Діни экстремизмге жол жоқ!
Мектебімізде "Діни-экстремизм және терроризмнің алдын-алу” онкүндігінің жоспары жасалып, мектеп директоры Р.С. Болысбаевамен бекітілді. Жоспар бойынша іс-шаралар толығымен ұйымдастырылды. Онкүндік аясында мектептің педагог-психологы А.Ибрай 8-11 сынып оқушыларымен «Дұрыс жолды таңдай біл?» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу; Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап, жастарға ой салу; Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. 8-9 сынып оқушылары арасында «Дінсіз тәрбие— тамырсыз көшет» тақырыптарында мектептегі фракциялар арасында дебат ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты: балалардың ойын ұшқыр, сөзін дәл нақты айтуға баулу. Ойын барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, соңында бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әділ-қазылар алқасының шешімімен “Ұшқырлар” фракциясы жеңіске жетті. "Адал ұрпақ" тобының жетекшісі М.Есенбаева «Діни экстремизм және фундаментализм» тақырыбында конференция ұйымдастырды. Мақсаты: Білім алушыларға діни экстремизм, экстремистік ұйымдармен күрестегі мемлекеттік саясат туралы түсінік беру. Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу. Бейбітшілік, тыныштық, ынтымақтастық деген ұғымдардың мән - мағынасын өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Тарих пәнінің мұғалімі А.Кусманова 9 сыныптарда «Діни экстремизм әлемге төнген қауіп» тақырыбында дәріс оқыды. Мақсаты: оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің , адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында 8-11 сыныптар арасында қабырға газеті шығарылды.
№47 орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі
Кусманова А.С.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Діни зкстремизмге жол жоқ
Діни зкстремизмге жол жоқ
Діни экстремизмге жол жоқ!
Мектебімізде "Діни-экстремизм және терроризмнің алдын-алу” онкүндігінің жоспары жасалып, мектеп директоры Р.С. Болысбаевамен бекітілді. Жоспар бойынша іс-шаралар толығымен ұйымдастырылды. Онкүндік аясында мектептің педагог-психологы А.Ибрай 8-11 сынып оқушыларымен «Дұрыс жолды таңдай біл?» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу; Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап, жастарға ой салу; Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. 8-9 сынып оқушылары арасында «Дінсіз тәрбие— тамырсыз көшет» тақырыптарында мектептегі фракциялар арасында дебат ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты: балалардың ойын ұшқыр, сөзін дәл нақты айтуға баулу. Ойын барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, соңында бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әділ-қазылар алқасының шешімімен “Ұшқырлар” фракциясы жеңіске жетті. "Адал ұрпақ" тобының жетекшісі М.Есенбаева «Діни экстремизм және фундаментализм» тақырыбында конференция ұйымдастырды. Мақсаты: Білім алушыларға діни экстремизм, экстремистік ұйымдармен күрестегі мемлекеттік саясат туралы түсінік беру. Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу. Бейбітшілік, тыныштық, ынтымақтастық деген ұғымдардың мән - мағынасын өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Тарих пәнінің мұғалімі А.Кусманова 9 сыныптарда «Діни экстремизм әлемге төнген қауіп» тақырыбында дәріс оқыды. Мақсаты: оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің , адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында 8-11 сыныптар арасында қабырға газеті шығарылды.
№47 орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі
Кусманова А.С.
шағым қалдыра аласыз













