Материалдар / Дипломдық жұмысқа рецензия
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дипломдық жұмысқа рецензия

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалай дипломдық жұмыс жазу керек және оған мысалдар келтіруге болады.Студенттерге,оқытушыларға қажеті тиіп қалар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Тамыз 2020
17134
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ПЕДАГОГИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

Студенттің дипломдық жұмысына

Р Е Ц Е Н З И Я


Құрметті Нурбекова А.М !


Сізге Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық университетінің студенті

Қалықұл Н.Н 5В010100 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу маман-дығы бойынша (мамандық шифры)


«Ересектер тобында дидактикалық ойындар арқылы қарапайым математи-калық түсініктерді қалыптастыру жолдары» тақырыпта жасаған дипломдық жұмыстың сапасына рецензия беруге жіберіліп отыр.


Рецензияға келесі сұрақтарға көңіл бөлуіңізді сұраймыз.

  1. Дипломдық жұмыстың тақырыбы және мазмұны мамандық бойынша берілетін квалификацияға сәйкес келуі.

  2. Тақырыптың өзектілігі, жаңа мәселелерді қамтитындығы және қолданбалы маңыздылығы.

  3. Жұмыстың өз бетімен орындалғандығы.

  4. Қойылған мәселелердің шешілу дәрежесі, мақсаттың орындалуы және жұмыстың біткендігі.

  5. Талдаулардың, қорытындылардың және ұсыныстардың жұмыста болуы.

  6. Жұмыс барысында отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттерін пайдаланғандығына.

  7. Жұмыстың сауатты жазылып, сапалы дайындалғандығы.

  8. Келтірілген графикалық суреттемелердің, кестелердің сапасы, талаптарға сай болуы.

  9. Табылған қателерді атап, сын ескертпелерді келтіру.

  10. Жұмысқа жалпы баға беру (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық және т.б.)



Жазған рецензияңызды “ 4 05 2020ж. кешіктірмей беруіңізді сұранамыз.


Факультет деканы _________________ Оразбаева Э.Б.

М.О (қолы) (аты-жөні)


Ф 7.02-09

5В010100 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша оқитын

___Қалықұл Назгүл Нұрланқызы__

(студенттің аты-жөні)



«Ересектер тобында дидактикалық ойындар арқылы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жолдары» тақырыбында жазылған дипломдық жұмысына


РЕЦЕНЗИЯ

Мектепке дейінгі ұйымның ересектер тобында дидактикалық ойындар ар-қылы қарапайым түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызме-тінің негізгі бір міндеті болып саналады.Балалармен дидактикалық ойын-дарды жүргізе отырып,оларды айналасындағы заттармен таныстырып,атын атай білуге,қасиеті мен сапасын,түр-түсі мен пішінін,көлемін ажырата білу-ге,өмірдегі,қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайлы ұғымдар мен түсі-ніктерін дамыта отырып,белсенді түрде қарым-қатынас жасай білуге үйреті-леді.Дидактикалық ойын элементтері ережелер мен шарттар екендігін бітіру-ші-студент сипаттай білген.Қарапайым математикалық оқу қызметінде жүзе-ге асырылатын бірнеше дидактикалық ойынның маңызды функцияларына тоқталған.

Бітіруші-студент ересектер тобында дидактикалық ойындар арқылы қара-пайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мәселелерін теориялық тұрғыдан талдауда ғылыми теориялық талдауларды негізге ала отырып, не-гізгі ерекшеліктерді айқындаған.

Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың қарапайым түсініктерін қалып-тастыруда оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асырудың теориялық тұжырымдары мен педагогикалық эксперименттік жұмыстары барысында теориялық әдіснамалық әдебиеттерге талдау жасалынып,зерттелу жағдайы айқындалған.

Қалықұл Назгүл Нұрланқызының дипломдық жұмысы педагогикалық және әдістемелік талаптарға сай орындалған,алдына мақсат қоя білген,сондықтан диплом жұмысын «өте жақсы» деп бағалауға болады.


Рецензия жазушының аты-жөні: Нурбекова А.М

Ғылыми дәрежесі және атағы: п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс орны: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті_____________________________________________

Қызметі: «Психология және арнайы психология» кафедрасының

аға оқытушысы

(ғылыми дәрежесі)

Қолы: _________________________________________

Рецензиямен таныстым ________________________ Н.Н.Қалықұл

(студенттің қолы, күні) (аты-жөні)


Ф 7.02-09

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша оқи-тын, 101-16 оқу тобының студенті Қалықұл Назгүл Нұрланқызының

(студенттің аты-жөні)

«Ересектер тобында дидактикалық ойындар арқылы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жолдары» тақырыбында жазылған дипломдық жұмысына


Дипломдық жұмыс жетекшісінің

ПІКІРІ

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойын негізгі іс әрекет.Ойын бала өмірінің қажеттілігінен туады,олардың танымын,түсінігін және білімін жетіл-дірудің ең негізгі жолы болып табылады.Олай болса балалардың ойынға деген қызығушылығын ояту тікелей ата-ана мен балабақша педагогтарының қолында.

А.С.Макаренко ата-аналарға арнаған лекцияларында ойын тақырыбына арнайы тоқталып,ересек адамдар үшін жұмыстың,қызметтің,іс-әрекеттің мәні қандай болса,бала үшін ойынның мәні де дәл сондай,одан артық болмаса,кем емес деген тұжырым жасады.Сондай-ақ, бала ойында қандай болса,кейін ер жетіп,еңбекке араласқанда,көбінесе жұмыста да сондай болатындығын ес-кертті.

Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педагог мамандарына баланы өмірге дайындауда көптеген әдіс-тәсілдерді меңгеріп,тәжірибеде қолдана білудің маңызы ерекше.Осы орайда Қалықұл Назгүл Нұрланқызының «Ересектер то-бында дидактикалық ойындар арқылы қарапайым математикалық түсінік-терді қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы дипломдық жұмысында ди-дактикалық ойындарды қарапайым математикалық түсініктерді қалыптас-тыру оқу қызметінде қолдана білудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылған.

Қалықұл Назгүл Нұрланқызының «Ересектер тобында дидактикалық ойындар арқылы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жол-дары» тақырыбындағы дипломдық жұмысы ЖОО талаптарына сай жазыл-ған.Өзіндік ой тұжырымдары бар.


Ғылыми жетекшісі

тарих ғ.к., аға оқытушы _________________ А.Д.Алдияров

(ғылыми дәрежесі) (қолы) (аты-жөні)


Дипломдық жұмыс бойынша кафедраның қорытындысы

Білім алушы Назгүл Нұрланқызы Қалықұл дипломдық жұмысы тексеруден өтті. (аты-жөні)

Қорытынды аттестаттаудан комиссия алдында қорғауға жіберілді.

«мектепке дейінгі және арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі,


ф.ғ.к., доцент ____________ Ж.А.Масалиева

(ғылыми дәрежесі) (қолы) (аты-жөні)



Ф 7.02-09


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика-гуманитарлық факультеті


Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасы


Студенттің дипломдық жұмысына


Р Е Ц Е Н З И Я


Құрметті Нурбекова А.М !


Сізге Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық университетінің студенті

Тыныштық Н.С 5В010100 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша (мамандық шифры)

«Мектепке дейінгі білім беруде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларын

пайдалану жолдары» тақырыпта жасаған дипломдық жұмыстың сапасына рецензия беруге жіберіліп отыр.


Рецензияға келесі сұрақтарға көңіл бөлуіңізді сұраймыз.

  1. Дипломдық жұмыстың тақырыбы және мазмұны мамандық бойынша берілетін квалификацияға сәйкес келуі.

  2. Тақырыптың өзектілігі, жаңа мәселелерді қамтитындығы және қолданбалы маңыздылығы.

  3. Жұмыстың өз бетімен орындалғандығы.

  4. Қойылған мәселелердің шешілу дәрежесі, мақсаттың орындалуы және жұмыстың біткендігі.

  5. Талдаулардың, қорытындылардың және ұсыныстардың жұмыста болуы.

  6. Жұмыс барысында отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттерін пайдаланғандығына.

  7. Жұмыстың сауатты жазылып, сапалы дайындалғандығы.

  8. Келтірілген графикалық суреттемелердің, кестелердің сапасы, талаптарға сай болуы.

  9. Табылған қателерді атап, сын ескертпелерді келтіру.

  10. Жұмысқа жалпы баға беру (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық және т.б.)



Жазған рецензияңызды “ 4 05 2020ж. кешіктірмей беруіңізді сұранамыз.


Факультет деканы _________________ Оразбаева Э.Б.

М.О (қолы) (аты-жөні)


Ф 7.02-09


5В010100 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша оқитын

Тыныштық Н.С.

(студенттің аты-жөні)


«Мектепке дейінгі білім беруде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларын

пайдалану жолдары» тақырыбында жазылған дипломдық жұмысына


РЕЦЕНЗИЯ

Дипломдық жұмыста мектепке дейінгі білім беруде қазақ халқының мәде-ни-тарихи мұраларын пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіз-демесі,әдістемесі мен жолдарын жан-жақты зерттеген.

«Мәдени-мұра» бағдарламасының басты мақсаты-«дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты зерделеудің тұтастай жүйесін құру шеңберінде қазақ халқының та-рихынан,материалдық және рухани мәдениетімен байланысты негізгі ғылы-ми проблемаларды зерттеу және танымал ету» деп көрсетілген мәдени құн-дылықтарды, мемлекеттік әрі педагогикалық міндеттерді қамтыған.

Диплом жұмысының өн бойында мектепке дейінгі кезеңнен болашақ ұр-пақты өздерінің дене және рухани күштерін жете бағалайтын,өз тілегі мен се-зімін қажетті арнаға бұра алатын,өзіне талап қоя алатын,өз қабілетіне, мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін-жерін сүйетін,адамгершілік құндылықта-ры қалыптасқан толық адамды тәрбиелеу көрініс тапқан.

Ұлттық тілді дамыту,ұлттық білім жүйесін жетілдіру, ұлттық мәдениетті қорғауды нығайту мәселелеріне тоқталған.

Н.С.Тыныштық диплом жұмысын жазу барысында көп ізденгені байқала-ды,ол диплом жұмысына материал жинауынан,әдебиеттерді тиімді пайдала-нуынан,зерттеу жұмысына талдау жасауынан көрініп тұр.

Жалпы Тыныштық Назгүл Серғазықызының дипломдық жұмысы мақса-тына жеткен,мазмұны бірізділікпен баяндалып,педагогикалық және әдістеме-лік талаптарға сай орындалған.Сондықтан диплом жұмысын «өте жақсы» деп бағалауға болады.


Рецензия жазушының аты-жөні: Нурбекова А.М

Ғылыми дәрежесі және атағы: п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс орны: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті_____________________________________________

Қызметі: «Психология және арнайы психология» кафедрасының

аға оқытушысы

(ғылыми дәрежесі)

Қолы: _________________________________________

Рецензиямен таныстым ________________________ Н.С.Тыныштық

(студенттің қолы, күні) (аты-жөні)



Ф 7.02-09



5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша оқитын, 101-16 оқу тобының студенті Тыныштық Назгүл Серғазықызы

(студенттің аты-жөні)

«Мектепке дейінгі білім беруде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларын

пайдалану жолдары» тақырыбында жазылған дипломдық жұмысына


Дипломдық жұмыс жетекшісінің

ПІКІРІ

Қазақстан Республикасында жастарды тәрбиелеу мәселесі қашанда маңы-зы жойылмаған іс-шара болып саналады.Соған байланысты Н.С.Тыныш-тықтың жұмысында қазақ халқының мәдени-тарихи мұралары жан-жақты үйлесімді дамуына бағыт-бағдар,үзбей тәлім-тәрбие беру ісіне пайдалану бү-гінгі күннің көкейкесті міндеті екендігіне тоқталған.

Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларын пайдаланудың психологиялық-педагогикалық мәселелерінің мәнін аша біл-ген.

Қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасы ұлттық салт-дәстүрмен тығыз байланыста туып,қалыптасқан екендігін сипаттай білген.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін жан-жақты қарастырған. Мектепке дейінгі ұйым балаларын қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларының элементтері бойынша оқыту мен тәрбиелеу керек екендігіне баса,назар аударған.

Мектепке дейінгі білім беруде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларын

пайдаланудың әдіс-тәсілдері жұмыстың өзектілігіне айналған.

Қорыта айтқанда, Н.С.Тыныштықтың дипломдық жұмысы педагогикалық

әдістемелік талаптарға сай орындалған,сыртқы рецензияға және мемлекеттік

емтихандардың комисиясы алдына қорғауға жіберуге болады.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!