Директор атынан мұғалімге пікір портфолиоға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Директор атынан мұғалімге пікір портфолиоға

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім портфолиосы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі Танатарова Фарида Миратовнаның іс-тәжірибесіне

Пікір

Танатарова Фарида Миратовна математика пәнінің мұғалімі, аталмыш мектебіміздің түлегі. Жоғары оқу орнын тәмәмдап, еңбек жолын 2019 жылдан бастап атқарып келеді.

Фарида Миратовна - өз ісін жетік меңгерген сауатты маман, жоғары (магистр) білімді ұстаз. Математика пәнін оқытуда қазіргі заманға сай әдіс - тәсілдерді қолдана біледі. Оқытушы беретін сабағының теориялық жэне практикалық жақтарын жетік меңгерген. Әр оқушыны жете зерттеп олардың шығармашылық қасиеттерін арттырып отырады, сонымен қатар қабілеті жоғары және үлгерімі төмен оқушыларға аса көңіл бөледі.

Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық сайыстардан жүлделі орындар мен алғыс хаттар иеленіп келеді.

Білім беру саласында өз педагогикалық шеберлігімен нәтижелі жұмыс атқарып аудандық семинарларға қатысып, шығармашылық жұмыстары мен тәуелсіз еліміздің болашақ иелерін тәрбиелеуде. Педагогтың біліктілігі үнемі шыңдалып отыруды мақсат етіп, кәсіби біліктілігін арттыру курстарына қатысады. Көпшілікпен тез тіл табысып, өзінің кәсіби білімі мен біліктілігін шығармашылықпен ізденістер жолында таныта білген заман талабына сай ұстаз. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектептің биіктерден көрінуіне елеулі үлесін қосып келеді.

Фарида Миратовна жас маман болғанына қарамастан 2 жылдан бері сынып жетекшісі міндетін атқарып келеді. Мектеп педагогикалық ұжымының, ата-аналар қауымының, оқушылардың арасында беделді. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, тиісті тапсырмаларды дер кезінде ұқыпты орындай алады. Фарида Миратовна ақпараттық-коммуникативті, интерактивті технологияларды меңгерген жаңашыл ұстаз. Ол түрлі бағыттағы компьютерлік технологиялар, жаңартылған білім беру бағдарламасы, критериалды бағалау курстарында өз біліктілігін жетілдірді.

Фарида Миратовна алдағы уақытта әлі де жемісті еңбек етіп, мектеп ұжымы мен оқушылары арасында беделді, Қазақстан Республикасының зиялы қауымын қалыптастыру бағытында аянбай еңбек ететін білікті ұстаз болатындығына сенімім мол.


Мектеп директорының м.а.: А.Б.Дакешева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2024
3343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі