенеді.

Мұсылман болу – ұлы игілік. Біз Аллаға осы игілігі үшін ризамыз. Алланың алдында бес парызымызды өтеуге тиіспіз.
Мұсылманның бес парызы
Иман айту, Намаз, Зекет, Ораза, Қажылық.
Алла тағала өзінің ақыл-кеңесін Пайғамбарлар арқылы айтып отырды. Олар өте ізгі ниетті және Алланың ықыласына лайықты жандар болды. Алланың қалауы бойынша соңғы Пайғамбар Мұхаммед (оған Алланың нұры жаусын) болды.

Ислам - қайырымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады. Қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас тағы басқа маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Хадис - Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран - Кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, инабаттылық, имандылық, адамгершілік ережелері жинақталған.
1. Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе сол адам тәңір алдында да иманды адам. Иманның жақсысы сабырлы және кеңпейілді болу.
2. Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлеуді бұйырады, себебі: әйел - анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.
3. Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.
4. Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.
5. Алғыс алған алтынға жолығады, қарғыс алғанның аты жоғалады.
6. Күнәлардың үлкені ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, яғни ата - ананы ренжітуден аулақ болуымыз керек.
7. «Білім игеріңдер» деді пайғамбар өзіне ілескендерге. Білім іздеу - әрбір мұсылманның қиналғанда қуаткер, оңашада ой - серік, жалғыздықта жолдас, бақытқа бастар ақылшы, торыққанда таяныш, адамдар арасында айбар, жауға қарсы жебе – сол білім болмақ.

Енді осы дін жайлы біздің оқушыларымыз не біледі екен, соны тыңдайық:
1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» сөзімен түбірлес.
2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.
3. Ислам - бейбітшілік пен береке-бірлік діні.
4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.




Қорытынды бөлім.


Ғылым мен технология даудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда.
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдер көруде. Соңғы жылдары Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен ұйымдар мен секталардың салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты.
Діни сенім – имандылық дегеніміз сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік, ал терроризм мен экстремизмнің мақсаты бұған мүлде қайшы, қантөгіс, қатыгездік, адамдар үшін қайғы-қасірет.
Жастайынан өзінің әрбір ісіне, сөзіне жауапкершілікпен қараған иманды адам өз айналасындағы адамдардан да осыны талап етеді. Адамзат тарихындағы ең ұлы адам, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) осының дәлелі. Алла тағаланың қалауы солай.
Ендеше, Алла тағаланың тілегімізді қабыл ете көр деп Мұсылман болып кеп өмірге, Мұсылман боп кетсек дер едім. Ағайын, туыс-бауырлар, құдайдан осыны тілегін.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
20.02.2019
2018
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі